Оқулық «Білім беруді дамытудың федералды институты»



жүктеу 5,83 Mb.
Pdf просмотр
бет17/65
Дата19.11.2018
өлшемі5,83 Mb.
#21364
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   65

 
 
мұндай интерлиньяж теріс деп аталады. Компьютерлік бағдарламаларда 
теріс  интерлиньяжға  рұқсат  береді,  бірақ  оны  тек  сәндік  қаріптік 
композицияларды немесе плакаттарды жасауда қолдануға болады. 
Аспалы  жолдар.  Типографиялық  тәжірибеде  аспалы  жолдар  деп  
жолақ соңында орналасқан (яғни дайын басылымындағы бет) бастапқы 
абзацтық  жолдарды  және  жолақ  басында  орналасқан  соңғы  жолдарды 
атайды.  Беттеудің  техникалық  ережелері  жарияланған  басылымда 
осындай  жолдардың  бар  болуына  қатаң  тыйым  салады,  себебі  олар 
мәтіннің  оқылуын  нашарлатады,  сонымен  қатар  дәстүрлі  тікбұрышты 
пішінінен  айырып,  беттің  көрінісін  бұрмалайды.  Ағымдағы  ережелер 
бетті  тек  соңғы  жолмен  аяқтап,  жаңа  бетті  абзацтық  жолмен  (яғни, 
абзацтың  бірінші  жолымен)  бастауға,  сонымен  қатар  беттің  соңғы 
немесе бірінші жолын бір жолдық абзацты орналастыруға рұқсат береді 
(мысалы,  төл  сөзде,  егер жол  бір мезгілде  соңғы  және  абзацтық  болып 
табылса).  Сонымен  қатар,  бетті  қысқа  жолдармен,  математикалық 
пайымдаулармен (мысалы, формулалар арасында жиі кездесетін «және», 
«немесе», «мұнда» және т.б. типтегі жолдар бар) бастауға рұқсат етіледі. 
Егер жарнамалық беттеуде бір немесе екі жолдың басқа бетіне ауысуын 
болдыртпау  жеткілікті  болса,  кітаптың  орналасуында  үш  және  бес 
жолдарды  аспалы  деп  санауға  болады.  Беттеу  процесінде  аспалы 
жолдар,  жолдарды  енгізу  немесе  ажырату  әдістерін  пайдаланып, 
міндетті түрде жойылады. 
Жолдарды енгізу және ажырату. Алдыңғы жолдардағы сөз аралық 
кеңістіктерді  азайту  арқылы  терілген  жолдардың  санын  төмендету 
жолдарды енгізу деп аталады. 
Алдыңғы  жолдардағы  сөз  аралық  кеңістіктерді  көбейту  арқылы 
терілген  жолдардың  санын  арттыру  жолдарды  ажырату  деп  аталады, 
оның  барысында  ұзын  соңғы  жолдың  мәтінінің  бір  бөлігінің  есебінен 
жаңа соңғы жолды құрады. 
Жолдарды енгізу немесе ажыратуды, аспалы жолды жою немесе тақ 
беттен жұп бетке тасымалдауды алып тастау қажет болған жағдайларда 
қолданады.  Мысалы,  беттің  соңындағы  аспалы  жолды  (абзацтық)  жою 
қажет  болса,  беттің  ішіндегі  жолдардың  біреуін  ажырптып  алу 
ұсынылады,  сол  кезде  абзацтық  жол  келесі  беттің  басына  өтеді;  егер 
беттің  (соңғы)  басындағы  аспалы  жолды  жою  қажет  болса,  соңғы  жол 
өтетіндей,  алдыңғы  беттің  абзацының  біруіне  жолды  енгізуге  кеңес 
беріледі.  Керекті  бетте  жолды  енгізу  немесе  ажыратуды  мүмкін 
болмаған жағдайда, «кері оралу» керек және дайын беттердің бір немесе 
екі  жолдарын  беттеу  арқылы,  тиісті  операцияны  бұрынғы  беттердің 
бірінде орындау қажет. 
Жиі  артық  жолдарды  жою  үшін  беттеуші  бір  немесе  екі  алдынғы 
беттерін қайта беттеу керек. 
 
 
 
 
     48 


 
 
Жолдарды  енгізу  және  ажырату  кезінде  мәтін  жолдары  өшірілуінің 
негізгі ережелерін бұзуға тиым салынған – сөз аралық жолдар әрдайым 
рұқсат  етілген  шектерде  болуы  керек  (ажырату  кезінде  жолдар 
жоғарғыға  жақынырақ,  ал  енгізу  кезінде  төменгі  шегіне  жақынырақ). 
Сондай-ақ  әріптер  арасындағы  аралықты  азайту  немесе  ұлғайтуды 
қолдануға  болмайды  (трекинг).  Кейде  нақыштардың  енін  азайтуға 
немесе көбейтуге (5% дейін) рұқсат етіледі. 
Сөзді  беттен  бетке  тасымалдау.  Ережелер  жұп  беттен  тақ  бетке 
сөздерді 
тасымалдауды 
шектемейді, 
яғни 
бір 
айналымдағы 
тасымалданулар.  Сөздерді  тақ    беттен  жұп  бетке  тасымалдауға  рұқсат 
берілмейді, бұл жарияланымның оқылуын нашарлатады, себебі оқырман 
сөздің  аяғын  оқу  үшін  бетті  аудару  тиіс.  Дегенмен,  қазіргі  уақытта 
мұндай  тасымалдауларды,  оларды  тақ  беттің  соңында  жою,  беттудің 
басқа  ережелерін  бұзуы  мүмкін  жағдайда,  қалдыруға  рұқсат  етіледі. 
Дегенмен,  мұндай  тасымалдаулардан  аулақ  болу  керек  деп  кеңес  беру 
керек,  себебі  олардың  әрқайсысын  бір  немесе  екі  алдыңғы  беттерде 
жолдарды енгізу немесе ажырату арқылы, басқа ережелерді бұзбай жою 
мүмкін. 
Ашық  жер  және  ашық  жерді  беттерді  беттеудегі  негізгі 
техникалық  ережелер.  Типографиялық  тәжірибеде  ашық  жер  деп 
бастапқы  беттердің  -  басылымның  бөлімдерін,  бөліктерін  немесе 
тарауларын  бастайтын  беттердегі  жоғарғы  бөлігіндегі  бос  орынды 
атайды.  Бұл  жағдайда  бастапқы  беттердің  өздерін  жиі  ашық  жерді 
беттер деп атайды. 
Басылымдағы  ашық  жерлердің  өлшемдерін  баспагер  анықтайды. 
Ашық  жердің  әдеттегі  өлшемі  -  беттің  жоғарғы  жағынан  мәтіннің 
бірінші  жолына  дейін  саналатын  биіктігінің  1/4  шамасы,  барлық 
атауларды, тақырыпшаларды, бастама суреттерді қоса алғанда. 
Беттеудің  техникалық  ережелеріне  сәйкес,  ашық  жерлердің 
өлшемдері  барлық  басылым  бойымен  бірдей  болуы  керек,  бірақ  ашық 
жолдардың өлшемін, негізгі кегльдің бір-екі жолдарына, азайтуға немесе 
көбейтуге  рұқсат  етіледі,  себебі  мәтіннің  ашық  жерді  жолдарында 
әдеттегілерден  гөрі  азырақ  немесе  бетті  дұрыс  аяқтау  үшін  (аспалы 
жолсыз  және  тақ  бетке  тасымалдаусыз)  жолдарды  енгізу  немесе 
ажыратуды кіргізуге болатын алдыңғы жолдар жоқ. 
Соңғы  бет  және  соңғы  беттердің  орналасуының  негізгі 
ережелері.  Жарияланымның  немесе  оның  тарауының,  бөлімінің, 
жекелеген  әңгіменің,  одан  кейін  келесі  мәтін  бастапқы  беттен 
басталатын ақырғы бетті соңғы бет деп атайды. Көбінесе ол толық емес 
болады. 
Соңғы  бетте  өте  аз  мәтін  қалдыруға  болмайды.  Әдетте,  ол  оның 
биіктігінің 1/4 кем емесін иемденуі тиіс, яғни бастапқы беттердегі ашық 
жер  өлшемінің  мөлшерінен  кем  емес.  Егер  беттегі  мәтін  азырақ  болса, 
онда  оны  алдыңғы  бірнеше  беттерге  енгізу  керек  немесе  керісінше, 
алдыңғы беттерден бірнеше жолдарды ажыратуға тура келеді. 
 
 
49 


жүктеу 5,83 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   65




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау