55
Грейнердің айтуынша, басшы кейбір персонал мүшелерінің
жеке көзқарастарының қалыптасуын қамтамасыз етеді де, олардың
өмірге енгізілуін қалайды. Адамдар нақты жағдайларды талдай
отырып проблемаларды шешуге маманданады және басшы мен
ұйым өзгерістерін жүзеге асыруға әрқашан дайын болады.
Өкілеттіліктерді талдаудың артықшылығы болашақтағы
өзгерістерге қарсыласу мүмкіндігін жояды немесе азайтады және
берілген проблема бойынша пікірлердің ауқымды шегін құрады.
Кемшілігі – реакцияның бәсеңдеуі шешімнің сапасы топтық
ойлардың ықпалына тәуелді болуы, сондай-ақ бағыныштылардың
ұйымның жалпы мақсаттарына сәйкес баламаларды таңдау
(нәтижесі) тәжірибесі болмауы мүмкін.
Өзгерістерге қарсылықты жою, жеңіп шығу. Өзгерістерге
қарсыласу барлық уақытта болатын құбылыс. Басшы ұйымға
өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдаса, онда қарсылықты жоюы
қажет. Дәстүрлі қалыптасқан әдістерді өзгерту кезінде кез келген
адам ол өзгеріске қарсылық білдіреді.
Басшылар да, бағыныштылар да үйреншікті жұмыс әдістерін
өзгерткілері келмейді. Қарсылықты жою үшін ең алдымен адамдар
неге өзгерістерді қаламайтындықтарын түсінуге тырысу керек.
Өзгерістерге қарсы шығудың себептерінің негізгі үш түрі бар:
а) белгісіздік немесе айқындылықтың болмауы;
ә) бір нәрсені жоғалту сезімі;
б) өзгеріс ешқандай да жақсылық әкелмейтіндігіне сену.
Айқынсыздық немесе белгісіздікке анықтама берудің қажеттігі
жоқ. Әрбір адам қандай да нәтиже беретінін білмейді, сондықтан
оған қарсы тұруы мүмкін.
Екінші себеп – өзгерістер жеке басына зиян тигізеді деп сезінеді.
Яғни, оның қандайда бір қажеттілігі жөнді қанағаттандырылмауы
мүмкін.
Үшінші себеп – ұйымдар үшін өзгерістің қажеті жоқ, өзгеріс
енгізу мәселені шешпейді, керісінше оны ұлғайтады деп ойлау.
9. Корпоративтік стратегия
Әртараптандырылған компанияның
корпоративтік стратегиясы
Әртараптандырылған компанияның стратегиясы мынандай
56
мәселелерге бағытталады:
•
әртараптандыру үшін таңдап алынған компанияларды ары
қарай жылжыту қызметіне;
•
әртараптандыруға қол жеткізген жағдайда іскерлік портфелі
бар белсенді компаниялардың ұзақ мерзімді жұмыстарын жақсарту
шараларына;
•
шаруашылық портфелі бар компанияларға байланысты кез-
келген стратегиялық артықшылықтарды пайдалануға және оларды
бәсекелестік артықшылықтарға ауыстыруға ұмтылуға;
•
кәсіпорынның әр бөлімдерінің болашақтағы табыстылығын
бағалау және корпоративтік ресурстарды өсу үшін тартымды
стратегиялық мүмкіндіктері бар ұйымдарға бейімдеуге.
Компания әрі қарай дамуы үшін өзінің барлық мүмкіндіктерін
тауыспайынша, әртараптандыруды стратегиялық басымдылық деп
қарастырмау керек. Корпоративтік стратегияны әзірлеу үдерісіндегі
басты қағидалар мынадай: нәтижелер алу қажеттілігі; әртүрлі
ішкі және сыртқы оқиғаларды зерттеу; болжамдау; жүргізілген
тәжірибелер; молырақ мәлімет жинау; бар тауқыметтерді түсіну;
күтпеген дағдарыстық жағдайларға көңіл аудару үшін арнайы жүйе
әзірлеу.
Егер кейбір қойылған мақсаттарға қол жеткізе алмайтын қауіп
болса, онда кооперативтік стратегияны әзірлеушілер пайда болған
алшақтықтарды жою үшін басқа шаралар қолданулары мүмкін.
Олар мынадай:
•
кейбір (немесе бәрінің) бизнес-бірліктерінің стратегиялық
жоспарларын өзгерту;
•
іскерлік белсенділік портфеліне жаңа шарушылық
бөлімдерді қосу.
•
әлсіз немесе залал келтіретін бизнес-бірліктерден бас тарту;
•
төмен нәтижелі қызметтердің жағдайын өзгерту үшін
одақтастық құру;
•
корпорациялық мақсаттарды қайта қарау.
Компания стратегиясының
негізгі компоненттері
Әрекет бейнелері мен компания стратегиясының тәсілдерін үш
топқа бөлуге болады: бірінші топ – стратегияда сапалы өзгерістер
болуына күш салу; негізгі стратегияны нақтылы құруға күш салу;
57
компанияның ерекше мәселелері мен ішкі әрекеттер стратегиясын
шешу жолдары; жаңа мүмкіндіктерді бекітуге әрекеттер (ҒЗТКЖ,
жаңа рыноктар және т.б.) қарастыру. Екінші топқа қысқа мерзімді
пайдаға жету үшін жасалатын әрекеттер; басқарудың функционалдық
саласындағы шешімдер; әртараптандыруды бастау жолдары, жаңа
салаларды іздеу жатады. Үшінші топ – саладағы жағдайларды
күшейту әрекеттері; отандық және шетелдік бәсекелестерден қорғау
әрекеттері.
Мұндай факторлар өте көп. Стратегияны анықтауда есепке
алынатын ең алғашқы факторлардың үлгісі төменде келтірілген.
Сыртқы факторлар: 1) әлеуметтік, саясаттық, қоғамдық жағдай
және құқықтық, 2) саланың тартымдылығы, бәсекелстік жағдайлар,
3) компанияның мүмкіндіктері және қауіптер, 4) компанияның
стратегиялық қалпы. Бұған алғашқы үш фактор тікелей әсер етеді.
5) Әр фактордың маңыздылығы туралы және оның стратегияға
әсері туралы түйін, 6) стратегиялық белсенділік пен теңестіру, 6)
стратегияға сәйкес жағдайларды анықтау.
Ішкі факторлар: 1) компанияның күшті және әлсіз жақтары, 2)
бәсекелестік нарықтық жағдайы; 3) бизнес философиясы, этикалық
қағидалар; 4) компания акцияларының құны мен компанияның
мәдениеті.
Бұл келтірілген өзара қатынасы бар факторлар әдетте кешенді
болып саналады және салалар мен компаниялар үшін ерекше
айырмашылықтары бар.
10. Фирма стратегиясы
Ұйым стратегиясының мәні
Бұл мәселе бойынша екі түсінік бар. Біріншісі: стратегия
түсінігінің негізінде стратегияның түпкі жағдайы жатыр. Ол
жағдайға қолжеткізу үшін ұзақ уақыт өтеді. Екінші – негізгі
мақсатты анықтау және ұзақ мерзімді жоспар жасау.
Фирманың бизнесін дамытатын әртүрлі типті ұйымдар бар. Ол
үшін мыналарды анықтау қажет: стратегияны дайындау жолдарын
белгілеу; шоғырланған өсу; интеграциялық өсу стратегиясы;
әртараптандырулы өсу стратегиясы; қысқарту стратегиясы.
Фирма стратегиясын қажет ағымдағы стратегияны анықтау;
бизнес портфелін сараптау; фирма стратегиясын таңдау; таңдап
Достарыңызбен бөлісу: |