7
3)
басқаруды шығыс сигналдардың,
құрылымның өзгеруінескере
отырып жəне сыртқы ортаның əсерін ескере отырып қалыптастыру.
Соңғы екі басқару əдісін басқарудың бейімделме типіне
жатқызуға
болады
Кез келген типтегі басқару жүйелерінде мынадай құрамдас
элементтерді белгілейді: X кіріс сигналдар жиыны,
Y шығыс
сигналдар жиыны жəне
V ауытқулар жүйесіне əсер ету арналары
(1.1 сур.). Нысандандырылған түрде осы жиындарды былай
көрсетуге болады:
X = {
};
Y
={
};
V
= {
,…
}.
Жүйедегі сыртқы ауытқулар кедергілер «шуы» болып табылады. 1.1
суретінде ашық басқару контуры бар жүйе көрсетілген. Жүйенің дұрыс
жұмыс істеуін бақылау жəне оның тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін
тұйық басқару контуры пайдаланылады (1.2 сур.). Осындай жүйелер
кері байланыс жүйелері деп аталады. Жүйелердің көбінде теріс кері
байланыс қағидаты іске асырылады.
X жалпылаған кіріс пен
Y
жалпылаған шығыс арасындағы айырмасы жүйенің
келісілмеуі деп
аталады. Келісілмеудің болмауы жүйе өз функцияларын дəл
орындайтыны білдіреді.
Элемент жəне құрылым ұғымы маңызды жүйелік ұғым болып
табылады. мынадай анықтамаларды енгіземіз.
Жүйенің элементі деп оның бөлінбейтін бөлігі аталады.
Белгілі бір əдіспен біріктірілген жүйе элементтерінің жиынтығы
жүйенің құрылымы деп аталады. Жүйенің құрылымын жалпы түрде
мынадай формула арқылы сипатауға болады
S={
}
онда
iжəне
у 1 мен
nаралығында
өзгереді; n— жүйедегі байланыстар
саны.
Жүйе элементтерінің жиынтығы уақыт шамасында өзгеріп тұратын
белгілі бір күйлер өлшемдерінің жинағымен сипатталады:
Z ={
},
8
онда
Z— жүйенің күйлері жиыны;
z
4
— жүй өлшемінің мағынасы.
Егер жүйені басқару үдерісінде күй өлшемдері қандай да бір
тұрақты мағыналарға ие болуы тиіс болса, онда жүйенің осындай
күйі
гомеостазис деп аталады.
Құрылымы тұрғысынан қарапайым, күрделі жəне үлкен жүйелер
белгіленеді.
Қарапайым жүйелер белгілі бір элементтер жинағынан
тұрады.
Күрделі жүйелер жекелеген қосалқы жүйелерді қамтиды, ал
үлкен жүйелер бір бірімен өзара əрекеттесетін кеңістікте
үлестірілген күрделі жүйелердің жиынтығы болып табылады.
Техникалық басқару жүйелері — бұл элементтер ретінде
техникалық құрылғыларды қамтитын жəне біршама уақыт аралығы
ішінде адамның қатысуынсыз жұмыс істей алатын жүйелер.
Осындай басқару жүйелерінің мынадай ерекшеліктері бар:
•
анық белгіленген жалғыз басқару мақсаты;
•
басқару контурында
адамның болмауы;
•
бастапқы деректердің жеткілікті жоғары анықтығы жəне
жұмыс істеу үдерісін нысандандыру мүмкіндігі.
Техникалық жүйелерде басқару объектісін жəне басқарушы
жүйені оңай айырып алуға болады.
Автоматтандырылған басқару жүйелері— бұл элементтер
ретінде техникалық жүйелерді де, сондай-ақ осы жүйелермен өзара
əрекеттесетін персоналды да қамтитын жүйелер.
Ұйымдық жүйелер қоғамды пайда болады. Осындай жүйе
ретінде белгілі бір мақсатқа жету үшін қызметі саналы түрде
үйлестірілетін адамдар ұжымы танылады.
Автоматтандырылған ақпараттық жүйе ұғымы.
Ақпараттық технологиялардың қалыптасу үдерісі есептеуіш
техниканың дамуымен тікелей байланысты. Ақпарат тауарға,
стартегиялық ресурсқа айналады. Ақпаратты қабылдау, сақтау,
өңдеу жəне беру үдерісін автоматтандыру үшін ААЖ басқарудың
белгілі бір типі əзірленді.
Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер белгілі бір пəн
саласында жұмыс істейді. Бұл ретте пəн саласын осы жүйені
пайдаланушылардың мүдделер саласы ретінде белгілеуге болады.
Автоматтандырылған ақпараттық жүйе — бұл ақпараттық
үдерістердің үздіксіз өтуін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін
құралдар кешені.
Пəн саласына қарай осындай жүйелердің белгілі бір санатын
бөліп шығаруға болады. Мысалы: білім берудегі ақпараттық
басқару жүйелері; автоматтандырылған жобалау жүйелері;
автоматтандырылған ғылыми зерттеулер жүйелері. Барлық осы
жүйлердің өз міндеттері жəне ақпаратты өңдеу əдістері бар.
9
Заманауи
есептеуіш
құралдарын
кеңінен
қолдану,
кəсіпорындардың қызметіне оңтайландыру жəне нысандандыру
əдістерін
енгізі
басқаруды
ақпараттық
қамсыздандыру
технологиясын айтарлықтай өзгертті.
Құрамында оның жұмысы үшін жауапты жəне оның жұмысына
араласа алатын қандай да бір адамдар ұжымы бар кез келген басқару
жүйесі
автоматтандырылған деп аталады. Басқаруды ақпараттық
қамсыздандыру міндеті ААЖ (АБЖ) көмегімен шешіледі.
Автоматтандырылған басқару жүйесі — бұл адамның
өндірістік, ғылыми жəне қоғамдық қызметі саласында объектіні
басқаруды қамтамасыз ететін техникалық жəне бағдарламалық
құралдар кешені.
АБЖ əзірлеу жəне енгізу мақсаты əр түрлі жүйелерді басқару
сапасын жақсартуда тұрады, оған басқарушы персоналға шешім
қабылдау үшін толық жəне сенімді ақпаратты уақтылы беру
жолымен, сондай-ақ оңтайлы шешімдерді қабылдау үшін
математикалық əдістер мен модельдерді қолдану есебінен қол
жеткізіледі.
Бұдан басқа, АБЖ енгізу əдетте:
•
ұйымдық құрылымдарды жəне басқару əдістерін
жетілдіруге;
•
неғұрлым икемді құжат айналымы жəне басқару рəсімдері
жүйесін құруға;
•
нормативтерді пайдалануды жəне жасауды
реттеуге;
•
өндірісті ұйымдастыруды жетілдіруге мүмкіндік береді.
Аталған функцияларды орындау мүмкіндігі үшін АБЖ:
сенімділікке;
қоршаған
ортаның
өзгерістеріне
бейімделу
қабілеттігіне; персоналдың, пайдаланушылардың теріс əрекеттерінен
қорғау механизміне; ақпаратқа заңсыз қол жеткізу талпыныстарына
тұрақтылыққа ие болуы тиіс.
Функционалдық белгілері бойынша АБЖ құрамында жүйелердің
үш түрін белгілейді:
1) əкімшілік –ұйымдық — кəсіпорынды автоматтандырылған
басқару жүйелері
(КАБЖ) жəне салалық автоматтандырылған
басқару жұйлері (САБЖ);
2)
технологиялық
—
технологиялық
үдерістерді
автоматтандырылған басқару жүйелері (ТҮАБЖ);
3)
ықпалдастырылған
—
аталған
АБЖ
функцияларын
біріктіреді.
Алдымен АБЖ ірі кəсіпорындар мен ұйымдардың есептеуіш
орталықтарында болған үлкен ЭЕМ негізінде құрылған жəне
ақпаратты орталықтан өңдеуді болжаған болатын.Есептеуіш
орталығының штатынан басқа, АБЖ қызмет көрсету арнайы
бөлімшені құруды талап еткен.
Дербес компьютерлер (ДК) жəне жергілікті есептеуіш желілер