Оқулық «Білім беруді дамытудың Федералдық институты»


Ҧсталық-қылыптау цехтарындағы жҧмыстардың автоматтандырылуы



жүктеу 6,23 Mb.
бет57/142
Дата21.12.2022
өлшемі6,23 Mb.
#40728
түріОқулық
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   142
Шишмарев Технологиялық үрдістерді автоматтандыру. Оқулық (1)

Ҧсталық-қылыптау цехтарындағы жҧмыстардың автоматтандырылуы


Ұсталық-қылыптау цехтарындағы қол, ауыр және еңбек үрдістерінің автоматтандырылуының басты бағыттарына мыналар жатады (7.5-сурет):

  • материал қыздырудың механикаландырылуы;

  • балға және сығым жұмыс аумағына материал берудің механикаландырылуы;

  • арнайы автоматты соғу және қалыптау машиналарының жұмысын пайдалану;

  • балға және сығымды автоматты басқаруды пайдалану.


Сурет 7.5. ұсталық қалыптау цехтарын механикаландыруға арналған машиналар
мен механизмдерді топтастыру

Соғу және қалыптау алдында материалды қыздыру жауапты операция болып табылады. Түрлі отын негізінде жұмыс істейтін жалын пештерін қыздыру үшін қолдану пештерге қызмет кӛрсету бойынша ауыр жұмыспен, цехтың барлық аумағы үшін құтылу мүмкін емес цех ауасының түрлі газдармен ластануымен байланысты. Соңғы жылдары ұсталық цехтар жұмыстарында тәжірибе түрінде кеңінен дайындамаларды электрлі қыздыру әдісі енгізілуде.


Электр тоғы кӛмегімен дайындамаларды қыздыру бірнеше жолдармен жүзеге асырылуы мүмкін. Ең кӛп таралғаны қыздырудың индукциялық әдісі және қарсылық күші арқылы қыздыру әдісі болып табылады.
Бірінші әдіс бойынша дайындалатын бұйымдар мықты электрмагниттік ӛріске орнатылады, оның әсерінен дайындамаларда тоқ күші пайда болып, оларды қыздыра бастайды. Электрмагниттік ӛріс ӛнеркәсіптік деп аталатын жиілігі 50Гц қарапайым тоқпен, не болмаса, жиілігі жоғары, мысалы 2500, 8000Гц тоқпен қыздырылады.
Екінші әдісте дайындамалар арқылы олармен ӛткізілген электр сымы ұстатқышы арқылы сыртқы кӛздерден тоқ жіберіледі және қыздырылатын металлдың электр қарсылығы күшінен қыздыру туындайды.
Дайындамаларды электрлік қыздыру әдісінің ерекшелігі мыналарда: жылдам қызуы, бұлүрдістің автоматтандырылуының ыңғайлығы, қыздырылатын қондырғылардың цех аумағын ластамайтын және шуға толтырмайтын тазалығы мен ыңғайлығы.
Сипатталған әдістерден басқа, дайындамаларды қыздырудың болашағы бар әдістерінің бірі жылжымалы оттықты шахта үлгісіндегі ӛткізу пештерін пайдалануға негізделеді. Қыздырылатын дайындамалар орналастырылатын пештің астыңғы жағы пластинкалық конвейердің бір бӛлігі болып табылады және дайындамалар пештен шығарда талап етілетін температурада болуы үшін қажетті жылдамдықта қозғалады.
Балға немесе сығымның жұмысшы кеңістігіне үлкен кӛлемде материалдар, яғни дайындамалар беру біршама қиындықтар туғызады. Бұл жұмыс бұрындары жұмысшылар тобымен иінтірек, шынжыр, тұтқа тетігі кӛмегімен орындалатын; қазіргі таңда ол арнайы машина - соғушы манипулятор кӛмегімен жүзеге асырылады.
Соғушы манипулятор — дӛңгелекпен жүретін қуатты машина (сурет 7.6), ол кемпірауызды қысқышы 1 бар тұмсықты 2 келеді. Тұмсығы кӛтеріліп, түсіріліп және ӛз осінің айналасынан айнала алады, ал манипулятор толығымен цех еденінде кез- келген бағытта қозғала алады. Манипуляторлың барлық қозғалыстары және тұмсығын басқару тұтқа және басқару құрылғысындағы нүкте кӛмегімен машинистпен жүзеге асырылады.

7.6.сурет. Соғушы манипулятор: 1 — кемпірауыздар; 2 — тұмсық
Манипулятормен қыздырылған қалыпты пештен алады, балға мен сығымға апарады, қажетті жағдайға келтіре қондырады, еңкейтеді, қажет болғанда айналдырады. Ірі манипуляторлардың жүк кӛтергіштігі 30 т және одан жоғары.
Бұйымдарды, әсіресе қаңылтыр материалдан жаппай ӛндірудің кеңінен таралған әдістерінің бірі суықтай қалыптау болып табылады. Бұйымдарды қалыптау түрлі құрастырмалы сығымдарда негізінен матрица және пуансоннан тұратын түрлі құрастырылымдағы қалыптарда жүргізіледі. Мысалы, соғылатын қалыптарда матрица ойықты шынықтырылған болат тақтайшаны білдіреді, ол бұйымның сыртқы контурына сәйкес келеді, ал пуансон — матрица ойығына сәйкес келетін сыртқы контурлы шынықтырылған болат соққыш.
Соғу операциясы келесілерден тұрады: матрицаға материал беттін орналастырады, пуансон кӛмегімен қаңылтыр материалдан қажет бұйым қалпын ұрғыштап алады.
Механикаландыру және автоматтандыру саласында қалыптауда үлкен табыстарға қол жеткізілген. Келесі үрдістер механикаландырылып және автоматтандырылады:

  • дайын бұйымдарды қалыптауға беру және дайын қалыпталған бұйымдарды алып тастау;

  • қалыпқа салынған бұйымдарды және жартылай шикізаттарды бір сығымнан екіншісіне жылжыту;

  • ӛндірістік және кӛмекші операциялар орындалуын бақылау және жұмыс аяқталғаннан кейін немесе сынулар мен бұзылулар туындауы кезінде құрылғыны ӛшіру.


Сурет 7.7. Қалыпқа таспаны беру сұлбасы:
1 — барабан; 2 — дұрыс қондырғы; 3, 4 бағыттаушы біліктер

1

Сурет 7.8. Соғылатындарды қалыптау үшін ағынды желіде құрылғылардың орналасуы:
1 — индукциялы қыздырғыштар; 2 — пластикалық конвейер; 3 — қалыптау сығымы; 4 — үстел; 5 — сығым

Осының негізінде автоматтандырылған қалыптау аумақтары және ағынды желілер пайда болады.


Қалыптауды механикаландыру және автоматтандыру бойынша шаралар арасында біршама үлесті қаңылтыр (немесе таспалы) материалды механикаландыру және автоматтандыруға беру алады. Беру механизмі қондырғысының сызбасы 7.7. суретте келтірілген. Материал (таспа) барабанда 1 орналасады, одан ол дұрыс қондырғыға 2 беріледі, ал ол жерден түзетілуден кейін таспа бағыттаушы білікке 3 және одан әрі қалыпқа жеткізіледі. Біліктер 4 арқылы таспа қалдығы қалыптан тартып алынады және сығымнан тыс ораушы қондырғыға оралады.
7.8. суретте даналап шығарылатын бұйымдарды соғуға дайындау ағынды желісіндегі құрылғының орналасуы кӛрсетілген. Индукциялы қыздырғышта 1 қыздырылған бұйымдар автоматты түрде тақтайшалы конвейерге 2 лақтырылады, конвейер оларды қалыптаушы сығымға 3 жеткізеді. Қалыпталған бұйымдар сырғыма арқылы үстелге 4 келіп түседі. Орнықтырылған бұйымдарды сығымда 5 ұрғылап алған соң дайын бұйымдар тасымалдаушымен қорапқа тасталады.
Ірі топтамалы және жаппай ӛндіріс барысында майда және орташа бұйымдарды соғу және қалыптау механизациясы кӛлбеу соғу машинасы және басқа да соғу-қалыптау автоматтары (шегелік және ӛзгелері.) кӛмегімен қол жеткізіледі. Осы аталған машиналарда дайындамалар беруге , оны кесуге, қысуға және қажет болған жағдайда, шеттерін ұштауға дейін толығымен ӛңдеуге қажетті қозғалыстардың толық кешені орындалады.

жүктеу 6,23 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   142




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау