152
экономикалық көрсеткіштерімен (жалпы ұлттық өнім, жалпы ішкі
өнім, сұраныс жиынтығы және т.б.) айналысады.
Экономиканың бұл аспектісі басқару теориясына апаратын басты
аспекті болып табылады, өйткені оны халық шаруашылығының
ауқымында алып қарастырғанда ғана зерттеудің бастапқы сәтін
анықтауға болады. Бұны кәсіпорынның (бастапқы буын) барлық
халық шаруашылық жүйелерінің ажырамас бөлігін құрайтынымен
байланыстырып түсіндіруге болады.
Қоғамдық ауқымдағы басқарудың өзіндік ерекшелігі бар
объектілерге барлық әлеуметтік салалар, қызмет салалары
кіреді. Мұнда басқару ісі негізінен адамдардың қажеттіліктерін
қанағаттандыруға бағытталған қызметтермен айналысады. Бұл
салада адамдардың көптеген талап-тілектері жүзеге асырылады.
Ол қоғамның бүкіл жағдайына, оның ішінде әлеуметтік ақыл-
ойының қалыптасуына себепші болатын барлық әлеуметтік
инфрақұрылымдар мен қызмет түрлерін қамтиды.
Қоғамды рухани тұрғыдан дамытуды басқару барлық басқару
жүйелерінің ажырамас бөлігі болып табылады. Бұл турасында
жалпы ұғымға айналып кеткен К. Маркстің «...мәдениет – саналы
түрде бағыт алмай, стихиялы дамитын болса... ол бос кеңістік қана
болып қалады... » деген сөзі шындыққа келеді.
Басқару ғылымының объектілері туралы жалпы сөз еткенде,
өндірісті басқару кез келген әлеуметтік-экономикалық жағдайларда
еңбек үрдістері жиынтығының ажырамас бөлігін құрайтынын
түйіндеп айтуға болады. Оның көп қырлы сипаты болады әрі
«басқару ісі барлық өндіріс тәсілдерінің қажетті сәтіне жатады».
Басқару ғылымының мәні
Басқару ісі қарым-қатынастың көптеген жағын (саяси,
әлеуметтік, экономикалық, этикалық және т.б.) қамтиды.
Егер өндірістік үрдістер мен қатынастардың мазмұны
өндірісте материалдық игіліктерді тікелей өндірудің еңбегін
ұйымдастыруды бейнелейтін байланыстарды құрайтын болса,
онда басқарушылық үрдістер мен қатынастардың мазмұны – бұл
өндірісті басқару ісіне қатысушылардың ортақ еңбегін көрсететін
байланыс.
Басқару бойынша қызмет нәтижесіне шешім жатады.
Қорытындысында адамдардың бір бөлігі материалдық
153
игіліктерді өндіру бойынша тікелей еңбекпен айналысатын болса,
басқа біреулері – басқару ісімен шұғылданады. Өндірісте осы
екі топтағы адамдардың арасында өндірісті басқару қатынасы
ретінде сипатталуы мүмкін белгілі бір қарым-қатынас орнайды.
Бұл қарым-қатынас, яғни қоғамдық байланыстар мен олардың өзара
ықпалдасуының жиынтығы басқару субъектілері мен объектілері
арасында, сондай-ақ басқару субъектісінің ішінде пайда болады.
Басқару қатынасы қандай түрге немесе типке жататынына
қарамастан, ол ең алдымен басқарудың объектілері мен субъектілері
арасындағы қатынас ретінде болады.
Барлық экономикалық жүйе екі қосалқы жүйенің – басқарушы
мен басқарылушының бірлігі ретінде қарастырылады. Оның
алғашқысы басқару аппаратының қызметкерлерін, басқару
органдарын – мемлекетті, үкіметті, министрліктерді және т.б.
қамтитын басқару субъектілерін білдіреді. Ал екіншісі жалпы
түрдегі халық шаруашылығындағы салаларды, аймақтарды,
кәсіпорынды және т.б. білдіреді.
Жұмыс орнына келетін болсақ, мұнда басқарудың басқа түрі
– Ф. Энгельс заттарды басқару деп анықтаған еңбек құралдарын
басқару жүзеге асырылады.
Осылайша, өндірісті басқарудың екі түрі бөліп көрсетіледі:
а) адамдарды (қызметкерлерді) басқару;
ә) еңбек құралдарын (затты) басқару.
Еңбек құралдарын жұмыскерлердің басқаруы қ осалқы жүйемен
басқарылатын тікелей өндіріс үрдісін білдіреді. Басқарудың
қосалқы жүйесі тек адамдарды басқару ісіне ғана қатысты. Басқаша
айтқанда, өндірісті басқару – бұл өз кезегінде еңбек құралдарын
басқаратын жұмыскерлерді басқару.
Қоғамдық өндіріс саласындағы басқарудың айрықша
ерекшелігі, оның қоғамдық қатынастардың барлық жиынтығымен
айналысуында.
Мұның себебі, адам өндірістік үрдісте бірлескен еңбек
үрдісінің тек қатысушысы ғана болып қалмайды, сонымен бірге
ол бір мезгілде әлеуметтік тұлға да. Ал, адам әлеуметтік тұлға
болғандықтан оған әр қилы қажеттілік, талап-тілек, қалау және т.б.
тән болады.
Адам қарама-қайшылыққа толы, сол себепті де оларды әлеуметтік
құбылыс ретінде, яғни әлеуметтік тұрғыдан басқару қиын.
154
К. Маркс өзінің «Фейербах туралы тезисінде»: адам – қо¬ғамдық
қатынастардың жиынтығы, деп анықтама берген.
Жоғарыда айтылғандардың түйіндемесі мынадай.
Басқару қатынасы басқару ғылымының мазмұны болып
табылады. Өндірісті басқару қатынасы басқарумен ықпал
ету үрдісінде адамдардың және ұжымдардың тұрақты өзара
байланыстары мен өзара әрекеттерінің күрделі кешенін білдіреді.
Өндірісті басқару қатынасы сипаты мен түрлері бойынша
жіктеледі.
Олар мыналарға бөлінеді:
•
басқарушы және басқарылушы қосалқы жүйелерінің
арасындағы қатынасқа;
•
басқарушы жүйенің ішіндегі басқару қатынасына (басқару
сатылары және деңгейлері арасында);
•
басқарудың әрбір буынындағы басқарушылар мен
бағынушылар арасындағы қатынасқа (субординация қатынасы).
Өндірісті басқару қатынасы сипаты бойынша мыналарға
бөлінеді:
•
тұлғалар арасында;
•
жүйелер арасында;
•
аралас.
Басқару қатынасы мыналарға бөлінеді:
а) салалық, яғни бір саланың шегіндегі қатынас;
ә) территориялық, яғни бір аймақтың шегіндегі қатынас;
б) салааралық, яғни әр түрлі салалардағы ұйымдардың
арасындағы қатынас;
в) аймақаралық, яғни әр түрлі аймақтардағы ұйымдардың
арасындағы қатынас;
г) территориялық-салалық қатынас.
Басқару қатынасын ұйымдық байланыстардың саны бойын¬ша
жай және күрделі деп бөлуге болады.
Басқару ғылымының мазмұны
Өндірісті басқару үрдісінде адамдардың мақсатты қызметінің
формалары мен әдістерін, міндетті істерін (функцияларын),
қағидаларын әзірлеу, заңдар мен заңдылықтарды анықтау басқару
ғылымының мазмұны болып табылады.
Өндірісті басқару ғылымының міндеті – өндірісті басқару
Достарыңызбен бөлісу: |