121
бірге жүретін техникалық құжаттамалардың құрамы жəне олардың
толықтығы;
өндіруші мен жеткізушінің кепілдік берілетін міндеттемелері.
Тасымалданбалы жəне мобильді компьютерлердің негізгі параметрлері
олардың габаритті өлшемдері, массасы, орнатылған аккумуляторынан
бөлек өзінің автономды уақыты жəне байланыстың сымсыз интерфейс-
терінің болуы болып табылады.
Әрбір ДЭЕМ үшін техникалық аннотацияда (прайс-листте) оның
параметрінің белгісі қысқартылған əріпті-сандық жазбасы беріледі.
Алдымен ДЭЕМ түрі, өндіруші фирма жəне үлгінің кодтық белгісі,
сосын процессор маркасы жəне оның жұмыстық жиілігі (мегагерцтік жəне
гигагерцтік) көрсетіледі. Бұдан əрі ОЕҚ-тың (Мбайт/Гбайт), қатты дисктің
(гигабайттық),
графикалық
жадтың
(мегабайттық)
көлемі
жəне
видеоадаптер түрі көрсетіледі.
Бұлардан кейін оқу жылдамдығын көбейтудің максималды коэф-
фициентімен оптикалық дисковод түрі, жұмсақ дискте жинақтағыштардың
(накопитель) болуы, орнатылған дыбыс, желілік карта жəне кейде
орнатылған операциялық жүйе, комплектіде клавиатура мен тінтуірдің
болуы туралы мəлімет келеді.
Мұнымен қоса, ноутбуктер үшін қосымша дисплей (дюмдік өлшем),
масса (кг) өлшемі, ал дербес қалта компьютерлері үшін (ДҚК) экран
мүмкіндігіне рұқсат беретін матрица түрлері, РТЕҚ көлемі мен флэш-карта
типтері беріледі.
ДЭЕМ белгілерінің үлгілері:
стационарлы — HPd
x
2000 Pentium4 3,0/512/120/128MbGeForce-
FX5900 /52
x
CDRW-DVD/FDD/ Audio/Lan/WXP компьютері;
тасымалдағыш —HPn
x
6310 (15"XGA, Intel-CoreSolo 1,66/256/60/-
DVD-RW/Lan/2,8kg/XPHome) ноутбугы;
мобильді — HPiPAQhx2490 (IntelXScale 520MHz/TFT 320
x
240/-
64MbRAM/128MbROM/CFSDMMC/Mobile 5.1) дербес қалта компьютері.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
1. ДЭЕМ-ның тактикалық-техникалық сипаттамасы не-
ге байланысты?
2. ДЭЕМ-ның негізгі тактикалық-техникалық сипатта-
масын атап шығыңыз
3. Көрсетілген белгілерде ДЭЕМ сипаттамасын анық-
таңыз.
122
4 тарау
СТАЦИОНАРЛЫҚ (ҮСТЕЛДІК) ДЭЕМ
4.1.
ФУНКЦИОНАЛДЫ БАЗАЛЫҚ ТОРАПТАРДЫҢ
ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ
Қазіргі заманғы ДЭЕМ құрылымдық жағынан аяқталған негізгі
(міндетті немесе базалық) бөліктерден: жүйелік блок, монитор, клавиатура
мен тінтуірден тұрады.
Жүйелік блок үстел үстіне орнатылатын жеке ЭЕМ-ның құрылымдық
негізі болып табылады. Оның корпусында кеңейту тақтасы жəне
мониторды, клавиатураны, тінтуірді жəне өзге де перифериялық
құрылғыларды, ішкі жинақтағыштардың желілерін, қуат блогы жəне еріксіз
желдеткіш құралын қосатын жалғағыштары бар жүйелік (басты) тақта
орналастырылады.
Корпустар бір-бірінен өлшемдері, материалымен, механикалық құрамы
жəне дизайнымен ерекшеленеді. Корпустың түріне пайдаланылатын
жүйелік тақтаның көлденең жəне тік орналасуы, оның габаритті өлшемі,
қуат блогының күші, ішкі жəне сыртқы қолжетімді жинақтағыштарға
арналған бөліктердің максималды саны байланысты болады.
Жүйелік тақтада процессор, оперативті жад модулі, жүйелік логика
микросызбасы, тактілік импульс генераторы, қуаттың орнатылған
тораптары, қосымша модульдер (дыбыс картасы, модем, желі тақтасы т.б.)
жəне енгізу-шығару бақылауыштары орналасады. Оған сонымен қатар,
тінтуір, клавиатура, монитор жəне бірізді, параллельді порттардың
жалғағыштары да орналастырылады.
Мүмкіндіктер санын арттыру үшін ДЭЕМ-ға жүйелік тақтада немесе
жүйелік блоктың артқы қабырғасында орналасқан жалғағыштар жəне
кабель көмегімен перифериялық құрылғылар: басып шығару (печать),
манипуляторлар, сканер, графиксалғыш жəне т.б.қосылады. Мұндай
құрылғылармен өзара əрекет ету үшін стандартты енгізу-шығару порттары
қолданылады.
Стационарлық үлгілерде қосымша құрылғылар PCI кеңейту слотына
қосылып, жүйелік блокка бекітіледі (мысалы, телефон линиясы немесе
теледидар қабылдағышы арқылы ақпарат алмасу модемі).
123
Монитор (дисплей) ақпараттың визуалды түрде бейнеленуін жүзеге
асырады, пайдаланушымен инерактивті графикалық интерфейс жұмысына
жағдай жасайды жəне кез-келген компьютердің міндетті құрылғысы болып
табылады.
ДЭЕМ-де электронды-сəулелі түтікшесі немесе сұйық кристаллды
экраны бар монитор пайдаланылады. Кейбір дисплейлерде орнатылған
динамикасы мен микрофондары болады.
Клавиатура əріптік-сандық мəліметтерді енгізу үшін жəне компьютерді
бсқаруды жүзеге асыру үшін пайдаланылады.
Тінтуір манипуляторға қатысты болып келеді жəне негізінен монитор
экранында көзделген мақсатты айқын көрсетуге арналған.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
1. Қазіргі стационарлық ДЭЕМ-дың құрылымдық жағы-
нан аяқталған негізгі бөліктеріне қысқаша сипат-
тама беріңіз.
2. Жүйелік блок корпусының түрі неге байланысты бо-
лады?
3. Жүйелік тақтада қандай құрылғылар орнатылады?
4.2.
ЖҮЙЕЛІК БЛОКТАР
4.2.1. Жүйелік блоктардың конструкциялық
орындалуы
Жүйелік блоктың өлшемі мен түрі, пайдаланылатын жүйелік тақтамен
тығыз байланысты. Оның жұмыстық орналасуына байланысты корпус
блогы (көлденең немесе тік) екі түрге бөлінеді: десктоп (desktop —
үстелдік) жəне мұнара (tower). Қазіргі уақытта басты тақтада тік
орналасқан мұнара түріндегі жүйелік блоктар кең қолданыста. Әр түрлі
болып өндірілген корпустар əрдайым бір-бірінен дизайны жəне габаритті
өлшемі бойынша ерекшеленді, бірақ негізгі монтаждық орнатылатын
өлшемдер мен бекітпелері сақталған.
Мұнара өзінің биіктігіне байланысты микро, мини, миди жəне үлкен
болып бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |