Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 (075. 8)



жүктеу 6,41 Mb.
бет11/147
Дата05.12.2022
өлшемі6,41 Mb.
#40466
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   147
Bilim Mendebaev-Stand-metr-sertif

Ресей Федерациясы. 1998 жылы Ресейдің Мемстандарты ұлттық стандарттау жүйесінің жаңа концепциясын қабылдады. Осы концепцияның негізінде стандарттардың функциялары: гигиенаның, санитарияның заманауи талаптарына сәйкес келетін өнімнің сапасын және қауіпсіздігін, қоршаған ортаны қорғауды және адам мен оның мүлкінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету көрсеткіш деңгейлерін қарастырады. Ресейде қабылданған концепцияның негізгі қағидалары аналогты болып келеді. Бұл стандарттарды орындаудың еріктілігі, техникалық регламенттер арқылы өтетін, мемлекетпен қамтамасыз етілетін бір ғана шектеу критерииі – бұл тұтынушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі. Ресей Федерациясының билігімен техникалық регламенттерді дайындау бағдарламасы қабылданған. Бұл бағдарламаға сәйкес 181 техникалық регламент дайындау қажет, мысалы, бұл: «Теміржол транспортының және онымен байланысты инфрақұрылымның қауіпсіздігі туралы», «Ғимараттарды, құрылымдарды қауіпсіз эксплуатациялау және оларға кіретін территорияларды қауіпсіз қолдану туралы», «Экологиялық қауіпсіздік туралы», «Биологиялық қауіпсіздік туралы», «Химиялық өнімдердің қауіпсіздігі туралы», «Дәннің, оның өндірілу, сақталу, тасымалдану, жүзеге асырылу, қайта өңделу және жою үрдістерінің қауіпсіздігіне арналған талаптар туралы» және т.б. регламенттері.
Айта кету керек, 2010 жылдың басында регламенттерді дайындау бойынша жұмыс өте қиын болды, тек 15 техникалық регламент қана Мемлекеттік Думамен дайындалды және қабылданды. 2009 жылдың 30 желтоқсанынан бастап, «Техникалық реттеу туралы» заңына толықтыруда айтылған Ресей Федерациясының территориясында Белоруссияның, Қазақстан-ның және Еуропалық Одақтың техникалық регламенттерін қолдануға рұқсат берілген. Ресей Федерациясының регламенттері өте үлкен, онда қолданушылар мен дайындаушылар арасында қарама-қайшылықтар туғызатын талаптар өте көп. Мысалы, «Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы» регламент 182 беттен тұрады, салыстырмалы түрде Қазақстанда аналогты регламент 13 беттен тұрады.
2009 жылдың қарашасында стандарттау сұрақтары бойынша жиналыста Ресей Федерациясының президенті Д. А. Медведев: «...және техникалық реттеуге қатысты... Біздің түзу техникалық реттеу жүйесін дайындау жұмысымыз ештеңемен бітпеді...» – деді.
Ресейдегі техникалық реттеудің құқықтық статусы 2003 жылдың шілдесінде күшіне енген «Техникалық реттеу туралы» Федералдық Заңымен бекітілген. Ресейдегі техникалық реттеудің нақты қызметтері мен міндеттері:
- техникалық реттеу және стандарттау бойынша жұмыстарды жүргізудің реті мен ережелерін орнатуды;
- техникалық реттеу және стандарттау бойынша техникалық комитеттердің қызметтеріне әдістемелік жетекшілік ету мен реттеуді;
- стандарттау бойынша нормативтік құжаттарды мемлекеттік тіркеуді;
- стандарттау салаладағы мемлекеттік саясатты құру мен жүзеге асыруды;
- техникалық регламенттерге енгізілген мемлекеттік стандарттардың міндетті талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылау және қадағалау жүргізуді;
- халықаралық стандарттарды қолдану ережелерін орнатуды;
- стандарттау бойынша кадрларды дайындауды және қайта дайындауды ұйымдастыруды;
- стандарттау бойынша халықаралық ұйымдарда Ресейді көрсетуді қамтиды.
Сонымен қатар Ресейдегі техникалық реттеу жалпы орнату құқығымен бөлінген, яғни барлық елдер үшін бірыңғай техникалық реттеу және стандарттау бойынша жұмыстардың барлық түрін жүргізудің ұйымдастырушы-техникалық ережелерін орната алады. Бұл үшін РФ МСЖ-нің негізге алынатын: ГОСТ Р 1.0-92 «РФ МСЖ. Негізгі жағдайлар», ГОСТ Р 1.2-92 «РФ МСЖ. Мемлекеттік стандарттарды дайындау реті», ГОСТ Р 1.4-2002 «РФ МСЖ. Сала стандарттары, өндіріс стандарттары, ғылыми-техникалық, инженерлік қоғамдардың және басқа да қоғамдық бірлестіктердің стандарттары», ГОСТ Р 1.5-2004 «РФ МСЖ. Стандарттардың құрылымына, орналасуына, рәсімделуіне және мазмұнына қойылған жалпы талаптар», ГОСТ Р 1.8-95 «РФ МСЖ. Мемлекетаралық стандарттарды дайындаудың және қолданудың реті», ГОСТ Р 1.10-95 «РФ МСЖ. Стандарттау, метрология, сертификаттау және олар туралы ақпараттар бойынша ережелерді және ұсыныстарды дайындаудың, қабылдаудың, тіркеудің реті» мемлекеттік стандарттарының кешені қабылданған.
Ресейдегі техникалық реттеумен Ресей Федерациясының барлық субъектілерінің территориясында және ірі өндіріс орталықтарында территориалдық органдар құрылған (техникалық реттеудің және метрологияның орталықтары Ростест – Мәскеу, Тест Санкт-Петербург және т.б. ).

1.8. Қазақстан Республикасындағы стандарттау бойынша



жүктеу 6,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау