9
1.1.
Информатика және ақпарат туралы түсінік
Информатика пәні және түсінігі. «Информатика» термині (
фр.
information — ақпарат + automatique — автоматика) ақпаратты
автоматты түрде өңдеу деген мағынаны білдіреді. «Информатика» тер-
мині Франциядан басқа Шығыс Европаның бірқатар елдерінде
қолданылады. Батыс Европаның көптеген елдері мен АҚШ-нда басқа
термин —
Computer Science қолданылады (есептеуіш техника
құралдары туралы ғылым).
Информатика — ақпараттардың құрылымы мен жалпы қасиеттерін,
сонымен қатар компьютерлік технологияларды қолдану арқылы оны
құрудың,
сақтаудың,
іздеудің, жіберудің жəне түрленудің заңдылықтары
мен тəсілдерін зерттейтін ғылым.
Информатиканың жеке адам іс – əрекетінің саласы болып бөлініп
шығуы компьютерлік техниканың (микропроцессорлық) дамуымен
байланысты.
Информатика компьютерлік техникаға негізделеді жəне онсыз оны
елестету мүмкін емес.
Информатиканың қайнар көзі ретінде əдетте екі ғылымды -
документалистиканы жəне кибернетиканы атайды.
Документалистика XIX ғасырдың аяғында өндірістік қарым-
қатынастың қарқынды дамуына байланысты қалыптасты. Оның мақсаты
құжаттар айналымының тиімділігін артттыру болып табылды.
Информатикаға жақын техникалық ғылым кибернетиканың негізі
(
гректің. kyberneticos —басқарудың шебері) американдық математик
Норберт Винердің 1948 жылы жарияланған математикалық логика
бойынша жазылған еңбектерінде негізі қаланды.
Тұңғыш рет «кибернетика» терминін француз физигі Ампер XIX
ғасырдың бірінші жартысында енгізді. Ол барлық ғылымдар түрлерінің
бірыңғай жүйесін жасаумен айналысты, осы терминмен сол кезде əлі
жоқ, бірақ оның пікірінше болуы тиісті басқару туралы гипотетикалық
ғылымды белгіледі.
Бүгінде кибернетика автоматты басқару жүйелерін құру жəне
қызмет ету принциптерін жəне техникалық құралдармен шешім
қабылдау үрдісін модельдеудің əдістерін оқып зерттейді. Тəжірибеде
кибернетика көп жағдайларда информатика сияқты, есептегіш
техниканың бағдарламалық жəне аппараттық құралдарына сүйенеді, ал
информатика өз кезегінде осы құралдардың дамуы үшін кибернетикадан
математикалық жəне логикалық негізін басшылыққа алады.
Тəжірибеде кибернетика көп жағдайларда информатика тəрізді, сол
есептеуіш техниканың бағдарламалық жəне аппараттық құралдарына
сүйенеді.