161
Экономикадағы жүйелі тәсілдеме – басқару саласындағы ірі,
кешенді мәселенің ғылыми негізделген шешімін әзірлеу әдісі болып
табылады.
Жүйелі тәсілдеменің философиялық негізі оның негізгі
қағидаларын айқындап береді: жүйелердің динамикалығы,
құбылыстардың байланысы, өзара ықпалдастығы мен өзара
байланысы; басты буын қағидаларының кешенділігі, тұтастығы
және иерархиялығы.
Үрдістер мен құбылыстардағы жүйелі тәсілдеме өзара
байланыстардағы зерделеудің екі формасын ұйғарады:
1) жай кездері қосалқы жүйелер немесе жүйе элементтерінің
арасындағы өзара байланыстар қандай да бір аспектіде, көбінесе
экономикалық аспектіде зерттеледі;
2) әлдеқайда күрделі жағдайда көп аспектілі тәсілдеме
қолданылады. Бұл арада өзара байланыстар басқарудың саяси,
экономикалық, технологиялық, құқықтық, әлеуметтік-экологиялық
және психологиялық аспектілері қоса ескеріліп, зерттеледі.
Өндірістің басқару жүйесіндегі
объекті мен субъектінің өзара іс-әрекеті
Өндірісті басқаруға басқарудың өз объектісі мен субъектісі
тән. Басқару үрдісі көп қырлы қоғамдық қатынастардың кешенін
қамтиды әрі объективті және субъективті факторлар жиынтығының
әрекетімен анықталады.
Басқару үрдісінде объективті мен субъективтінің арақатынасы
«анықтаушы» және «шешуші» ұғымдары арқылы анықталуы
мүмкін. Оның өзінде де, «анықтаушы» құбылыстың қажетті шарты
ретінде болғанда ғана анықталмақ. Алайда, мұның өзі жеткіліксіз.
Объективті үрдіске субъективті фактордың кері әсерін білдіретін
«анықтаушыны» ұштастырғанда ғана үрдісті жүзеге асырудың
нағыз шынайы шартын тудырады. Басқаруда субъективті фактор
болған күннің өзінде басқару ісін субъективті ете алмайды.
Ықпал етудің тиімділігі адамдардың басқару объектісінің
объективті жағдайын, оның ішкі заңдылықтарға бағынатын
табиғатын қалай түсініп, қалай қабылдайтынын көрсететін
деңгейімен анықталады.
Объективті мен субъективтінің өзара ықпалын талдау тек
жалпы дүниетаныммен, гносеологиялық аспектімен ғана шектеліп
162
қалмайды: объективті алғашқысы, субъективтісі оның көрінісі,
сөйтсе де, оның шартын тудыратын белсенді кері әсер етуді
көрсетеді.
Өндірісті басқару объектісінің жалпы түріне оның салалары
мен аймақтарын құрайтын барлық халық шаруашылығы, өндірістің
негізгі буындары – кәсіпорындар мен бірлестіктер жатады.
Мұнда басқару өндірістік күш пен өндірістік қатынастардың
бірлігі ретінде болатын осы объектілермен істес болады.
Қоғамдық өндірістің басқару объектісіне барлық халық ша-
руашылығының кооперация ауқымында қызметкерлерді өндіріс
құралдарымен біріктіретін саналы ұйымдар жатады.
Халық шаруашылығының басқару объектісіне саналы түрде
қолдау көрсетілетін халық шаруашылығының үйлесімділігі,
экономиканың теңгерімділігі және динамикалық дамуы кіреді.
Басқару ұлғайтылған ұдайы өндіру үрдісінің объектісіне ие.
Өндірістің басқару объектісі – бұл ел территориясына өндірістік
күштерді ұтымды орналастыру әлдеқайда тиімді террито¬риялық
кешендерді құру.
Өндірісті басқаруда объекті ретінде маңызды орынды
бейөндірістік салалар алады – ғылым, білім беру, денсаулық сақтау
және мәдениет.
Түпкі негізінде кез келген басқару объектісінің орталық буынына
қызметкерлердің ұжымы жатады.
Осылайша, кең мағынасында барлық өндіріс басқару объетілері
деп саналады.
Басқарудың субъектілеріне мемлекет, қоғамдық ұйымдар және
елдің әр азаматы кіреді.
Бұл жүйенің негізгі элементіне мемлекеттік органдар жатады.
Барлық мемлекеттік органдарды бір-бірінен ажыратып көрсету
қажет: өкілдікті органдар; атқарушы және билеуші органдар; әділ
сот органдары; өндірістің басқару функцияларын орындаушы және
тікелей мемлекеттік басқару (орындаушы) органдары.
Өндірістің басқару мәселелерін мына органдар шешеді:
- билік органдары (өкілдікті органдар);
- мемлекеттік басқару органдары – мемлекеттік комитеттер,
министрліктер.
163
Жүйелі тәсілдемеде өндірісті
басқарудың мақсаттары
Барлық басқару үрдісінің бастапқы кезінде оның мақсаттары
анықталады.
Басқару мақсаттары әрдайым саналы түрде болады әрі оны
адамдар қалыптастырып, белгілеп отырады. Мақсаттар негізінде
объективті болады, онда қоғамның тұтастай экономикалық және
әлеуметтік даму заңдылықтары көрініс табады. Басқару мақсаттарын
дұрыс анықтай білудің басқару жүйесін қалыптастыруда маңызы
зор.
Кезінде Ф. Энгельс әлемде мақсаттарсыз ештеңе істелмейді, деп
атап кеткен. Ф. Энгельске дейін Спиноза Барух (XVII ғ.), «мақсат
әлемді билейді», деп айтып кетіпті.
«Өмірдегі мақсат адам қадірі мен бақытының жүрек қағысы
болып табылады» (Н. Д. Ушинский).
Мақсаттар өз мазмұндары, басқарудың деңгейлері бойынша
және уақыт қимасымен жіктеледі. Мақсаттардың мазмұны
өндірісті басқару аспектілерінің күрделілігін әрі көп қырлылығын
бейнелейді. Мақсаттар мазмұны бойынша мыналарға бөлінеді:
экономикалық мақсат, әлеуметтік мақсат, саяси мақсат және
ғылыми-техникалық мақсат.
Экономикалық мақсаттар ең алдымен елдің халық
шаруашылығының дамуымен, нақтырақ айтқанда, өндірістік күштер
мен өндірістік қатынастардың дамуымен байланысты болады.
Әлеуметтік мақсаттар қоғам мүшелерінің материалдық
және рухани қажеттіліктерін, сонымен бірге, оның әлеуметтік
құрылымын дамыту талаптарын нақтылап береді. Әлеуметтік
мақсаттарға мәдениеттің, білім берудің, денсаулық сақтаудың және
тағы басқалардың даму міндеттері кіреді.
Саяси мақсаттар: оны кез келген мақсаттың құрамдық бөлігі
ретінде қарастыруға болады. Идеология, саясат адам қызметінің
барлық бағытын қамтиды.
Бұл мақсаттар қоғам дамуының барлық мақсаттарын бір-біріне
жанама түрде қатысты етеді.
Ғылыми-техникалық мақсаттар – ғылыми-техникалық прогресс
қоғамдық өндірісті дамытудың және қоғамдық өндірістің тиімділігін
арттырудың маңызды факторы болып табылады әрі қоғамдық
мақсаттардың қатарына кіреді. Алайда мемлекеттік органдарға,
Достарыңызбен бөлісу: |