Автоматтандырылу деңгейі, икемділік деңгейі, интеграциялану деңгейі — бұл икемді ӛндірістің негізгі сипаттамалары. Осы факторлардан олардың құны, ӛнімділігі, тиімді қолдану аясы және басқа да экономикалық кӛрсеткіштері тәуелді болады.
Автоматтандырылу деңгейі — бұл адам қатысуынсыз немесе қатысуымен орындалатын жұмыс кӛлемінің қатынасы, немесе
«адамсыз» жұмыс уақыты мен адам қатысуын аталап ететін уақыт арақатынасы. Бұл кӛрсеткіш ӛзіне жұмыс уақыты мен құрылғының, басқару, есептеуіш техниканың және басқа да жүйе құрылымдарының істен шығуынан болатын жүйенің тұрып қалуымен жүйе жұмысының сенімділік деңгейін қамтиды.
Икемділік деңгейі — жаңа ӛнім шығаруға ауысуыңа мүмкіндік беретін мобильділік, шығындар кӛлемі және біруақытта немесе кезекпен ӛңделетін бұйымдардың алуан түрлері.
Интеграциялану деңгейі — бұл бір жүйеге келтіріліп және орталық ЭЕМ басқарылатын түрлі ӛндірістік тапсырмалар: құрастырылым, ӛндірістің технологиялық дайындығы, ӛңдеу, жинау, бақылау, сынау және т.б.
Жалпы және станоктарды жекелеген сандық бағдарламамен басқару — бұл ақпаратты сандар түрінде бағдарма тасушыдан оның қозғалысы мен басқа да әрекеттерін бақылайтын атқарушы органға
дейін беру арқылы автоматты басқару.
Сандық бағдарламалық басқару автоматты түрде құрал ауыстаратын «ӛңдеуші орталық» деген атқа ие болған кӛп мақсаттағы станоктар жасауға мүмкіндік берді. ӚО корпусты бұйымдар ӛңдеуге арналуы мүмкін (операциялар: фрезерлеу, бұрғылау, егеу, тесу, бұранда кесу) немее айналмалы денені ӛңдеуге (АДӚ) (фрезерлеу, бұрғылау, бұранда кесу бӛлек операцияларын қамтитын жону операциялары).
ӚО негізінде икемді ӛндірістік модуль (ИӚМ) пайда болады. ИӚМ — бұл жеке қызмет ететін, кӛп ретті автоматтық айналымды жүзеге асыратын, бұйым жасау кезінде автоматтандырылған үйлестіру қасиетіне ие, немесе технологиялық мақсаты және бекітілген техникалық сипаттамалы шегінде кең номенклатураға ие икемді ӛндірістік жүйеге қалыптасу мүмкіндігі бар СББ технологиялық құрылғы бірлігі және технологиялық үрдісті автоматтандыру құралдары. Жалпы жағдайда ИӚМ ӛзіне мыналарды қамтиды: жинақтаушылар, серіктер, паллетталар, тиеу және түіру құрылғылары, технологиялық жарақтандырылудың, бақлау және үйлестіруді қоса алғанда автоматтық бақылаудың ауыстырылуы.
ИӚМ және СББ басқа да ӛңдеуші машиналар «икемді ӛндірістік жүйе» (ИӚМ) атауымен бірігетін икемді жүйеге бірігеді.
Икемді ӛндірістік жүйе — бұл СББ-лы құралдар, роботталған технологиялық кешендер, икемді ӛндірістік модульдер, СББ-лы құралдар бӛлек бірліктер және берілген мәндер сипаттамаларында және технологиялық белгілеу шегінде бұйым ӛндірісі немесе жасалатын бұйымдар тізіміндегі бұйымдарды ӛндіру барысында автоматтандырылған (бағдарламаланған) қайта үйлестіру қасиетіне ие олардың автоматтандырылған және автоматты режимде қызмет етуін қамтамасыз ететін жүйелер жиынтығы.
Автоматтандырылған режимде ИӚЖ қызмет етуін қамтамасыз ететін жүйе мыналарды қамтиды:
Автоматтандырылған тасымалдау-қоймалау жүйесі (АТҚЖ);
Автоматтандырылған құралдармен қамтамасыз ету жүйесі (АҚҚЖ);
Автоматтандырылған қалдықтарды тазарту жүйесі (АҚТЖ);
Автоматтандырылған басқару жүйесі (АБЖ).
ИӚЖ қызмет етуін қамтамасыз ететін барлық жүйелер ішінара немесе толықтай икемді автоматтандырылған желі (ИАЖ) немесе икемді автоматтандырылған аумақ (ИАА).
ИАЖ-да технологиялық құрылғылар технологиялық операцияларда берілу реттілігімен орналастырылған; оған қоса, қандай бір бұйым жасау (ӛңдеу) үшін желі құрылғыларының барлығы немесе қандай да бір бӛлігі қажет болуы мүмкін. ИАЖ кейбір икемділк жоғалтуларынан жоғары ӛнімділікке қол жеткізе алады. Еркін ӛңдеу (бұйымдарды) бағытындағы ИӚЖ ИАЦ
құрайды. Бұл ең кӛп таралған ИӚЖ түрі.
Икемді автоматтандырылған цех (ИАЦ) бұл ішінара қамтылған ИАЖ, СББ басқа технологиялық құрылғы ИАЖ, сонымен қатар, ӚЖАЖ, ТӚҮАЖ сияқты жүйлерді білдіреді.
Осы және басқа да жүйе түрлері ӛндірістік ақпарат ағыны, кәсіпорын қызметінің түрлі кӛрсеткіштері, түрлі басқару деңгейлері арасындағы статистикалық деректер (әрбір станоктан, оператордан барлық ұйымдастыру-басқару деңгейлері арқылы директорға дейін) жүйесін құрайды. Бұл жүйелер құралдардың тиеу тапсырмаларын шешуге кӛмектеседі, қорды бақылайды, ӛнімнің ӛзіндік құнын есептейді, қамтамасыз ету мәселелерін шешеді, күнделікті, сағат сайынғы, минут сайынғы ӛндіріс барысын талдауды және персоналды басқаруда шешім қабылдауды қамтамасыз етеді.
Бұл жағдайда жүйе аты болып табылатын барлық қажетті жүйелерді бір жүйеге біріктіру берілген ӛнім ӛндірісі үшін икемді автоматтандырылған зауытты анықтайды — бұл болашақтың зауыты — толығымен автоматтандырылған, икемді, тәулігіне 24 сағаттан және уақытының кӛп бӛлігін «адамсыз» режимде жұмыс істейтін зауыт.
Достарыңызбен бөлісу: |