1
7
қатысты ақпаратты кері түрлендіру үрдісі
декодтау деп аталады.
Ақпаратты кодтаудың тарихи негіздері. Адамдар, əдетте, бір –
бірімен айтылған немесе жазылған сөздердің көмегімен қарым –
қатынас жасайды. Барлық қатысушылар бір – біріне жақын тұрғанда,
бұл жүйе жақсы жұмыс жасайды (естілу немесе көріну аумағында). Ал
егер біз алыстағы адаммен байланыс орнатқымыз келсе ше? Ерте
заманнан XIX ғасырға дейін бұл мақсатқа ауызша жəне жазбаша
хабарламаларды жеткізетін курьерлер пайдаланылды. Көбінесе, өте баяу
болғанымен жəне кей кездерде хабарлама немесе курьер адресатқа
жетпей қалған жағдайлар болса да, мұндай байланыс жаман жұмыс
атқарған жоқ.
Уақыт өтіп жатты, технологиялар дамыды, адамдар əр түрлі
коммуникациялық тəсілдер ойлап тапты. Индустрияландыру дəуіріне
дейін алыс қашықтықтарға хабар жіберу үшін маяктар тəрізді
құралдарды пайдаланды. Солтүстік Америка үндістері түтін
сигналдарын, əскерлерде хабар жіберуге тулар мен айналарды
қолданған. Қашықтық алыстаған сайын хабар жіберуге ерекше
механизмдер ойлап табылды.
Техникалық революция бір сым арқылы өте үлкен қашықтықтарға
тез арада хабар жеткізуге мүмкіндік беретін электр жүйесі жəне
телеграфтың кең таралуымен бірге дамыды. Енді сымның басқа шетінде
тұрған адамды көру немесе оған аралық – пошташы жіберу қажет емес
болды. Телеграфтар мен түтін сигналдарының ортақ жалпы сипаты бар
– оларға адам тілін формаға түрлендіру үшін механизм немесе телеграф
аппараты жібере алатын белгілі бір код қажет. Қабылдайтын жақта бұл
кодты қайтадан адам тіліне түрлендіру қажет. Ерте коммуникациялық
құралдарда қалыптасқан екі идея қазіргі компьютерлердің негізі болып
табылады.
1)
Сандық (digital) яғни дискретті, екі күйге негізделген код
(қосылған – ажыратылған немесе 0 жəне 1);
2)
Арнайы машиналық тіл (əдетте сандық), машинамен өңдеу үшін
қолданылады.
Телеграф жəне бірінші радиостанциялар хабар тарату үшін арнайы
код - Сэмюэла Ф. Б. Морзенің атымен аталған Морзе əліппесін
қолданды. Онда алфавиттің əрбір əрпімен нүктелер комбинациялары
салыстырылады (қысқа импульстер) жəне тире (ұзын импульстер).
Импульстер сымдар арқылы белгілі бір ретпен беріледі. Оператор
қабылдаушы құрылғыда оларды қайтадан əріптер мен сөздерге
аударады. Әдетте оператор код бойынша анықтама қолданады, бірақ
тəжірибелі операторлар кодты жақсы білетіндігі соншалықты, əрбір
символды жатқа шеше алады.
Қазіргі компьютерлер ертедегі телеграфқа ұқсайды, себебі олар да
арнайы кодты қолданып ақпаратты сым арқылы сандық түрде жібереді.
Бірақ телеграфтың негізгі міндеті – ақпаратты алыс қашықтыққа жіберу
болса, компьютер өз ішінде ақпарат алмасады.
Мұнымен қоса