Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011 2



жүктеу 4,22 Mb.
Pdf просмотр
бет13/95
Дата01.01.2020
өлшемі4,22 Mb.
#25654
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   95

41
негізгі құралы болуы. 
Өнімнің негізгі құрамдары: оның қасиеттері, өнімнің маркасы, 
өнімнің  имиджі.  Өнімнің  өзіне  тән  тұрақты  әрі  көпшілік  білетін 
ерекшеліктері,  ерекше  сапа  мен  белгілері  болса,  онда  оның  оның 
бедел-абыройы жоғары болады.
Өнім өмірінің циклдік фазалары: өнімнің рынокқа шығуы, өсуі,  
кәмілеттігі, рыноктан кетуі; әр өмір циклындағы фазалардағы өнім 
стратегиясы;  жаңа  өнім  шығару  стратегиясы:  жаңашылдар  және 
бірізділіктер; жаңа тауар шығарудағы жолдар; жаңа тауар жасаудың 
кезеңдері – ойлар, оларды іске асыру. 
Фирманың  өнімдік  стратегиясы.    Өте  маңызды.  Фирманың 
нарық бәсекелестігінде аман қалуы үшін, өнім бәсекелестігі ерекше 
қызмет  атқарады.  Сонымен  қатар  ескеретін  жағдай  ол  бәсекелік 
талдау  жолын  табу  –  оның  мақсаты,  ол  не  істей  алады,  яғни 
бәсекелестік тәртібі келешекте қандай болмақ. Бәсекелестік талдау 
мүмкіндіктері, фирманың бәсекелстік ортадағы жағдайы да өз рөлін 
атқарады. 
Әртараптандыру стратегиясы
Әртараптандыру латын тілінен аударғанда – өзгеріс, әртүрлі деген 
ұғымды білдіреді, яғни  шаруашылық қызметті жаңа аяларға тарату 
(шығаратын өнімдердің ассортиментін, өнім қызметтерінің түрлерін, 
қызметтің  жаграпиялық  аясын  және  т.с.с.).  Әртараптандыруды 
кәсіпорындардың  тікелей  өндірістік  байланысы  жоқ  салаға  енуі 
немесе  олардың  негізгі  қызметтерінен  функционалды  тәуелді 
деп  түсінуге  болады.  Әртараптандыру  нәтижесінде  кәсіпорындар 
көпсалалы күрделі кешенге немесе конгломератқа айналады. 
Әртараптандыруды бағалау үшін үш түрлі белгілер бар.
1.  Тартымдылық  белгісі.  Әртараптандыруға  таңдап  алған 
сала  салынған  қаражаттан  жақсы  табыс  алу  жағынан  кәдімгідей 
тартымды болуы керек. 
2.  «Кіру шығындарының» белгілері. Жаңа салаға ену кезінде 
шығындар көлемі жоғары болса, таза табыс алу үшін төленетін ақы 
жоғары  болса,  онда  кәсіпорынның  акцияларының  табыстылығы 
төмендейді.
3.  Қосымша  ұтымдылық  белгісі.  Бұрын  соңды  болмаған 
бәсекелстік артықшылық жасау мүмкіндіктерін туғызады. 


42
Әртараптандыруды өткізу туралы шешім қабылданғаннан кейін, 
оны  жүзеге  асырудың  түрлі  мүмкіндіктерді  таңдалады.  Әдетте 
әртараптандырудың алты стратегиясы қарастырылады:
1.  жаңа салаға кіру стратегиясы – біріккен кәсіпорын;
2.  жақын салалардағы әртараптандыру стратегиясы;
3.  жақын емес саладағы әртараптандыру стратегиясы;
4.  қысқарту және тарату стратегиясы;
5.  құрылымды қайта қарау, қайта қалпына келтіру;
6.  көп тиімді әртараптандыру стратегиясы.
Алғашқы үш стратегия әртараптандырудың әдістеріне жатады, 
ал  соңғы  үшеуі  әртараптандырылған  компанияларын  күшейту 
стратегиялары болып табылады.
 
6. Жоспарлау стратегиясы және стратегияны іске асыру
Стратегиялық жоспарлау 
Жоспар дегенді ойда жүрген болжау, болашақта қалай дамытып 
іске асуы керек деген ой-пікір. Ол жүзеге асу үшін қандай әзірлік, 
іс-тіршілік және қандай мақсаттар барын анықтау қажет.
Жоспарлау  -  басқарудың  бір  қызметі.  Яғни  басқару  объектісі 
ағымда  және  болашақта  қалай  дамуы  керек  екендігі  туралы  ең 
тәуір  (жақсы)  баламаны  таңдай  білу  қажет.  Бұл  балама  басқару 
объектісінің мақсатына және мүмкіндіктеріне (ресурстарға) сәйкес 
болуы керек.
Жоспарлау  иілмелі,  басқару  объектінің  өзінің  және  сыртқы 
ортаның  ұдайы  өзгерулеріне  бейімделуге  қабілетті  болуы  керек. 
Олар нысанаға алынған мақсаттарға, әсіресе, нарық субъектілерінің 
қажеттерін қамтамасыз етуге бағытталған. 
Нарықтық  экономика  жағдайында  басқару  объектісінің  ұзақ 
мерзімді  бәсекеге  қабілеттілігін,  мықтылығын  және  жағдайының 
тұрақтылығын қамтамасыз ету - жоспарлаудың негізгі міндеттері. 
Басқа тағы бір міндеті – мәліметтік-бағдарлық.
Тәжірибеде жоспарлаудың көптеген түрлері бар. Олардың ішінде 
–  оперативтік,  тактикалық,  орта  мерзімдік  және  ұзақ  мерзімдік, 
орталандырылған, кооперативтік, бизнес-жоспарлау және т.б. бар.
Әдістер  және  технологиялар  бойынша:  орталандырылған 
(директивті) және орталықсыздандырылған, мөлшерлі, индикативті 
жоспарлау болып бөлінеді. 


43
Индикативтік  жоспарлау  шаруашылық  субъектісінің  шешуші 
көрсеткіштер  жүйесін  қалыптастырып  және  үдеріске  әсер  ететін 
шараларды  қамтиды.  Өзінің  атқаратын  қызметіне  байланысты 
өндірістік  (өнім  дайындау),  коммерциялық  (материалдық-
технологиялық  жабдықтау),  инвестициялық,  еңбек  және  жалақы 
және т.б. белгілейді
Стратегиялық  басқаруға  байланысты  жоспардың  болашақтық, 
тактикалық және оперативтік түрлерін атауға болады.
Стратегиялық  жоспарлау  стратегиялық  басқарудың  негізгі 
буыны, стратегияны әзірлеу және оны айқындау қызметін атқарады
Стратегиялық  жоспар  –  құжат,  оған  ұйымның  миссиясын 
қалыптастыру,  оның  мақсатын  анықтау,  ішкі-сыртқы  ортаны 
сараптау және стратегиясын дайындау кіреді. 
Стратегияны жүзеге 
асыру және менеджмент  
Стратегияны жүзеге асыру және менеджмент ең алдымен ұйымды 
бағалау  және  таңдау  мәселелерін  қамтиды.  Онда  стратегияның 
нұсқаларын анықтау ерекше орын алады. Стратегиялық нұсқалардың 
негізі:  өнім  категориясы  және  рыноктің  категориясы,  өнімдердің 
сипаттамасы, өнімдік және нарықтық портфельдер.
4-сурет.  Стратегияны жүзеге асыру үдерісі


44
Бағалайтын белгілерді қолдану:

  таңдап алған стратегия сәйкес пе?

  таңдап  алған  стратегиясы  технико-экономикалық  жағынан 
негізделген бе?

  стратегия қолдау тапқан ба?

  таңдап алған стратегия бәсекелестік артықшылықтарға қол 
жеткізе ме?
Стратегияны  жүзеге  асыру  –  ол  желілі,  тиімді  стратегиялық 
үдеріс. Оның үлгісі жоғарыдағы 4-суретте көрсетілген.
5-сурет.  Стратегиялық жоспарлауды іске асыру үлгісі
Стратегияны орындау менеджментіне мыналар кіреді:

  өзгерістердің қажеттілігі;

  инерция өзгерістер үшін кедергі;

  К. Левиннің үш сатылы өзгерістер үлгісі («еріту», жаңа 
деңгейге жылжу, «қатып қалу»).


жүктеу 4,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   95




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау