Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология


§19. Қажеттілік пен еріктік. Жауапкершілік



жүктеу 5,05 Mb.
бет238/298
Дата07.01.2022
өлшемі5,05 Mb.
#37044
түріОқулық
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   298
философия Серик Мырзалы (1)

§19. Қажеттілік пен еріктік. Жауапкершілік

Адам еріктігі жөнінде философия тарихында мыңдаған мақалалар мен кітаптар жазылған. Бұл категория әсіресе бұрынғы Кеңес Одағының шеңберіндегі «қайта құру» үрдісі басталғаннан кейін, қоғамдық санада аса көп айтылатын, насихатталатын ұғымдардың біреуіне айналды. Алайда бүгінгі қоғамдык санада «еріктікпен мастану» сатысы өтіп бара жатқан сияқты, өйткені еріктікті ұран етіп жасалған жақсы нәрселермен бірге қаншалықты теріс нәрселер де болды!!! (баскалардың мүдделерін таптау, ұрлық, қорлық, зорлау, өр көкіректік т.с.с.). Сондықтан бұл категорияның саяси «ұрандық» сипатынан бас тартып, философиялық деңгейде қарайық.

Еріктік категориясының маңыздылығы - ол адамның тектік қасиетіне жатады, жануарлар әлемінде еріктік жоқ. Яғни ол адамның саналы мақсатқа лайықты іс-әрекетінен туындайды. Алайда адам жалғыздан-жалғыз ғарыштағы кеңістікте өмір сүріп жатқан жоқ, оны айнала коршаған өз мүдделері мен максаттары бар басқа адамдар да бар. Сондықтан еріктік деп адамның айнала қоршаған ортадағы ахуалды ескере отырып, өз мүдделері мен мақсат-мұраттарын іске асыру қабілетін айтамыз.

Философия тарихында көбінесе еріктік мәселесін қарағанда, оны кажеттілікке қарсы коюды байқаймыз. «Еріктік бар жерде қажеттілік жоқ», я болмаса «Ешқандай еріктіктің болуы мүмкін емес, тек кана қажеттілік бар». Ақырында, бірінші көзқарас еріктікті адамның ойына не келсе, соны жасауға теңеп, волюнтаризмге (А.Шопенгауэр, Ф.Ницше) әкелді (voluntas-латынша ырық). Еріктікті терістеп, тек кана қажеттілікті мойындағандар (Т.Гоббс, П.Лаплас т.б.) фатализм бағытын тудырды (fatum-латынша тағдыр). Егерде адам өмірінде еріктік жоқ болатын болса, онда тағдырдың тәлкегіне толығынан көнуге тура келеді.

Мұндай көзқарастардың біржақтылығын сезініп, жаңа формула әкелген Б.Спиноза болды: «Еріктік — танып-білінген кажеттілік». Негізінен алғанда, маркстік философияда да осы бағыт ұсталған. Бұл формула, қалай айтсақ та, қажеттіліктің басымдығын ертелі-кеш мойындайды. Соның негізінде конформизм (бәрі не істесе, сен де соны істе), я болмаса тоталитаризм (не айтылса, соны істе) пайда болады. Қажеттілікті танып-білу еріктікті-өзінен өзі туғызбайды. Түрмеде отырған адам қаншалықты қажеттікті түсінгенмен, одан ерікті бола ала ма? Осы арада бір анекдотты келтіруге болады: Полицай бір адамды ұстап торға жауып қойып, оқтын-оқтын «Итбаев!» - деп атын атағанда, ол байғұс: «Мен мындамын, полицай мырза», - дегенде, полицай: «Қайда кетерсің», - деп жауап қайтарады екен.

Жоғарыда келтірілген көзқарастар бұл категорияның аса күрделі екендігін көрсетеді. Сондықтан оны жете түсіну үшін басқа «Тәуелсіздік пен тәуелділік», «мүмкіндік пен шындық» т.с.с. категориялармен байланыстырып қана, оның терең мәнін ашуға болатын сияқты.

Біріншіден, адамның еркіндігі ол Дүниенің іргетасын құрайтын әр зат пен қүбылыстың өз тәуелсіздігіне деген «ұмтылысының» саналы көрінісі ретінде каралуы керек. Әрине, адамды зорлап-зомбылауға, аяқ-қолын шынжырлауға т.с.с. болады. Бірак оның ішкі рухани бостандығын, соған жетуге деген ынтасын еш диктатор, патша, жауыз ешқашанда жоя алмайды.

Сонымен қатар бұл Дүниеде өз тәуелсіздігін толығынан іске асырып, өзімен-өзі өмір сүріп жатқан да бір нәрсе жоқ. Олай болса, абсолюттік еріктік те Дүниеде жоқ. Бүл мәселені ерекше талдап, арнайы жазған кітабын Э.Фромм «Еркіндіктен кашу» деп атаған (қараңыз: Бегство от свободы. М., Прогресс, 1991). Расында да, ойлап қарайықшы: абсолютті, шексіз еркіндікке жеткен адам шексіз жалғыздықтың ащы зардабын тартар еді. Өйткені ол барлык тәуелділіктен құтылды, өз «өзіндігімен» ғана қалып қойды.



Уақытында К.Ясперс айтқандай, «адами ахуал - рухани» болатын болса, өз еркіндігімен қатар, адам басқа адамдармен байланысқа түсуге, өз болмысында басқаларға жақсылықтар жасауға, әсемдікке, шындыққа, әділеттікке жетуге ынталы. Ал мұның өзі оны қоғаммен шым-шытырық байланыстарға әкеліп, басқалардың да мүдделерімен санасуға ой салады. Қоғам шеңберінде өмір сүре отырып, одан толық тәуелсіз болу - ойға сыймай-тын нәрсе. Тек дамымаған, я болмаса зұлым тұлға ғана басқалармен есептеспейді.

Екіншіден, қажеттіктің өзі әртүрлі мүмкіндіктер арқылы кездейсоқтықтың негізінде көрініс тапқаннан кейін, еркіндіктің өзі адамның калайтын мүмкіндіктерді қажымас кайрат көрсетіп өмірге әкелуімен тең сияқты. Яғни адам өз саналы іс-әрекетінің нәтижесінде, әртүрлі мүмкіндіктердің ішінен өз қалауын таңдау арқылы өз еркіндігін іске асыра алады. Ал оның өзі шығармашылықты талап етпей ме?! Өйткені ол таңдалған мүмкіндік дайын түрде адам алдына келмейді, оны ол тудыруы керек. Сондыктан осы жаратылған Дүниені адам өз шығармашылық дарынының аркасында әрі қарай жетілдіріп жатқан жоқ па? Осы тұрғыдан алып карағанда, орыс философиясының аса дарынды өкілі Н.А.Бердяевтің: «Еркіндік дегеніміз — адамның ішкі шығармашылық күшқуаты. Адам өз еркіндігінің арқасында мүлде жаңа өмірді тудыра алады... Еркіндік - бұл Дүниенің шеңберінен шығумен тең», - деген сөздерінің тереңдігіне таңғаласыз (караңыз: Н.А.Бердяев. Царство духа и царство кесаря. М., Мысль, 1995, 247-248-6.). Олай болса, еркіндік дегеніміз — шығармашылық. XX ғ. өмір сүрген көрнекті Австрия ғалымы В.Франклдің: «Шығармашылық кұндылықтары адам өмірінің ең терең мән-мағынасын кұрайды», - деген ойы да жоғарыдағы оймен шектесіп жаткан жоқ па (караңыз: В.Франкл. Человек в поисках смысла., М.,Прогресс, 1990, 165-6.). Уақытында К.Маркстің өзі коммунизмді әр адамның шығармашылық сатысына көтеріліп, гүлдеуімен теңестірген болатын.

Алайда бұл арада біз тағы да бір күрделі мәселеге тап боламыз. Адам кірпіштен әсем сарай сала алады. Сонымен қатар, адамдарды құртуға бағытталған концлагерьлерді, оларды жағуға арналған газ камераларын да тудырды. Атомның ядролық күшін өз күшіне айналдырып, жүздеген атомдық электростанцияларды салды. Сонымен қатар жер бетін мыңдаған рет қопарып тастай алатын ядролық бомбаларды жинады. Адамзат мыңдаған тұруға лайықты гүлденген қалаларды орнатты, бірақ «¥лы мәртебелі» арғы анамыз - Табиғатқа-барлық салмағын салып, аздыртты.

XX ғ. ғылыми-техникалық революцияның теңдессіз дамуына байланысты адамзат алдында бұрын-соңды болмаған үрейлер пайда болды. Бүгінгі таңда адамзат құпияның-кұпиясы тіршіліктік геномының ішкі сырын ашып, неше түрлі генетикалық инженерия технологияларын жасауда. Адамның өзін клондық, яғни бейжыныстық түрде дүниеге әкелу мүмкіншілігі пайда болды. Мәселенің өршігені соншалықты, Италияның Генуя каласында 2001 ж. шілдесінде өткен дамыған елдердің саммитінде бұл мәселе ерекше сұрақ ретінде күн тәртібіне койылды.



Бұл арада адамның ерікті шығармашылық қызметі мен оның жауапкершілігіне байланысты мәселе туады. Бұл мәселені алғаш көтергендердің бірі ретінде қазіргі экзистенциализм бағытындағы ойшылдарды айтуға болады. XX ғ. екі дүниежүзілік соғыстың ащы салдарларын сараптаудан шыққан ойшылдар адам өмірінің трагизмін мойындайды. Бір жағынан, адам ерекше еркін пенде, ол не істесе де оған қүқылы, екінші жағынан, ол саналы пенде ретінде өз істеріне жауапты. Сондыктан экзистенциалистік философияның көрнекті өкілі Ж-П.Сартр айтқандай, «еркіндік дегеніміз - адамның арқаланатын жауапкершілік жүгі». Яғни сен еріктісің, бірақ өз ісіңе толығынан басқалардың алдында жауап бер.

Адам, бір жағынан, өзі ұшін (эгоизм), я болмаса басқалар үшін ғана (альтруизм) емес, өз мүддесін басқалармен бірге ұштастырып өмір сүруі керек.

Сонымен еркіндік пен жауапкершілік - күміс ақшаның екі жағындай, бір-бірінсіз өмір сүре алмайды. Еркіндік бар, жауапкершілік жоқ жерде әділетті дұрыс қоғам орнату мүмкін емес. Сондықтан жаңа ғана қалыптасып жатқан демократиялык коғамның берген еркіндіктерін тек өз құлқынына жаратып, жауапкершілікті мойындағысы келмейтіндердің алдына тосқауыл қойылуы қажет. Бұқаралық ақпарат құралдарында еркіндікпен қатар, ал біздің жағдайда, мүмкін, көбірек, - адамның қоғам алдындағы жауапкершілігі егжей-тегжейлі талдануы қажет деп есептейміз. «Арнасы жоқ» еркіндіктің уақыты өтті, халық алдындағы жауапкершіліктің уақыты келген сияқты.


жүктеу 5,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   298




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау