Бақылағыш және кӛшіру жҥйелері
Бақылағыш жүйе тұйықталған тізбекті автоматты жүйелерге жатады. Бұл қондырғылардың аттарының ӛзі айтып тұрғандай, адам қатысуынсыз қандай да бір үрдіс немесе машинаның жұмыс істеу органдарының қозғалысын бақылауға қабілетті.
Алдымен автоматты емес бақылағыш жүйені қарастырайық (сурет 9.2). жұмысшы фрезерлі станокты басқара отырып, кесуші құралдың қозғалысын мұқият бақылайды. Тік және кӛлбеу беру ӛлшемдерін ӛзгерте отырып, жұмысшы фрезаны ӛңделетін бұйымның кесуге белгіленген сызығы бойымен бағыттайды. Жұмысшы жүйесі — станок «тірі» бақылағыш жүйені білдіреді. Бұл жерде берілетін элемент болып кесу сызығы табылады. Жұмысшы екі ӛлшемді салыстырады: кесуші құралдың нақты кесу бағыты және белгіленген сызық бағыты. Екі бағыттың алшақтығы кӛз жанарымен байқалып және орталық жүйке жүйесіне беріледі.
Орталық жүйке жүйесі қабылданған белгіні қорыта отырып, бұйрық түрінде оны жұмысшының аяқ-қолдарының бұлшықеттеріне жібереді. Ӛз кезегінде, бұлшықеттер алынған басқарушылық бұйрыққа сәйкес тік және кӛлбеу беру ӛлшемін ӛзгертіп немесе жүйені толықтай теңестірілген жағдайға әкеледі.
«Тірі» бақылаушы жүйе тікелей және кері байланысқа ие. Қол бұлшықеттері орталық жүйке жүйесінен басқару белгілерін қабылдап (тікелей байланыс), ал орталық жүйке жүйесіне бұйым ӛңделуінің барысы туралы ақпараттары келіп түседі (кері байланыс). Осылайша, қарастырылған жүйенің міндеті — белгі
Сурет 9.2. «Тірі» бақылаушы жүйе
сызығының бағытына қатысты фреза қозғалысының бағытын бақылау. Фреза белгі сызығы бойымен ӛтуі үшін тік және кӛлбеу беру ӛлшемдерін қолмен ӛзгерту қажет болады.
Автоматты бақылау жүйелері халық шаруашлығының түрлі салаларында кеңінен таралған. Металлӛңдеуші ӛнеркәсіпте олар күрделі жабынды бұйым ӛңдеу барысында металл кесуші кӛшірме станоктарда қолданылады: кеме ескектерінің бұрандалары, газ және бу турбиналарының күректері, ұшақтардың ауалық бұрандалары және т.б. Авиацияда бақылағыш жүйелер ұшақ ұшуын автоматты бақарады. Астрономияда телескоп қондырғысы аспан кеңістігіндегі аспан денелерінің қозғалысын бақылайды. Ракеталық қондырғылар бақылағыш жүйелерімен қорғаныс техникасында кӛзделетін нысананы асқан қырағылықпен бақылайды.
Бақылағыш жүйелер бӛлек элементтерінің құрастырылымы мен қолданылу аясынан тәуелсіз олардың қозғалыс қағидалары жалпылама болып келеді: бұл оқшауланған сұлбамен автоматтандырылған жүйелер, оларда реттелетін шамалардың берілген мәндері кей шектерде алдын-ала белгісіз болуы мүмкін.
Бақылағыш жүйелі автоматтандырылған қондырғылардың негізгі элементтері болып бақылаушы жетек табылады. Кӛлік жасауда айналмалы және келіп түсу қозғалыстарының электрлі және гидравликалық жетектері кеңіен тараған.
Айналмалы қозғалысты электрлі бақылағыш жүйенің мысалы болып сельсин байланыс кӛмегімен қашықтықтан бұрыштың мәндерін беру жүйесі табылады. Бұл жүйеде сельсин-ӛлшеуіш роторы/электр машинаның қозғалмалы бӛлігі бұрылыстың берілген мәнін дәл кӛрсетеді.
Келіп түсу қозғалыстарының гдравликалық бақылағыш жетекті қондырғысының сұлбасы 9.3.-суретте кӛрсетілген. Қордағы май 8 сорғыш 7 арқылы гидроцилиндрлердің ернеулерінің 2 біріне май ағынын айдап тұратын мысқалға 4 келіп түседі.
Сурет 9.3. Келіп түсу қозғалыстарының гидравликалық бақылағыш жетекті қондырғысының сұлбасы:
1 — кесу құралын алып жүретін механизм; 2 — гидроцилиндр; 3 —
гидроцилиндрдің сол жағы; 4 — мысқал; 5 — гидроцилиндрдің оң жағы; 6 — піспек сояуышы; 7 — сорғыш; 8 — сұйыққойма
Піспек сояуышпен 6 бірге станокқа қозғалмайтындай етіп бекітілген, сондықтан келіп түсетін қозғалыстарды мысқал жабынымен бірге гидроцилиндр және онымен тығыз байланысты механизм 1 жасайды. Бұл бақылауыш жүйеде кесуші құрал алдын ала белгісіз, ӛзгеріп отыруы мүмкін мысқалдың қозғалысын айнытпай қайталайды. Егер мысқалды 4 солға қарай белгілі бір шамаға орын ауыстырсақ, онда май сорғыштан мысқал арқылы гидроцилиндрдің сол жағына 3 ӛтеді. Гидроцилиндр жабыны кесуші құралмен бірге солға қарай орын ауыстырады. Гидроцилиндрдің оң жағындағы май 5 мысқал арқылы бӛшкеге құйылады.
Гидроцилиндрдің солға келіп түсетін қозғалысы 2 гидроцилиндрге май құйылмайтындай жағдайда мысқалға 4 қатысты жабын орынққанша қозғалыс солға қарай жалғаса береді.
Достарыңызбен бөлісу: |