Кәсіпкерлікті дамытудың
факторлары мен тетіктері
Республикада кәсіпкерлікті дамытуға үлкен ден қойылып,
бірқатар заңдар мен жарлық, қаулылар қабылданды. Атап айтқанда,
алғашқы құжаттардың бірі «Жеке кәсіпкерлікті қорғау мен қолдау
туралы» Заңы 1992 жылдың 4 шілдесінде қабылданып, онда
кәсіпкерлікті мемлекеттік қорғау және қолдаудың мәні мен мазмұны,
басты мақсаттары мен бағыттары айқындалады.
Кәсіпкерлікті
мемлекеттік қорғау және қолдау дегеніміз – аталған қызметті
орындаудағы құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық
жағдайды қалыптастыру, мемлекетте жаңа экономикалық
құрылымдарды орнату болып табылады.
Республикада
«Кәсіпкерлікті қолдау мен бәсекені дамыту» Қоры құрылып,
Президент Жарлығымен 1994 жылдың сәуір айында «Кәсіпкерлікті
қолдау мен бәсекені дамыту жайындағы» мемлекеттік комиссия өз
қызметін бастады. Жалпы бағыттық іс-әрекеттерді жүйелі орындау
мақсатында Қазақстан Республикасы кәсіпкерлікті мемлекеттік
қорғау және қолдаудың 1994-1996 жж. арналған бағдарламасы
жасалынады. Аталған бағдарламаның басты мақсаты – экономикада
жеке меншіктің секторын қалыптастыру және дамыту, кәсіпкерліктің
инфрақұрылымын жетілдіру болып табылады. Ел Президентінің
«Азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсіпкерлікпен айналысуға
еріктілігі жөніндегі құқығын қорғау туралы» Жарлығының
қабылдануы мемлекеттің кәсіпкерлікті дамыту мәселесіне зор
маңыз бергенін дәлелдейді. Әр жылдың сәуір айында Алматыда
өтетін республика кәсіпкерлерінің жыл сайынғы форумында да осы
мәселеге көп көңіл бөлінеді. Мұнда кәсіпкерліктің дамуына баға
беру мәселесі қаралып, оның нәтижесінде кәсіпкерлікті дамытудағы
кедергілер мен оларды жою бағыттары қарастырылады.
Әрине, кәсіпкерліктің құқықтық-ұйымдастырушылық негізін
құруда әлі де болса шешімін күткен мәселелер айтарлықтай. Оның
үстіне лицензия беруші, тексеруші органдардың көптігі, кеден
және салық заңдарының жетілмегені, кемшіліктер, несие алудың
қиындығы, кәсіпкердің мүддесін қорғайтын шаралардың аздығы
90
елеулі кедергі жасайды. Сондықтан да экономикада кәсіпкерлік
субъектілерінің сандық үлесі артса да, одан түсетін салықтық
кіріс мөлшері аз. Бюджетке салықтың аз түсуі, салық жүйесінің
жетілмегені де әсер етеді. Себебі салық мөлшерінің жоғары
болуынан кәсіпкерлер табыстарын жасырады.
Кәсіпкерлік қызметті дамыту мақсатында мынадай іс-шараларды
жүзеге асыру қажет:
•
мемлекет тарапынан кәсіпкерлікті барынша қолдау;
•
мақсатты бюджеттік қаржыландыру саясатын жүргізу;
•
жеңілдетілген несие беру саясатын жүргізу;
•
кәсіпкерлер құқығын қорғайтын орган жұмысын
жандандыру;
•
кәсіпкерлік
қызметті
тіркеуден
өткізу
кезіндегі
қиыншылықтарды жою;
•
тексеруші органдар санын қысқарту;
•
заңдардың орындалуын қамтамасыз ету және т.с.с.
Жоғарыда аталған факторлардың болуы кәсіпкерлік субъектілерін
«көлеңкелі экономикаға», салық төлеуден жалтаруға итермелейді.
Қазіргі кезде бизнестегі дағдарыстық процестер оның жүйесіз және
хаостық түрде құрылғандығымен айқындалады. Бұл жағдайдың
басты себебі – несие алудың жоқтығы ғана емес, сонымен бірге
кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік стратегиясының жоқтығы.
Бұл шараның көмегімен шағын және орта кәсіпкерлік нарыққа өз
арнасын, жаңа нарықтарды, жаңа тауар түрлерін алады, сонымен
қатар экономикада бәсекені жақсартады.
Сондай-ақ кәсіпкерліктің дамуына, әр түрлі ресурстардың
жылдам айналуына, кәсіпорындар арасында тиімді қатынастар
орнауы үшін қолайлы жағдай құрылуына нарық инфрақұрылым
элементтерінің дамуы да үлкен әсер етеді. Бизнесті дамыту үшін
нарық инфрақұрылымына үлкен көңіл бөлу қажет. Өйткені
нарықтық инфрақұрылым дамымай, шағын және орта бизнес
алға баспайды. Банктер, тауарлық және басқадай биржалар,
сақтандыру компаниялары, аудиторлық және консалтингтік
компаниялар, транспорттық және байланыс кәсіпорындары нарық
инфрақұрылымның басты элементтері болып саналады.
Қазақстанда құрылған кәсіпкерлік субъектілерінің басым
бөлігі сауда саласында қызмет жасайды. Өйткені сауда немесе
коммерциялық бизнес басқа бизнес түрлеріне қарағанда жақсы
91
дамыған. Қазақстан қалаларындағы әр түрлі дүкендер мен базарлар
саны осының дәлелі бола алады.
Ұзақ мерзімде кәсіпорындар тек саудамен ғана емес,
экономиканың әр саласында жұмыс істеуі қажет. Сондықтан
мемлекеттік органдар кәсіпкерлік субъектілеріне жан-жақты көмек
көрсетуі қажет.
Жалпы кәсіпкерліктің экономикалық белсенділігі мен әлеуметтік
бағдар ұстауының кепілі, оның өздігінен қоғамның орташа топтарына
жататындығы емес, оның дәулеті мен тұрмысының нақты шынайы
меншікке негізделуі болып табылады. Қазіргі уақытта шағын
кәсіпорындар жұмыс істеп тұрған барлық шаруашылық жүргізуші
субъектілердің 80 пайызын құрайды. Сонымен бірге кәсіпкерлікті
дамытуға бағытталған шешімдерді орындауда іркіліс байқалады.
Бұл жерде басты себеп – бюрократиялық қысымдар. Осындай
және басқа да себептерге байланысты кәспкерлер бөлігі жасырын
салаға өтіп жатыр. Осы жағдайда ескеретін жәйт, кәсіпкерлердің
құқығын қорғайтын жүйе жасау, тексеруші органдардың және
рұқсат беруші құжаттардың санын азайту. Кәсіпкерлердің жетпіс
пайызы өздерін қолдайтын аймақтық бағдарлама туралы хабарсыз.
Кәсіпкерліктің күрделі мәселелерінің бірі – несиелік ресурстарды
алудың қиындығы. Себебі несие алу үшін кепілге қоятын мүлік,
бизнес-жоспар жоқ. Осы себептен банктерде шағын және орта
кәсіпкерлікті қаржыландыруға асықпайды.
Тұрақты экономикалық жүйеде кәсіпкерлік динамикалық
түрде дамуы мүмкін: тұтынушылардың сұранысының өзгеруіне
бейімделеді, бәсекелес нарықтық қатынастарға ықпал етеді,
экономиканың құрылымдық қайта құрылуына әсер етеді, жаңа
жұмыс орындарын ашады, жаңа кәсіпкерлік топ пен меншік
иелерінің құрылуына жағдай жасайды, елдің жалпы ұлттық
өнімінде үлкен үлеске ие бола алады, мемлекеттік бюджетке үлкен
қаржы сомаларын береді.
Заңдық күші бар құжаттарда көрсетілгендей, кәсіпкерлік –
өзінің, қарызға алынған және басқа мүліктері мен құралдар есебінен
қызметке қатысушы тұлғалардың бәріне бірдей жақсы нәтиже мен
табыс әкелетін ынталы шаруашылық немесе басқадай қызмет түрі.
Заңды тұлғалар, Қазақстан және басқа елдердің азаматтары,
шетелдік заңды тұлғалар кәсіпкерлік қызмет субъектілері бола
алады. Кәсіпкерлер өз ынтасы бойынша барлық шешімдер мен
92
іс-әрекеттерді жүзеге асыруға құқықылы. Кәсіпкерлер қызметінің
барысы, заңға қайшылық етпесе, шектелмейді. Олар: Кәсіпкерлер
Конгресі, Қазақстан өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлерінің Одағы,
Шағын кәсіпорындар Одағы және т.б. Кәсіпкер жұмысқа кез келген
адамды тарта алады, осы қатынасын шарт арқылы бекітеді. Бұл кезде
оларды сәйкес еңбек жағдайымен, еңбек ақысымен қамтамасыз етуі
тиіс, сонымен қатар басқа әлеуметтік-экономикалық кепілдіктер
ұсынуы қажет.
Кәсіпкердің мемлекетпен өзара қарым-қатынасы да белгіленген.
Мемлекеттік басқару органдары кәсіпкерлермен экономикалық әсер
ету механизмінің әр түрлі тұтқаларын қолдана отырып қатынасқа
түседі. Ол тұтқалар мыналар:
•
салық және қаржылық-несиелік саясат, соның ішінде
экономикалық санкция (салық мөлшерлемелері, несие бойынша
пайыз, т.б.) шаралары;
•
баға белгілеу саясатын реттеу;
•
монополияға қарсы заңдылық;
•
мемлекеттік мүлік және резерв жүйесі, лицензия, лизинг;
•
сыртқы сауда және валюта саясаты;
•
мемлекеттік тапсырыстар;
•
ғылыми-техникалық, экономикалық және әлеуметтік
бағдарламалар.
Республика кәсіпкерлерінің бар көңілі мен энергиясы белгілі
бір нақты нәтижелерге бағытталуы тиіс. Олар мынадай сипатты
белгілерге ие болады:
•
шешімдерді өз бетімен қабылдау;
•
жаңалықтарға икемді болу;
•
бизнеске белсенді қатысу;
•
жаңалықтарды батыл енгізу.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 14
маусымындағы «Кәсіпкерлік қызмет бостандығына мемлекеттік
кепілдіктерді іске асыру жөніндегі қосымша шаралар туралы»
Жарлығында кәсіпкерлік қызметте мемлекеттік кепілдіктерді қолдау
мен қорғауды қамтамасыз ету, мемлекеттік органдардың лауазым
иелерінің жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың қызметіне
негізсіз араласу фактілерін болғызбау мақсаты көзделген.
Кәсіпкерліктің орын алар жері – ең алдымен кәсіпорын. Қазіргі
өтпелі нарық қоғамында өнеркәсіп ошақтарын оңалту, демеу және
93
қаржылай сауықтыру үрдісі жүргізілуде. Ендігі кезде тұралаған
кәсіпорындарды банкроттыққа ұшырату, яғни оның дәрменсіздігін
белгілеп, таратуға негіз салу маңызды.
Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың ең қарапайым формасы – ол жеке
іскерлік. Бұл жағдайда кәсіпкер жеке тұлға ретінде кәсіпорынның
мәртебесін иеленбей-ақ, өздігінен іс-қимыл жасайды. Жеке
кәсіпкерліктің тағы бір түрі – жеке кәсіпорын, фирма. Бизнестің
мұндай формасында мекеме құру құқы кез келген азаматта бар. Бұл
үшін мемлекет жеке кәсіпорынды тіркеуден өткізіп, заңды тұлға
мәртебесін береді.
Достарыңызбен бөлісу: |