12
Сур.1.1 Ақпарат беру жалпы схемасы
Адам баласы қолданатын ақпараттық хабарлама дискреттік хабарлама
сипатында болады, мысалы жарық құралдары арқылы берілетін дабыл
белгілері, телеграфтық белгілер, жазбаша түрде немесе дыбыстық
белгілер арқылы берілетін тілдік хабарламалар жəне басқалары.
Адам хабарды сезім органдары арқылы қабылдайды, əдетте, бұл
негізінен үздіксіз ақпарат болады, ал адамның логикалық ақыл-ойы
дискреттік сипатта болады.
Аналогтік ақпарат қабылдауыштары əдетте хабарламаларды əр
түрлі өлшеу жəне тіркеу аппараттарының көмегімен қабылдайды.
Сандық
ақпаратты
қабылдаушылар,
мысалы
компьютерлер,
хабарламаларды сан түрінде қабылдап, сол хабарламаларды электр
сигналдарының көмегімен қайта өңдейді.
Есептеуіш машиналарының түрлері.
Есептеуіш машиналар өңделетін ақпарат түрлеріне қарай негізгі екі
түрге бөлінеді: аналогтік жəне сандық
.
Аналогтік есептеуіш машина (
АЕМ) — кейбір физикалық
өлшемдердің үздіксіз өзгерістер түрінде ұсынатын ақпаратпен
операциялар жүргізетін машина. Бұл жағдайда физикалық айнымалылар
ретінде электр тізбегіндегі ток күші, валдың (обьектінің) бұрылу
бұрышы, дененің қозғалыс күшінің жылдамдығы мен шапшаңдауы жəне
т.б. пайдаланылады. Табиғатта көптеген құбылыстар математикалық
түрде бір ғана теңдеулермен суреттелетін фактісін пайдалана отырып,
АЕМ бір физикалық үрдістің көмегімен түрлі үрдістерді моделдеуге
мүмкіндік береді.
Осыдан келіп, АЕМ-дың қолданылу аясы анықталды.
Сандық есептеуіш машина (СЕМ)— бұл дискреттік түрде
ұсынылған ақпараттармен операциялар жүргізетін машина. Қазіргі кезде
көптеген теңдеу түрлерінің сандық шешімдерінің əдіс-тəсілдері
құрастырылған,
бұл
СЕМ-мен
қарапайым
жəне
логикалық
операцияларды орындай отырып, түрлі теңдеулер мен есептерді
шығаруға мүмкіндік береді. Компьютерлер - бұл СЕМ.
1.2.
Ақпарат қасиеттері мен тасымалдау құралдары.
Ақпарат қасиеттері. Ақпаратпен, ақпараттық жүйе жəне
технологиямен жұмыс істеу барысында қабылданатын, сақталатын жəне
жіберілетін ақпараттың қасиетін бағалау маңызды.
Ақпарат қасиеттерінің келесі анықтамаларын тұжырымдайық.
Адекваттілігі — ақпараттың көрсетілген обьектіге немесе
құбылысқа бірегей сəйкес болу қасиеті.
Шынайылығы
— жасырын қатесі болмайтын ақпарат қасиеті
Толықтығы —көрсетілген обьектіні немесе үрдісті толық