118
P o we r б ө л ім і( қ у а т ) ДЭЕМ-ды аз энергия тұтынуға ауыстыру
арқылы басқару параметрлерін орнатуға арналған. Қазіргі уақытта
аппаратты қамтамасыз ету түрімен қатар бағдарламалық қамтамасыз
етумен тығыз байланысты ACPI (Advanced Configuration and Power Interface
— кеңейтілген конфигурация жəне қуат интерфесі) қуатпен басқару жүйесі
пайдаланылады. ACPI-дің жеке параметрлері BIOS-қа орнатылады. Оған
уақыт интервалы (уақыт өткеннен кейін қатты диск немесе ДЭЕМ күту
уақытына немесе тоқтау процесіне көшеді) видеожүйесінің энергия
тұтынуды жəне энергия тұтынудың түрлі режимдеріндегі желдеткіштің
басқару параметрлері жатады.
B oo t ( з а гр у з к а ) б ө л ім і н д е ДЭЕМ загрузкасы процесінің пара-
метрлері анықталады. Бұл бөлімде алмалы-салмалы жинақтағыштар,
жүктеу құрылғыларын көру тəртібі, жұмсақ дисктер форматтары (40
немесе 80 жол) орнатылады. Қажет болған жағдайда, POST кейбір
операциялары орындалмау кезінде тез орындалатын өңделу режимін
енгізуге жəне желідегі іркілістен соң қуат жүйесінің бағытын енгізуге
болады (мысалы, қуат қалпына келгеннен кейін ДЭЕМ автоматты түрде
немес қолмен қосылуы мүмкін.)
Ең соңғы E x it ( ш ы ғ у) бөлімінде бағдарламаларды BIOS параметр-
лерінде сақтай отырып немесе орнатылғандарды болдырмай отырып,
шығуға болады.
Setup BIOS мəзірінде орнатылған параметрлерді жазу үшін жүйелік
тақтада CMOS-жад болады. Онда ДЭЕМ конфигурациясы туралы
(оперативті жад көлемі, жинақтағыштар саны мен түрлері т.б. туралы), күн
жəне сағат көрсеткіші, құпиясөз, өзінің автономды қуат көзінің жағдайы
жəне тестілеу нəтижелері мен аппаратты бөліктердің диагностикасы
туралы ақпараттар сақталады.
CMOS стандартты көлемі шамамен 128 байтты құрайды, бірақ қазіргі
заманғы жүйелік тақталарда Plug and Play технологиясымен жұмыс істейтін
құрылғылар туралы ақпараттарды сақтау үшін CMOS-жад көлемі 4 Кбайтқа
дейін ұлғаюы мүмкін.Ақпараттың сенімділігін қамтамасыз ету үшін жад
16- разрядты бақылау сомасымен қорғалады. CMOS автономды қуатының
өші немесе істен шығуы кезінде BIOS баптаулары жүргізілген барлық
өзгерістер жоғала отырып бастапқы қалпына келеді.
BIOS микросызбасына қолжетімділік өте баяу болуына байланысты
ДЭЕМ қосылған кезде, көлеңке аумақ (Shadow Memory) деп аталатын
белгіленген оперативті жадта BIOS ішіндегілерінің көшірілу процесі
орындалады, сосын процессор арқылы енгізу-шығару базалық жүйесінің
барлық бағдарламалары орындалады.
119
Жабдықтарды бақылау кезінде POST бағдарламасы компьютер динами-
касына кодталған дыбыс береді, бұл дыбыс арқылы оның жағдайына
диагностика жасауға болады. Мысалы, құрылғы істен шыққан кезде ұзақ
гудок; видеокарта істен шыққанда бір ұзақ жəне екі қысқа гудок; жад істен
шыққанда қайталанатын қысқа гудок дыбысы шығады. Бұл кодтар
толығырақ басты тақтаны техникалық нұсқаулығында келтірілген. Егер
процессор істен шыққан жағдайда, онда ешқандай дыбыс болмайды,
өйткені бұл жағдайда POST бағдарламасының орындалуы мүмкін емес.
Қателер орын алған жағдайда монитор экранында POST тестін өткізу
туралы хабарлама шығады жəне операциялық жүйе жүктеледі.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
1. Процессорға анықтама беріңіз және процессор сипа-тын
анықтайтын параметрлерді атап шығыңыз.
2. «Ядро архитектурасы» термині мен «процессорлық ядро»
түсінігіне анықтама беріңіз.
3. ОЕҚ-мен процессордың алмасу жылдамдығын арт-тыру
үшін қандай жағдайлар қабылданады?
4. Процессордың ішкі өнімділігін не анықтайды?
5. Микропроцессордың өнімділігін арттыру мәселесі қалай
шешіледі?
6. Чипсет дегеніміз не?
7. Солтүстік көпірдің қызметі қандай?
8. Оңтүстік көпірдің қызметі қандай?
9. ДЭЕМ-да қолданылатын есте сақтау құрылғылары-ның
түрлерін атаңыз.
10. Электронды есте сақтау құрылғыларын құру қағи-дасын
сипаттап беріңіз.
11. ДЭЕМ-да BIOS және CMOS қандай мақсатта пайдала-
нылады?
12. Мәліметтерді магнитті дискке жазу және оны фор-маттау
процесінің өтуін сипаттап айтып беріңіз.
13. Кластер дегеніміз не?
14. Файлдық жүйелердің қандай түрлерін білесіз?
15. ДЭЕМ-нің ішкі және сыртқы жинақтағыштар түрле-рін
атап беріңіз.
16. BIOS дегеніміз не?
17. BIOS-тың атқаратын қызметтерін атап беріңіз.
18. Setup BIOS бағдарламасы не үшін қолданылады?
19. CMOS-та не сақталады?
120
3.3.
КОМПЬЮТЕРЛЕРДІҢ НЕГІЗГІ ТЕХНИКАЛЫҚ
СИПАТТАМАСЫ
ДЭЕМ пайдалану мүмкіндіктері ең алдымен, пайдаланылатын процес-
сордың (оның тактілік жиілігі жəне командалар жүйесі) түрі мен басты
тақтаның параметрлеріне қатысты болып келетін оның техникалық
сипаттамасымен анықталады.
Техникалық сипаттама компьютерді пайдаланудың кепілдік берілген
уақытында өзінің маңызын сақтап тұрады, яғни өндірушілер мен
жеткізушілер пайдаланушыға, компьютерді пайдалану ережесінің
шарттарын сақтай отырып қолдану кезіндегі өнімнің сапалылығына жəне
параметрлердің тұрақтылығына кепілдік береді.
Жаппай өндіріліп жатқан қазіргі дербес компьютерлер командалар
жүйесі бойынша біріктірілген, типтік операциялық жүйелер мен
қолданбалы бағдарламаларды пайдаланады, бірақ тактикалық-техникалық
сипаттамасын анықтайтын аппараттық реализациялары бойынша бір-
бірінен айтарлықтай айырмашылықтары болады.
ДЭЕМ-ның негізгі тактикалық-техникалық сипаттамасына мыналар
жатады:
процессор типі (командалар жүйесі);
тез əрекет етуі (тактілік жиілігі жəне процессор мен жүйелік
шинаның разрядтылығы);
оперативті жад көлемі, типі жəне оны ұлғайту мүмкіндіктері
(қосылатын модульдер саны);
ішкі жад көлемі, орнатылатын дисковод саны мен типі;
графикалық адаптер видеожадысының көлемі, оның түстер
палитрасы (түстің қанықтығы) жəне рұқсат беру қабілеттілігі;
дисплей типі, оның өлшемі жəне рұқсат беру қабілеттілігі;
енгізу-шығару порттарының түрлері жəне номенклатура;
қосымша жабдықтар құрамы (дыбыс тақтасы, модем, желі картасы)
жəне оның негізгі параметрлері;
жүйелік тақтада слоттардың кеңею саны;
жүйелік блок корпусының типі жəне дизайны;
қуат блогының күші;
тінтуір жəне клавиатурамен жұмыс істеу тиімділігі жəне эргономика;
компьютерді модернизациялау мүмкіндіктері;
компьютердің сенімділігі;
электрлік қауіпсіздіктің қазіргі санитариялық нормалары мен
талаптарына сəйкестігі;
Достарыңызбен бөлісу: |