Оқулық Федералдық мемлекеттік мекемесі «Білім беруді дамытудың федералдық институты» ұсынған



жүктеу 2,79 Kb.
Pdf просмотр
бет64/116
Дата25.05.2018
өлшемі2,79 Kb.
#17744
түріОқулық
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   116

186 
 
•  дыбыстық файлдар (RealAudio жəне  MP3 форматтарында). 
Web-құжаттар  мен  мəтіндік  файлдарды  іздеу  қарапайым,  белгілі 
тəсілмен  жүзеге  асырылады,  ал  иллюстрацияны  іздеу  үшін  жиі 
арнайы  түрдегі  сұраныс  құру  қажет,  мысалы,  кілтті  сөздер  тек 
суреттердің  жазбаларында  болуы  керектігін  көрсету  арқылы  немесе 
белгілі  нақтыланатын  ұғымдарды  кілтті  сөздермен  байланыстыру 
арқылы.  Бұл  иллюстрациялық  материалға  жатпайтын,  ақпараттық  – 
іздеу жүйесі шығаратын құжаттардың санын азайту үшін қажет. 
3 кезең. Ақпараттық – іздеу жүйесін таңдау. Іздеуді жүргізудің 
біршама белгілі кезеңі. Интернет қолданушыларының көпшілігі оны 
бірінші кезең деп санайды. 
Бұл  кезеңде  нені  білу  қажет?  Ең  бастысы  жүйенің  типтері  жəне 
сəйкес мүмкіндіктері, сонымен қатар нақты жүйелердің адрестері. 
Анығында, жүйенің қайсы жақсы деген сұрақ мағынасыз болады. 
Іздеуді  бірнеше  жүйе  көмегімен  жүргізген  дұрыс,  себебі,  кейбір 
жүйелер белгілі сұраныстарды қолданғанда, қанағаттанарлық нəтиже 
бермеуі мүмкін. 
Ең  танымал  іздеу  жүйелері:  Яндекс,  Рамблер,  Апорт,  Опера, 
Google. 
4  кезең.  Сұранысты  құру.  Айқындау  кезеңінде  орнатылған 
кілтті  ұғымдар  арасындағы  байланысты  өрнектеу  үшін,  бұл  кезеңде 
сұраныстардың тілдерін қолдану қажет, сонымен қатар тізімі  екінші 
кезеңде  анықталған,  (мысалы,  WWW  үшін  -    Web-құжаттар,  
бейнелер  файлдары  жəне  т.б.)  əр  түрлі  типтегі  обьектілерді  іздеу 
ерекшеліктерін ескере білу керек. 
Алайда,  егер,  таңдап  алынған  жүйе  қойылған  сұраныстар 
бойынша  қанағаттанарлық  нəтиже  бере  алмаса,  қандай  да  бір  іздеу 
жүйесінің  сұраныс  тілін  жақсы  білудің  өзі,  кейде  қажетті  нəтижеге 
жеткізбеуі мүмкін. 
5 кезең. Іздеу жүргізу және нәтиже алу. Бір жағынан, бұл кезең 
біршама қарапайым, себебі, қолданушыдан  «қай жерде енгізу»  жəне 
«нені  басу»  білімдерін  ғана  талап  етеді.  Екінші  жағынан, 
салыстырмалы  түрде  күрделі,  себебі  нəтиже  алу  барысында  артық 
материалдарды  сүзіп  алу  керек  (шум),  ал  қалғандарының  негізінде 
сұраныстарды қалай түзету жəне келесі іздеу итерациясы үшін, іздеу 
жүйесін  өзгерту  қажет  пе,  əлде  табылған  ақпаратты  бөлшектеп  
талдау жүргізіп, содан соң шешім қабылдау керек. 
Бұл  кезеңде  қажетті  дағдыларды  техникалық  оқыту  тұрғысынан 
алу  оңай,  ал  құжаттармен  жұмыс  тұрғысынан  -қиын,  себебі, 
қолданушыдан  соның  аясында  іздеу  жүргізілетін  тақырыптық 
мəселені жақсы түсіну талап етіледі. 
6  кезең.  Материалдардың  қайнар  көздерін  талдау.  Бұл  кезең 
тақыптық жұмысты құруда қолданылатын материалды соңғы іріктеп 
алуға  арналған.  Тақырыптық  салада  бағытталу  біліктілігінен  басқа, 
бұл  кезеңде,  əдетте,  ақпараттың  қайнар  көзін  талдау  талап  етіледі, 


187 
 
яғни, материал жарияланған сайт жəне оның авторы туралы түсінік 
алу. 
Бұл  мақсатпен  болашақта  қолдануға  таңдап  алынған  құжаттың 
əрқайсысымен,  мүмкіндігінше,  келесі  ақпаратты  байланыстыру 
ыңғайлы: 
•  сайттың 
қысқаша 
сипаттамасы; 
жалпы 
тақырыбы, 
құрастырушылар туралы мəліметтер; 
•  сайтта  іздеу  тақырыбымен  байланысты  басқа  материалдардың 
болуы; 
•  материалдардың авторы немесе авторлары туралы мəлімет, бұл 
авторлардың  басқа  жұмыстарының  тақырыптары  (егер  табу  мүмкін 
болса) 
 
9.2.5.  Web-сайттарды құрудың қазіргі заманғы 
технологиялары 
 
Web-құрастырулар 
саласындағы 
қазіргі 
заманғы 
негізгі 
тенденциялар: 
•  Web  –  сервистер  (Web  Services  жəне  оларды  құруға  арналған 
бағдарламалау  тілдері.  Бағдарламалау  тілдері  Интернетте  жұмыс 
істейтін 
таратылған 
қосымшаларды 
құруға 
қызмет 
етеді, 
қосымшалардың 
компоненттері 
стандартты 
Web-хаттамалар 
негізінде өзара əрекеттеседі. 
•  Web-конструкторлар 

Web-сайтттарды 
жедел 
автоматтандырылған 
құрастыруға 
арналған 
бағдарламалық 
қамтамасыз ету; 
•  Жасанды интелеллект технологиясы негізіндегі Web-роботтар. 
Web-беттерді əр түрлі тəсілмен құруға болады. 
Олардың негізгілерін қарастырайық 
Web-беттерді  құрастыру  бағдарламалары.  Веб  –    беттерді 
құжат  мəтініне  қарапайым  командаларды  қоятын,  кəдімгі  мəтіндік 
редактордың  көмегімен  ғана  емес,  Web-беттерді  оңай  құруға 
мүмкіндік беретін көптеген HTML- редакторлармен құруға болады. 
HTML-редакторында 
жұмыс  терезесі  кеңістігін  тақырып 
аймағына,  график  аймағына,  мəтін  аймағына,  баннерлерге, 
бағыттаушы  мəзір  аймағына  жəне  т.б.  аймақтарға  бөлу  жүзеге 
асырылады.  Содан  соң,  бет  мəтінмен  жəне  графикамен 
толықтырылады,  анимациялық  эффектілер  жəне  т.б.  қосылады. 
Мұндай бағдарламаларға жатады: 
•  тек 
Web-беттерді 
құруға 
арналған 
HTML- 
редакторлар(Macromedia  Dream  Weaver,  HomeSite,  HotDog,  Adobe 
PageMill, Microsoft FrontPage, MultiEdit, Aditor, Aolpress); 
•  иллюстрациялық  материалды  –  суреттерді,  фотосуреттерді  
жəне   т.б.   дайындауға   арналған   графикалық   редакторлар (Adobe 


188 
 
PhotoShop, Macromedia FireWorks, CorelDRAW, Ulead PhotoImpact); 
•  сайтты  біршама  тартымды  түрге  келтіретін  анимациялар  құру 
бағдарламалары (екі өлшемді жəне үш өлшемді), (Macromedia Flash, 
3D Studio Max, Maya, Caligari trueSpace); 
•  дайын  Web-беттерді  серверге  жіберу  үшін  FTP-клиенттер 
(CuteFTP, LeapFTP, FTP Voyager). 
CGI-скриптер.  Сайт  интерактивті  болу  үшін,  сайтқа  кірушілерге 
сұрақтар қою үшін жəне олардың жауаптарына сəйкес қажет ақпарат 
ұсыну  үшін,  сайтқа  кірушілерден  өтініш  қабылдап  оны  орындау 
үшін, бұл функцияларды бағдарламалау қажет. Бұл үшін скриптерді 
(scripts) қолданады. Скриптер (scripts) – клиенттің сервермен ақпарат 
алмасуын қамтамасыз ету үшін, қандай да бір бағдарламалау тілінде 
жазылған бағдарламалар. 
CGI  –  бұл  бағдарламалау  тілі  емес,  Web-сервердің  серверлік 
бөлігі  мен  қолданушы  өзара  əрекеттесетін    бағдарламалар 
интерфейсі.  CGI  қолданылатын  бағдарламаларын  əр  түрлі 
бағдарламалау  тілдерінде  жаза алады,  мысалы, Perl,  PHP, C++ жəне 
т.б. 
CGI-скриптерін құрастыруда білім жəне тəжірибе жетіспеген 
жағдайда немесе аталған Web-серверде жеке скриптерді құруға 
рұқсат етілмесе, басқа серверлерде орналасқан жəне кез келген Web- 
сайттан шақырылатын скриптерді жалға алып қолдануға болады. 
Олардың арасынан қонақ кітаптарын, хабарландыру тақталарын, 
форумдарды,     чаттарды,  пошталық    жіберулерді  ұйымдастыру 
жүйелерін,  сайтқа  кірудің  санауыштары,   сауалнама    жүргізу 
формалары,    навигация  жүйелер  мына  адрестер  бойынша 
қолжетімді:www.beseen.com;www.bravenet.com;www.freeguestbooks.c 
om;www.hostedscripts.com;www.netale.net;www.guestbook.ru;www.list 
bot.com жəне т.б. 
Бағдарламалау  тілдері.  Әр  түрлі  бағдарламалау  тілдерін  қолдана 
отырып  скриптік  бағдарламаларды  өзі  жазуға  болады.  Олар  көп, 
қайсын  таңдау  бағдарламашының  өз  еркінде.  Бірақ,  ерекше  назарға 
ие  C++,  Java  и  РНР  тілдері.  Алғашқы  екеуі  -  үлкен  корпоративті 
жүйелерді құруға арналған күшті тілдер. РНР тілі тегін (ал C++ жəне 
Java  тілдері  мейлінше  қымбат),  орталық  масштабтағы  жобаларды 
құруға  біршама  жақсы  мүмкіндіктері  бар  жəне  C++  жəне  Java 
тілдеріне қарағанда, игеруге оңай. 
NET (Microsoft) технологиясы пайда болғанда, ASP (Microsoft) – 
дан асып түсетін, Sun фирмасы бұдан ертерек, JSP технологиясымен 
күшті  Java  тілін  құрған.  Бұл  оң  сапасының  қатары  емес.  Мысалы, 
бағдарламашылар  нақты  тілді  қолданбай  .NET  –  тің  өзін  қолдана 
алады,  себебі,  онда  жалпы  жүйелік  кітапхана  бар.  .NET  
технологиясы  бағдарламалық  қамтамасыз  ету  саласында  көптеген 
жаңа  жетістіктерді  жинақтайды.  Ол  XML,  Web  жəне  таратылған 
қосымшалардың    мүмкіндіктерін    тиімді    пайдаланады.  ASP.NET 


жүктеу 2,79 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   116




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау