Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



жүктеу 2,02 Mb.
бет47/111
Дата21.11.2023
өлшемі2,02 Mb.
#44410
түріОқулық
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   111
Bilim Bahisheva-Ped-jobalau (2)

Жобаны құрастыру – білім беру үдерісіне ендірілетін өзгерістерді және оның нәтижелерін жобалау;
Басқарушы және педагогтарды педагогикалық үдеріске ендірілетін өзгерістерге теориялық, әдістемелік және психологиялық даярлау, жобаланған өзгерістерді қоғам тарапынан қолдау ісін ұйымдастыру немесе жоба туралы келісімге келу;
Жобаны нормативтік, ұйымдастырушылық, материалдық және қаржылық қамтамасыз ету;
Білім беру үдерісіне шағын өзгерістер ендіру (білім жүйесінің белгілі сатыларына ғана, немесе, жеке пәндерді оқыту көлемінде, т.б.)
Білім беру үдерісіне жүйелі өзгерістер ендіруге көшу, немесе жобаны жүзеге асыру;
Белгілі кезеңдерде қол жеткен нәтижелерді талдау, басқару және әдістемелік шараларға түзетулер мен толықтырулар ендіру, педагогикалық үдерістің сапасын өзгертудегі перспективалық бағыттарды анықтау немесе жобаны қорыту.
Бұл кезеңдер де өзгертіле алады, әр кезеңнің ұзақтығы да әр түрлі болу мүмкін, сонымен қатар әрекеттер түрлі болатыны сөзсіз.
Даму бағдарламасын құрастыруда төмендегі талаптардың орындалуы қамтамасыз етілді:
біріншіден, педагогтардың, ата-аналардың, білім алушылардың оны құрастыруға қатысуы аталған бағдарламаның шын мәнінде білім беру ұйымын дамыту құралына айналуына мүмкіндік береді;
екіншіден, бағдарламаның жүйелілігін қамтамасыз ету, оның мақсат міндеттері мен жүзеге асырылу құралдарының өзара байланыста болуы оның тиімділігіне негіз болады;
үшіншіден, бағдарламаның орындалу барысы туралы ұжымды, ата-аналарды және білім алушыларды, сыртқы ортаны хабардар етіп отыру міндетті болып табылады. Оның формасы ретінде білім беру мекемелерінің көпшілікке ұсынылатын есеп ретіндегі баяндамасын алуға болады.
Бағдарламалардың нұсқаларын екі негізгі топқа біріктіруге болады. Олар: жаңа талаптар мен іс-әрекеттерді орындауға бағытталған бағдарламалар; педагогтардың инновациялық әрекеттерін қолдауға бағытталған бағдарламалар. Сонымен қатар, тәжірибеде осы нұсқалардың араласқан түрін білім беру нәтижелерін көтеру үдерісін басқаруда кездестіруге болады.
Бағдарламаның білім беру үдерісін жаңаша құрудағы негізгі бағыттары белгіленіп, олар бөлімдер ретінде ұсынылды:

  • Жаңа білім беру стандарттарына көшуді ұйымдастыру:

  • Оқу жоспарының варианттарын таңдау.

  • Пәнаралық нәтижелерге бағытталған жұмыс жоспарларын құрастыру.

  • Оқу үдерісін жоспарлау.

  • Оқу тәртібін белгілеу.

  • Сабақ кестесін жасау.

  • Білім беру технологияларына өзгерістер енгізу.

  • Оқулықтардың пәндік-әдістемелік түрлерін таңдау.

  • Бейіндік оқытуды ендіру.

  • Желілік қарым–қатынасты орнату.

  • Элективтік таңдау және факультативтік курстарды таңдау және мазмұнын құрастыру.

Білім беру үдерісін жаңаша ұйымдастыру:

  • Білім алушылардың қорытынды және аралық бақылау жүйелеріне өзгерістер енгізу.

  • Ұлттық бірыңғай тестілеуге даярлау.

  • Пәндік және метапәндік нәтижелерді бағалау.

  • Функционалдық сауаттылық пен түйінді құзыреттіліктерді бағалау.

Білім беру үдерісінің мектепішілік сапалық көрсеткіштерін анықтау.
Мектептің жаңаша ұйымдастырылу сапасы:
Жаңа қарым-қатынас талаптары.
Білім берудің әртүрлі жүйелерінің орынды пайдаланылуы ( өз бетімен білім алу, қосымша білім беру, шығармашылық тәжірибелер, т.б.).
Өзін - өзі басқару ұйымдары.
Педагогикалық үдеріске қатысушылардың құқықтары мен міндеттерінің үйлесімді сақталуы.
Педагогикалық және әлеуметтік бастамаларды қолдау. Әлеуметтік жобалау.
Білім берудің нәтижелеріне қоғамдық сараптама жасалуы және мектептің қоғамдық аттестациялаудан өтуі.
Мектептегі білім беру ортасы
Басқа мекемелерімен - мектепке дейінгі білім беру, қосымша білім беру, кәсіптік білім беру мекемелерімен, мәдениет және спорттық ұйымдармен өзара байланысы.
Ата-аналармен педагогикалық серіктестік тұрғысындағы қарым-қатынасы.
Қоғамды ұйымдармен қарым-қатынасы.
Мемлекеттік мекемелермен және түрлі меншік иелеріндегі өнеркәсіптермен, мекемелермен қарым-қатынасы.

жүктеу 2,02 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   111




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау