203
10.6 сурет. Масштаб қою
Көрініс мəзірінде құжаттың мəтінімен жəне оның иерархиялық
құрылымдық жоспарымен бір мезгілде жұмыс істеуге мүмкіндік
беретін Құжаттың сызбасы командасы болады. Бұл үлкен файлдардың
ішінде бағыттауды едəуір жеңілдетеді: бағдарламаның терезесі Windows
- тың «Жолсілтеуіш» бағдарламасының қоспанельді терезесі тəрізді
көрінеді жəне қызмет етеді.
Құжаттың шекаралары. Бұл параметрді орнатқан кезде құжатта
мəтіндік өрістің шекаралары көрінеді, бұл құжаттың безендірілу
талаптарына сəйкес мəтінді бетке орналастыруға көмектеседі.
Бетті орнату режимі үшін Сервис/Параметрлер командасымен
мəтіннің шекаралары орнатылады, Көрініс/Мәтін шекаралары қосымша
терезесі.
Мәтіннің масштабы. Құжаттармен жұмыстың ыңғайлылығы мəтін
масштабының белгілі деңгейімен қамтамасыз етіледі, Көрініс/Масштаб
командасымен немесе құралдар панелінің Масштаб
батырмасымен орнатылады (10.6 - сурет).
Экранды мəтінді оңтайлы қабылдау үшін, бəрінен бұрын Беттің ені
бойынша немесе Мәтіннің ені бойынша масштабын орнатқан ыңғайлы
(монитор экранының өлшеміне байланысты). Экранның үлкен
өлшемінде Толық бет немесе Екі бет масштабын қолданады.
Беттің параметрлері. Беттің параметрлерін реттеу, ең əуелі, құжат
өрістерінің өлшемін беруді (мəтіннен қағаздың шетіне дейінгі
қашықтық) жəне беттің бағытын – кітаптық (тік) немесе альбомдық
(көлденең) білдіреді.
Беттің
параметрлерін
орнату
Файл/Беттің
параметрлері
командаларымен жүргізіледі. Сонымен қатар, Беттің параметрлері
терезесін көлденең немесе тік сызық бойынша тышқанның екі рет
шертуімен ашуға болады.
Сөздерді тасымалдау. Қажет болғанда Сервис/Тіл/Тасымалдарды
орнату/Тасымалдауды автоматты орнату мəзірінен сөздерді
тасымалдауды орнату керек.
Тапсырмалар аймағы. Құжатты құру жəне редактрлеу операциясын
жылдамдату үшін Көрініс/Тапсырмалар аймағы командасымен
тапсырмалар панелін ашуға болады.
Осы орнатуларды орындап жəне экранның түрін ретке келтірген соң,
құжат құруды бастауға болады.
204
10.5. Word
– та жұмыстың негіздері
Word мəтіндік редакторы мəтінмен құжат түрінде жұмыс істейді.
Құжат – монитор экранында сіздің қалауларыңызға сəйкес
безендірілген сіз көретін мəтін. Құжатта мəтіннен басқа кестелер,
суреттер, диаграммалар жəне безендірудің басқа элементтері орналасуы
мүмкін. Құжаттар дискідегі бөлек файлдарда сақталады.
Мəтіндік редакторды жүктеген кезде жаңа (бос) құжат құрылады.
Сіз оған мəтінді енгізе аласыз, бұл құжатты келесі жолы оқуға үшін
жəне онымен жұмысты жалғастыру үшін, оны дискідегі файлда сақтай
аласыз. Мəтіндік құжат – бұл безендіру элементтерімен бірге бөлек
файлда сақталған мəтін.
Абзац. «абзац» Word редакторында дəстүрлі ұғымнан біршама
айырмашылығы бар, негізгі ұғым болып табылады. Дəстүрлі түрде абзац
деп бір оймен біріктірілген сөйлемдердің тобы есептеледі, бірақ Word –
та абзац деп [Enter] пернесі басылған жерде аяқталатын, мəтіннің
үзіндісін атау қабылданған. Жалғыз əріп те, көп бетті мəтін де абзац
бола алады; бұл жағдайда редактор енгізілетін мəтінді өзі жеке жолдарға
бөледі. Мəтіннің мазмұндық мағынасы маңызды емес.
Ескерту: [Enter] батырмасын баса отырып, сіз жай ғана жаңа жолға
өтпейсіз, мəтінде жаңа абзац бастайсыз.
Word редакторында безендіру негізінен тек абзацтарға қолданылады.
мəтінді безендіруді білу үшін, абзацтармен жұмыс істей білу керек.
Форматтау. Word –та басқа маңызды түсініктің бірі «форматтау»
ұғымы болып табылады. Форматтаудың көмегімен кез келген мəтін
əдемі безендірілген құжатқа айналады.
Форматтау – бұл мəтіннің мағынасын өзгертпей сыртқы түрін
өзгерту. Сөзді құрайтын əріптердің өзі өзгермейді, ал тек олардың
сыртқы түрі ғана өзгереді.
Word редакторында жеке символдарды форматтауды жəне толық бір
абзацтарды форматтауды ажыратады. Символдарды форматтау
шрифттерді, символдардың өлшемін жəне сыртқы түрін таңдауға
əкеледі. Абзацтарды форматтау көрші абзацтардың арасындағы
шегіністерін жəне қағаз бетінің шеттерінен шегіністерін орнатуды,
қызыл жолды құруды, мəтінді түзету тəсілін таңдауды жəне т.б.
білдіреді.
Құжатты құру. Құжатты құру, əдетте, үш кезеңнен тұрады:
•
мəтінді теру, редактрлеу жəне форматтау;
•
кестелерді құру жəне форматтау;
•
құжатқа
графикалық
обьектілерді
қосу
(суреттерді,
иллюстрацияларды, гистограммаларды)
•
мəтінді көркем безендіру;
•
құжатты баспаға əзірлеу жəне басып шығару.
Мəтіндік құжатты екі тəсілмен құруға болады.
1 тəсіл. Әуелі компьютердің пернетақтасының көмегімен мəтін
205
енгізіледі жəне редактрленеді. Нəтижесінде, барлық сөздер мен
сөйлемдері бар құжатты дайындау болып шықты. Одан соң терілген
мəтін форматталады, яғни, сыртқы түрі өзгереді. Мəтіннің түрлі
фрагменттерін əр түрлі етіп безендіру үшін, форматтау алдында
мəтіннің керекті бөлігін бөліп алу керек.
Мəтіндік құжатты құрудың бірінші тəсілін қысқаша түрде былайша
тұжырымдауға болады: «Мәтінді енгізіңіз, одан соң фрагменттерді
белгілеңіз және форматтау операциясын орындаңыз».
2 тəсіл. Форматтау элементтерінің бір қатары бағдарламаның
негізгі баптауларына енгізілген - құжаттардың барлық түріне арналған
əмбебап шаблон Normal.dot шаблонында сақталады. Word – тың
көмегімен құрылатын барлық құжаттар үшін, бұл параметрлер біркелкі
орнатылған. Сондықтан, енгізілетін мəтін əрдайым стандартты
параметрлерге ие: мəтін символдарының өлшемі жəне сыртқы түрі,
белгілі шегіністер жəне абзацтардың интервалдары.
Стандартты форматтауды өзгертуге болады, сонда осыдан соң,
енгізілген барлық мəтін таңдап алынған тəсілмен форматталған болады.
Мəтіндік құжаттарды құрудың екінші тəсілін қысқаша түрде
төмендегідей тұжырымдауға болады: «Керекті форматты таңдаңыз,
одан соң құжат мәтінін енгізіңіз».
Тəжірибеде Word – пен жұмыстың екі тəсілін де қолданады. Әдетте,
бірінші құжаттың үлкен бөлігі үшін формат таңдайды, одан соң барлық
мəтінді енгізеді. Содан кейін, мəтіндердің фрагменттерін, өзгертуге
тиісті форматтау параметрлерін (тақырыптарды, жазбаларды,
пікірлерді) белгілейді жəне олардың форматын өзгертеді.
10.6.
Мәтінді теру және редактрлеу
Жаңа құжат құру. Құжатты əр түрлі тəсілмен құруға болады:
бос құжат құру, шаблон негізінде немесе шебердің көмегімен құжат
құру немесе бар құжаттың негізінде жаңа құжат құру.
1. Бос құжат құру. Word бағдарламасын жүктеу барысында жаңа
бос құжат құрылады. Оған қажетті мəтін енгізіледі. Сонымен қатар,
жаңа құжатты құру үшін Файл/Құру командасы немесе стандартты
құралдар панелінен Құру
батырмасы қолданылады.
2. Құжатты шаблон негізінде немесе шебер көмегімен құру.
Құжатты құру кезінде бастапқы құжаттар ретінде бар шаблондарды,
шеберлерді немесе басқа құжаттарды қолдануға болады. Шаблон –
бұл құжаттың құрылымынан, стилінен жəне беттің макетінен
тұратын файл. Шебер – бұл сұрақтар қоятын, кейін алынған
жауаптарды форма немесе Web-бет сияқты обьектілерді құру үшін
қолданатын бағдарлама.
Шаблондар жəне шеберлерді қолдану үшін Файл мəзірінен Құру
Достарыңызбен бөлісу: |