Басқарудың
құрылымы
ұйымды басқарудағы объект пен
субъект арасындағы тұрақты
байланыстар жиынтығы. Әртүрлі ішкі
және сыртқы өзгерістер болғанда негізгі
қасиеттерін сақтау. Құрылымның түрлі
схемаларын, басқарудың классикалық
және арнаулы үлгілерін қамтиды.
Басқарулық бақылау
басқару функцияларының бірі. Онсыз
басқарудың басқа функцияларын іске
асыру мүмкін емес. Нақтылы жағдайды
дұрыс бағалауды қамтамасыз етеді
және сол арқылы фирма жоспарының
көрсеткіштеріне өзгерістер енгізіледі.
Басшылық стилі
басқарудың ерекше әдістерінің
жиынтығы. Басқару стилінің үш түрі
бар – директивті, демократиялық,
либералдық.
Бәсекеге қабілеттілік
елдегі нақтылы салада және сырттағы
елдердегі бір фирманың екінші фирмаға
қарағандағы артықшылығы.
Бәсекелестік күрес
рынокта бәсекелуші фирманы өзінің
бәсекелестік артықшылықтарын іске
асырудағы пайдаланатын әдісі.
Достарыңызбен бөлісу: |