Механикалық ӛңдеудің типтік икемді ӛндірістік
модульдері
Икемді ӛндіріс модульдері (ИӚМ), ӛз құрамына күрделі технологиялық операциялар орындалуына қажетті техникалық жүйелер мен қондырғылар жиынтығын қамти отырып, тӛменгі құрылымдық деңгейдегі ИӚЖ болып табылады.
Механикалық ӛңдеу жұмыстарына қажетті ИӚМ құрамына СББ құрылғыларымен негізгі технологиялық құрылғылардың бір немесе екі бірлігі және дайындамаларды және құралды ауыстыруға, жоңқаларды тазалауға, ӛңдеу сапасын бақылауға, технологиялық үрдіс бақылануы және автоүйлестірілуіне арналаған кӛмекші құрылғылар (жинақтаушы, автооператор немесе ӚР) кіреді. Жекелеген жұмысқа арналған ИӚМ автоматтық режимде ӛңдеудің кӛпретті берілген айналымын орындайды, жоғары деңгейдегі ИӚЖ- де орнығатын мүмкіндікке ие.
Ӛндірістегі нақты мақсаттарға байланысты түрлі құрамы бойынша және ИӚМ-да орналасуына қарай құрылғылар қолданылады. ИӚМ типтік құрылымынң құрамына бір станок кіретін түрі 14.3.суретте келтірілген.
Айналмалы дене типіндегі бұйым ӛңделуіне арналған жону модулі (сурет 14.3, а, б), СББ жону станогынан 1 және ӛнеркәсіп роботынан 2, бұйым тасымалдаушысы немесе жинақтаушысынан 3 тұрады; корпусты бұйымдар ӛңдеуге арналған модуль құрамына жинаушы палеті 6 бар ӛңдеуші орталық 4 және оларды алмастырушы қондырғыдан 5 тұрады (сурет 14.3, в).
14.4 суретте екі еселенген ИӚМ негізіндегі типтік құрылымдар кӛрсетілген.
Станоктар ӛзара автоматты тасымалдау жүйесі және дайындамалармен операциялар жүйесі және роботтық технологиялық кешенде (РТК) ӛңделген бұйымдар арқылы байланысқан. Әрбір осындай икемді жүйе модулі ИӚЖ, яғни жоғары
Сурет 14.3. Бір станокты ИӚМ типтік құрамдалуы (а ... в):
1 — СББ-лы станок; 2 — робот; 3 — тасымалдаушы; 4 — ӛңдеуші орталық; 5 —палетта ауыстырушы қондырғысы; 6 — жинаушы палет
деңгейлі ИӚЖ құрастыруға арналған құратырмалы бірлік ретінде қолданылуы мүмкін. СББ жону станоктары негізіндегі ИӚК құру барысында айналмалы дене типіндегі бұйымдарды ӛңдеу үшін бұйымдар тасымалы әдетте серіктерсіз жүргізіледі, осыған байланысты дайын бұйымдарды және дайындамаларды қоймада сақтау жеңілдетіледі, ӛндірістік алаңдар қысқарады.
Сурет 14.4. Қосарлы станокталған ИӚМ типтік құрамдалуы:
а — СББ жону станогы және СББ ӛңдеуші орталық негізіндегі ИӚМ; б — қосарлы станок негізіндегі ИӚМ; в — қосарлы ӛңдеуші орталық негізіндегі ИӚМ; г — тасымалдаушы палетта қосарлы ӛңдеуші орталық негізіндегі ИӚМ; 1 — СББ жону станогы; 2 — робот; 3 — тасымалдаушы немесе бұйымдарды жинаушы; 4 — ӛңдеуші орталық; 5 — ӛткізуші робот; 6 — жергілікті қойма; 7 — палетта ауыстырушы қондырғысы; 8 — жинаушы палетта;9 — тасымалдаушы палетта
ИӚМ-де СББ жону станогы негізінде арнайы мамандандырылған роботтар іске қосылады — автооператорлар және дайындалған бұйымдарды жинауыштар. Роботтың мамандануының маңызы оны нақты станок жұмысына қабілетті етеді; оның барысында кем дегенде аз кӛлемдегі жұмыс орны қолданылады, бұйымдарды басқаруға арналған ыңғайлы аумақпен қамтамасыз етіледі.
Сурет 14.5. Алдыңғы жағында роботпен қамтамасыз етілген жону станогы негізіндегі ИӚМ: 1 — жону станогы; 2 — патрон;3 — робот; 4 — қарнауыш; 5 — жинауыш; 6—ұяшық
Достарыңызбен бөлісу: |