Бесқарағай ауданы әкімінің халық алдында 2016 жыл ішіндегі әлеуметтік-экономикалық даму туралы есебінің тезистері «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы»



жүктеу 125,5 Kb.
Дата21.11.2018
өлшемі125,5 Kb.
#23197

Бесқарағай ауданы әкімінің халық алдында 2016 жыл ішіндегі әлеуметтік-экономикалық даму туралы

есебінің тезистері
«Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын іске асыру мақсатында, сондай-ақ «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы шеңберінде атқарушы органдар алдында тұрған 2016 жыл ішінде атқарылған жұмыстар мен 2017 жылға арналған міндеттер туралы мәлімдейміз.

Барлық бюджет секторларында бюджеттің орындалуына бағытталған бағдарламалар орындалды, нәтижесінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы тұрақты деңгейге жеткізілді.


Бюджет

Аудан бюджетіне түскен өзіндік кірістер 101,1 %-ға орындалды немесе 469,4 млн.теңге.

2016 жылдың ішінде аудан бюджетіне трансферттермен бірге субвенцияның түсімдері 3 млрд.176,3 млн. теңгені құрады, жоспар 99,8 %-ға орындалды. 2016 жылдың ішінде аудан бюджетінің шығыс бөлігі 3 млрд.176,3 млн.теңгеге орындалды немесе 99,8 %, 2015 жылдың кезеңі ішінде 2 млрд.705,9 млн.теңге немесе 99,4 %.

Бюджет саласындағы жұмысшыларға берілетін жәрдемақы мен еңбекақы төлемдері уақытында төленуде.



Ауыл шаруашылығы

Аудан экономикасының негізгі үлесі агроөнеркәсіп кешеніне тиесілі.

2016 жылдың ішінде ауыл шаруашылығының жалпы өнімі шамамен 15 млрд. теңгені құрайды, физикалық көлем индексі 125 %, оның ішінде мал шаруашылығы 8,0 млрд.теңге немесе 103 %, өсімдік шаруашылығы 7 млрд. теңге немесе 170 %.

4 907,5 тонна ет өндірілді немесе 102,2 %, 47796,7 тонна сүт немесе 103,6 %, 3,7 млн. дана жұмыртқа немесе 100,3 %.

Ірі қара мал 41,6 мың басты құрайды немесе 102,3 %,  ұсақ қара мал 55,7 мың бас немесе 100,8 %, жылқы 10,6 мың бас немесе 107,7 %, шошқа 0,8 мың бас немесе 2,8 есеге өсті, құс 63,7 мың бас немесе 123,7 %.   
2016 жылы өткен жылмен салыстырғанда мал шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтарының саны 156-дан 174-ке дейін артты. Осыған сәйкес, осы шаруашылықтарда мал бастары да артты.

2016 жылы аудан шаруашылықтарымен 415 бас асыл тұқымды ірі қара мал сатып алынды.  


Тұқымдық түрлендірумен айналысатын шаруашылықтар саны 4968 аналық мал басымен 57 басты құрайды, онда 213 бас асыл тұқымды қазақтың ақ бас бұқалары ұсталады, тұқымдық түрлендірудегі малдардың үлесі 26,4 %.

Ауданның 6 шаруашылығы «Лана», «Мукинов», «Азамат», «Дулат», «Сатаров К.» шаруа қожалықтары, «Бестерек» фермерлік шаруашылығы етті бағыттағы қазақтың ақбас тұқымды малдарының Республикалық палатасының мүшелері болып табылады.

«Каликанулы» шаруа қожалығы сүтті бағыттағы қызыл дала тұқымды малдарды өсіру бойынша Республикалық палатада тұр.

Ауданда 4 сүтті-тауар фермасы жұмыс істеуде, оның ішінде «Балке», «Каликанулы», «Саят» СТФ Глуховка ауылдық округінде орналасқан, 2015 жылы жаңа «Бекарыс» СТФ Беген ауылдық округінде ашылды.

2015 жылдан бастап  «Балке» СТФ-мен 500 сауылатын сиырға дейін СТФ қайта жаңғырту және қайта жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы жасалған келісімшарттар бойынша «Балке» шаруа қожалығына құны 90,1 млн.теңгені құрайтын ауыл шаруашылығы техникасы, Т-L фирмасының айналмалы жаңбырлатып суару құрылғысы, мал азығын дайындауға арналған жабдық, азық майдалағыш және жемшөп таратуды араластырғыш, көшет отырғызатын машина лизингкке қойылды, бұл жемшөп базасының суарылатын алаңын 100 гектарға арттыруға мүмкіндік берді.

«Балке» шаруа қожалығы сауу жабдығымен СТФ жинақтау үшін «Euro Class» фирмасымен 10 млн.теңгеге келісімшарт жасады, қосымша ТСН көң шығаруға арналған транспортер сатып алынады.

«Балке» шаруа қожалығының «Инженерлік құрылыс жүйесі» жобасының «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша қаржыландыруға Шығыс Қазақстан облысы мәслихатының қазандық сессиясына конкустық шараларды өткізі үшін 1 млн.теңге бөлінді, қалған 74 млн.теңге сома 2017 жылға жоспарланды.

«Бесқарағай несие» НС жемісті жұмысы арқасында осы жылы аудан шаруашылықтарымен алынған несиелер есебінен «Сыбаға» бағдарламасы бойынша жалпы 44,6 млн.теңге сомада 201 бас, оның ішінде «Олжас» шаруа қожалығымен 53 бас, «Асылқожа» шаруа қожалығымен 23 бас, «Анар» шаруа қожалығымен 58 бас, «Максут» шаруа қожалығымен 47 бас, «Динара» шаруа қожалығымен 20 бас ІҚМ сатып алынды. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша жоспар 107 %-ға орындалды.

«Құлан» бағдарламасы бойынша 3 шаруашылықпен жалпы 12,9 млн.теңге сомада 48 бас жылқы, оның ішінде «Абзал» шаруа қожалығымен 14 бас, «Гухар» шаруа қожалығымен 15 бас, «Ержан-4» шаруа қожалығымен 19 бас жылқы сатып алынды.

«Ырыс» бағдарламасы бойынша жаңа СТФ ашылуы үшін «Бестерек» фермерлік шаруашылығымен 100 басқа ферманы жаңғырту және қайта жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ 30 млн.теңге несие алынып, симменталь тұқымының 50 қашары сатып алынды.

«Бекарыс» фермерлік шаруашылығының сүт қабылдау пунктінде 68,2 тонна сүт сатып алынды. Жиналған сүтті өткізу – «Калиханулы» шаруа қожалығының сүтін қайта өңдеу цехінде іске асырылады.

2016 жылғы 7 желтоқсанда ауданда «Балыкбаев Н.А.» фермерлік шаруашылығымен сүтті қабылдаудың жаңа пункті ашылды. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ 7 млн.теңге несие алды, «ОӘК» ЖШС сүт қабылдау жабдығы сатып алынып, орнатылды, 2017 жылғы наурыздан бастап сүт сатып алынатын болады.

«Алтай Агро Инвест-2015» форумында Бесқарағай ауданының әкімі мен ҚХР «LONG XIN» ЖШС инвесторы арасында 5,4 млрд.теңгеге меморандум жасалды. 2020 жылға дейін инвестормен ауыл шаруашылығы дақылдарын қайта өңдеу зауытын салу жоспарланады.

2016 жылы «LONG XIN» ЖШС 4 969 гектар, оның ішінде 1100 гектар күнбағыс, 2300 гектар соя, 1569 гектар бақша дақылы егілді. Егістерді жинау толық аяқталды.

Жалпы 91,4 млн.теңге сомада 14 бірлік трактор сатып алынып, 60 тұрақты жұмыс орны құрылды, 300 адамға дейін маусымдық жұмыстарға тартылды.

2016 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын егу көлемі 44,5 мың гектарды, оның ішінде дәнді-дақылдар 16,9 мың гектар,  май дақылдары  7,83 мың гектар, көкөніс пен бақша дақылдары 2,085 мың гектар, картоп 0,8 мың гектар, осы жылдың көп жылдық шөптері 3,5 мың гектар, өткен жылдың көп жылдық шөптері 6,0 мың гектар, бір жылдық шөптер 5,37 мың гектарды құрайды.

Астық жинау науқаны 100 %-ға орындалды, жалпы 24500 тонна дәнді-дақыл жиналды. Өнімділік 15,1 центнер/гектарды, оның ішінде бидай, арпа және сұлы 14 центнер/гектарды, масақтар қоспасының өнімділігі 18,3 центнер/гектарды құрады, жалпы 7,85 мың тонна май дақылдары, оның ішінде 6,7 мың тонна күнбағыс жиналды, орташа өнімділік 12,1 центнер/гектар, 1,150 центнер/гектар соя, орташа өнімділік 5 1 центнер/гектар.

Қатты азықтарды дайындау 110 %-ға орындалды, 87 мың тонна жоспармен 95,7 мың тонна, 3 мың тонна пішендеме әзірленді немесе 100 %, 0,4 мың тонна сүрлем немесе 100 %, 8 мың тонна сабан немесе 100 %.

Ауданның 59 шаруа қожалығы өсімдік шаруашылығы бойынша жалпы 34,7 млн.теңге сомада субсидия алды.

Күзгі-дала жұмыстарын жүргізу үшін литрі 94 теңгеден 650 тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді.

Күзгі-дала жұмыстарын жүргізу үшін «Лана» шаруа қожалығы «Продкорпорация» АҚ арқылы «Ертіс» ӘКК кепілдігімен 17 млн.теңге сомада несие алды.

Ауыл шаруашылығын одан әрі дамытуды жақсарту мақсатында, шаруа қожалықтарымен ылғал сақтау технологиясы қолданылады, оның көмегімен «Лана», «Айгерим» шаруа қожалықтары, «Бозталым» ЖШС 5 мың гектар астық егілді. Қазіргі уақытта барлығы агроқұрылымдарға 5504 гектар суармалы жер бекітілді, бұл суармалы жерлердің барлық алаңының 32,2 %-ды құрайды. Нақты 812,2 гектар жер суарылады, 2015 жылмен салыстырғанда 84,6 гектарға артты, оның ішінде 90 гектарға арту арту арқылы тамшылатып суару көмегімен 500 гектар. Глуховка ауылдық округінде тамшылатып суарудың жалпы көлемі 413 гектар, Долон ауылдық округінде арық арқылы суару 399,2 гектар.



Ветеринария

2015 жылы ауданда ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында «Бесқарағай аудандық ветеринария бөлімі» құрылды. Қазіргі уақытта бөлім ауылшаруашылығы малдарының аса қауіпті инфекциялық ауруларын болдырмау бойынша жұмыстармен айналысуда. Бесқарағай ауданы бойынша 2016 жылы эпизоотияға қарсы іс-шараларды өткізу үшін ветеринарлық дәрі-дәрмектерді сақтауға, сондай-ақ егу мен серологиялық зерттеуге 44,1 млн. теңге бөлінді.

ІҚМ 107 мың басқа сібір жарасына, 214 мың басқа аусылға, 34 мың басқа құтыруға, 28 мың басқа қарасанға, 15 мың басқа пастереллезге қарсы вакцинация, туберкуллезге қарсы 75 мың басқа (екі рет) аллергиялық зерттеулер жүргізілді.

Ауданда 8 ветеринарлық пункт жұмыс істейді, олар қажетті құрал-жабдықтармен, 8 бірлік «НИВА» автокөлігімен, 2 бірлік ДУК, мал тасымалдайтын автокөлік пен инсиниратормен (мал өліктерін өртеу) қамтамасыз етілген.

Ауданда 11 мал сою алаңы жұмыс істейді. Ауылдық округтерде 22 мал қорымы бар, оларды есепке тіркеу бойынша жұмыстар атқарылуда. Мал қорымдарын санитарлық ережелер мен нормаларға келтіру жұмыстары жоспарлануда.

Жер ресурстары

Ауыл шаруашылығына арналған жерлердің көлемі 432,4 мың гектарды, оның ішінде егістік 52,7 мың гектарды құрайды.

Ауданда тұрақты суармалы жерлер көлемі 17106 гектарды құрайды, оның ішінде:

- суармалы егістік 17097 гектар;

- суармалы көп жылдық екпелер 9 гектар.

Бұдан басқа, 150 гектар лимандық шабындық бар.

2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ауыл шаруашылығы ұйымдарының пайдалануындағы суармалы жерлер алаңы 5595 гектарды құрады.

2015 жылы берілген жерлерден пайдаланылғаны 4959 гектар (егілген дәнді-дақылдар және жыртылған пар алып жатыр), оның ішінен нақты суарылатыны 812,2 гектар (2015 жылмен салыстырғанда 87,2 гектарға артты).



Шағын бизнес

Ауданда тіркелген шағын және орта бизнес субъектілері 1147 бірлікті құрап, 2015 жылдың деңгейіне 110 %-ға өсті, оның ішінде тіркелген шағын бизнес кәсіпорындарының (заңды тұлғалар) саны 74 бірлікті, одан белсенді кәсіпорындардың саны 35 бірлікті құрайды.

Шағын және орта бизнестің дамуын қолдау мақсатында 4 шағын несие ұйымы бар, олар: «Бесқарағай несие» несие серіктестігі» ЖШС, «Береке» КМКО ҚҚ, «Азия несие қоры» КМКО ҚҚ, «KazMikroFinans» ШНҰ ЖШС.

2016 жылдың ішінде бөлшек тауар айналымының көлемі 107 %-ға өсумен 4 469,9 млн. теңгені құрайды.

2016 жылдың ішінде өнеркәсіп өнімінің көлемі 100,2 млн.теңгені құрайды немесе 38,1 %.

2016 жыл ішінде негізгі капиталға инвестициялар көлемі 1 045,5 млн.теңгені құрайды немесе 13 %.

Осы жылы ауданда 8 жаңа кәсіпорын («Long Xin», «Нурдаулет», «Бекзат», «Нурислам», «Восточный гусь», «Ұлан и астық», «Гегемон», Агрофирма «Бескарагай» ЖШС) тіркелді.

2016 жылғы қазанда Өскемен қаласында «Алтай Invest-2016» кезекті Халықаралық инвестициялық форумында жалпы 4,5 млрд.теңге сомада «Levanter» и «Технология Комфорта» ЖШС инвесторларымен өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.

Аудан аумағында «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының 6 мемлекеттік мекемесі орналасқан және ауданның 30 % аумағы қарағайлы, бірегей орман алып жатыр.

Ағаштардан шағын партиялармен шығаратын өнімдер дайындау бойынша шеберханалар, шағын цехтар құрылған.


Әлеуметтік сала

Ақылы-қоғамдық жұмыстар

2016 жыл ішінде 291 адам ақылы-қоғамдық жұмыстарға қатысты, жылдық жоспар 112 %-ға орындалды. 18,4 млн теңге бөлініп, игерілді немесе 100 %. 2015 жыл ішінде 270 адам жіберіліп, 18 млн.теңге игерілді.

2017 жылдың 1 қаңтарына жұмыссыздар саны 79 адамды құрайды.

Жұмысқа орналасу

2016 жыл ішінде 723 адам жұмысқа орналасты немесе өтініш білдірген тұлғалардың санынан 70 %. 1034 адам жұмысқа орналасу үшін өтініш білдірді. 2015 жыл ішінде 739 адам жұмысқа орналасты немесе өтініш білдірген тұлғалардың санынан 84 %. Жұмысқа орналасу үшін 882 адам өтініш білдірді.



Жастар іс-тәжірибесі

Жастар іс-тәжірибесі бойынша жылдық жоспар 137,5 %-ға орындалдыбұл ООО мен ЖОО 22 түлегін құрады. 2015 жыл ішінде 16 адам жастар іс-тәжірибесіне жіберілді немесе 266 %.



Әлеуметтік жұмыс орындары

Әлеуметтік жұмыс орындары бойынша жылдық жоспар 131 %-ға орындалды немесе 21 адам. 2015 жыл ішінде 6 адам (100 %) жіберілді.


Кәсіптік даярлау және қайта даярлау

4,2 млн.теңге сомадағы төлеумен 71 адам кәсіптік оқуға жіберілді. 2015 жыл ішінде 30 адам жіберілді, төлеу сомасы 2,9 млн.теңгені құрады



2016 жыл ішіндегі әлеуметтік төлемлер

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек»

41 отбасыға, оның ішінде 173 алушыға 5,1 млн.теңге сомада атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төленді. 2015 жыл ішінде 43 отбасыға, оның ішінде 195 алушыға 4,8 млн.теңге сомада тағайындалып, төленді.



«18 жасқа дейінгі балалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар»

221 отбасыға, оның ішінде 589 балаға 11,3 млн теңге сомада тағайындалып, төленді. 2015 жылдың ішінде 207 отбасыға, оның ішінде 589 балаға 10,4 млн.теңге сомада тағайындалып, төленді.



«Аз қамтылған отбасыларға тұрғын үй көмегі»

117 отбасыға, оның ішінде 137 адамға 3,4 млн.теңге сомада тағайындалып, төленді. 2015 жыл ішінде 107 отбасыға, оның ішінде 140 адамға 2,6 млн теңге сомада тағайындалып, төленді.



«Үйде оқып, тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық

қамтамасыз ету»

14 балаға, 2,1 млн теңге сомада тағайындалып, төленді. 2015 жыл ішінде 14 балаға 2,9 млн. теңге сомада тағайындалып, төленді.



«Жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша әлеуметтік төлемдер»

Жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша 770 адамға 12 млн теңге сомада әлеуметтік көмек көрсетілді. 2015 жыл ішінде 106 адамға 1,7 млн теңге сомада көмек көрсетілді.



«ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне, ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға, қаза болған әскери қызметкерлердің отбасыларына коммуналдық қызметтер»

310 алушыға 9,4 млн.теңге сомада коммуналдық қызметтер тағайындалды. 2015 жыл ішінде 306 алушыға 9,2 млн теңге сомада.



Шартты ақшалай көмек енгізу

70 отбасыға, оның ішінде 313 алушыға 16,5 млн теңге сомада тағайындалып, төленді. 2015 жыл ішінде 38 отбасыға, оның ішінде 184 алушыға 10,3 млн теңге сомада тағайындалып, төленді.



«Азаматтық хал актілерін тіркеу»

Жыл басынан бастап 650 АХАТ, оның ішінде 226 туу, 239 қайтыс болу, 87 неке қию, 36 некені бұзу, 58 әкелікті тану, тегін, атын, 4 әкесінің атын өзгерту туралы куәліктер тіркелді.

Ауданда мүгедектер мен қарттар үшін аумақтық оңалту орталығы жұмыс істейді.

2016 жылы арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетуге 78,6 млн.теңге қарастырылды.

2017 жылғы 1 қаңтарға арнайы әлеуметтік қызметтер 297 алушыға көрсетіледі.

Мүгедектерді оңалту және олардың қоғамда бейімделуі үшін мемлекеттік мерекелер мен атаулы күндерге арналған іс-шаралар, сонымен қатар сауықтыру сипатындағы спорттық-сауықтыру іс-шаралары өткізіледі.

Емдеу-еңбек қызметін жүргізу үшін еңбек терапиясы кабинеті бар, бұл балалардың психофизикалық жағдайын ескере, түрлі сабақ түріне тартуға мүмкіндік береді. Еңбек терапиясы бойынша үйірмелер жұмыс істейді, онда қолөнер: тігу, тоқу, кестелеумен, мүсіндеумен айналысады, бисер және моншақтармен жұмыс істеп, әр түрлі апликацияны, табиғи және қалдық материалдардан бұйымдар жасайды.

Орталықтың үй іргесіндегі учаскесінде балалардың жазғы еңбек демалысы ұйымдастырылды.

Аумақтық орталыққа аудан меценатымен көлік қызметтерін көрсету бойынша мүмкіндігі шектеулі балалар үшін «Нundai H-1» маркалы жаңа автобусы сатып алынды.

«Жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 3 бағыттың жұмыстары іске асырылуда.

«Жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларымен 186 адам, оның ішінде өздігімен жұмыспен қамтылған 84 адам, жұмыссыз 102 адам қамтылды. 152 адам, оның ішінде 71 адам тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналасты.

Әлеуметтік жұмыс орындарын ашу және жастар іс-тәжірибесінен өту бойынша жұмыс берушілермен 32 келісімшарт жасалды.

2016 жылы екінші бағыттағы бағдарламаның 18 қатысушысы жалпы 43 млн.теңге сомада шағын несие алды, осыған орай, 39 жаңа жұмыс орны құрылды.

2016 жылы Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы бойынша 11 адам оқуды аяқтап, жұмысқа орналасты.

2016 жылы оралмандардың көшуі үшін 7 отбасыға, оның ішінде 28 адамға 2,3 млн.теңге сомада субсидия бөлінді.
Білім беру

Ауданда 21 жалпы білім беретін мектеп, оның ішінде 3 негізгі және 18 орта мектеп жұмыс істейді. Мектептер бойынша оқушылар контингенті -3015 құрайды.

Ауданда білім беру мекемесін қаржыландыру динамикасының талдауы 2015 жылмен салыстырғанда 2016 жылы қаржыландыру көлемі 1,3 %-ға артып, 1 783,6 млн.теңгені құрады.

Жалпы орта білім беру сонымен қатар әлеуметтік қорғалмаған тұрғыдан шыққан балаларға білім беру үшін жағдай жасау мақсатында жергілікті бюджеттен мектебі жоқ халқы аз елді-мекендерде тұратын оқушыларды тасымалдауға қаражаттар бөлінеді. 247 оқушы үшін ауданның 10 мектебінде тасымалдау ұйымдастырылды, бұл мұқтаж етітіндердің 100 %-ын құрайды.

2016 жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша ауданның бес мектебінде ағымдағы жөндеулер жүргізілді. 1,5 млн.теңге сомада «Ү-Владимировка орта мектебі» КММ сыртқы жылу трассасын ағымдағы жөндеу. 18,2 млн.теңге сомада «Борас орта мектеп-балабақшасы» КММ терезелері мен есіктерін ағымдағы жөндеу. 48 млн.теңге сомада «Сосновка орта мектебі» КММ ағымдағы жөндеу. 1,7 млн.теңге сомада «Өндіріс орта мектебі» КММ қазандығындағы технологиялық жабдықты ағымдағы жөндеу. 5 млн.теңге сомада «Н.Баймұратов атындағы орта мектеп» КММ қазандығын ағымдағы жөндеу. «Сосновка орта мектебі» КММ 1,3 млн.теңге сомада жылу беру қазандығы ауыстырылды. Н.Баймұратов атындағы орта мектепте 8,2 млн.теңге сомада жылу трассасы ағымды жөнделді. «Борас орта мектеп-балабақшасы» КММ 937 мың теңге сомада қазандығы ағымды жөнделді. «Өндіріс орта мектебі» КММ шатыры мен электрмен жарықтандыруға 2,6 млн.теңге сомада ағымды жөнделді.

Бүгінгі күні білім беру сапасының негізгі көрсеткіші - ұлттық бірыңғай тестілеу болып табылады. 2016 жылы ҰБТ-дің орташа баллы 80-ді құрады, бұл өткен көрсеткіштерге қарағанда 5 баллға жоғары. (2015 жылы – 75).

2015 жылы «Алтын белгі» аттестатының 6 үміткерінің 4-еуі өз білімдерін дәлелдеді ( 2015 жылы 6 үміткердің 3-еуі дәлелдеді). 1 оқушы үздік аттестат алды.

2016 жылдың 3 тоқсанында Канонерка ауылында 20 баланы қамтумен жеке меншік «Ер-Али-1» балабақшасы ашылды.

2016 жылға аудан бойынша жалпы 701 баланың қамтылуымен шағын орталықтың 35 тобы, оның ішінде 200 баланың қамтылуымен толық күнді келумен 8 топ жұмыс істейді. Борас орта мектеп-балабақшасында 135 баланың қамтылуымен, «Айналайын» КММ 90 баланың қамтылуымен 6 топ жұмыс істейді. 3-6 жас аралығындағы балалар мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқытумен 100 % қамтылды. 1-6 жас аралығындағы балалар 81,2 %-ға қамтылды (2015 жылы 75,9 %).

2017 жылғы 1 қыркүйектен бастап «К-Владимировка орта мектебі» КММ-нде 25 адамға толық күнді келумен шағын орталық тобының ашылуы жоспарланады және 2016 жылғы қаңтар айынан бастап қосымша «Айналайын» КММ-нде бір жастан екі жасқа дейінгі жастағы бөбекжай тобы ашылды.

Ауданның барлық мектептерінде ыстық тамақпен тамақтандыру 100 %-ға қамтылды. Халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобынан шыққан 507 оқушы жалпы тегін тамақтандырумен қамтылды, оқушылардың жалпы контингентінен 16,8 %, бұл өткен жылдың және 2016 жылдың бірінші жартыжылдығының көрсеткішінен 3,8 %-ға артық, осы санаттағы балалардың санынан 100 %-ды құрайды.

Тамақтану рационына аптасына 600 грамм есебімен сүт пен сүт өнімдері және бір оқушыға 30 грамм есебімен бал беріледі.

1-4 сынып оқушылары (1351 оқушы) нормаға сәйкес аптасына үш рет тегін сүтпен қамтамасыз етілді.

Барлығы жергілікті бюджет және жалпыға бірдей білім беру қорының қаражаты есебінен тегін тамақтанады.

Ауданның жалпы білім беретін мектептерінде барлығы 561, оның ішінде жоғары білімі бар 445, орта арнайы білімі бар 116 мұғалім жұмыс істейді. 2016-2017 оқу жылында жалпы білім беретін мектептерге 20 жас маман келді.

Аудан оқушылары барлық облыстық интеллектуалдық олимпиадаларға белсенді түрде қатысып, жүлделі орындарға ие болады.

1-7 сынып оқушылары арасында Беген, Канонерка, Березовка және Кривинка орта мектептерінің оқушылары зерттеу жұмыстары мен «Зерде» шығармашылық жобаларының республикалық конкурсының облыстық кезеңіне қатысты. Конкурс қорытындалары бойынша 6 оқушы жүлделі орындарға ие болды.

Осы жылы жалпы білім беретін пәндер бойынша 7 оқушы ғылыми жобалардың облыстық конкурсына қатысты, оның ішінде 2 оқушы жүлделі орындарға ие болды.

Жыл сайын 9-11 сынып оқушалары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өткізіледі. 2016 жылы 210 оқушы қатысты, 97 жүлделі орынға ие болды.

Қазіргі кезде ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған, оның ішінде жетім 57 бала қорғаншы және қамқоршы органның есебінде тұр, одан 40 бала қорғаншылықта (қамқорлықта), 17 бала патронаттық тәрбиелеуде.

Ауданда үш қосымша білім беру мекемесі жұмыс істейді. 2016- 2017 оқу жылының басында «Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» мемлекеттік мекемесінде контингент 422 баланы құрады, 135 оқушы «Бесқарағай аудандық балалар өнер мектебі» МКҚК-да оқиды, 525 оқушы «Шығармашылық үйі» МКҚК-да оқиды. Жалпы қосымша біліммен 1082 бала қамтылды, бұл оқушылардың жалпы санынан 36 %-ды құрайды.

Дене шынықтыру және спортты дамыту, салауатты өмір салтының принциптерін насихаттау және енгізу Бесқарағай ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуындағы басты мәселе болып табылады.

Ауданда дене шынықтыру сабағын өткізу және дене-шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру үшін 111 спорт құрылысы, оның ішінде 21 спорт залы, олар: 19-ы жалпы білім беретін мектептерде және 1 зал Бесқарағай колледжінде, 1 зал БЖСМ-де; 7 атқыш тир, 38 спорттық-сауықтыру құралдар, оның ішінде 25 алаң мен 15 футбол алаңы бар.

2016 жылы табиғи жабыны бар 2 шағын футбол алаңы Жетіжар және Өндіріс ауылдарында салынды, футболмен белсенді айналысатын адамдардың 126 %-ға артуы – ашылу нәтижесі болып табылады.

Ұлттық спорт түрлерін насихаттау мақсатында Бесқарағай ауданында жыл сайын «Тұлпардың тұяғы» атты ат-спорттық жарыстар өткізіледі.

Бекітілген жоспарға сәйкес «Қазақша күрес» бойынша 27 жарыс өткізілді, орташа 116 адам қатысты. Ауданның барлық мектептерінде «Тоғыз құмалақ» секциялары ашылып, 25 турнир жүргізілді.

Бесқарағай ауданының командасы ұлттық ойындарда жалпы командалық есепте 6 орынды иеленді.
Денсаулық сақтау

Ауданның медициналық қызмет көрсетуі орталық аудандық ауруханасы, 7 дәрігерлік амбулатория, 3 фельдшерлік-акушерлік және 15 медициналық пунктпен іске асырылады. Қызметкерлердің жалпы саны – 260, оның ішінде 39 дәрігер, 127 орта медициналық қызметкер, 3 әлеуметтік медициналық қызметкер, 1 психолог, 33 кіші медициналық персонал, өзге де 51 медициналық персонал.

ОАА кадрлар тапшылығы жоқ. 2016 жылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 4 жас маман, оның ішінде жалпы іс-тәжірибенің 2 дәрігері, 1 дәрігер терапевт мен 1 дәрігер хирург жұмысқа қабылданды.

Соңғы 6 жыл ішінде ауданда ана өлімі тіркелген жоқ. 2016 жыл ішінде нәрестелер өлімі 3 жағдайды құрады немесе 2015 жылдың деңгейінде.

2016 жыл ішінде туберкулезбен алғашқы аурушаңдық 2015 жылмен салыстырғанда аудан бойынша 20 %-ға немесе 100 мың тұрғынға 57,9-дан 49,1 %-ға азайды.

2016 жыл ішінде туберкулезден өлім-жітім 1 жағдайды құрайды немесе 100 мың халыққа 4,9, 2015 жылы тіркелген жоқ.

Флюрографиялық тексеруді алдын алу мақсатында, барлығы 10313 адам қамтылды немесе 92,6 %-ды құрады, оның ішінде жылжымалы флюрографиядан 3676 адам өтті.

Облыс әкімінің туберкулезбен ауырғандарды әлеуметтік қолдау туралы тапсырмасы бойынша ауданда жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен амбулаториялық емдеу кезеңінде аз қамтылған туберкулезбен ауыратын тұлғалардың қосымша тамақтануын қамтамасыз ету үшін қаражаттар төленеді. Қазіргі уақытта 12 науқас адамға 240 мың теңге сомада әлеуметтік көмек көрсетілді.

2016 жылы қатерлі ісік ауруларымен алғаш рет ауыру 55 жағдайды құрайды немесе 100 мың адамға 270,0. Ауданда қатерлі ісіктен өлім-жітім 2015 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 3,6 %-ға артты.

Денсаулық сақтаудың 3 нысаны (К-Владимировка дәрігерлік амбулаториясы, Бөдене медициналық пункті мен орталық аудандық аурухана) бойынша жалпы 31 млн.теңге сомада ағымды жөндеу жүргізілді.



Құрылыс

2016 жыл ішінде тұрғын үйлерді пайдалануға енгізу 2187,8 шаршы метрді құрайды немесе 2015 жылдың деңгейіне өсу қарқыны 100,4 %.

2016 жыл ішінде құрылыс жұмыстарының көлемі 736,1 млн.теңгені құрайды немесе 2015 жылмен салыстырғанда 18,4 %. Республикалық маңызы бар «Омск-Майқапшағай» автомобиль жолын қайта жаңарту жұмысының қаржыландырылмауына байланысты, құрылыс-монтаждау жұмыстары азайды (2015 жылы 5,9 млрд.теңге).
Абаттандыру және санитария

Ауданның барлық елді мекендерінде апта сайын сенбіліктер және таза жұма күндері, аудан парктары, саябақтары мен ұйымдарының аумақтарын абаттандыру және санитарлық тазалау, көшеттерді отырғызу, гүлзарлар жасау жүргізілді.


Жалпы 14,1 млн.теңге сомада «Бесқарағай ауылының орталық алаңын су бұрқақпен абаттандыру» жобасы іске асырылды. Аудан орталығына кірген кезде арқа орнатылды.

Аудан ауылдарын абаттандыру бойынша 50,5 млн.теңге сомада 10 жоба (футбол алаңдарын, балалар алаңын орнату, паркті, ескерткіштерді абаттандыру және жаяужолды ағымды жөндеу) іске асырылды.

Ауданның 7 ауылында (Бесқарағай, Бөдене, Долон, Ерназар, Қоянбай, Қарағайлы, Өндіріс) 83 млн.теңге сомада көше шамдары (ұзындығы 16,3 шақырымды құрайтын 487 фонарь) орнатылды.


Сумен жабдықтау

Бесқарағай, Бозтал, Баскөл, Беген, М-Владимировка, Қарағайлы, Кривинка, Канонерка ауылдарында су бұру және сумен қамту жүйелерінің жұмыс істеуіне 46 млн.теңге бөлінді. Су бөлетін құдықтар жөнделді, қарау құдықтары тазаланып, өрт сөндіру гидранттары тексерілді. Халықты орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету 55,9 %-ды құрайды.


Көлік

Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жұмыс істеуіне жергілікті бюджеттен 35 млн.теңге қаражат, оның ішінде қыста жолды күтіп ұстауға 6 млн теңге бөлінді.

2016 жыл ішінде аудан бойынша 68 млн.теңге сомада ұзындығы 7,5 шақырымды құрайтын жолдар орташа және ағымды жөнделді.

3 ауылдық округте (Бозтал, Кривинка және Өндіріс) 10,7 млн.теңге сомада су өткізгіш құбырлары жайластырылды.

Демеушілік көмек есебінен мешіттің аумағына іргелес 450 шаршы метр асфальт төселді.

2016-2017 жылдардың қысқы кезеңіндегі жұмыстарға автомобиль көліктерінің тоқтаусыз және қауіпсіз қозғалуын және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының уақтылы дайындығын қамтамасыз ету мақсатында шұңқырлармен отырып қалған жерлерді өңдеу және кескіндеу, түзету бойынша жұмыстар жүргізілді.


Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту

Аудандағы маңызды бағыттардың бірі ретінде ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі біздің ауданымыздың қызметі мен барлық мәселелеріне қатысты мемлекеттік саясатты жүзеге асырады.

Ауданда 24 мәдени мекеме, оның ішінде Мәдениет үйі, 3 ауылдық клуб, 19 кітапхана бар.

Аудан аумағында 7 республикалық, облыстық, аудандық маңызы бар тарихи мәдени ескерткіштер тіркелген. Аудан аумағындағы барлық іс - шаралар Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25- жылдығына сабақтасып өткізілді.

Аудандық қоғамдық - саяси "Бесқарағай тынысы" газеті басылымы бар. Басылым мемлекеттік және орыс тілінде аптасына 2 рет шығарылады. (сәрсенбі, сенбі).

"Нұр Отан" партиясының аудандық филиалы өз қызметін атқарады, "Нұр Отан" партиясының аудандық филиалының мүшелері 1935 адамды құрайды.

Барлық мәдениет мекемелерінде атаулы күнге байланысты (тақырыптық бағдарламалар, театрландырылған қойылымдар, кинолар көрсету, кітап көрмелері, әдеби сазды композициялар, тақырыптық кештер және басқалары).

Есептік кезеңде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып өткізілген іс -шаралар саны - 670, қамтылған адамдар саны - 68130, оның ішінде дөңгелек үстелдер -112, этномәдени бірлестіктерді тартумен өткізілген фестивальдар -157, тақырыптық көрмелер - 69, фотокөрмелер - 43, спорттық- көпшілік іс -шаралар- 148, ғылыми жобалар сайысы, олимпиадалар -55.

23 шілдеден бастап 20 тамызға дейін аудандық орталық алаңында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 - жылдығына арналған "Ауылым- алтын бесігім" атты ауылдық округтердің мәдени күндері өткізілді.

2016 жылғы 15 қарашадан бастап 14 желтоқсанға дейін Бесқарағай ауданында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25- жылдық мерейтойына сабақтасқан "Келісім мен бейбітшілікке -25 жыл"атты Керуен өткізіліп, ауданның 10 ауылдық округін, 30 елді мекенін аралады.

«Жасай берсін Қазақ елі-Мәңгілік ел!» атты патриоттық акция барысында мекемелер мен ұйымдардың басшыларынан, дәрігерлерден, заңгерлерден, әртістерден және қоғамдық пікір көшбасшыларынан құралған керуен қатысушылары тұрғындарға мемлекеттік бағдарламалар және 25 жылдағы тәуелсіз еліміздің басты жобалары, Тәуелсіздік кезеңіндегі жеткен айрықша жетістіктер туралы мысалдар келтіріп, ауыл тұрғындарының сұрақтарына жауап беріп, кеңестік көмектер көрсетті.

"25 жарқын іс"акциясы шеңберінде тұрғындардың әлсіз топтарына, ҰОС ардагерлеріне, мерейтой иелері зейнеткерлерге, патронатты, көпбалалы және аз қамтылған жанұяларға, жетім балаларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға қайырымдылық көмектер көрсетілді.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеуді жарықтандыру бойынша әр түрлі форматта өткізілген іс-шаралар аудандық "Бесқарағай тынысы" газетінде, аудан әкімінің ресми сайтында жарияланып, "Қазақстан-1" республикалық телеканалында, "Қазақстан -Өскемен" облыстық телеканалында, "ТВК-6" қалалық телеканалында жарықтандырылды. Сонымен қатар, өткізілген іс-шаралар Бесқарағай ауданы әкімі аппаратының әлеуметтік желілерінде кеңінен жарықтандырылды. (Однокласники, ВКонтакте, Instagram, Facebook.com, twitter.com, WhatsApp).

Бесқарағай ауданында 19 кітапхана бар, онда 23 кітапханашы жұмыс істейді. Жалпы кітап қоры 165,2 мың дананы құрайды. Бесқарағай, Канонерка және К-Влдаимировка ауылдарының кітапханаларында кәсіпкерлікті қолдау мақсатында «Онлайн оралықтар" қызмет атқарады. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы шеңберінде аудандық кітапханада апта сайын кітап көрмелері, фотокөрмелер, әдеби кештер, интернет тренингтер, фильмдер көру ұйымдастырылды.



Бесқарағайда бірлік, достық, ұлтаралық келісім атмосферасы қалыптасқан.

Ауданда Достық үйі, Ардагерлер үйі, Жастар орталығы қызмет атқарып, олардың қызметі 28 ұлт өкілдерінің арасындағы келісім мен өзара түсіністіктің, ұлтаралық тұрақтылықтың нығайтылуын және сақталуын насихаттауға бағытталған. Достық үйінің жанында 8 этномәдени бірлестік жұмыс істейді: «Башкөл аудандық татар мәдени орталығы», Славян ЭМБ, Неміс ЭМБ, «Асыл әжелер» қазақ фольклорлық тобы, «Воскресение» славян орталығы, «Деревенька моя» орыс фольклорлық тобы, әзербайжан диаспорасы және "Досstar" ЭМБ.

Барлық жұмыстар Ұлт бірлігінің доктринасы, Елбасының Ассамблеяда қойған міндеттеріне, "Мәңгілік ел" жалпы қоғамдық идеясына сәйкес өткізіледі. Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы Заңды қолдана отырып, тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша 2016 жылдың ағымында Бесқарағай ауданының тілдерді оқыту орталығы белгілі жұмыстар атқарды.

Ағымдағы жылы тілдерді оқыту орталығында 105 тыңдаушы оқыды, оның ішінде 36 мемлекеттік қызметкер, 28-і өзге ұлт өкілдері. Оқыту бағдарламасы 120 сағатқа есептелген, Астана және ШҚО лингвистикалық орталығының бағдарламалары бойынша интерактивті тақтамен жаңа технология бойынша жүргізіледі. Жазғы уақытта "Тілашар" 2 айлық курсы өткізеледі. Сонымен қатар аудан тұрғындарын және қызметкерлерді ағылшын тілне оқыту курстары жүргізілуде. Ағымдағы жылы 28 тыңдаушы бастауыш топта 11, жалғастырушы топта-17. оқыды. Оқытумен қатар тіл саясатының басым бағыттарын енгізу мақсатында әр түрлі іс- шаралар өткізілді. Олардың ішінде «Тәуелсіздіктің басты нышаны - тіл» интеллектуалды сабағы, ағылшын тілі тыңдаушылары арасында «Тапқыр достар» сабағы, ток – шоу, мекемелер мен ұйымдар қызметкерлері арасында «Үштілділік» саяхат сабағы жүргізілді.
Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп

2016 жылы аудан аумағында 192 қылмыс, ал 2015 жыл ішінде жылы 215 қылмыс тіркелді, 10,7 %-ға азайды.

Жалпы тіркелген қылмыстардың ішінде 2-уі аса ауыр қылмыс, 100 %-ы ашылды, 8 ауыр қылмыс, 33,3 %-ы ашылды, 2015 жылы 23, 65,2 %-ға азайды.

121 орташа ауыр қылмыс, 80,2 %-ы ашылды, 2015 жылы 127, 73,3 %-ы ашылды, 4,7 %-ға азайды.

15 ауыр емес қылмыс, 86,7 %-ы ашылды, 2015 жылы 64, 86,7 %-ы ашылды, 2015 жылы 64, 86,7 %-ы ашылды, 76,6 %-ға азайды.

Есептік кезең ішінде 29 қылмыс бойынша тергеу мерзімдері тоқтатылды (ашылмаған қылмыстар). 2015 жылы 33, 12,1%-ға азайды. Оның ішінде ашылмаған қылмыстардың көптен бір бөлігін өзгелердің мүлігін тонау құрайды.

2016 жылы заңсыз сақталған 2 қару-жарақ бірлігі алынды, 2015 жылға қарсы 33,3 %-ға азайды.

Қоршаған ортаны қорғау саласында табиғатты қорғау полициясымен 2016 жыл ішінде ағаштар мен бұтақтарды заңсыз кесу бойынша 13 қылмыстық құқық бұзушылық, балық ресурстарын заңсыз аулау фактісі бойынша 1 қылмыстық іс анықталды. Барлығы 8,2 млн.теңге сомада 110 әкімшілік материал анықталды.

2016 жылы жол көлік оқиғасының 11 фактісі тіркелді, 2015 жылы 22, 7 адам қаза тауып, 13 жарақаттанды.

Барлығы 1289 құқық бұзушылық анықталды, 9,2 млн.теңге сомада айыппұл салынып, 7,8 млн.теңге өндіріліп алынды.


2016 жыл халық үшін барлық экономикалық бағытында, әлеуметтік және саяси дамудың сенімді жылы болды. Тағы бір рет тәуелсіздік және оны тану жылдары шыңдардың бірі ретінде Қазақстан дүниежүзілік құрметті елге айналғанын атап өтті.

Бесқарағай ауданы әкімінің тұрғындар алдында есептік кездесулерінің нәтижесі бойынша көтерілген 12 ұсыныс пен сын - ескертпелер бақылауға алынды. Ағымдағы 2016 жылы әзірленген жоспарға сәйкес іс-шаралардың орындалуы бойынша барлық ұсыныстар мен сын - ескертпелер 100% орындалғанын көрсетті.

Жоғарыда айтылған атқарылған жұмыстарға қоса алдағы жоспарларымыз да бар, ол үшін маңызды жұмыстар атқарылу қажет, 2017 жылы жоспарланған міндеттер мен күшімізді жұмсауды талап ететін жоспарларымыз бар.

2017 жылға арналған мемлекеттік және салалық бағдарламалар аясында ауданда келесі жобалар және жұмыстар жүзеге асыру жоспарлануда:



  1. «Levanter» және «Технология Комфорта» ЖШС екі сүтті – товарлы ферма құрылысы;

  2. сүтті қабылдау екі пунктін ашу;

  3. «Агрофирма «Бесқарағай» ЖШС 200 басқа ірі қара малдарға арналған асыл тұқымды бордақылау алаңын ашу;

  4. «Бестерек» фермерлік шаруашылығы мен 100 бас ірі қара малдар үшін сүт тауар фермасын ашу;

  5. «LONG XIN» ЖШС 200 басқа ірі қара малдарға арналған асыл тұқымды бордақылау алаңын ашу;

  6. Шаруа қожалықтарын ірілендірумен және коперативтер ашумен айналысу;

Мемлекет басшысы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын, Президенттің Жолдауын іске асыруға үлкен міндеттер қойды. Біз Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында міндеттелген барлық тапсырмаларды жүзеге асырылатынына сенімдіміз.



Азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін негізгі проблемаларды шешу саласындағы барлық күш-жігерді салу қажет. Бәріміз Бесқарағай ауданының әл ауқаты үшін қажырлы еңбек етуіміз қажет.





жүктеу 125,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау