досым, досың
сөздерінің құрамындағы
-ым,-ың
формалары сөз
түбіріне, біріншіден, тəуелдік мағына, екіншіден, жақтық (1,
2-жақ) мағына үстеп, бір грамматикалық форма арқылы екі түрлі
грамматикалық мағына беріліп тұр. Грамматикалық форманың
грамматикалық мағынамен тығыз байланысы, грамматикалық фор-
масыз грамматикалық мағынаның жəне грамматикалық мағынасыз
грамматикалық форманың болмауы грамматикалық форманың
грамматикалық мағынаның бір түрі, атап айтқанда, тек категориялық
грамматикалық мағынамен байланысы тұрғысынан айқындалады.
Грамматикалық форма ұғымын грамматикалық мағынамен тығыз
байланысты, оны білдірудің бір жолы, амал-тəсілі деп қабылдасақ,
тіл жүйесінде грамматикалық мағынаның ешбір грамматикалық
формасыз берілетін жағдайлары да кездеседі. Бұл грамматикалық
формаға нөлдік форма ұғымын қарама-қарсы қойып, кейбір
сөздерді грамматикалық формалардың қарсы баламасы ретінде
нөлдік грамматикалық форма деп қарауға ықпал етеді. Нөлдік фор-
ма жалпы түркі тілдері, оның ішінде қазақ тіліне де тəн сипатымен
ерекшеленеді. Қазақ тілінде мұндай форма, негізінен, ілік, табыс
септіктерінің жалғаусыз түрі мен бұйрық райдың екінші жақ жекеше
түріне тəн. Нөлдік форма сырттай түбір тұлғамен ұқсас болғанымен,
сөз түбірінің барлығын грамматикалық нөлдік форма деп қарауға
болмайды. Грамматикалық форма сөйлеу үдерісінде сөздерді өзара
байланыстырып, əртүрлі грамматикалық мағына үстейді. Нөлдік
форма мен грамматикалық форма грамматикалық мағынаны білдіру
қызметімен ерекшеленеді. Нөлдік форманың өзіндік белгілерін
анықтауда Ы. Маманов, С. Исаев, Н. Оралбай, Ж. Балтабаева т.б.
ғалымдар оның түрлі ерекшеліктеріне көңіл бөледі. Мəселен,
С. Исаев, Н. Оралбай «белгіленушісі, яғни мағынасы бар», «сөздердің
түрлену жүйесінен, парадигмадан орын алады», «парадигмада оппо-
зиция болады» десе, Ə. Төлеуов, Н. Сауранбаев, Ж. Балтабаевалар
«қосымша сөзге бірде жалғанып, бірде жалғанбай қолданылады,
бірақ жалғанбаса да мағына білдіреді» деген тұжырым жасайды.
Бұған алдыңғы ғалымдар да қосылады.
Сонымен, қазақ тіліндегі сөздердің морфологиялық құрылымын
жақсы тану үшін түбір сөз бен сөздің грамматикалық формасын
айырып қарау қажет. Ал олардың аражігін анықтау үшін, ең ал-
дымен, сөз тудырушы жəне грамматикалық форма тудырушы
қосымшалардың басты белгілері, өзіндік ерекшеліктері негізге
алынады. Сөздің грамматикалық формасы грамматикалық форма
17
тудырушы қосымшалар арқылы жасалып, морфологиялық бүтінге
айналады. Сөйтіп морфологиялық единица ретінде морфология ның
нысаны болып саналады.
Грамматикалық негізгі ұғымдардың ішінде грамматикалық си-
паты, жасалу жолы мен тұлғалық жүйесі жағынан ерекшеленетіні
– грамматикалық категория. Грамматикалық категория ұғымы
грамматикалық мағына жəне грамматикалық форма ұғымдарынан
тыс қарастырылмайды. Бұл ерекшелік грамматикалық категорияның
грамматикалық мағына мен грамматикалық форма жүйесінің
жиынтығы ретінде сипатталуымен айқындалады.
Ғылыми еңбектерде грамматикалық категория ұғымына
зерттеушілер тарапынан түрлі анықтамалар беріледі. Мəселен,
А. Ысқақов грамматикалық категория ұғымын «тілдегі өзіне тəн
грамматикалық формасы бар жалпы грамматикалық мағына»
ретінде қарастырады. Грамматикалық категория ұғымына ғалым
К. Аханов мынадай анықтама береді: «Грамматикалық категория –
сөйлемдегі сөздердің тіркесі мен сөздерге тəн жəне мұнымен бірге
сол сөздердің нақты мағыналарынан дерексізденген, жалпылаушы
сипаты бар грамматикалық мағына». Бірінші тұжырымда «жеке
сөздердің түрленуі арқылы туатын жалпы грамматикалық мағына»
ретінде анықталса, екінші тұжырымда «сөздердің сөйлемдегі
тіркесі, сөздерге тəн жəне сол сөздердің нақты мағыналарының
жалпылануы» нəтижесінде туған грамматикалық мағына ретінде
сипатталады. Грамматикалық категория ұғымына берілген
анықтамалардың ішінде ғалым Н. Оралбайдың анықтамасына назар
аударсақ, зерттеуші грамматикалық категория деп «біртектес жүйелі
грамматикалық мағыналардан тұратын жəне оларды білдіретін ар-
найы грамматикалық көрсеткіштері бар тілдік құбылыстарды» атай-
ды. Бұл анықтаманың ерекшелігі: грамматикалық категорияның
біртектес жүйелілігі жəне ол жүйеліліктің арнайы грамматикалық
көрсеткіштер арқылы жүзеге асатындығы айқындалады.
Ғалымдар А. Ысқақов, Н. Оралбай грамматикалық категориялар-
ды ішінара морфологиялық жəне синтаксистік категориялар деп екі
түрге бөліп қарастырады. Соның ішінде морфологиялық категория
морфология саласында, синтаксистік категория синтаксис саласын-
да қарастырылады. А. Ысқақов морфологиялық категорияны «жеке
сөздердің өзгеруі (түрленуі) арқылы туатын жалпы грамматикалық
мағыналар» деп атаса, Н.Оралбай морфологиялық категорияларды
«грамматикалық мағына мен грамматикалық мағынаны білдіретін
2–1136
18
тілдік бірліктерден, көрсеткіштерден құралып, сөйлемдегі сөз-
дерді бір-бірімен байланыстыратын» категория ретінде тү-
сіндіреді. Ғалымның пайымдауынша, морфологиялық категория
– грамматикалық мағына мен оны білдіретін тілдік бірліктердің
бұлжымас бірлігі. Грамматикалық категория грамматикалық
мағына жəне грамматикалық форма ұғымдарымен тығыз байла-
нысты. Грамматикалық категорияның грамматикалық мағынамен
байланысы оның, яғни грамматикалық категорияның білдіретін
мағынасымен анықталса, сол грамматикалық категориялар арқылы
берілетін грамматикалық мағынаны білдіретін тұлғалардың
белгілі бір грамматикалық формаға қатысты болуы грамматикалық
категорияның грамматикалық формамен байланысына негіз бола
алады. Грамматикалық мағына грамматикалық категориядан тыс,
грамматикалық категорияға байланыссыз болмайтындықтан, ол
грамматикалық категорияның құрамында оның бір бөлшегі ретінде
өмір сүреді. Сол сияқты грамматикалық категорияның біртектес
грамматикалық мағыналар жиынтығынан тұруы оның, кем дегенде,
екі немесе бірнеше грамматикалық формалар арқылы берілуімен
шарттасады. Грамматикалық категорияның аталған грамматикалық
ұғымдармен байланысындағы мұндай белгілер К. Аханов, Н. Орал-
бай, т.б. зерттеушілердің еңбектерінде қарастырылады.
Грамматикалық категорияның грамматикалық мағына жəне
грамматикалық формамен арақатынасы, байланысы оның өзіне тəн
заңдылықтарымен белгіленеді. Ғалым Н. Оралбай грамматикалық
категорияға қатысты мынадай заңдылықтарды бөліп көрсетеді:
1) категорияның өзіндік грамматикалық мағынасы болуы керек,
2) категорияның мағынасын білдіретін ең кемі екі көрсеткіші,
яғни сөздің грамматикалық категориясының екі тұлғасында
қолданылу мүмкіндігі болу керек, 3) сөздің құрамында тек бір
категорияның көрсеткіші болуы міндетті емес, сөйлемдегі сөздің
құрамында бірнеше категорияның көрсеткіші бола береді, 4) бір
сөзде бір грамматикалық категорияның көрсеткіші қабаттаса
қолданылмайды, 5) сөз сөйлемде, ең кемі, бір грамматикалық
категорияның тұлғасында қолданылады, 6) грамматикалық катего-
рия сөз табына қатысты, сөз табынан тыс морфологиялық категория
жоқ, 7) грамматикалық категория бір сөз табына ғана тəн, бірнеше
сөз табына ортақ грамматикалық категория жоқ, 8) сөз табының
грамматикалық категориясы болуы да мүмкін, болмауы да мүмкін.
Бұл заңдылықтардың əрқайсысында грамматикалық категорияның
19
грамматикалық мағына жəне грамматикалық форма ұғымдарымен
байланысты болатындығы, олардан тыс өмір сүрмейтіндігі анық
көрінеді.
Грамматикалық категория сөз таптарымен тікелей байланысты.
Бірақ олардың сөз таптарына қатысы бірдей емес. Нақтылай айтсақ,
барлық сөз таптары грамматикалық категорияға ие бола алмайды.
Бұл сөз таптарының морфологиялық тұрғыдан түрлену я түрленбеу
қасиетімен анықталады. Сөз таптарының ішінде грамматикалық ка-
тегориялар зат есім, сын есімнің сапалық түрі жəне етістікке ғана
тəн. Бұлардың ішінде грамматикалық категорияға бай сөз табы –
етістік. Қазақ тіліндегі грамматикалық категориялардың мағынасы
біртектес, бір-бірімен байланысты бола тұра, əртүрлі сипатымен
ерекшеленеді. Мұндай сипат грамматикалық категориялардың сөз
таптарының түрлену жүйесіндегі көрінісімен, қолданысымен, аясы-
мен анықталады. Əрбір грамматикалық категория белгілі бір арнау-
лы грамматикалық көрсеткіштер арқылы беріледі. Сол көрсеткіштер
арқылы сөз белгілі бір жүйеде грамматикалық өзгеріске түседі.
Грамматикалық категориялардың сөз таптарына қатысы тура-
лы кейбір қарама-қайшы пікірлер де бар. Ондай қарама-қайшылық
аталған грамматикалық ұғым сөздерді таптастырудың басты белгісі
бола ала ма деген көзқарастан туындайды. Ғалым А. Ысқақов
сөздерді сөз таптарына бөлуде «ең алдымен олардың грамматикалық
категорияларына қарап, топ-топқа бөліп, грамматикалық сөз тап-
тары деп танитындығымызды» айтса, Н. Оралбай қазақ тілінде
грамматикалық категориялары бар жəне грамматикалық категория-
лары жоқ сөз таптары да кездесетіндігін ескеріп, грамматикалық
категорияны «сөз табының міндетті белгісі емес» деп көрсетеді.
Егер қазақ тілінде зат есім, сапалық сын есім жəне етістіктен басқа
сөз таптарының арнаулы грамматикалық категорияларының жоқ
екендігіне жəне соған қарамастан олардың сөз таптары ретінде
танылатындығына назар аударсақ, екінші пікірді негізді деуге
болады.
Сөз таптарының грамматикалық категориялары өзара қарым-
қатынаста болады. Тілдің грамматикалық ерекшеліктері осындай
қарым-қатынастардан туындап, нəтижесінде тілдің грамматика-
лық құрылысына тəн əр алуан грамматикалық құбылыстар пайда
болады.
Сонымен, тіл ғылымында грамматикалық категория ұғымына
берілген түсініктер жəне грамматикалық категорияның мəні мен
20
түрлеріне қатысты тұжырымдар біркелкі емес. Ондай əркелкілік
грамматикалық категория ұғымының бірде тек грамматикалық
мағынаға ғана қатысты түсіндіріліп, енді бірде «ортақ грамматикалық
сипаттағы мағынаны білдіретін сөз формаларының жүйесі» не-
месе «бірыңғай мағыналы грамматикалық формалар қатарының
бір-біріне қарама-қайшы жүйесі» ретінде сипатталуынан көрінеді.
Грамматикалық категорияға қатысты осындай тұжырымдарды сара-
лай отырып, оның грамматикалық ұғымдар қатарындағы ерекшелігі
мен тілдік табиғатын, ең алдымен, аталған ұғымның грамматикалық
басқа негізгі ұғымдармен, атап айтқанда, грамматикалық мағына
жəне грамматикалық форма ұғымдарымен тығыз байланыста
анықтауға болады. Грамматикалық мағына мен грамматикалық
форманың болуы – грамматикалық категорияның грамматикалық
ұғым ретіндегі қызметін жүзеге асырудың басты шарты, негізі.
Бірақ кез келген грамматикалық мағына мен грамматикалық форма
грамматикалық категория құрауға негіз бола алмайды. Бұл жағдайда
олар жүйелі, тектес, мəндес жəне бір-біріне қарама-қайшы мəнде
болуы шарт. Грамматикалық категория осындай əрі өзара тектес,
мəндес, ыңғайлас, əрі бір-біріне қарама-қайшы мəндегі бірнеше
грамматикалық мағынада тұрып, белгілі бір грамматикалық топтағы
сөздердің түрлену жүйесі ретінде ерекшеленеді.
Жалпы тіл білімінде грамматикалық категориялардың бірнеше
түрлері көрсетіледі. Бірақ əрбір тілде олардың қолданысы əртүрлі.
Бұл қазақ тілінің морфологиялық жүйесіне де тəн.
Достарыңызбен бөлісу: |