Оқулық Бастапқы кәсіби білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру мекемелерінің оқыту



жүктеу 2,85 Kb.
Pdf просмотр
бет35/107
Дата29.05.2018
өлшемі2,85 Kb.
#18396
түріОқулық
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   107

106 
 
Файлдарды  орналастыру  кестесі  жеке  файлдар  орналастырылған 
кластерлер  нөмірінің  тізімі  түрінде  ұйымдастырылған.  Әрбір  кластерлер 
үшін  кестеде  оның  жағдайы  көрсетіледі:  кемшілігі  бар,  бос,  нақты  файлға 
жəне  оның  соңғы  бөліміне  қатысты  болуы.  Файл  өшірілген  кезде,  оның 
барлық  кластерлері  бос  кластер  ретінде  белгіленеді,  бірақ  ол  жердегі 
мəліметтердің өзі өшпейді. Олар тек басқа мəліметтердің жазбасымен орын 
ауыстырып  жойылады.  Файлдарды  орналастыру  кестесі  өте  маңызды, 
онсыз қажетті кластерден файлдарды жинау мүмкін емес, əсіресе егер файл 
кластерлері ретпен емес, арасында өзге файлдар орналасқан аралық арқылы 
жазылады.  Сондықтан,  аса  сенімді  болу  үшін  файлдарды  орналастыру 
кестесі екі рет жасалады. 
Түбірлі каталог – бұл дискте жазылған файл туралы ақпараттан тұратын 
мəліметтер  базасы,  ол  файлдарды  орналастыру  кестесінде  сақталатын 
ақпараттармен:  файлдың  нөмірі  бірінші  кластері  жəне  файл  ұзындығымен 
байланысты.  Каталогта  операциялық  жүйе  орналастыратын  файлдар 
туралы  барлық  ақпараттар  сақталады.  Мəліметтердің  бұл  құрылымының 
көмегімен  операциялық  жүйе  дисктік  кеңістікті  анықтап,  файлдардың 
орналасқан  жерін  қадағалайды  жəне  дисктің  ақауы  бар  жерлерін 
блоктайды. 
Кез-келген  логикалық  дисктің  мəліметтер  аумағы  түбірлі аумақтан  соң 
орналасады.  Бұл  аумақта  ішкі  каталогтар  жəне  мəліметтің  өзі  орналасқан. 
Ол  файлдарды  орналастыру  кестесінің  жəне  түбір  каталог  көмегімен 
бақыланады. 
Компьютердегі  барлық  қатты  дисктер  томының  саны  24-ке  жетуі  
мүмкін  (С-дан  Z-ке  дейінгі  латын  алфавитінің  əріптерінің  санымен 
шектелген),  сондықтан  ДЭЕМ-да  саны  24-тен  аспайтын,  ал  томдарының 
саны  əр  түрлі  болып  келетін  қатты  дисктерде  бірнеше  жинақтағыштар 
пайдаланылады. 
Соңғы  уақытта  NTFS  (New  Technology  File  System  —  жаңа 
технологияның  файлдық  жүйесі)  файлдық  жүйесі  FAT32  жүйесін 
қолданыстан ығыстыра отырып, өзі кең өріс ала бастады. Оның логикалық 
диск көлемі шектелмеген. 
Диск  NTFS  дискі  шартты  түрде  екі  бөлікке  бөлінеді.  Дисктің  бірінші 
бөлігі  MFT  (Master  File  Table  —  файлдардың  жалпы  кестесі)  қызметтік 
зонасымен  қайтарылады  –  барлық  файлдар  үшін  орталықтандырылған 
каталог. MFT зонасы файлдарды іздеуге қажетті жеке жазуларға бөлінген. 
Дисктің  қалған  көлемі  файлдарды  сақтау  үшін  бөлінеді.  NTFS  64 
Кбайтқа  дейінгі  кластер  өлшемімен  жұмыс  істейді,  бірақ  негізінен,  ең 
тиімді болып саналатын 4 Кбайтты кластер өлшемі пайдаланылады. 


107 
 
NTFS  файлдық  жүйесі  жетілдіріле  түскен,  үлкен  өлшемді  файлдармен 
жұмыс  істейді  жəне  қауіпсіздік  құралы  бар:  файлдарды  автоматты  түрде 
құпиялау  жəне  жариялауды  қамтамасыз  етеді,  ДЭЕМ-ды  ұжымдық  түрде 
пайдалану  үшін  логикалық  дискті  пайдалануда  түрлі  мүмкіндіктерді 
(мысалы  толықтай  қолжетімділік  немесе  тек  оқу)  орнатуға  жағдай  
жасайды. 
Файлды  қатты  дискке  жазу  барысында  одан  кейбіреулері  фрагмент- 
теледі, яғни кластер дискісінің барлық жері бойынша жайылып кетеді. 
Кластердің  қатты  дискісінің  барлық  жеріне  таралып  сақталып  тұрған 
файлдар фрагменттелген файлдар деп аталады. 
Оқу  кезінде  кластерді  іздеу  уақытын  қысқарту  үшін  мұндай  файлдар 
оларды  дефрагменттейді,  яғни  ақпарат  кластерде  еріксіз  орналасады, 
келесісі бірінің соңынан бірі орналасады. Мұнымен қатар, файлдар дискте 
үздіксіз  аумақты  алған  кезде,  бастиек  жəне  диск  желілерінің  тозуы 
баяулайды. 
Файлдарды  үнемі  қосып  отыру,  ауыстыру  немесе  жою  файлдардың 
фрагменттелуіне  алып  келеді,  бұл  олардың  өңделу  жылдамдығын 
баяулатады,  сондықтан  пайдаланушыға  қатты  дискке  тұрақты  түрде 
дефрагментация жүргізіп тұру қажет. 
Оптикалық  дисктер  диаметрі  120  жəне  80  мм,  қалыңдығы  1,2  мм 
металл шағылыстыратын жабындысы жəне дəл ортасында 15 мм диаметрлі 
ойығы  бар,таңбаланған  айқын  поликарбонатты  негізден  тұрады  (3.14 
сурет). 
Ақпарат  оптикалық  дискте  дисктің  ішкі  жағынан  басталып,  сыртқы 
жағынан  аяқталатын  бұрамалы  жолға  жазылады,  сондықтан  диск  көлемі 
жол  ұзындығымен  немесе  оның  орамдарының  санымен  анықталады. 
Бұрамалы  жол  бір-бірінен  қалып  қалған  шағылысатын  тегіс  метал 
алаңдардың  реттілігімен  құрылады,  бұл  металл  алаңдар  бөліктерге 
бөлінген,  олар  штрих  деп  аталады  (учаскелері  шағылыспайтын),  олардың 
ұзындығы екі өлшемді болып, 0 жəне 1 биттерді кодтауға мүмкіндік береді. 
 
 
3.14 сур. Оптикалық диск (а) және оның диаметрі бойынша қи- 
мадағы түрі (б): 
—дисковод білігінде дискті белгілеудің аумағы; — пластмассты негіз; — 
металл қабат; — дисктің қорғаныс қабаты 
 
 


108 
 
Диск  аймағының  төменгі  бөлігі зақымданудан  мөлдір  негіз  арқылы,  ал 
жоғарғы  жағы  жұқа  полимерлі  жабындымен  қорғалған.  Оптикалық 
дисководта  ақпарат  жолдан  диск  жолына  жиналатын  лазерлі  сəулемен 
оқылады жəне диск аймағының металданған қабатынан шағылыса отырып, 
фотоқабылдағышқа түседі. 
Дискке ақпарат жазу лазермен жүзеге асырылады, бірақ жаппай өндіріс 
кезінде  оптикалық  дисктер  штамповкамен  немесе  жазылған  ақпараты  бар 
(мысалы, 
бағдарламалық 
қамтамасыз 
ету, 
видео- 
жəне  
аудиомəліметтермен)  эталонды  мастер-диск  деп  аталатын  диск  негізінде 
алынған  түпнұсқалық  металл  матрицаны  пайдалана  отырып  қысу  арқылы 
дайындалады. 
CD жəне DVD белгілері оптикалық дисктердің өзіне ғана емес, олардың 
желісінің (дисковод) құрылғысына да қатысты болады. DVD дисководтары 
кəдімгі CD компакт-дискті оқып, жаза алады. 
DVD-ның  негізгі  ерекшелігі  бағдарламалық  жəне  кез-келген  өзге 
ақпарат  үшін  əмбебап  сандық  форматты  пайдалануы  болып  табылады. 
DVD-дисктер  жоғары  сапалы  видеоматериалдар,  музыкалы  файлдар, 
сандық  фотосуреттер  жəне  CD  дискке  қарағанда,  айтарлықтай  үлкен 
көлемдегі  өзге  де  ақпараттарды  (мультимедиялық  мəліметтерді  қоса 
отырып) қамтиды. 
DVD-дискте  мəліметтерді  тығыздау  штрихтер  ұзындығын  азайтумен, 
айналым  қадамдарының  азаюына  байланысты  орын  алатын  жолдардың 
ұзындығының артуымен жəне екі қабатты, екі жақты жазуды қабылдаумен 
қол жеткізіледі. 
Алюминді жабындысы бар бір жақты бір қабатты дисктердің неғұрлым 
кең  таралған  ақпараттық  сыйымдылық:  CD  —  700  Мбайт;  DVD  —  4,7 
Гбайт. 
Екі  қабатты  жазуы  бар  бір  жақты  DVD  диск  8,5  Гбайт;  жазудың  бір 
қабаты бар екі жақты диск – 9,4 Гбайт; жазудың екі қабаты бар екі жақты 
диск  17,1  Гбайт  сыйымдылыққа  ие.  Екі  жақты  дискті  пайдалану  кезінде 
оны дисководта айналдыру керек. 
Бір  жақты  екі  қабатты  DVD  диск,  дисктің  бір  жағында  тұратын 
ақпараттың  жазылған  екі  қабатынан  тұрады.  Сыртқы  қабат  жартылай 
мөлдір  шағылысатын  материалдан  жасалады,  сондықтан  лазерлі  сəуле 
қабат арасынан өтіп, ақпаратты ішкі қабаттан оқиды. Ақпаратты бөлу үшін 
дисктің  түрлі  қабаттарына  жолдарды  форматтаудың  түрлі  əдістері 
пайдаланылады:  бір-біріне  параллель  жəне  ішкі  қабатта  дисктің  шетінен 
басталатын  керісінше  спираль  бойынша.  Лазерлі  сəуле  ақпаратты  сыртқы 
қабаттан  оқи  отырып,  алдымен  дисктің  ортасынан  бастап  шетіне  қарай 
жылжиды,  сосын  қозғалыс  бағытын  кері  бағытқа  өгерте  отырып,  ішкі 
қабатқа өтеді. Ішкі қабат 


жүктеу 2,85 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   107




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау