86
маклерлік, делдалдық, жарнама, қолданбалы зерттеу жұмыстары
бойынша қызмет көрсетумен қамтамасыз етіліп, белсенді рөл
атқарды. Кәсіпкерлер өздерінің күштері мен қаржыларын біріктіріп,
жеке – даралықтан ұжымдық іскерлікке өтуге бейім тұрады. Бұл
жағдайда ортақ бір тұтас кәсіпорын құрамында жекелеген кәсіпкер
өз мүлкіне жекеменшігін сақтайды. Дегенмен де серіктестіктерде,
кооперативтерде оның құрылтайшылары мен қатысушылары құрал
– жабдық және басқа да мүлікті толық немесе ішінара біріктіреді.
Жеке кәсіпкерліктің бұл мүмкіндігі бизнесті дамытушы күш,
маңызды фактор болып есептелінеді. Сонымен қатар, ұжымдық
бизнестің көптеген формалары капиталдың қосылуы, ортақ
меншіктің құрылуы, осы бірігудің барлық мүлкіне жауап беретін
заңды тұлға жасаумен байланысты.
Кәсіпкерлікті дамыту кез келген деңгейдегі басқаруды жетілдіру
үшін қажет. Кәсіпкерлікті дамыту мынадай сұраққа жауап іздеуі
керек: «Геосаясаттық өзгерістер іскерлік белсенділікке қандай
әсер тигізеді»? Кез келген экономиканың бүгіні мен болашағында
«стратегиялық көзқарассыз» ешқандай даму болмайды.
Кәсіпкерлік мәселелері бүкіл іскерлік әлемді толқытып отыр.
Сондықтан да 1990 жылы мамыр айында Вашингтонда өткен
стратегиялық басқарудың халықаралық конференциясының
леймотиві – «Кәсіпкерлер жаңа шаруашылық ойлауды іздестіруде»
деп аталады. Онда кәсіпкерлердің ұшқыр мәселелері, экономикаға,
ұйымдастыруға, технологияға, өнімге деген жаңа қадам іздестіру
туралы толғаныстар қарастырылады.
Конференцияда басты назар мына мәселеге аударылды:
«Белсенді іс әрекеттер арасында»:
1. өз қызметінің стратегиялық бағыт бағдарын жеке түсіне
білетін;
2. уақытты, жаңалықтар мен идеялар, тәжірибелердің үзіліссіз
ағымынан
қалып қоймай,
оларды тиімді пайдалана алатын;
3. ұйымдастырудың, жұмыс тәртібінің тиімді түрлерін,
ресурстар мен жұмыскерлер күш жігерінің тиімді үйлесімін,
арақатынасын
таба білген;
4. біріккен
еңбек
оның
барлық
қатысушыларын
қанағаттандыратын корпорациялар жатады.
Кәсіпкерлікті дамытудың бұл шарттары нарықтық экономикаға
өтудің бастапқы кезеңінде тұрған елдер үшін өте құнды. Бұл әрине,
87
Қазақстанға да қатысты.
Кәсіпкерлікті жетілдіру экономиканың тұрақтылығы мен оның
бәсекелік сипатын қалыптастыруда басты күштерінің бірі болып
табылады. Кәсіпкерлікті дамыту үшін субъектінің белгілі бір
дәрежеде еркіндігі мен құқығы, шаруашылық қызметінің бағытын
таңдауда еріктігі, қабылданатын шешімдерге, одан туындайтын
нәтижелерге тәуекелдіктің болуы қажет. Кәсіпкерлік дамуы үшін,
оның құқықтық базасы, әлеуметтік-экономикалық шарттары
қалануы керек. Республикамыздағы кәсіпкерліктің экономикалық
мәнін тереңнен түсінуге «Қазақ КСР-індегі шарауашылық қызмет
еркіндігімен кәсіпкерліктің дамуы» туралы заңның қабылдануы
жол ашты. Бұл заң азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсіпкерлік
қызметінің еркіндігін қамтамасыз ететін негізгі құқықтық,
экономикалық, әлеуметтік шаралар мен кепілдіктерді анықтап берді.
Еркін кәсіпкерлік меншіктің әр түрлі формада, түрде, типте
болуын қалайды. Кәсіпкерлік қызметтің орын алар жері ең алдымен
– кәсіпорын.
Заңмен бекітілген іскерлік қызметті ұйымдастырудың
әдістері бизнестің немесе кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық
формасы деп аталады.
Нарықтық қатынастарға өтуге халықты
кеңінен кәсіпкерлікке тарту қажет. Нарықтық экономиканың тиімді
жұмыс істеуі үшін нарықтық іс басындағы субъектілердің толық
өзін-өзі басқаруы мен олардың экономикалық тәуелсіздігі болуы
қажет.
Халық шаруашылығында жұмыс істейтін кәсіпорын ұйымдық-
құқықтық құрылысы, масштабы, қызмет ауқымы жағынан әр
түрлі болып келеді. Құқықтық және өндірістік жағынан алғанда
олар жекелеген топтар мен түрлерге бөлінеді. Олар: шаруашылық
серіктестіктері, акционерлік қоғамдар, өндірістік кооперативтер,
сондай-ақ мемлекеттік секторында – мемлекеттік немесе ұлттық
және муниципалдық кәсіпорындар.
Серіктестікке қатысушылар мүлікті жауапкершілігінің деңгейіне
қарай:
Достарыңызбен бөлісу: