35
гляциалды-нивалды белдеуге қосады. Бұл белдеу Піскем өзені айдынында
3600 м, Қашқадария айдынында 3820 м, Топалаңдария айдынында 3860
м, Сангардак айдынында 3850 м биіктіктен басталады.
Қар сызығы – одан биігіректе қар жыл бойы ерімей тұратын тау ше-
карасы. Қар сызығының биіктігі сол жердің географиялық орнына, кли-
матына, жауын-шашын мөлшеріне, тау бөктерінің экспозициясына бай-
ланысты. Ауа температурасы қаншалықты төмен, жауын-шашындар көп
болса, қар сызығы соншалықты төменде орналасады. Полюстік ендіктерде
ол теңіз деңгейінен өтеді. Полюстік ендіктерден тропиктерге дейін қар
сызығының биіктігі жайлап көтеріле береді. Ол Франц-Иосиф Жерінде
50-100 м, Шпицберген архипелагында 400-450 м, Кавказда 2700-3800 м
биіктіктен өтеді. Оның ең биік орналасуы тропиктерге тура келіп, 5800-
6000 м биіктіктен өтеді. Тропиктерде бұндай биіктіктен өтуінің себебі
– температураның жоғарылығы және жауын-шашынның мүлде аздығы
болып табылады. Ал экваторда қар сызығының биіктігі 4500 м-ге дейін
төмендейді. Бұған себеп – жауын-шашынның көп болуы және температу-
раның біршама төмендігі.
Қар сызығының биіктігі тек қана полюстен экваторға қарай емес,
теңіздер бен мұхиттардан материктің ішкерісіне қарай, яғни ұзақтығы
бойынша да көтеріле береді. Қоңыржай белдеуде қар сызығының шека-
расы батыс мұхит жағалауындағы теңіздік климат өлкесінен материктің
ішкерісіндегі шұғыл континенттік климат өлкесіне қарай көтеріле бе-
реді. Мысалы, Альпіде қар сызығы 1000-1300 м, Батыс Кавказда 2700 м,
Тяньшаньның Хантәңірі бөлігінде 4200 м биіктікте орналасқан. Бұның
себебі сол, теңіздік климат өлкесінде жауын-шашын көп, жазы салқын.
Ал шұғыл континенттік климат өлкесінде – керісінше, жауын-шашын аз,
жазы ыстық әрі шуақты, ұзаққа созылады.
Биіктіктің белдеуленуі, тау бөктері экспозициясы, қар сызығы, шөл, адыр, тау, жайлау,
қар мен мұздықтар.
1. Биіктіктің белдеуленуіне не себеп болады?
2. Қар сызығы деген не?
3. Биіктік белдеулерінің саны нелерге байланысты?
4. Төменгі сыныптарда және биология пәнінен алған білімдеріңді пайдаланып, Өзбек-
стандағы биіктік белдеулері табиғи жағдайының өзіне тән ерекшеліктерін дәптеріңе
кесте түрінде сыз.
36
§ 9. ГЕОЖҮЙЕЛЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ САТЫЛЫЛЫҒЫ
Сен төменгі сыныптарда табиғат кешені, табиғи аумақтық кешен, гео-
графиялық кешен деген ұғымдармен таныстың, олардың барлығы да та-
биғи географиялық кешен деген терминнің синонимі (баламасы) екенін
біліп алдың. Бұл ұғымдар біраз жалпылама және қарапайымдау түрде
Сенің жасың мен ойлау қабілетіңді ескере отырып жазылған. Ал енді
оларға қарағанда күрделірек болып табылатын геожүйе ұғымымен таны-
сасың.
Əрбір ғылым дамып, жетілген сайын оның зерттеу нысаны, мақса-
ты мен міндеттері жөніндегі ұғымдар да айқындалып, нақтылана түседі.
Өткен ғасырдың орта шеніне қарай, барлық ғылым салаларындағы си-
яқты, географияға да жүйелер туралы ілім кіріп келді. Соның нәтижесін-
де географиялық зерттеулерде зерттеу нысанына кешен деп емес, жүйе
деп қарау көзқарасы туындады. Соған байланысты 1963 жылы академик
В.Б.Сочава ғылымға геожүйе ұғымын енгізіп, бұл ілімнің негізін қа-
лады. Аталмыш ұғым географияның нысанын анығырақ сипаттап берді.
Бүгінгі таңда географиялық зерттеулерде жүйелер жайындағы ілім қатаң
сақталады және зерттеу нысаны жүйе деп аталады.
Академик В.Б.Сочава бұны былайша сипаттайды: Геожүйе – басқары-
латын жүйелердің айрықша, өзіне тән ерекшеліктері бар сыныбы; Жер
бетіндегі компоненттері бір-бірімен жүйелі байланыста болған, сондай-ақ
белгілі біртұтастық ретінде ғарыш қабығымен және адамзат қоғамымен
өзара ықпалдастықта болатын барлық өлшемдегі мекен. Біртұтастықпен
қатар шағын жүйелерге бөлінетін бұл жүйелер ғаламшар бетін толық
қамтиды және оның бір бөлігі ретінде оншалықты үлкен емес мекенде
тәуелсіз болып, арнайы қызмет атқарады.
Осы сипаттамаға орай, геожүйені өзара байланысты компоненттердің
тура және кері байланыстар арқылы біріккен, сондай-ақ бір-бірімен өза-
ра ықпалдастықта болатын табиғат пен қоғамның шағын жүйелерінен
тұратын, материалдық-энергетикалық біртұтас күйдегі аумақтық жүйе
деп қарауға болады. Геожүйе адамның өмір сүру ортасы, шаруашылық
қызметі тікелей немесе жанама әсер ететін табиғи, табиғи-антропогендік
(өзгертілген табиғи) яки антропогенденген (адамның қолымен өзгертіл-
ген) аумақтық жүйе ретінде көрініс табады. Геожүйені құрайтын және
оны дамытатын компоненттердің өзара әсерлесуі мен байланыстылығы –
олардың арасында тұрақты болып тұратын зат және энергия алмасудың
37
нәтижесі, бұл алмасу зат алмасу және энергия ағыны түрінде көрінеді.
Геожүйедегі зат пен энергияның қозғалысы оның құрамдас бөліктерін –
шағындау геожүйелер мен табиғат компоненттерін және антропогендік
нысандарды байланыстырып, біртұтастығын қамтамасыз етеді.
Геожүйелер зат жəне энергия алмасу ерекшеліктеріне орай екі түрге
бөлінеді:
а) зат және энергия алмасу шекарасынан тысқа шықпайтын жабық ге-
ожүйелер. Мысалы, географиялық қабық;
ә) зат және энергия алмасу шекарасынан тысқа шығатын ашық ге-
ожүйелер. Мысалы, ландшафттар.
В.Б. Сочава геожүйелердің көлеміне, яғни үлкен-кішілігіне қарап, олар-
дың ғаламшарлық, аймақтық және топологиялық дәрежелерін айырады.
Аталмыш ғаламшарлық, аймақтық және топологиялық (жергілікті) көлем-
дегі геожүйелердің әрқайсысы өзіндік көлемімен, жасымен сипатталады
да, өзіндік зат және энергия алмасу пішініне ие болады. Осы үш көлемде-
гі геожүйелер жас жағынан да бір-бірінен ерекшеленіп тұрады. Мысалы,
ғаламшарлық және аймақтық көлемдегі геожүйелердің жасы геологиялық
кезеңдер өлшемімен өлшенсе, топологиялық көлемдегі геожүйелердің
жасы бірнеше ондаған, тіпті жүздеген мың жылдармен өлшенуі мүмкін.
Ғаламшарлық көлемдегі геожүйелерге географиялық қабық енеді. Ол
ең үлкен және ең күрделі геожүйе болумен қатар, өте көп және түрлі
таксономиялық мәні бар геожүйелерге бөлінген. Аймақтық дәрежедегі
геожүйелерге материктер, өлкелер, зоналар, провинциялар, округтер, ау-
дандар жатады. Бұл жерде біз тек құрлықтардың геожүйелерге бөлінуін
көрсеттік. Ал су айдындарының бөлінуі өзгеше болады. Топологиялық
(шағын) көлемдегі геожүйелерге – ландшафт, орын, аңғар және фация
жатады.
Геожүйелер (фациядан басқалары) өзінің ішкі түзілісі тұрғысынан бір
мезгілдің өзінде әрі біртұтас, әрі алуан түрлі, яғни өзінен кіші геожүйе-
лерден құралған. Бұл геожүйелер өзінің үлкен-кішілігіне қарай сатылы
таксономиялық мәнге ие болады. Мысалы, географиялық қабық өзінен
кішілеу геожүйелерге – құрлықтар мен мұхиттарға, құрлық өз кезегінде
материктерге бөлінеді, ал материктер өзінен кішілеу геожүйелерден – та-
биғи географиялық өлкелерден құралады.
Геожүйелерді үлкен-кішілігі бойынша, яғни сатылы түрде қарастырсақ,
ол төмендегідей болып шығады: географиялық қабық – құрлық – мате-
риктер – табиғи географиялық өлкелер – табиғи географиялық зоналар
Достарыңызбен бөлісу: |