Автоматты қоймалардың қҧрал- жабдықтары
Қоймаларда тиеу-түсіру, кӛлік және қойма жұмыстарын механикаландыруы және автоматтандыруы үшін жалпы мақсаттағы мамандандырылған қойма жабдықтарды, сондай-ақ ыдысты- даналанған жүктердің механикаландырылған және автоматтандырылған қоймалар үшін арнайы құрастырылған және шығарылатын мамандандырылған қойма жабдықтарды қолданады. Әмбебап кӛтергіш-кӛліктік жабдықтар (электртальдар, крандар, конвейерлер және т. б.) бойынша мәліметтерді анықтамалықтарда табуға болады. Тиеу-түсіру, кӛлік және қойма жұмыстары үшін құрал-жабдықтарды жүктерді қаттау және қайта ӛңдеудің әзірленген технологиялық үрдіс негізінде таңдайды. Бұл ретте барлық жағдайларда ӛнеркәсіппен сериялық шығарылатын құрал- жабдықтарға артықшылық беруге қажет.
Қаттау қҧрал-жабдықтары. Сақтау аймағында жүктердің тасымалдауы үшін қызмет ететін қаттау құрал-жабдықтардың дұрыс таңдауынан қойманың сыйымдылығы, қайта ӛңдеу қабілеті және негізгі техникалық-экономикалық кӛрсеткіштер едәуір дәрежеде тәуекелді. Жүктерді қаттаудың аймағы бойынша жалпы шығындардан қаттау құрал-жабдықтарға деген шығындар шамамен 15 % құрайды (автоматтандыру құрылғыларын есепке алмағанда).
Қаттау құрал-жабдықтары екі үлкен топқа бӛлінеді: крандық (реттепсалғыш крандары) және едендік жабдықтар (электртиегіштер және электрреттепсалғыштар).
Крандық қаттау құрал-жабдықтарының электртиегіштертермен салыстырғанда артықшылықтары қаттаудың үлкен биіктігі, қойма кӛлемін пайдаланудың жоғары коэффициенті, жоғары ӛнімділік, толық автоматтандыру мүмкіндігі болып табылады.
Едендік қаттау құрал-жабдықтарының реттепсалғыш крандардың алдындағы артықшылықтары тӛмен құны, стационарлық құрылыс құрастырылыммен байланыстардың жоқтығы; үлкен ептілік, күрделі және қымбат беріліс құрылғылардың болуынсыз бір ӛткелдерден басқаларға жеңіл ӛтуі; қозғалудың үлкен жылдамдығы (160 м/мин дейін); қойма кӛлемінің неғұрлым толық пайдалануы (ғимараттың бүкіл биіктігінің толық дерлік пайдалануы).
СКБС құрылмаларының салааралық дайындалатын сериялы сӛрелік және кӛпірлі реттепсалғыш крандардың габариттік сызбасы және негізгі параметрілері
СКБС құрылмаларының салааралық қолданудың сериялы дайындалатын сӛрелік және кӛпірлі реттепсалғыш крандардың
сызбалары және негізгі параметрлері 15.7, 15.8 суретте ұсынылған.
Реттепсалғыш крандарды үш негізгі режимде басқаруға болады: нақты уақыт ауқымында жұмыс істейтін ЭЕМ-мен автоматты түрде, жартылай автоматты (пернетақтаға пәрмендерді енгізу арқылы немесе аралық ақпарат кӛздер арқылы) және қолмен.
Қоймадағы жүктер қойма ішіндегі кӛлік құралдар және тиеу- түсіру құрылғылар арқылы жүзеге асырылатын қозғалыста болады (оларды қабылдайды және береді, орнынан ауыстырады және т.б.)
Жылжу үрдісі деп геометриялық пішінінің, мӛлшерінің, және физикалық-химиялық қасиеттерінің ӛзгеруісіз жүктің кеңістікте жылжуы бойынша операциялардың жиынтығын айтады. Жылжу операциясы жылжу үрдісінің бӛлігі болып табылады және бір немесе бірнеше бірлесе жұмыс істейтін механизмдер арқылы іске асырылады. Осындай операциялардың бірі тасымалдау, яғни қоймада белгілі бір бағыт бойынша жүктің жүктеу орнынан түсіру орнына жылжуы болып табылады. Қайта жүктеу – бұл жүктің бір кӛлік құралынан екіншісіне немесе бір сақтау орнынан басқа сақтау орнына жылжу операциясы.
Ірі қоймада жылжудың және қайта жүктеудің бірнеше түрлерін бӛлуге болады: кӛлік құралдардан жүктердің түсіруі; жүктерді сұрыптау бӛлікшеден сақтау аймағына тасымалдау; жүктерді кӛліктік ыдыстан қойма ыдысына салу; жүктерді реттепсалатын машиналардың әрекеті аймағына тапсыру; жүктерді реттепсалатын машиналардың әрекеті аймағынан құрастыру бӛлікшесіне кері тапсыру; жүктерді құрастыру бӛдікшесінен тұтынушыға жіберу үшін күту кездегі уақытылы сақтау бӛлікшесіне тапсыру; бос ыдыстардың тасымалдауы; жүктерді зауытішілік және жүйе ішіндеде жүретін ГАПС кӛлікке тиеу және т.б.
Автоматты қоймаларда қайтатиеу құрылғылардың келесі типтерін қолданады:
арыс үстелдері және сӛрелердің құрылмасына енгізілген жинақтағыштар;
дәл жайғасқан стационарлық үстелдер (ыдысты немесе кассетаны дәл орнатуға арналған бекіту құрылғылармен);
екі орынды айнымалы немесе жылжымалы, бір және екі қабатты үстелдер және арбалар (бірінші қалып - цех ішіндегі кӛліктен қайтатиеу құрылғыға немесе кері бағытта қайта жүктеу; екінші қалып – автоматты реттепсалғыш кранға немесе кері бағытта қайта жүктеу; бірінші қабат – жүкті қабылдау үшін, екінші – жүкті тапсыру үшін);
Сурет 15.7. Реттепсалғыш крандардағы сӛрелік құрастырмалардың габариттік сұлбасы және параметрлері:
D — жүктің еден үстіне максималды биіктігі;
DT — жүкті кӛтеру биіктігі;
йн — жүктің тӛмен қалпының биіктігі;
Нх — қойма биіктігі;
Аш —реттепсалғыш ұзындығы;
а, b — жүктің мӛлшерлері;
-Впр — ӛткелдің кеңдігі;
Р — реттеп салғышқа жүктеме
жүктің дәл орнату орнына (бір және екі қабатты) ие конвейерлер (дӛңгелекті, шынжырлы, қатпарлы, арбалы, таспалы);
арнайы қайта тиеу құрылғылары және жинақтауыштар (кӛлденең, тік, айналдырғы типтегі және т.б.);
қайта тиеу роботтары және манипуляторлары;
кӛлік үстелдерімен әрекеттесетін бұрылысты және кӛтергіш
үстелдер;
сӛрелердің бірінші және басқа қабаттардың деңгейінде құрылмаларға орнатылған үстелдер және конвейерлер;
итергіштер және кӛтергіштер.
Сурет 15.8. Кӛпірлі реттеп салғыш крандардың габариттік сұлбасы және негізгі параметрілері (кабинасыз): — кӛпірдің ұзындығы;
1м — кӛпірдің тіреулері арасындағы қашықтық;
mb т2 — жүктен кӛпірдің тіреулеріне дейінгі қашықтық; Нр — кӛпірдің биіктігі;
D — жүкті кӛтеру биіктігі;
/г, dT— жүк үшін аспаның сәйкес ені және жуандығы;
А — кӛпір күймешесінің ені;
Aj — күймешелердің тіреулері арасындағы қашықтық
Сурет 15.9. Кӛпірлі реттепсалғыш крандардың габариттік сұлбасы және негізгі параметрілері (кабинасыз): — кӛпірдің ұзындығы;
1м — кӛпірдің тіреулері арасындағы қашықтық; m1 т2 — жүктен кӛпірдің тіреулеріне дейінгі қашықтық; Нр — кӛпірдің биіктігі; D — жүкті кӛтеру биіктігі; 1г, dT— жүк үшін аспаның сәйкес ені және жуандығы; А — кӛпір күймешесінің ені; A1 — күймешелердің тіреулері арасындағы қашықтық
Сурет 15.10. Қоймаға жүктерді түсіруге және қабылдауға арналған конвейерлік жүйе
Сурет 15.11. Жылжымалы бӛлімі бар автофургондарды жүктеу үшін телескоптық конвейері (б ), телескоптық соңғы және аралық бұрылу конвейерлері ( а ) бар жүктерді вагондардан түсіруге арналған конвейерлі машинаны орнату сұлбасы:
1 — аралық бұрылу конвейер; 2 — телескоптық соңғы конвейер; 3 — жылжымалы бӛлімі бар конвейер
Темір жол және автомобиль кӛлігінің жылжымалы құрамының пакеттелмеген жүктерді қоймалардан тиеу және түсіруді механикаландыруға арналған жабдықтың ең ұтымды түрлері жылжымалы немесе телескоптық - таспалы, дӛңгелекті қатпарлы - конвейерлер (15.9... 15.11 суреттер.) және конвейерлік тиеу-түсіру машиналары (сурет 15.11, б.) болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |