Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011 2


Қазақстанда экономикалық дамудың негізгі



жүктеу 4,22 Mb.
Pdf просмотр
бет78/189
Дата11.01.2022
өлшемі4,22 Mb.
#32450
түріОқулық
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   189
стратегиялық менеджмент

17. Қазақстанда экономикалық дамудың негізгі 
стратегиялары
Стратегия «Қазақстан-2030» және 
оның бірінші онжылдығының іске асуы 
 
Қазақстан 
экономикасын 
жоспарлау 
тарихында 
«Қазақстан-2030»  стратегиясы  ерекше  орын  алады.  Индикативтік 
жоспарлау  шеңберінде  ол  ұзақ  мерзімді  мақсаттарды  анықтап 
нақтылы  бағыттарды  көрсетіп  және  оларды  қалай  іске  асыру 
жолдарын айқындайды. Осы стратегияны басшылыққа ала отырып, 
Қазақстанның қарқынды өсіп келе жатқанына он жылдан асты.
  Стратегия  «Қазақстан-2030»  Кеңес  Одағы  тарағаннан  кейінгі 
уақытта  болған  емес  және  бұған    ұқсас  документ  кездеспеген. 
Стратегияның іске асуы  ұзақ, орта және қысқа мерзімді кезеңдерде 
өтуге тиіс. Шамамен мұны мынадай үлгімен көрсетуге болады:


111
Келтірілген үлгі  көрсетіп отырғандай ұзақ мерзімді жоспарлар 
үш жылдық мерзімді қамтиды да стратегияны («Қазақстан -2030») 
үш кезеңде іске асыруды көздейді. Әр  кезең өзінің ұзақ мерзімге 
арналған  нақтылы  мәселелерін  шешуі  қажет  және  әлеуметтік–
экономикалық  дамуда  стратегиясы  мен  басымдылықтарын 
анықтайды. 
Бірінші  ұзақ  мерзімде  стратегиялық  мақсаттар  өндірісті 
жандандыруға  бағытталады.  Ол  үшін  экономиканы    көтеру 
барысында  бос  өндірістік  қуаттарды,  негізгі  капиталды  жаңарту 
және  халықтың  тұрмысын  көтеру  әдістерін  тиімді  пайдалануды 
жоспарлайды. 
Екінші кезеңде экономика құрылымында және халықтың тұрмыс 
деңгейінде    сапалы  өзгерістер  болуына  бағытталған  іс-шаралар 
жүзеге асырылады; үшіншіде – экономиканы жедел орнықты және 
орнықты, әлеуметтік аяны дамыту, экологиялық ахуалды жақсарту 
мақсаты қойылған.
  «Қазақстан–2030»  стратегиясы  қабылданды.  Бұл  стратегияда 
елдің  ұзақ  мерзімді  дамуының  жеті  басымдықтарын  анықтаған. 
Стратегияның ғылыми негізделгені және оның өмірдегі өзектілігі, 
қажеттілігі  бірінші  онжылдықта  іс  жүзінде  дәлелденді.  Осыған 
орай  Елбасы  Назарбаев  Н.  Ә.  былай  деп  түйіндеді:  «Он  жылда 
стратегияның  негізінде  біз  өз  дамуымызда  сапалы  секіріс  жасай 
алдық. Көптеген елдер бірнеше онжылдыққа арнаған жұмыс көлемін 
атқардық. Бүгінде біз толық негізде «Қазақстан–2030» стратегиясы 
өзінің өмірге қабілеттілігі мен тиімділігін толық қуаттай алды деп 
мәлімдей аламыз».
Стратегияда  белгіленген  ұзақ  мерзімді  басымдылықтар  және 
олардың он жыл ішінде жүзеге асыру нәтижелері мынадай болды:
Бірінші  басымдылық,  ұлттық  қауіпсіздік.  Осы  басымдылықты 
іске  асыру  барысында  Қарулы  Күштердің  реформасы  мемлекет 
қауіпсіздігінің  инфрақұрылымын  қайта  құру,  Ұлттық  мемлекет  
қауіпсіздігінің стратегиясын әзірлеу шаралары іске асырылды.
Екінші  басымдылық,  ішкі  саяси  тұрақтылық  пен  қоғамның 
топтасуы  тәуелсіздік  жылдары  ұлтаралық  келісімді  сақтау  мен 
нығайтудың  өз  үлгісі  жасалды,  іске  асырылды,  ол  «Қазақстан 
жолы» деп аталды; Қазақстан Халықаралық Ассемблеясы құрылды. 
Президенттік республика жолы таңдалды.
Үшінші басымдылық, ашық нарықтық экономика қағидаттарына 


112
негізделген  тұрақты  экономикалық  өсуді  қамтамасыз  етуде  еді. 
Мұның орындалу барысы: өткен онжылдықта  елдегі ЖІӨ (жалпы 
ішкі  өнім)  22  млрд.  АҚШ  долларынан  100  млрд.  долларға  дейін, 
бес есе дерлік ұлғайды. Жан басына келетін ЖІӨ осы кезеңде 3,7 
есеге  өсті.  Қазақстан  экономикасына  тартылған  тікелей  шетелдік 
инвестициялардың  көлемі  70  млрд.  АҚШ  долларынан  астамға 
жетті. Бұл  Орталық Азияға тартылған барлық инвестициялардың 
80 пайызы.  Сыртқы сауда айналымы он жылда 6 еседен астамға 
ұлғайды.
Төртінші 
басымдылық, 
барлық 
қазақстандықтардың 
денсаулығын,  білім  мен  әл-ауқатты  іске  асыру  болды.  Халықты 
әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесінің қамтуы айтарлықтай кеңейді. 
Соңғы  он  жылда  Қазақстандықтардың  көбісінің  тұрмысы  елеулі 
түрде  өзгерді,  олардың  ақшалай  табыстары  6,5  есе  өсіп,  орташа 
айлық жалақы 5 есе дерлік ұлғайды.
Бесінші басымдылық, энергетикалық ресурстарды дамытуды іске 
асыру болды. Өткен жылдары мұнай-газ өнеркәсібі экономиканың 
басқа  салаларын  соңынан  ілестірген  локомотиві-тін  Сондықтан 
энергетикалық  ресурстарды  дамыту  ұзақ  мерзімді  басымдылыққа 
ие болды.
Алтыншы басымдылық. Инфрақұрылымды дамыту – бұл салада 
көп істер атқарылды. 1997-2006 жылдары республикалық бюджет 
қаражатынан  280  млрд.  теңгеден  астам  қаржы  игерілді.  Осының 
есебінен 4 мың шақырым шамасында автожолдар салынып, қайта 
жөнделді, 13 мың шақырымнаң астам автожол күрделі және ағымды 
жөндеуден өткізілді.
Жетінші  басымдылық,  кәсіби  үкіметті  қалыптастыру. 
Қазақстанда  терең  әкімшілік  реформаларды  жүргізуге  кірісті. 
Осынау  жылдары  Мемлекеттік  қызмет  істері  жөніндегі  агенттік 
құрылды. «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа 
қарсы  күрес  туралы»,  «Әкімшілік  рәсімдер  туралы»;  Заңдар, 
Мемлекеттік қызметкерлердің ар-намыс кодексі қабылданды.   

жүктеу 4,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   189




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау