238
11.2. –сурет. Бағдарламаның басты мəзірінің Формат мəзірінің
командалары
Тышқанның шертуімен мəзір командалары ашылады. Мəзірде тек
жиі қолданылатын командалар көрінеді, ал сирек қолданылатын
командалар уақытша көрінбей тұрады. Барлық командаларды көру
үшін, мəзірдің төменгі жағында орналасқан бағдарға тышқанмен
шерту керек . Сол сияқты, мəзірді толық шығару үшін, оның атына
екі рет шерту керек.
Құралдар панелі. Мəзір жолының астында, жиі қолданылатын
командаларды шақыруға арналған батырмалар қатары – құралдар
панелі орналасады. Мəзірге қарағанда, оларды қолдану біршама
ыңғайлы. Excel құралдарды белгілеріне қарай біріктіретін, бірнеше
панельдерге ие.
Көбінесе екі панель шығарылып тұрады: Стандартты жəне
Форматтау (11.3- сурет). Панельдер жұмыс терезесінің кез келген
бөлігінде көрсетілуі мүмкін.
Панельді керекті орынға орналастыру үшін, панельдің
тақырыбына тышқанның көрсеткісін орнату керек (панель
басындағы сызықтарға
); нəтижесінде тышқан көрсеткісі
өзінің түрін «роза ветров» бейнесіне ұқсас
белгісіне өзгертеді.
Егер, осы кезде, тышқанның сол жақ батырмасын басып, оны
жібермей жылжытса, онда панель жаңа орынға жылжиды.
Құралдар панелін терезенің шетіне апарып орналастыруға
болады, онда ол сол шетте бекітіледі. Мəзір қатарының орнын да
тура солай ауыстыруға болады, бірақ, оны үйреншікті орнында
қалдырған дұрыс.
Әдетте, экранда инстурменттер панелінің бəрі көрінбейді. Қазіргі
уақытта көрінбей тұрған құралдар панелін көрсету үшін, Көрініс
11.3. –сурет. Стандартты және Форматтау құралдар панелі
239
мəзірінен Құралдар панелі командасын таңдап алу қажет. Тышқанның
шертуімен қажетті панельді белгілеу керек болатын, панельдердің тізімі
ашылады; панель атауының сол жағында галочка түріндегі белгі пайда
болады. Тышқанның галочкаға шертуімен ашылып тұрған панельді
экраннан алып тастауға мүмкіндік береді.
Кестені көрсету үшін, жұмыс аймағын босата отырып, панельдерді бір
жолда орналастыруға болады, бірақ, бұл жағдайда, панельдің
батырмаларының бір бөлігі көрінбей қалады. Егер, панельдің кейбір
батырмалары көрінбесе, оларды
бағдарына
тышқанның шертуімен
экранға шығаруға болады. Нəтижесінде панель ашылып, бұрын жасырын
болған барлық батырмалар көрінеді.
Жұмыс терезесінің оң жағында тапсырмалар аймағы орналасқан, онда
кестелерді жеңілдетуге жəне редактрлеуге арналған командалар қатары
болады. Егер, сол уақытта оның қажеті болмаса, жабуға болады.
Формула қатары. Құралдар панелінен төмен формула қатары
орналасқан (редактрлеу жолы). Оның тағайындалуы атауына байланысты.
Бұл жол кестенің белсенді ұяшығына мəтін, сандар жəне формулалар
енгізуге мүмкіндік береді (11.4- сурет). Курсорды формула қатарына
орнатқанда, ұяшық атауының өрісі мен формуланы енгізу аймағы арасында
үш батырма пайда болады: Болдырмау
Енгізу,
Функция қою
Бұл
батырмаларды қолдану, ұяшыққа ақпаратты енгізуді жылдамдатады.
Формула қатарының сол жақ бөлігінде белсенді ұяшықтың адресі
көрсетіліп тұрады.
Бағдарламаның жұмыс терезесінің орталық бөлігі ұяшықтардан
тұратын жəне шахмат тақтасына ұқсас кестені көрсетеді. Кезе келген
ұяшыққа тышқанмен шертіп, оны белсенді қылуға болады. Белсенді ұяшық
жуан рамкамен белгіленген, оның оң жақ төменгі бұрышында толтыру
маркері деп аталатын анық көрінетін нүкте орналасады (11.5- сурет).
Белсенді ұяшықтың рамкасын жылжыту үшін, пернетақтада орналасқан
курсорды жылжыту пернелерінің көмегімен орындауға болады: ←, ↑, →, ↓;
бұл жағдайда белсенді ұяшықтың адресі өзгеретін болады.
Ұяшықтардың адрестелуі (Сілтеме түрлері). Кестенің əрбір
ұяшығының бағанның нөмірінен жəне жолдың нөмірінен тұратын, өзінің
жеке адресі болады. Бағандар латын əріптерімен нөмірленеді. Бірақ латын
алфавиті небəрі 26 əріптен тұрады. Ендеше, баған саны барлығы 26? Жоқ,
кестенің бағандары əлдеқайда көп – 256, ал 26 –дан артық бағандардың
атауларын белгілеу үшін, екі əріптің тіркесін қолданады.
11.4 – сурет. Формула қатары
11.5.-сурет. Белсенді ұяшық
240
11.6. –сурет. Ұяшықтың адрестелуі IK3068
Жиырма жетінші бағанның аты АА, келесі АВ, ал AZ
комбинациясынан кейін, ВА, ВВ жəне т.с.с. Кестенің соңғы бағаны IV
атына ие.
Жолдар араб цифрларымен нөмірленеді. Жолдардың максималды
саны 65 536 – ны құрайды. Ендеше, ұяшық адресі, оның қиылысында
орналасқан, баған атынан жəне жол нөмірінен тұрады, мысалы, IK3068
(11.6-сурет), ал бірінші баған мен бірінші жолдың қиылысында
орналасқан, ең бірінші ұяшықтың адресі А1 болады.
Айналдыру жолақтары. Егер, кестенің қандай да бір бөлігі бетке
симаса, онда тік немесе көлденең айналдыру жолақтарын қолдану керек.
Олар жұмыс бетінің мазмұнын баған бойынша оң-солға жəне жолдар
бойынша жоғары – төмен қарап шығуға мүмкіндік береді. тік
Айналдыру жолағының үстінде жəне көлденең жолағының оң жағында
ерекше терезенің бөлгіштері бар (11.6-суретті қараңыз), олардың
жылжуы жұмыс кестесінің экранын терезе астыларына бөледі. Оларды
сізге үлкен кестелермен жұмыс істегенде жəне берлігендердің жартысы
экраннан тыс орналасқанда, қолдану ыңғайлы.
Беттердің жарлықтары. Жұмыс терезесінің астыңғы жағында,
электронды кітаптың қажетті бетін таңдауға арналған жарлықтар
орналасқан (11.6-сурет). Excel бағдарламасымен жұмыс кезінде, сіз бір –
бірімен біріктірілген бірнеше кестелерден тұратын, жұмыс кітабын
ашасыз. Жұмыс кітабындағы кестелер беттер деп аталады. Бұл
беттермен тəуелсіз кестелер ретінде жұмыс істеуге де болады, бірақ
ақпаратты əр түрлі беттерден алып қолдануға да болады. Берілгендерді
бір уақытта бірнеше беттерге енгізуге жəне өзгертуге болады, ал
есептеулерді бірнеше беттердің берілгендері негізінде орындауға
болады. Ендеше, Excel құжаты беттер тобынан құралған жұмыс кітабы
болып табылады.
Әр беттің өзінің аты болады: үнсіз келісімі бойынша олар «Лист1»,
«Лист2» жəне т.с.сболып аталады, бірақ беттің атын оңай өзгертуге
болады.
Қандай да бір беттің мазмұнын көру үшін, тиісті жарлыққа
тышқанмен шерту керек.
Мұндай қажеттілік туындағанда, беттерді қосу Қою мəзірінен Бет
командасымен жүргізіледі. Беттердің атын ауыстырудың ең ыңғайлы
Достарыңызбен бөлісу: |