-
көптеген суретті өңдеу процедураларының (фильтрлердің)
растралық графика бағдарламаларында қол жетімділігі;
-
суреттің компьютердің оперативті жадында және дискте алатын
көлемінің аз болуы (ары қарай қарастырылған CMYK моделімен
салыстырғанда).
RGB кемшіліктеріне жатады:
-
түс каналдарының корреляциясының (өзара тәуелділігінің)
жоғары болуы (бір каналдың жарықтығын арттыру басқаларының
жарықтығын төмендетеді) ;
-
түс бөлінуі (CMYK моделіне ауыстыру) нәтижесінде монитор
экранында түстердің қате келтірілуі;
CMYK режимі.Боялған беттермен, яғни шағылған жарықпен жұмыс
кезінде түстерді араластырудың субстрактивті (басқаша айтқанда,
шегеруші) әдісін қолданады. Мұндай әдістің негізгі түстері – көгілдір,
күлгін және сары және түстерді жазу режимі сәйкесінше CMY
(cyan/magenta/ yellow — көгілдір/күлгін/сары) деп аталуы тиіс еді. Теория
жүзінде көгілдір, күлгін және сары түсті араластыру қара және сұрдың
барлық реңктерін беруі тиі еді, іс жүзінде тек сұр-қоңыр алынды,
сондықтан, қара түс қосылды (бlack). CMYK түс моделі алынды (қара
(бlack) түсті RGB режиміндегі көк (blue ) түспен шатасытрмау үшін қара
түс соңғы K әріпімен белгіленді).
RGB
режимінен
CMYK
режиміне
ауыстыру.Бастапқыда
сканерленген суреттер сандық фотосуреттер сияқты RGB режимінде
жазылады. Егер бұл суреттер баспаға шығаруға арналған болса, оларды
CMYK режиміне ауыстыру қажет. RGB және CMYK түспен қамтылуы
сәйкес келмейді, сондықтан, түстерді ауыстыру үшін едәуір күрделі
алгоритмдер қолданылады. Олардың ішінде ең сәттісі Adobe PhotoShop
бағдарламасында, сондықтан, CMYK сканерленген суреттерді тек осы
бағдарламада ауыстыру ұсынылады.
Суреттердің компьютер мониторында шығарылуы үшін, керісінше,
CMYK түстерін қайтадан RGB түстеріне ауыстырады. Екі рет ауыстыру
қателердің түсірілуіне әкеледі, бір түс екі мониторда әртүрлі немесе тіпті
бір компьютердің әртүрлі бағдарламаларында әртүрлі болуы жиі
кездеседі. Мұндай жағдайда әр каналдың сандық мәндеріне бағдарлану
қажет, өйткені,RIP экран
суретін емес, файл мазмұнын өндейді.
Суретті RGB режимінен CMYK ауыстыру кезінде және керісінше
Adobe PhotoShopбағдарламасы LAB режимін аралық режим ретінде
қолданады.
LAB режимі. LAB түс моделі (атауы құраушы L, а және б
белгіленулерінен
құралған)
Халықаралық
жарық
техникалық
комисииямен жасап шығарылды, ол түсті адам көзімен ажыратуға
негізделген. LAB режимінде жарықтық және түс құраушылары бөлінген
Жарықтық құраушысы (L) жеке жазылады және оның мәні 0-100
аралығында болуы мүмкін. Түс құраушылары а (жасыл-қызыл ось) және
б (көк-сары ось) +127-ден -128 дейін мәнге ие болуы мүмкін.
156
LAB режимінде сандық мәндер көру қабілеті жақсы адам көре алатын
барлық түстерді сипаттайды. LAB мәндері құрылғыға (мысалы,
мониторға, үстел принтеріне немесе сандық камераға) түстерді шығару
үшін қажетті бояу мөлшерін емес, түстің қандай болатынын сипаттайды,
сондықтан, LAB моделін құрылғыдан тәуелсіз түс моделі деп атайды.
24-биттік LAB суретін PhotoShop, PhotoShop EPS, Large Document
Format (PSБ), PhotoShop PDF, PhotoShop Raw, TIFF, PhotoShop DCS 1.0 и
PhotoShop DCS 2.0 форматтарында сақтауға болады; 48-биттік (бір
каналға 16 бит) — PhotoShop, Large Document Format (PSБ), PhotoShop
PDF, PhotoShop Raw және TIFF форматтарында.
Берілген модельдің артықшылығы – түс және жарықтық түуралы
ақпарат бөлінген және тәуелсіз болып табылады. Бұл суреттің түс
сипаттамаларын өзгертпестен, реңктік градиациялық сипаттамаларын
өзгертуге мүмкіндік береді.
Моделдің кемшілігіне а және б осьтерінің ортасында түс ақпаратының
жоғары шоғырлануын жатқызуға болады, бұл түсті градиациондық
қисықтар көмегімен шебер түзетілуін қиындатады.
8.2
.
СУРЕТТІҢ ТҮС ТҮЗЕТІЛУІ
Түс түзетулуі – басу және басып шығаруға дайындау кезінде
өнделетін суреттің түс сипаттамаларының өзгерісі. Түс сипаттамаларын
не үшін өзгерту қажет? Біріншіден, тіпті сапалы суреттің өзі күрделі
өндеуге ұшырайды: сканерленеді, CMYK режиміне аударылады,
растраланады, пішіндері жасалады және баспаланады. Бұл сатылардың
әрқайсысында қателіктер болуы мүмкін. Қателіктер қосылады,
нәтижесінде сурет түсі танымастай өзгеруі мүмкін. Екіншіден, суреттің
өзінде фотоүлдірдің, жарықтандырудың, оптиканың және т.б.
мүмкіндіктерімен шектелген кішігірім ақауларға ие болуы мүмкін.
Үшіншіден, әрбір шығару құрылғысының белгілі шектеулері, жеке түс
қамтуы болады. Сондықтан түс түзетілуі – тиражды дайындау кезіндегі
қажетті саты.
Түс түзеудің әртүрлі әдістері бар.
Суретті градациялық түзеу – түзеуші сурет (пішін) қолданумен
шығарылатын түпнұсқасының градациялық сипаттамаларын өзгерту
әдісі.
Градациялық
түзеу
қолмен
өңдемелеу
(ретуштау),
фотомеханиканық әдіспен, есептеуіш техника құралдарымен
1
іске
асырылуы мүмкін. Мәнісінде, градациялық түрлендіру – басу процесі
кемшіліктерінің орнын толтыру.
1
ipoligragh.ru сайтынан «Баспашы анықтамалығын» қараңыз
Баспа ісінде
градация деп бедерлеме, түпнұсқа, фотопішін және т.б.
оптикалық сипаттамалар шамаларының сараланған (ранжирленген)
қатарын (белгілі реттілікпен орналасқан) айтады. Шамалар өсуі немесе
төмендеуі бойынша орналасуы мүмкін. Градация жарты реңкті суретті
сипаттау және бағалау кезінде маңызды
сипаттама болып табылады, бұл
– иллюстрацияның кескіндеуші ақпарат шамасы. Реңк градациясы
157