3
ТАРАУ
ТҮСТАНУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ
ТҮСТІҢ ТАБИҒАТЫ
Түс — бұл жарықтың әсерінен адамның көру органында пайда болатын
сезім. Түстануда - түс туралы ғылымыда – жарықты, электромагниттік
толқындық қозғалысы ретінде, қарастырған жөн. Жарық толқындарының
сипаттамалары:
•
толқын ұзындығы немесе бір кезеңнің уақыты ішінде ауытқу
таратылатын қашықтық;
•
таратылу жылдамдығы;
•
уақыт бірлігі ішіндегі жиіліктің немесе ауытқулардың саны.
Көз, 380-760 нм (нанометр) толқын ұзындығы бар ауытқуларға сәйкес
келетін электромагниттік ауытқулар спектрінің салыстырмалы жіңішке
бөлігіне сезімтал. Көрінбейтін ультракүлгін (38-10 нм) және инфрақызыл (760
нм - 0,01 см) сондай-ақ жарықтықтарға жататын толқындар, оптикалық, яғни,
көрінетін толқындарға жанасады.
Спектрдің барлық көрінетін бөлігі күн сәулелерінде кездеседі. Физикалық
денелер бұл сәулеленуді талғамды түрде сіңіреді, сондықтан олар тарататын
немесе шағылыстыратын жарық, толқын ұзындығы бойымен өзгеше
таратылысқа ие болады. Адамның орталық жүйке жүйесі, өз кезегінде, көру
органына түсетін жарық энергиясының таралуын жіктеуге қабілетті. Бұл
таратылымның алуан түрлілігі түс ретінде қабылданады.
Электромагниттік ауытқулардың оптикалық бөлігінде кез-келген
көрінетін түс сезімі белгілі толқын ұзындығының
спектріне сәйкес келеді, нм:
Қызыл……………............................................................................. ..760—620
Қызғылт сары.................................................................................620—585
Сары...............................................................................................585—575
Жасыл-сары.…........................................................................ .....575—550
Жасыл.............................................................................................550—510
Көгілдір........................................................................................ ...510—480
Көк ..................................................................................….................480—450
Күлгін...................................................................................................450—380
64
3.1.
Дегенмен, көз, призмалар сияқты, жарықты әр түрлі ұзындықты
компоненттерге бөлмейді, сондықтан бір түс болып қабылданатын жарық
энергиясының таратылымның шексіз саны бар. Жүйке жүйесі әртүрлі
ұзындықтағы толқындар топтарынан келетін импульстарды жай ғана
сыныптайды және тәжірибе негізінде оларды белгілі бір түске бөледі.
Түс - психофизиологиялық сипат, ол жарық ретінде қабылданатын
электромагниттік толқындардың сипаты емес, ал осы энергия туындататын
адамның сезімін білдіреді.
Ақ күн сәулесі спектрінде орташа бақылаушы көзі шамамен 120 түстерді
ажырата алады. Бұл барлық қыздыру денелеріне тән, үздіксіз спектрі, яғни
жылу сәулелену энергиясы жарық энергиясынан басым болатын жарық
көздері. Спектрдің жеті негізгі түстердің ажыратады: қызыл, қызғылт сары,
сары, жасыл, көгілдір, көк, күлгін. (Түстануда көгілдір деп ашық көкті емес,
ал спектрде көк және жасыл арасындағы орналасқан түсті атайды). Спектрдегі
түстердің тәртібін есте сақтау мақсатында, гимназисттер (XIX ғ.)
мнемоникалық ереже ойлап тапты: «Каждый Охотник Желает Знать Где
Сидит Фазан».
Түстерді белгілеу ыңғайлылығы үшін спектрді үш аймаққа бөлу
қалыптасқан:
1) ұзын толқынды (760-600 нм) - қызылдан қызғылт сарыға дейін;
2) орташа толқыныды (600 - 500 нм) - қызғылт сарыдан көгілдірге дейін;
3) қысқа толқынды (500 - 380 нм) - көгілдірден күлгінге дейін.
Адамның түстерді ажыратуға қабілеттіліктері айтарлықтай ерекшеленеді.
Олар дағдылануға беріледі деп санауға болады және кәсіптік қызметке өте
тәуелді болады. Мысалы, бояушылар қараның 60-ға жуық реңкін айыра
алады.
Адам он мыңдаған түрлі түстер мен реңктерді ажыратуға қабілетті.
Бағдарламалық жасақтаманың өндірушілері RGB режимінде 16 миллион
түстерді жазып ала алатынын айтқан кезде, файлға үш негізгі сәуленің 16
миллион тіркесімін жазудың жалпы мүмкіндігін ғана білдіреді (8.1 бөлімін
қараңыз).
Түстерді жіктеу қағидалары. Барлық түстер ахроматикалық және
хроматикалық деп бөлінеді.
Ахроматикалық деп ақ, қара және сұрдың барлық реңктері аталады.
Олардың спектрлері барлық толқын ұзындығының сәулелерін бірдей қамтиды
(іс жүзінде бұл теңдік әрдайым бұзылады). Адамның көзі ахроматикалық
түстердің 300 жуық реңктерін ажыратады.
Барлық басқа түстер, соның ішінде спектралды да, хроматикалық деп
аталады. Мұндай түстердің спектрлерінде толқынның қандай да
бір ұзындығы
(максималды) басым болады.
Түсті (ерекшелікті) анықтау үшін психофизикалық сипаттамалар жүйесі
жиі қолданылады. Оларға мыналар жатады: түсті фон, ашықтық,
салыстырмалы
жарықтық, жарықтың қанықтылығы мен тазалығы.
Түсті реңк — бұл түстің, спектрлік немесе қызылкүрең түстердің біреуіне
теңестірілуі мүмкін, түс сапасы (қызылкүрең түс, қызыл мен күлгін түстердің
араласуынан, пайда болады).
Басқаша айтқанда, түстің
реңкі - бұл атау
65