Оқулық Федералдық мемлекеттік мекемесі «Білім беруді дамытудың федералдық институты» ұсынған



жүктеу 2,79 Kb.
Pdf просмотр
бет17/116
Дата25.05.2018
өлшемі2,79 Kb.
#17744
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   116

48 
 
кабельмен жалғастырылады. 
Сыртқы  құрылғыларды  қосу  тəсілдері  үнемі  жетілдіріліп 
отырады.  Алғашқы  дербес  компьютерлерде  құрылғыларды  қосу  
үшін  аналық  тақшада  орналасқан  реттік  жəне  қатарласқан 
порттардың  қосқыштары,  ал  кеңейтілген  тақшалар  үшін  ISA  типті 
қосқыштар  қолданылды.  Қазіргі  компьютерлерде  PCI  типті 
кеңейткіш тақшалары қолданылады, құрылғыларды қосу үшін реттік 
жəне  қатарласқан  порттардан  гөрі,  жиі  қолданылатын  жаңа  USB  – 
қосқыштары пайда болды. 
Қазіргі  аналық  тақшаларда  микросхемалар  орналасқан.  Олар 
дыбыстық  жəне  желілік  кеңейту  тақшаларының,  дискжетектерді 
басқару тақшасының қызметтерін жəне бейнетақшалардың қызметін 
жүзеге  асырады.  Сондықтан  қазіргі  көптеген  компьютерлерді 
жүйелік блоктың ішінде бұрын қолданылған көптеген тақшалар жоқ, 
дегенмен, бұл компьютерлер осыдан бес жыл бұрынғы жаңартылған 
компьютерлермен  салыстырғанда,  үлкен  жұмыс    ауқымын 
қамтамасыз етеді. 
Дербес компьютердің негізгі құрамын толығырақ қарастырайық. 
 
3.3. 
Компьютердің процессоры 
 
Компьютердің  басты  элементі  -  оның  миы  -  орталық  процессор 
(CPU  —  Central  Processor  Unit)  болып  табылады.  Ол  негізгі 
арифметикалық  жəне  логикалық  операцияларды  орындайды, 
сонымен  қатар,  компьютердің  басқа  құрылғыларына  жіберілетін 
басқару сигналдарын қалыптастырады. 
Процессор  –  бұл  корпусқа  орнатылған  кіші  электрондық  сызба 
(бірнеше  квадрат  миллиметр  өлшемінде).  Ол  барлық  есептеулерді 
орындайды 
жəне 
секундына 
бірнеше 
жүз 
миллиондаған 
операцияларды  орындау  жылдамдығымен  ақпаратты  өңдеуді 
атқарады. 
Компьютердің  сипаттамасына,  ең  əуелі  оның  өнімділігіне, 
процессордың  сипаттамалары  шешуші  əсер  етеді.  Процессордың 
жұмыс  жасауының  негізгі  сипаттамаларының  бірі  –  тактілік  жиілік 
болып  табылады,  бірақ  тактілік  жиілікпен  тек  қана  біртиптік 
процессорларды салыстырған дұрыс. 
Микропроцессорлардың  бірдей  модельдері  əр  түрлі  тактілік 
жиілікте  болуы  мүмкін  –  тактілік  жиілік  неғұрлым  жоғары  болса, 
микропроцессордың  өнімділігі  жəне  бағасы  да  соғұрлым  жоғары 
болады. 
Тактілік 
жиілік 
мегагерцтермен 
(МГц) 
немесе 
гигагерцтермен (ГГц) өлшенеді. 
Мысалы,  микропроцессор  Pentium-4  2,8  ГГц  тактілік  жиілігімен 
шығарылады.  Микропроцессор  моделінің  атауынан  кейін  тактілік 
жиілік көрсетіледі. (мысалы, Pentium 4/2,8 ГГц) 


49 
 
Intel  фирмасы  заңды  түрде  процессорлардың  негізгі  өндірушісі 
болып  саналады.  Қазіргі  кезде  Intel  фирмасының  ең  көп  таралған 
процессорлары  Pentium  4  жəне  Celeron  болып  табылады.  AMD 
корпорациясының  (Advanced  Micro  Devices)  Athlon  сериялы 
процессорлары да кең қолданылады. 
Соңғы  кездері  Intel  фирмасы  процессорларды  таңбалаудың  жаңа 
жүйесін енгізді, процессордың атауындағы тактілік жиіліктің орнына 
процессордың  үш  таңбалы  нөмірі  қолданылады.  Бұл    қадам 
логикалық тұрғыдан түсінікті, процессордың өнімділігіне əсер ететін 
ядроның  тактілік  жиілігі  жалғыз  жəне  негізін  қалайтын  фактор 
болудан қалды. 
Атауындағы  тактілік  жиіліктің  болмауынан  оның  маңызы 
жоғалмайды,  гигагерцтің  мəні  процессордың  атауынан  оның 
сипаттамасының  тізіміне  ауысады.  Процессор  таңбаларында  бренд, 
модельдік  қатар  жəне  процессордың  нөмірі  көрсетіледі  (мысалы,  
Intel Pentium M 745) 
Номенклатурасы  (Athlon  процессорларының  рейтингі)  Intel 
процессорларының тактілік жиілігінде негізделген AMD компаниясы 
күрделі  жолдарды  іздемей  -  ақ  Intel  процессорларының    нөмірін 
толық  қайталайтын  жаңа  рейтингті  енгізу  туралы  жариялады.  Жаңа 
рейтинг тек Athlon  64 процессорларына жəне одан кейінгілерге  ғана 
қолданылады,  ал  Opteron  процессорларының  атаулары  өзгеріссіз 
қалады. 
Процессорларды  таңбалаудың  жаңа  жүйесін  енгізумен  бір 
процессордың дəл сондай сəл үлкен нөмірі бар екінші процессордан 
айырмашылығын 
түсіну, 
нөмірлер 
сəйкестігінің 
жəне 
процессорлардың тактілік жиілігінің кестесінсіз  мүмкін емес. 
Орталық процессор арифметикалық, логикалық жəне іс – əрекетті 
басқаруды жүзеге асыратын компьютердің жалғыз құрылғысы болып 
табылмайды.  Компьютер  архитектурасы  жетілген  сайын  жəне 
микросхема өндіру технологиясының дамуы, орталық процессордың 
көптеген  қызметтері,  əсіресе  басқару  қызметі,    арнайы 
процессорларға  беріледі.  Осылай  бола  тұра,  орталық  процессордың 
басты функциясы ақпаратты өңдеу болып қалады. 
Графикалық  процессор  арнайы  процессорлардың  ішінде  ең 
мықтысы  болып  табылады.  Басқа  процессорларды  көбінесе, 
бақылаушылар  деп  атайды,  бірақ,  əдетте,  олар  орталық 
процессорлардан  күрделілігімен  асып  түседі.  Барлық  бұл 
құрылғылардың  басты  артықшылығы,  орталық  процессормен 
берілгендерді  өңдеудің  қатарлас  атқарылуы,  жұмысты  біршама 
тездетуге мүмкіндік береді. 
Windows  –  тың  «Жүйе  туралы  мəліметтер»  деп  аталатын 
қызметтік  бағдарламасының  көмегімен  компьютердің  параметрлері 
туралы  ақпарат  алуға  болады.  Windows  XP  ОЖ-де  «Жүйе  туралы 
мəліметтер» қызметтік  бағдарламасының терезесін ашу үшін   келесі 


50 
 
командаларды қолдану керек: Бастау/ Барлық бағдарламалар/ 
Стандартты/ Қызметтік/ Жүйе туралы мәліметтер 
Сонымен 
қатар, 
компьютерді 
тестілеу 
үшін 
арнайы 
бағдарламаларды  қолдануға  болады.  Windows  операциялық 
жүйесінен  тікелей  компьютерді  жан  –  жақты  тестілеуді  жүзеге 
асыратын  ең  белгілі  бағдарламаның  бірі  SiSoft  Sandra  бағдарламасы 
болып табылады. 
Компьютердің  компоненттерін  тестілейтін  қазіргі  бағдарламалар 
процессорлар  параметрлерін  эталондық  қазіргі  процессорлармен 
салыстыруға мүмкіндік береді. 
 
Қызықты мәлімет 
 
Американдық 
қолданушыны 
жүйелік 
блоктың 
ішкі 
жабдықталуына  қарағанда  оның  сыртқы  түрі  көп  қызықтырады. 
InsightExpress  компаниясы  жүргізген  зерттеулерден  көретініміздей 
респонденттердің 64%-ы бірінші орынға компьютердің сыртқы түрін 
қояды,  тек  11%-ын  ғана  жедел  жады  көлемі  жəне  дискінің  көлемі 
қызықтырады. 
 
3.4. 
Компьютер жадысы 
Барлық  дербес  компьютерлер  жадының  үш  түрін  қолданады: 
жедел, тұрақты жəне сыртқы. 
Жедел  жады.  Жадының  бұл  түрі  өзгермелі  ақпаратты  сақтауға 
арналған,  себебі,  есептеу  операцияларын  микропроцессормен 
орындау барысында өзінің құрамының өзгеруін мойындайды. Жедел 
жады  ақпаратты  жазу,  есептеу  жəне  сақтау  режимдерін  қамтамасыз 
етеді.  Уақыттың  кез  келген  сəтінде  ерікті  түрде  таңдалған  ұяшыққа 
қолжетуді жүзеге асыруға болатындықтан, жадының бұл түрін ерікті 
қолжетімді жады (RAM — Random Access Memory) деп те атайды. 
Негізгі  жады  ретінде  əдетте,  электрондық  микросхемалардан 
тұратын  жəне  аналық  тақшада  қосқыштарға  (слоттарға)  қосылатын 
жедел  жадының  модулі  түсіндіріледі.  Аналық  тақшада  мұндай 
бірнеше  қосқыштар  болады.  Бұл  жады  энергияға  тəуелді 
болғандықтан, компьютер токтан ажыратылғанда, жадыдағы ақпарат 
жоғалады.  Технологияның  дамуына  қарай  негізгі  жадының 
сипаттамалары  мейлінше  жетіліп  келеді.  Қазіргі  компьютерлердің 
көпшілігі  DIMM  (DualIn-line  Memory  Module  —микросхемалардың 
екі  қатар  орналасқан  жады  модулі)  модульдерінің  типімен 
жабдықталады.  Қазіргі  кезде  жады  модулінің  екі  типі:  SDR  DIMM 
(немесе  DIMM)  жəне  DDR  DIMM)  ең  көп  тараған.  Жады 
модульдерінің  сиымдылығы  əдетте  128  -  ден  512  Мбайтқа  дейін 
құрайды,  орнатылған  негізгі  жадының  жалпы  сиымдылығы 
компьютердің ең мəнді сипаттамасының бірі болып табылады. 
Жедел  жадыдан  басқа  тағы  да  асқан  жедел  кэш  –  жады  – 


жүктеу 2,79 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   116




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау