109
жартылай мөлдір алтын үлбірлі қабатпен жабылған, ол осы қабатта
тоғысатын лазерлі сəулемен шағылысады жəне төменгі қабатта тоғысқан
сəулені өткізеді. Екі қабатты диск бір қабатты дискке қарағанда екі есе көп
ақпаратты қамтиды.
Екі жақты екі қабатты DVD дисктің əрбір жағында екі қабатты жазу
болады, ол сақталатын ақпараттың көлемін арттырады.
Қазіргі уақытта бір реттік жазбасы бар HD DVD (High Definition —
жоғары тығыздықты) оптикалық дисктері пайдаланылуда.
HD DVD бір қабатты диск 15 Гбайт, екі қабаттысы – 30 Гбайт
сыйымдылыққа ие, үш қабатты диск 45 Гбайтқа дейін сақтайды, төрт
қабатты диск – 100 Гбайтқа дейін.
ДЭЕМ-да кеңінен қолданылатын оптикалық дисктерде жазбалардың
түрлі форматтары болады жəне төмендегідей топқа бөлінеді:
CD дисктер (CD-ROM, CD-R жəне CD-RW);
DVD дисктер (DVD-ROM, DVD-R, DVD+R, DVD-RW жəне
DVD+RW).
Қайта жазылмайтын CD-ROM (Compact Disk Read OnlyMemory — тек
оқуға арналған компакт-диск) дисктер жəне аналогтық DVD-ROM бір
жақты немесе екі жақты жұқа шағылысатын металл қабаттан тұратын
пластикті дисктер болып табылады. Бір жақты дисктің барлық жоғары
бөлігінде этикетка түріндегі маркасы болады; екі жақты дискте оның атауы
ойықтың жанында сақиналы жіңішке беткі қабатта келтіріледі.
Мəліметтерді жазу үшін ДЭЕМ-да бір реттік СD-R ^D RecordabIe —
жазылатын компакт-диск), DVD-R/DVD+R жəне бірнеше реттік CD/RW
(ReWritable — қайта жазылатын компакт-диск), DVD-RW/DVD+RW, DVD-
RAM біржақты оптикалық дисктері басымырақ пайдаланылады.
DVD-R/VD+R и DVD-RW/ DVD+RW оптикалық дисктерінің жазба
стандарттары əр түрлі болады, сондықтан қазіргі заманғы барлық
дисководтар оқиды, бірақ барлығы бірдей жаза бермеуі мүмкін.
Бір рет жазылатын дискте шағылысатын қабат негізінен, күміс немесе
алтын үлбірлі қабаттан жасалған, ал олардың арасы жəне поликарбонатты
негіз қыздырған кезде қараятын белсенді органикалық материалдан
жасалатын тіркеуші қабат орналасқан. Жазу процесінде лазер сəулесі
спираль бойынша қозғала отырып, органикалық затты штрих мөлдірлігін
өзгерте отырып, шамамен 300°С температураға дейін қыздырады. Бұл
учаскелерді қыздырғаннан кейін жолдағы беткі қабаттар сəуленің
шағылысатын қабатқа өтуін тоқтатады жəне оқу кезінде кəдімгі компакт-
дисктегі көтерілім ретінде қабылданады.
110
Көп реттік қайта жазылатын диск лазер əсерінен өзінің фазалық
жағдайын өзгертетін жəне поликарбонатты негіздің жоғары жағында
орналасқан (оның келесі бетінде лазердің дəл түсуіне арналған толқынды
бұйра жол бар) қабаттан тұрады. Шағылыстыратын қабат ретінде алюминді
жабынды пайдаланылады.
Жазу кезінде лазер жол бойымен жылжи отырып, қабаттардың
жергілікті нүктелерін 700°С температураға дейін қыздырады, бұл кезде
лазер, суығаннан кейін сақталатын шағылмайтын учаскелер қалыптастыра
отырып, штрих бойынша қабаттарды аморфты жағдайға жетізеді.
Дисктегі ақпараттарды өшіру үшін қабат бастапқы кристалды жағдайға
өтеді – лазер қабатты тек ауыспалыдан төмен температураға дейін
(шамамен 200°С) қыздырады жəне материалдың шағылысатын құрамы
жолдардың барлық бөлігінде қалпына келтіріледі.
CD-R,
CD-RW
оптикалық
дисктері
700
Мбайт
стандарты
сыйымдылығына; DVD-RW, DVD-RAM — 4,7 Гбайт сыйымдылығына ие.
Жазу циклдерінің саны қайта жазылатын дисктердің беткі қабатының
шағылыстыру қабілетіне байланысты жəне бірнеше ондаған мыңға жетуі
мүмкін.
Оптикалық дисктер негізгі үш зонадан тұрады: ішінде ақпараты жоқ
дискті орналастыру зонасымен орталық ойық; жазылған мəліметтер аумағы
жəне бастапқы адрестер, барлық файлдардың ұзындығы жəне мəліметтер
аумағының жиынтық ұзындығы сақталатын нөлдік зона – дисктің мазмұны.
Қайта жазылатын дисктерге дисктің сапалы жазуы үшін қажетті болып
табылатын лазер қуатын анықтауға арналған, қуат калибровкасының
аумағы жəне жазу сеансы аяқталғаннан кейін нөлдік зонаға қайта
жазылатын, мазмұнның уақытша кестесін сақтау аумағы қосылады.
Оптикалық дисктердің жұмыс температурасының диапазоны 10...90 %
ылғалдылық кезіндегі -5°С-ден +55°С-ге дейінгі температурадан тұрады.
Оптикалық дисктер (дұрыс пайдаланған кезде) өте ұзақ мерзімге
жарайды, температураның циклдық өзгеруіне төзімді, оған магнитті жəне
электрлі өріс əсер етпейді, олар файлдарды тез табуды жүзеге асырады, бұл
бағдарламалар мен мəліметтердің резервті көшірмесін жасау кезінде өте
қолайлы əдіс болып табылады.
Перифериялық жинақтағыштар. Перифериялық жинақтағыштарға
дисктік, ленталық жəне қатты денелі (флэш-жад) толықтырғыштар жатады,
олардың құрамына жүйелік блок кірмейді жəне ДЭЕМ-ға перифериялық
құрылғы сияқты ішкі порттарды пайдалана отырып қосылады. Қазіргі кезде
неғұрлым кең таралған қосылғыштар қатарына USB, SCSI, SAS жəне
FireWire интерфейстері жатады.
111
ДЭЕМ-ның
перифериялық
жинақтағыштарында
ауыстырылатын
магнитті жəне магнитті-оптикалық дисктер қолданылады, бірақ олар өте
сирек пайдаланылады, оған бастиекті кəдімгі жəне оптикалық түрде
орналастырумен қамтамасыз етілетін жазу процесі жоғары деңгейде тығыз
болып келетін, жұмсақ алмалы-салмалы магнитті Бернулии дисктері
жатады. Бернулли эффектілі жұмсақ дисктер технологиясы бойынша 3,5
дюмді Zip жəне LS (Laser Servo mechanism — лазерлі сервомеханизм
жинақтағыштары шығарылады, олар пластик футляр – картридждерде
орнастырылады.
Zip дискісі 100 жəне 25 Мбайт сыйымдылықпен шығарылады, ал U-
образды түрдегі жаңа картриджге өтуіне байланысты олардың көлемі 750
Мбайтқа дейін артты.
LS дискісі кəдімгі 3,5 дюмді дискет өлшеміндей болып келеді, бірақ
неғұрлым қатты конструкциямен орналасып, мəліметтерді жазу/оқудың
оптикалық жəне магнитті біріккен технологиясын пайдаланады. Ақпаратты
сақтаудың жоғары тығыздығы дискте лазерлі сəулемен түскен жəне
магнитті бастиектің оптикалық дəл орналасуын қамтамасыз ететін арнайы
сервожолдардың болуымен қол жеткізіледі. Ақпарат дисктің ферромагнитті
қабатына дəстүрлі магнитті тəсілмен жазылады.
ДЭЕМ-да өлшемі 3,5 жəне 5,25 дюмді, көп рет қайта жазылатын ақпарат
тасымалдағыш пайдаланылды, ол қолданысқа көп енгізілмеді. Магнитті-
оптикалық дисктің жоғары бетіне қалыпты жағдайда магнитті емес заттан
қабат түсіріледі, мұндай жағдайда ақпарат магнитті бастиекпен тек оны
жоғары температураға дейін қыздырғанда ғана жазылуы мүмкін. Мұндай
температура ұзақтығы аз қуатты лазер импульсімен орын алады.
Ақпаратты өшіру кезінде лазер магнитті-оптикалық диск учаскесін
шамамен 200°C температураға дейін (Кюри нүктесі) қыздырады жəне диск
бетіне түсірілген зат магнитті өріске сезімтал бола бастайды. Дисктің
қыздырылған зонасында ақпаратты, қалыпты температурасы бар дисктің
өзге бөліктеріне əсер етпей, бастиектің магнитті өрісімен өшіруге немесе
жазуға болады. 0 жағдайындағы дисктегі орын 1 жағдайындағы аумақ
поляризация бұрышынан өзгешелігі бар поляризация бұрышының
сəулесімен бейнеледі.
Ақпаратты оқу қуаты аз лазер сəулесімен орындалады. Ақпаратты оқу
кезінде диск бетіне лазер сəулесінен бейнеленетін поляризация векторы
өзінің бағытын бірнеше градусқа өзгертеді (белсенді қабаттың
магниттенген учаскесінің ориетанциясына байланысты).
Поляризацияның өзгеруі, сəйкес келетін фотодатчикпен қабылданады.
Достарыңызбен бөлісу: |