Оқулық «Федералдық білім беруді дамыту институты»



жүктеу 4,15 Mb.
Pdf просмотр
бет45/50
Дата15.11.2018
өлшемі4,15 Mb.
#20297
түріОқулық
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50

148 
 
пайдаланылуы мүмкін. 
Фактографиялық  ақпараттық  жүйелерді  құрған  кезде    құрылымдалған 
XML-құжаттар  пайдаланылады.  Осындай  құжаттар  оларды  жазбалар 
ретінде 
қабылдауға 
болатын 
бірдей 
құрылымдағы 
блоктардан 
тұрады.Айырмашылығы тек блоктың ақпараттық құрамында тұрады.   
Ары қарай құрылымдалған құжаттың үлгісі келтірілген: 
X M L
vеrsiоn 

«1.0»еnсоding 

«windоws -
1251»?> 
 
100 
Ислентьева 
И.АБухгалтерия 
<рау>12000 
 
 
200 
Перова 
А.И.
<оtdеl>Бухгалтерия 
<рау>10000 
 
 
300 
Иванов И.И. 
<оtdеl>Склад 
<рау>15000 
 
 
Құжатта  wоrkеr  деректер  блогында  ұйымның  үш  қызметкері  туралы 
ақпарат  сақталады.  Фирманың  əр  қызметкерінің  табельдік  нөмірі,  тегі, 
бөлімнің атауы, мөлшерлемесі тіркеледі. 
XML құжаттар деректерді сақтаудың əмбебап құралы болып табылады, 
өйткені  ақпараты  мəтін    түрінде  сақталады      жəне  құжаттың  форматы  ол 
құрылған бағдарламаға тəуелді емес.   
XML-құжаттарды  өңдеу  үшін  түрлі  технологиялар  қолданылады.   
Ақпараттық  жүйелерді  құрған  кезде  Jаvа  технологиясымен  ұсынылатын 
құралдарға жəне Jаvа Sсriрt тілінде құжаттарды скриптілік өңдеу əдістеріне 
назар  аударуға  болады.  Jаvа  технологиясы  ақпараттық  жүйелрді 
əзірлеушілерге  JDO  деректер  объектілерінің  жинағын  ұсынады,  олар 
бағдарламалық  код  арқылы    XML  құжаттардан  ақпаратты  алып  шығуға 
мүмкіндік  береді.      JаvаSсriрt  тілі  көмегімен  əзірлеуші    DOM  -  құжаттың 
объектілік  моделін  пайдаланып,  XML  құжаттан  ақпаратты  алып  шығуға 
мүмкіндік беретін HTML –бетке арналған сценарийді жаза алады   модель. 
 
 


149 
 
 
3.2. 
Автоматтандырылған  ақпараттық 
жүйені  жобалау 
үдерісін басқару  
ААЖ  əзірлеу  тапсырыс  берушінің  белгілі  бір  талаптарына  сəйкес 
келетін  жүйені  құруды  талап  етеді.  Тапсырыс  берушінің  қажеттіліктері 
жүйеге  қойылатын  талаптар  жинағында  көрсетіледі.      Жүйе  пайдалану 
барысында  өз  функцияларын  орындай  алуы  үшін,  ол  белгілі  бір  сапалық 
көрсеткіштерге сай болуы тиіс.   
Халықаралық  жəне  отандық  тəжірибеде  сапаны  басқару  жəне  оның 
нəтижелерін бағалау үшіін белгілі бір стандарттар пайдаланылады. Сапаны 
бағалау  үшін  негізіне  ISO  9000  текті  стандарттар  алынады.    Бұл  текке  20 
жуық  стандарт  кіреді.    Олар  арасында  ең  танымал     ISO  9001,  ISO  9002, 
ISO 9 0 0 3 .  
ISO  9001  стандарты  өнімді  шығарудың  барлық  технологиялық 
тізбегімен:  жобалаумен,  əзірлеумен,  жасаумен,  монтаждаумен,  ретке 
келтірумен  жəне  қызмет  көрсетумен  айналысатын  ұйымдағы    сапаны 
қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды тұжырымдайды.   
ISO  9002  стандарты  жобалау  жəне  əзіреу  үдерістеріне  қатыспайтын 
ұйымдағы сапаны қамтамасыз ету үшін қолданылады.   
ISO  9003  стандарты  жобалау  жəне  əзіреу  үдерістеріне  қатыспайтын, 
бірақ  өнімді  сынауды  жəне  тестілеуді  орындайтын  ұйымдарда 
қолданылады. 
ISO  9000  стандарттар  тегіне  кіретін  ISO  8402  стандарты    сапаны 
басқару  үдерісінде  пайдаланылатын  мынадай  негізгі  ұғымдарды 
белгілейді: 
 
үдеріс  —  кіріс  элементтерді  шығыс  элементтерге  өзгертетін 
ресурстар мен қызметтің өзара байланысты жиынтығы; 
 
жұмыстарды  жүргізу  әдістемесі—  қызметті  жүзеге  асырудың 
белгіленген тəсілі; 
 
ӛнім — қызметтің немесе үдерістердің нəтижесі   
Сапа  ретінде  өнімге  тапсырыс  берушілердің,  бұл  жағдайда-  
ақпараттық  жүйенің  белгіленген  жəне  болжамды  қажеттіліктерін 
қанағаттандыру 
қабілеттілігіне 
жататын 
жобалау 
объектісі 
сипаттамаларының жиынтығы түсініледі. 
Жүйе  пайдаланушыларының  болжамды  қажеттіліктері  алдын  ала 
айқындалуы жəне белгіленуі тиіс.  Егер қажеттіліктер уақыт өте өзгеретін 
болса, онда сапаға қойылатын талаптарды мерзімді талдап отыру қажет.   
Жүйе қажеттіліктерінің құрамы жалпы түрде былай белгіленуі мүмкін:   
 
пайдалану сипаттамаларының жинағы; 
 
жүйенің  функционалдық  жарамдылығын  белгілейтін  көрсеткіштер 
жинағы; 
 
сенімділік; 
 
қауіпсіздік; 
 
экономикалық көрсеткіштер. 


150 
 
Ақпараттық  жүйелерді  құру  үдерісінде  өнім  бағдарламалық  код  жəне 
белгілі бір ақпараттық сервис болып табылады.  жүйені əзірлеудің əр кезеңі 
белгілі  бір  сапа  деңгейін  қамтамасыз  етуге  тиіс.  ISO  8402  стандартына 
сəйкес  сапаны  қамтамасыз  ету  үдерісі  –  бұл  сапа  ілмегі  ретінде 
сипатталатын үздіксіз үдеріс.   
Сапа  ілмегі  түрлі  сатыларда-  қажеттіліктерді  белгілеуден  бастап 
оларды  қанағаттандыруды  бағалауға  дейін  сапаға  əсер  ететін  өзара 
байланысты қызмет түрлерінің тұжырымдамалық моделі болып табылады. 
Сапаны  басқару  үшін  түрлі  технологиялар  пайдаланылады.  TQM 
(TоtаlQuаlitу Mаnаgеmеnt) əдістемесі негізгі болып табылады. Осы əдістеме 
сапаны жаппай басқару əдіснамасы болып табылады.   сапаны қамтамасыз 
ету  өткізу  жəне  маркетинг  бөлімдері  жетекшілік  ететін  қызметтің 
ажыратылмас  құрамдас  бөлігі  болуы  тиіс.  Сапаны  жаппай  басқару  –  бұл 
сапаға 
бағытталған, 
ұйымның 
барлық 
мүшелерінің 
(барлық 
бөлімшелеріндегі  жəне  ұйымдық  құрылымның  барлық  деңгейлеріндегі 
персоналдың)  қатысуына  негізделген  жəне  тұтынушының  қажеттіліктерін 
қанағаттандыру  жолымен  ұзақ  мерзімді  табысқа  жəне    əзірлеуші  ұйым 
қызметкерлерінің  пайдасына    жетуге  бағытталған  кез  келген  ұйымды 
басқару тəсілдемесі.     
TQM əдіснамасы үш мақсатты көздейді: 
1) 
жүйені  жеткізуші  ұйымды  тұтынушылардың  ағымдағы  жəне 
əлеуетті сұраныстарын қанағаттандыруға бағдарлау; 
2) 
əзірлеушінің  басты  мақсаттарының бірі  ретінде  сапаны қамтамасыз 
ету; 
3) 
ақпараттық  жүйені  əзірлеуші-ұйымның  барлық  ресурстарын 
оңтайлы пайдалану. 
TQM Основныминегізгі элементтері: 
 
жеткізуші  –ұйым  басшылығының  сапаны  қамтамасыз  етуге 
мүдделілігі;  сапаны  қамтамасыз  етумен  байланысты  мəселелерді  шешуге 
басшылардың жеке басы қатысуы; 
 
ақпараттық  жүйеге  тапсырыс  берушілердің  қажеттіліктері  мен 
ұсыныстарын қанағаттандыру үшін олармен ұдайы байланыста болу; 
 
жұмысты  орындаушылардың  сапаны  қамтамасыз  ету  жөніндегі 
жұмысына жаппай қатысу; 
 
Ақпараттық  жүйені  əзірлеу  үдерісі  оңтайлы  жүйе  болып  табылуы 
тиіс.    Осындай  жүйе    оны  құруға  жəне  өрістетуге  жұмсалатын 
шығындарды  барынша  азайтып,  тұтынушы  үшін  жүйенің  жоғары  
құндылығын қамтамасыз етуге тиіс;   
 
Жұмыстар  сапасын  қамтамасыз  ету  үшін  жүйенің  əлементтерін 
əзірлеу əдістемелерін ұдайы жақсарту; 
 
Жүйені  əзірлеу  үдерісінде  қабылданатын  шешімдердің    жұмысты 
орындаушылардың  жеке  тəжірибесі  мен  интуициясына  емес,  тапсырыс 
берушімен өзара əрекеттескен кезде айқындалған фактілерге негізделуі. 
TQMəдіснамасының негізгі қағидаттарына: 
 
жүйені жеткізуші ұйымның тұтынушыға бағдарлануы; 


жүктеу 4,15 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау