Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011 2



жүктеу 4,22 Mb.
Pdf просмотр
бет47/95
Дата01.01.2020
өлшемі4,22 Mb.
#25654
түріОқулық
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   95

149
Бұл  мектеп  адамдардың  ұйымдасуын  өзара  байланысты  және 
өзара  ықпалдасатын  факторлардың  күрделі  кешені  ретінде,  ал 
ұйымдағы  адамды  –  оның  бір  факторы  ретінде  қарастырады. 
Адамның қажеттілігі мен ұйымның қажеттілігі бір-бірімен сәйкес 
келмейтінін анықтап берді.
«Әлеуметтік  жүйелер»  мектебі  ұйымдастырудың  әлдеқайда 
жалпы формаларын зерттеуге талпынды. Ұйымдағы жүйенің негізгі 
бөліктеріне, осы мектеп өкілдерінің пікірі бойынша, индивид (жеке 
адам),  ресми  және  бейресми  факторлар,  топтар,  топтық  қарым-
қатынас,  мәртебелердің  түрлерін  және  топтағы  рөлдер  жатады. 
Жүйе бөліктері ресми және бейресми құрылымдарға, коммуникация 
арналарына,  шешім  қабылдау  үрдістеріне  қатысты  белгілі  бір 
ұйымдастырудың формаларымен байланысқан.
Бұл мектептің ең көрнекті өкілдері – Д. Марч, Г. Саймон және 
т.б.
Қорытынды. «Әлеуметтік жүйелер» мектебі кәсіпорынды өзара 
ықпалдасатын факторлардан тұратын күрделі кешенді жүйе ретінде, 
ал  ұйымдағы  адамды  –  факторлардың  бірі  ретінде  қарастырады. 
Алайда  ол  әлеуметтік  өндірістік  қатынасты  өндірістік  үрдісті 
ұйымдастырумен бірдей қойып теңестіреді.
«Жаңа» мектеп
«Жаңа» деп аталатын мектеп ғылымға басқару әдістері мен дәл 
ғылымдардың аппаратын енгізуге ұмтылуымен сипатталады.
Жаңа мектептің көрнекті өкілдері – Р. Акофф, Л. Берталанфи, С. 
Бир, Л. Клейн және т.б. Бұл мектептің қалыптасуы кибернетиканың 
пайда  болуымен  және  операцияларды  зерттеумен  байланысты. 
Бастапқыда  операцияларды  зерттеу  сандық  талдаудың  тәсілдерін 
әзірлеу ісіне тура келді.
Операцияларды  зерттеу  одан  әрі  дербес  ғылым  саласына 
айналды. Ол (осы сала) екі негізгі бағытта дамыды. Оның біріншісі 
басқару  ісінде  жиі  кездесетін  құбылыстардың  математикалық 
үлгілерін  жасаумен  байланысты  болды.  Оның  ішінде,  қорларды 
басқару,  ресурстарды  бөлу,  жаппай  қызмет  көрсету  міндеттері, 
болжауға келмейтін белгісіз жағдайда тәртіп стратегиясын таңдау 
сияқты құбылыстарды қамтиды.
Екінші  бағыт  жүйені  зерделеуге  көңіл  бөлді.  Бұл  –  «жүйе 
техникасын» құруға алып келді.


150
Одан  ары  «жаңа»  мектепте  дербес  ғылыми  пән  басқару 
шешімдерінің теориясы қалыптасты.
Қорытындысы.  Басқару  теориясының  «жаңа»  мектебі 
ғылымға  басқарудың  әдістері  мен  дәл  ғылым  аппараттарын 
енгізуге ұмтылуымен сипатталады. Оны басқару міндетін шешуде 
математикалық аппараттың пайдаланылатынынан байқауға болады.
Шетелдердегі  басқару  теориясының  негізгі  даму  бағыттарын 
қысқаша айтып өтсек, ол жақта басқаруды оңтайландырудың жаңа 
формалары мен әдістері ұдайы іздестірілетінін байқауға болады.
Бүгінгі  таңда  ұйымды  қайта  құрудың  және  болжам  жасаудың 
әр  түрлі  әдістерімен,  нарықтағы  фирманың  стратегияларымен 
байланысты  салаларда  ізденіс  жұмыстары  кеңінен  жүзеге 
асырылады.
21. Басқару ғылымның мазмұны мен әдісі
Басқару ғылымының объектісі
Басқару  ғылымы  экономикалық-ұйымдастырушылық  ғылымға 
қатысты,  өйткені  ол  өндірісті  басқару  және  тұтас  экономика 
үрдісінде адамдардың қарым-қатынасын, байланысын зерделейді.
Адамдардың  қоғамдасып  тіршілік  етуі  үшін  материалдық 
өндіріс қажет, ал осы өндіріске қатысты қарым-қатынас адамдардың 
қоғамдық  тұрмысын  (болмысын)  анықтап  береді.  Қоғамдық 
өндірістің  ішкі  шеңберінде  тікелей  өндіріс  шешуші  мәнге  ие, 
«Өндіріс  –  тұтыну  үшін  тек  затты  ғана  өндіріп  қоймай,  оның 
тұтынудағы анықтамасын, сипатын, аяқталуын береді» (К. Маркс). 
Онда болатын үрдістер мен оларды басқару осы ғылымның объектісі 
болып табылады.
Басқару  ғылымының  мазмұны  біріккен  еңбекті  басқару 
қажеттілігінен  пайда  болатын  ерекше  міндетті  іс  (функция) 
ретінде басқарудың мәні арқылы анықталады. Өндіріс пен барлық 
экономиканы  біліктілікпен  басқаруды  қажет  ететін  біріккен 
еңбек  саласы,  жеке  адамдардың  кооперативі  ретінде  қарастыруға 
болады. К. Маркс басқару ісіне қатысты былай деп жазған: «...жеке 
орындаудағы  скрипкашы  ешкімнің  сүйемелдеуінсіз  өзі-ақ  ойнай 
алады, ал оркестрге дирижер керек».
Өндіріс пен оның адамдарды басқару үрдісіне адамдардың бір-
біріне белгілі бір қарым-қатынасы жатады. Сондықтан да басқаруды 


151
оқып-білу – бұл ең алдымен өндіріс үрдісіне белгілі бір мақсатпен 
ықпал  ету  барысындағы  адамдардың  өзара  қарым-қатынасын 
зерделеу,  басқару  қатынастарын  қалыптастыратын  заңдарды 
анықтау. Осының негізінде басқару қызметінің қағидалары, оларды 
жүзеге асырудың формалары мен тәсілдері белгіленеді.
Басқару  ғылымы  әр  түрлі  халық  шаруашылығы  буындарына 
қатысты  басқару  үрдістерін  зерттейді:  оның  алғашқы  әрі  ең 
шешушісіне микродеңгей жатады. Кәсіпорынды, жеке өндіріс түрін, 
былайша  айтқанда,  түпкі  есебінде  қоғамның  экономикалық  бет-
бейнесін жасайтын заттай-материалдық құндылықтарды өндіретін 
салаларды басқару объективті қажеттілік болып табылады. Осыған 
қарай  басқарудың  осы  деңгейі  барлық  басқару  жүйесінің  басты 
назарында ұстайтын объектісі болуы керек.
Кәсіпорындарды басқару ісі барлық экономикалық байланыстар 
мен  қатынастардың  жиынтығын  толық  қамти  алмайды.  Өндірісті 
басқарудың ғылыми сипатында кәсіпорын халық шаруашылығының 
біртұтас  жүйесін  құрайтын  қоғамдық,  басқа  да  өндірістік  және 
тұтынушы ұяшықтарымен бірге қарастырылады.
Басқарудың бір объектісі – мезодеңгей. Мұнда басқару пәндеріне 
өндіріс  ұйымының,  технологияның  әр  түрлілігімен  байланысты 
өзіндік  ерекшелігі  бар  салалар,  аймақтар  жатады.  Аймақтарға 
олардың экономикалық дамуының алғышарттары мен кеңістіктегі 
орналасқан орнына, тарихи-географиялық факторларына, өндірістік 
әлеуетіне  қарай  болатын  ерекшеліктер  тән.  Аймақтардың  басты 
құрастырушыларына  аймақтардың  арасындағы  экономикалық 
байланыстар, аймақтық жүйелер, өндірістік күштердің орналасуы 
жатады. Аймақты басқару объектісі ретінде мемлекет пен ұлттық 
экономиканың  (аймақ  мемлекет  сыңайлы  болады),  аймақ-нарық, 
аймақ-әлеумет ретіндегі оқшауланған қосымша жүйені білдіреді.
Әлдеқайда ғаламдық сипаттағы басқару объектісіне макродеңгей 
– экономикалық саясаттың күллі объектісі жатады. Макроэкономика 
–  бұл  экономикалық  теорияның  бөлімі.  Онда  экономика  тұтас 
жүйе  ретінде  зерттеліп,  экономикалық  саясаттың  мақсаттары 
қалыптастырылып,  оларды  жүзеге  асыруға  қажетті  экономикалық 
құралдар  анықталады.  Макроэкономикалық  тәсілдеме  ұлттық 
деңгейде немесе үлкен секторлар деңгейінде экономиканың жағдайы 
мен  қозғалысын  зерттеу  үшін  пайда-ланылады.  Макроэкономика 
ұлттық ауқымдағы экономикамен айналысатындықтан біріктірілген 


жүктеу 4,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   95




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау