Оқулық Федералдық мемлекеттік мекемесі «Білім беруді дамытудың федералдық институты» ұсынған



жүктеу 2,79 Kb.
Pdf просмотр
бет49/116
Дата25.05.2018
өлшемі2,79 Kb.
#17744
түріОқулық
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   116

142 
 
 
7.4 - сурет Дискті тексеруді орындау 
тығыз  толықтырылған  дискімен  салыстырғанда,  5  %  -  ға  жуық  бос 
кеңістік қалған дискі көп жағдайда қателіктерге бейім жəне ақырын 
жұмыс істейді. 
5.  Ең  маңызды  берілгендердің  резервтік  көшірмесін  жасап 
отырыңыз.  Файлдардың  резервтік  көшірмелері  –  бұл  жоғалған 
немесе  түпнұсқа  бұзылған  жағдайда  ақпаратты  қайта  қалпына 
келтіруге  мүмкіндік  беретін  көшірме  құру.  Қатқыл  дискінің 
мазмұнының  резервтік  көшірмесі  үшін,  дискеталарды,  Zip 
картридждерін немесе CD-дискілерін қолдануға болады. 
Резервтік  көшірме  процедураларын  орындау  жиілігі  сіз 
орындайтын  жұмыстың  маңыздылығына  байланысты.  Файлға 
маңызды  ақпаратты  жаза  отырып,  оны  қатқыл  дискіде  де,  сыртқы 
тасымалдауышта  да  сақтаңыз.  Егер,  сіз  үй  бизнесімен  айналысатын 
жеке кəсіпкер болсаңыз, онда арнайы резервтік көшірме құрылғысын 
сатып алып, бұл процедураны күнделікті орындап отырыңыз. 
Көп  жағдайда,  резервтік  көшіруді  жиі  орындаудың  қажеті  жоқ. 
Аптасына  бір  рет  қайта  құрылған  файлдардың  көшірмесін  жасаңыз 
жəне  жарты  жылда  бір  рет  барлық  жүйенің  толық  көшірмесін 
жасаңыз. 
6. 
Вирустар  туралы  естен  шығармаңыз.  Жүйенің  компьютер 
вирустарымен  (кішігірім  бағдарламалармен  қосымшалар  мен 
берілгендерді  зақымдауға  қабілетті)  зақымдану  қаупі  кейде  асыра 
айтылса  да,  дегенмен,  оны  жоққа  шығаруға  болмайды.  Интернет 
желісінің    танымалдылығының    өсуімен,    ол    арқылы    вирустық 


143 
 
шабуылға ұшырау мүмкіндігі де жоғары болып отыр. 
Антивирустық  қорғау  бағдарламалары  бірнеше  деңгейлерде 
жұмыс істейді. Олар мысалы, дискжетекке орнатылған əр дискетаны 
сканерлей  алады  жəне  ондағы  бар  бағдарламаларды,  олардың 
жүктелуіне  дейін  жасырын  вирустар  болу,  болмауын  тексереді. 
Сонымен  қатар,  қатқыл  дисктің  файлдарын  да вирустарға  тексеруге 
болады.  Егер,  сіз  Интернеттен  немесе  басқа  компьютерлерден 
файлдарды  жиі  жүктемесеңіз,  жүйені  ай  сайын  вирусқа  тексерумен 
шектелуге  болады.  Олай  болмаған  жағдайда,  антивирустық 
утилитаны,  жүйе  жүктелгеннен  кейін,  бірден  қосылатындай  қылып, 
конфигурациялау жөн. 
7.  Бағдарламаларды  ұқыпты  пайдаланыңыз.  Бағдарламаны  бір 
рет  орнатқаннан  кейін,  бағдарлама  орналасқан  каталог  атын 
өзгертпеңіз  жəне  онда  орналасқан  файлдарды  дискінің  басқа 
аймақтарына  ауыстырмаңыз,  əйтпесе,  керек  жағдайда  компьютер 
оларды  таба  аламауы  мүмкін.  Қосымшаның  көмегімен  құрылған 
берілгендер  файлдарын  қатқыл  дискінің  кез  келген  жеріне 
орналастыруға  болады  (сонда  да  5-ші  ережені  есте  сақтаңыз).  Егер 
сізге,  қайткенде  де  қосымшаның  (немесе  қосымша  файлдардың) 
орнын ауыстыру қажет болса, онда оны əуелі жойыңыз да, одан соң 
қайта орнатыңыз. 
Windows  жүйесінде  қосымшаларды  ешқашан  да  қолмен  жоюға 
тырыспаңыз.  Көптеген  қосымшаларды  жүктеген  кезде,  жүйелік 
файлдарға  қосымша  жазбалар  енгізіледі,  сондықтан  да,  бар  болған 
жағдайда,  қосымшаларды  деинсталяция  (жою)  бағдарламаларын 
қолдану дұрыс. 
8.  Драйверлердің  соңғы  нұсқаларын  қолданыңыз.  Қосымша 
құрылғылармен  өзара  байланысын  бағдарламалық  драйверлер 
қамтамасыз етеді. Ең кемі, кварталда бір рет оларды жаңартып отыру 
дұрыс.  Бұның  ең  оңай  жолы  –  тиісті  құрылғыны  өндіруші 
компанияның  Web-түйініне  (узел)  кіру.  Әдетте,  драйверлердің 
жаңартылған нұсқаларына еркін қолжеткізуге жəне оларды Интернет 
арқылы жүктеуге болады. Интернет желісіне шығу мүмкін болмаған 
жағдайда,  сіздің  құрылғыңызды  ұсынушы  фирманың  техникалық 
қолдау қызметіне хабарласыңыз. 
9. Құрылғының ластануын болдырмаңыз. Компьютердің ішіндегі 
шаңның  жиналуы  вентиляциялық  саңылаулар  арқылы  жүйені 
салқындату  тиімділігін  төмендетуі  мүмкін  жəне  микросхемалардың 
ысып кетуіне əкеледі. Ең кемі жылыны бір рет компьютерді желіден 
ажыратыңыз  да,  корпусын  ашып,  компьютердің  ішкі  бөліктерінің 
шаңын тазалаңыз.  Тек шүберекпен ештеңені сүртуге болмайды. 
Тышқан  мен  пернетақта  да  уақыт  өткен  сайын  тазалауды  қажет 
етеді.  Пернетақта  батырмаларының  арасына  жиналған  кірді  тазалау 
үшін,  олардың  бірнешеуін  шешіп  алуға  болады,  сонымен  қатар, 
тышқанның  дөңгелегін  шығарып  алып,  оны  жəне  ішкі роликтерді 


144 
 
тазалау керек. Пернетақта мен тышқанды тазалау үшін, сатылымда бар 
құралдар мен тампондарды қолданыңыз. 
10.  Компьютерді тоқтан ажырату процедурасын сақтаңыз. Windows 
жүйелерінде  елемеуге  болмайтын,  мəзірде  жұмысты  аяқтау  опциялары 
бар.  Жұмыс  кезінде  компьютерді  қуат  көзінен  ажырату  əр    түрлі 
күтпеген  келеңсіздіктерге  əкеліп  соқтыруы  мүмкін.  Компьютерді 
желіден  ажыратпас  бұрын,  жүйеге  кэш-жадыны  босатуға,  файлдарды 
жабуға  жəне  конфигурация  туралы  ақпаратты  сақтауға  мүмкіндік 
беріңіз. 
Енді0 
компьютерде 
жұмыс 
барысында, 
келеңсіздіктерді 
болдырмауға арналған шараларды білген жағдайда, сізге ештеңе кедергі 
бола алмайды. 
 
Компьютердің винчестерімен жұмыс барысында 
кезедсетін сұрақтар 
Қолданушылар  тарапынан  неғұрлым  көп  қойылатын  сұрақтарға 
мамандардың жауаптарын келтіреміз. 
Сұрақ 1. Үй компьютерінде қолдану үшін қандай винчестер қажет? 
Жауап.  Қарапайым  қолданушыға  сиымдылығы  120  Гбайт  болатын 
винчестер  əбден  жеткілікті.  Ол  бос  орын  болмаған  жағдайда,  ешбір 
ыңғайсыздық  тудырмай  -  ақ,  барлық  соңғы  жетістіктерді  қолдануға 
мүмкіндік  береді.  Бірақ,  егер,  сіз  өзіңіздің  дискіңізді  көптеген  MP3 
форматындағы  музыкалық  файлдарын  немесе  видеофайлдарды  сақтау 
қоймасы  ретінде  қолданғыңыз  келсе,  он  120  Гбайт  өте    тез  
толтырылады.  Бұл  жағдайды  көлемі  160  немесе  250  Гбайт  болатын 
қатқыл  дискілерге  назар  аударған  жөн.  Егер  сіз  мульмедиа 
компоненттерінің  жинаушысы  болсаңыз,  мұндай  жинақтауыштар 
соғұрлым пайдалы болады. 
Сұрақ 2. Мен сиымдылығы 160 Гбайт жаңа қатты диск сатып алдым. 
Оны  қалайша  екі  –  үш  логикалық  дискіге  бөлуге  болады  əлде  мүлде 
бөлмеу керек па? 
Жауап.  Логикалық  дискінің  саны  сіз  қалай  жұмыс  істеп  үйрендіңіз, 
соған байланысты. Егер, бұрын сізде қатқыл диск үш логикалық дискіге 
бөлінген  жағдайда  жəне  ол  сізге  ыңғайлы  болса,  онда  дəстүрді 
өзгертудің  қажеті  жоқ.  Сонымен  қатар,  біріншісінде  жүйелік  
файлдарды,  екіншісінде,  мысалы,  жұмысқа  арналған  құжаттарды, 
үшіншісінде  мультимедиа  компоненттерді,  ойындарды  жəне  басқа  да 
көңіл  көтеретін  қосымшаларды  сақтау  үшін,  дискіні  бөліктерге  бөлу 
ұсынылады. 
Үлкен  қатқыл  дискінің  барлық  кеңістігін  бір  ғана  бөлік  ретінде 
қолданып,  бөліктерге  бөлмеуге  де  болады.  Бір  сөзбен  айтқанда,  бұл 
тікелей  өзіңізге  байланысты,  винчестерді  бөлу  жүйесінің  немесе 
керісінше,   бір   логикалық  бөлікпен   жұмыс   істеу  жалпы өнімділікке 


жүктеу 2,79 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   116




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау