Қоймалардың механикаландыруы және автоматтандыруы технологиясының даму және сипаттау кезеңдері 15.1- кесте
Ақырғы уақытта ЭЕМ қолдану арқылы қойма жұмыстарының автоматтандыруы ерекше дамуын алды. Сондай-ақ жеке механизмдермен қатар (реттепсалғыш крандары және конвейерлер), түрлі типтегі реттепсалатын машиналар мен конвейерлердің тұтас жүйелері автоматтандырылады. Оралымды ӛндірісті дұрыс құру үшін ыдысты-даналанған жүктер қоймаларының маңызды ерекшелігі олардың ірілендіруі, мӛлшердің, сақтау орындары санының, кӛтергіш-кӛлік машиналары санының, жүктердің ӛңделетін топтамалардың мӛлшері мен санының ұлғаюы болып табылады. Жүктің айналымдылығы жоғары қоймаларда қойма жұмыстарының автоматтандыруын қолдануы ең жоғары экономикалық нәтиже кӛрсетеді (Сурет15.3.). Техникалық жарақтандыру, қаттау әдісі, қойма ыдыстардың, сӛрелік және қаттау жабдықтардың типі және параметрі бойынша, механикаландыруы және автоматтандыруы деңгейі, жинастырушы шешімдері бойынша қойма нұсқалардың саны жобалаудың әрбір дерлік жағдайда кӛптеген мыңдарға жетеді. Жеке тұрған қоймалар үшін кӛлік-қойма кешендердің үлгілері 15.4-15.6. суретте кӛрсетілген.
ҒЖЖ автоматталған қоймаларда жүктерді сақтау аймағының техникалық жарақтандыруы бойынша негізгі болып келесі қоймалар саналады:
• жасушалық сӛремен және автоматталған сӛрелі реттепсалғыш кранмен (қойма роботпен);
• жасушалық сӛремен және автоматталған кӛпірлі реттепсалғыш кранмен (кӛпірлі қойма роботпен);
• гравитациялық сӛремен және автоматталған сӛрелі реттепсалғыш кранмен (күймеше операторлармен);
• автоматты элеваторлы; автоматты аспалы (жүктердің авоматталған жолдауы бар аспалы итергіш конвейер негізінде).
Сурет 15.3. тхр қоймада жүктерді сақтау мерзіміне байланысты реттепсалғыш крандардың автоматтандыруы нәтижесінде олардың ӛнімділігін арту пайызы
Сурет 15.4. Жүктердің қатарлық қаттауы, темір жолдың сыртқы кірберісі, электртиегіші (а), кӛпірлі (б) және сӛрелі (в) реттепсалғыш крандары бар механикаландырылған және автоматтандырылған қоймалар
335
Сурет 15.5. жүктерлі қатарлап жинау қоймасынан, пайдалануға енгізілген ішкі темір жолдан және электр тиеуші (а), кӛпірлі (б) және стеллажды (в) реттепсалғыш-кӛтергіштері бар механизацияланған және автоматтандырылған қоймалар
Сурет 15.6. Сӛрелі реттепсалғыш крандары (а, б ), кӛпірлі реттепсалғыш крандары ( в, г), аспалы итергіш конвейер негізіндегі гравитациялық аспалы қоймасы ( ж ) , элеваторлы қоймасы ( з ) бар механикаландырылған және автоматтандырылған ӛндірістік қоймалардың нұсқалары
337
Механикаландырылған және автоматтандырылған қойманың технологиялық үрдісі кезінде екі ӛзара байланысты деңгейлер бар: жүк операциялары (жүктердің жылжуы) және олармен бірге жүретін жүк жұмыстарының нақты ырғағын қамтамасыз етілетін ақпараттың ӛңделуі. Қоймаларда барлығы 40-қа дейін түрлі технологиялық операциялар бар (түсіру, шешу, сұрыптау, ӛлшеу, қаттау қойма ыдыстарға салу, қатарлап жинау, құжаттарды рәсімдеу және т. б.). ЭЕМ қоймаларда құжаттардың келесі түрлерін басып шығарады: тауар-кӛлік жүкқұжаттары; жүктерді қабылдау жапсырмалары; жинақталымдық тізімдеме; жүк беру бұйрықтары; қабылданған, берілген (ауысымда, тәулікте) және қоймаларда бар жүктер. Жүктерді кӛлікке электртиегіш, реттепсалғыш крандары, конвейерлер, қайта тиеу роботтар мен манипуляторлар және басқа механизмдер арқылы жүктеп, тұтынушыларға жібереді. Пакетке оралған жүктерді үлкен жүкті контейнерлерге бригадир жетекшіліктегі жүк тиеушілер бригадирі жүргізеді. Бригадир әр контейнерге құрылатын жүк тиеу парақты нұсқау етіп қолданып, контейнер ішінде жүкті бӛледі. Жүктерді контейнерде бекіту үшін таңатын таспаларды, сымды, полипропилен торды, қыстырғыштарды, кергіштерді және ағаш тіреуді қолданады.
Автоматтандырылған қоймаға шикізатты, материалдарды, дайындамаларды қабылдаған кезде мынадай технологиялық операцияларды жүзеге асырады:
цех ішіндегі кӛліктің кӛлік құралынан тиелген тұғырықтардың түсіруі;
ілеспе құжатта бар мәліметтердің саны және сапасы бойынша іс жүзінде келіп түскен жүктердің сәйкестілігін тексеру;
ЭЕМ-ге келіп түскен жүктер туралы ақпаратты енгізу;
ЭЕМ-нан дисплей экранында аталған жүктің түскен кӛлемін және қойма сӛрелерінде аса тиімді орналасуын есепке алып, қоймада осындай жүктің жалпы саны туралы ақпараттың алуы;
реттепсалғыш кранға сӛрелерге түскен жүктің орнатуына пәрмен беру (егер ЭЕМ қойма жұмысын толығымен басқарса,
«Орындалуы» батырмасын басу арқылы, немесе егер қойма автоматтандырылған режимде жұмыс істесе, қойма операторының пультінде автоматты реттепсалғыш кранына іс-қимыл бағдарламасын теру арқылы);
ЭЕМ ұзақ мерзімді жадынына бір мезгілде енгізу арқылы дисплейге түскен жүк туралы ақпаратты беру немесе жүктің қабылдауын рәсімдеу (қоймадағы жүктің жартылай автоматтандырылған есепке алу кезінде).
Қоймадан ӛндірістік ішкі жүйесіне жартылай фабрикаттар мен дайындамаларды беру кезінде келесі негізгі технологиялық операцияларды орындайды:
қойманың автоматтандырылған режимде жұмыс істегенде - робот технологиялық кешенінің (РТК) нӛмірі, оған беруге қажет бӛлшектердің атауы, мұқамасы және саны түрінде және АСС автоматтандырылған режимде жұмыс істегенде – дайындамларды сұрайтын тек қана РТК нӛмірі түрінде жұмыс орындарынан сигналдың қабылдауы;
есептеу кешенінің (автоматтандырылған қоймада) басқарушы жадынына келіп түскен сұраудың енгізуі немесе қойманың автоматтандырылған режимде жұмыс істегенде – аталған сұраудың УВК түсуі;
РТК сұрайтын қоймадан беруге абзал жартылай фабрикаттармен немесе дайындамалармен тұғырықтың мекен- жайымен (бӛлікшенің және кӛлік-қойма қосалқы жүйесінің автоматтандырылған басқаруы кезінде) дисплей экранында ЭЕМ басқарушы шешімінің кӛрсетілуі;
экранның дисплейінде кӛрсетілген мекенжайдан жүгі бар тұғырықтың беруге автоматты реттепсалғыш кранына пәрменнің ЭЕМ кӛзбен шолып бақылаған және келіскеннен кейін (автоматтандырылған қоймада) оператормен енгңзуі немесе тікелей ЭЕМ басқарушыдан "он-лайн" режимінде автоматты басқару кезінде
«Орындалды» батырманың басуы;
автоматты реттепсалғыш кранымен сӛрелік сақтау орнындағы берілген ұяшықтан тиелген тұғырықтың ауыстырып тиеу құрылғысына берілуі;
автоматты реттепсалғыш кранымен пәрменнің орындалуы туралы сигналдың беруі (басқару пультінде ләмпішке жанады);
оператормен ЭЕМ жадына белгілі бір атауы бар және белгілі бір ұяшықтағы жүктің берілуі туралы мәліметтерді енгізу (қойманың автоматты басқаруы кезінде реттепсалғыш кранымен берілген пәрменнің істеп ӛтегеннен кейін тікелей ЭЕМ-нен бұл автоматты түрде орындалады);
қоймалардың сақтау аймағынан берілген тұғырықпен ҒЖЖ кӛлік қосалқы жүйесінің кӛлік құралының жақындауын күтуі (циклдік кӛлік құралдарын пайдалануы жағдайларда);
ҒЖЖ кӛліктің қосалқы жүйесіне жинақтауыштан дайындамалары быр тұғырықтың автоматты түрде қайта тиеу.
Достарыңызбен бөлісу: |