Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011 2


Өндірісті басқарудың жүйелі тәсілдемесі



жүктеу 4,22 Mb.
Pdf просмотр
бет100/189
Дата11.01.2022
өлшемі4,22 Mb.
#32450
түріОқулық
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   189
стратегиялық менеджмент

Өндірісті басқарудың жүйелі тәсілдемесі
Жүйелі  тәсілдеме  –  экономикалық  ғылымда  қолданылатын 
ғылыми зерттеудің ең жемісті (нәтижелі) әдістерінің бірі.
Өзінің алғашқы мағынасында – грек тілінен аударғанда «жүйе» 
сөзі  көптеген  элементтерден  құралатын,  бөліктерден  тұратын  бір 
бүтін тұтастық ұғымын білдіреді.
Жүйенің  бұлайша  ұғындырылуы  экономикалық  тұтастыққа 
да  қатысты;  өндіріс-пәндердің,  саймандардың,  еңбек  түрлері  мен 
түпкілікті өнімдердің жиынтығы ретінде болады.
Өндіріс  –  бұл  әлеуметтік-экономикалық  жүйе.  Экономикалық 
деп аталу себебі, еңбек және материалдық ресурстарды ұштастыру 
нәтижесінде  материалдық  игіліктер  пайда  болып,  қоғамның 
өндірістік күштерінің ұдайы өндірісі ұлғаяды. Оны басқаша былай 
анықтауға  болады:  «Белгілі  бір  қоғамдық-тарихи  жағдайларда 
қалыптасатын өндірістік қатынастардың түрін экономикалық жүйе 
деп ұғуға болады».
Әлеуметтік  жүйе  деп  аталуы  адамдар  құратын  ұйымға 
бай¬ланысты. Экономикалық жүйеге басқа жүйелерге ұқсамайтын 
өзіндік ерекшеліктер тән.
Экономикалық жүйе әлеуметтік сипаттағы адам-машина жүйесі 
ретінде  қарастырылады.  Ондағы  негізгі  рөлді  материалдық  және 
рухани игіліктерді өндіретін әрі тұтынатын адам орындайды.
«Экономикалық жүйе кең мағынасындағы ұғымында қоғамдық 
өндірістің жүйесі ретінде, яғни өндіріс күштері (табиғи және еңбек 
ресурстары, өндіріс құралдары, өнім) мен өндірістік қатынастардың 
жиынтығы ретінде түсіндіріледі» (академик Н. П. Федоренко).
Экономикалық  қатынас,  байланыс  (салааралық  байланыстар 
жүйесі),  заңдылықтар  (техникалық  прогрестің,  өндірісті 
ұйымдастырудың  даму  заңдылықтарының  жүйесі),  міне,  осы 
аталғандар экономикалық жүйе болып табылады.


160
Жүйелі тәсілдеме арнайы ғылыми пәндердің мазмұнына жалпы 
теория  жүйесіне  қызмет  етеді,  ал  басқару  ісі  жалпылай  түрде 
жүйелерді ретке келтіруші ретінде анықталуы мүмкін.
Жүйелі тәсілдеме ХХ жүз жылдықта пайда болды деуге болады, 
әйтсе  де,  XVIII  және  XIX  ғасырларда  ғылым  әр  түрлі  жүйелерді 
зерделемеді  деп  бір  жақты  ойлауға  да  болмайды.  Әлбетте, 
астрономия  Күн  жүйесін,  ал  математика  әр  түрлі  санау  (есептеу) 
жүйелерін  зерделеді.  Жүйелі  тәсілдеме  әскери  мақ-саттарға  (атом 
бомбасын жасау) қол жеткізу үшін АҚШ-та алғаш рет қолданылды, 
алайда жүйелі тәсілдеме одан ары азаматтық өндіріс саласындағы 
басқару қызметінің іс-тәжірибесінде кеңінен қолданылды.
Жүйелі  тәсілдемені  қолданудың  негізіндегі  басқару  ісі  үш 
тізбекті кезеңді қамтиды:
-  бірінші  кезеңде  салалар  анықталады,  басқару  субъектілері 
қызметінің ауқымы мен саласы нақтыланады. Қызметтің ақпараттық 
қажеттілігінің  баламалы  (бағдарлы)  салалары  мен  ауқымдары 
белгіленеді;
-  екінші  кезеңде  қажетті  зерттеулер  (жүйелі  талдау)  жүзеге 
асырылады;
-  үшінші  кезеңде  белгілі  мәселелерді  шешудің  баламалы 
нұсқалары жасалып, әрбір міндет бойынша оңтайлы нұсқа таңдап 
алынады  (сараптық  бағалаулар,  оның  ішінде,  тәуелсіз  сараптама 
қолданылады).
Жүйелі  тәсілдеменің  негізінде  басқару  ісі  жүйелердің 
құрылымдық  және  функциялық  тұтастығын  қамтамасыз  етуге  әрі 
жетілдіруге  бағытталған.  Мақсатқа  жеткізетін  жолда  кездесетін 
кедергілерді,  кемшіліктерді  анықтап,  жою.  Мұнда  ең  алдымен 
басқарудағы жүйелі тәсілдеменің қағидалары алға шығады. Нақты 
тәжірибеде ол қабылданған шешімдерді жан-жақты пысықтап, оны 
жүзеге асыруы ықтимал барлық нұсқаларын талдайды. Әлеуметтік 
жүйеде бұл қағида басқарушылық міндетті шешу үрдісінде саяси 
және мәдени мәселелерді тығыз байланыстыруды ұйғарады.
Басқару  үрдістері  пайда  болғалы  бері  жүйелі  талдау  кеңінен 
қолданылып келеді. Экономиканы оның құрылымын, оның құрамдық 
бөліктерінің  өзара  қарым-қатынасы  мен  өзара  байланысын  қоса 
ескеріп, біртұтас ретінде кешенді зерделеуді, экономиканың жалпы 
жұмыс істеу үрдісінде олардың әрбіреуінің рөлін анықтауды міне, 
осыны жүйелі тәсілдеме деп ұғу керек.


161
Экономикадағы  жүйелі  тәсілдеме  –  басқару  саласындағы  ірі, 
кешенді мәселенің ғылыми негізделген шешімін әзірлеу әдісі болып 
табылады.
Жүйелі  тәсілдеменің  философиялық  негізі  оның  негізгі 
қағидаларын  айқындап  береді:  жүйелердің  динамикалығы, 
құбылыстардың  байланысы,  өзара  ықпалдастығы  мен  өзара 
байланысы;  басты  буын  қағидаларының  кешенділігі,  тұтастығы 
және иерархиялығы.
Үрдістер  мен  құбылыстардағы  жүйелі  тәсілдеме  өзара 
байланыстардағы зерделеудің екі формасын ұйғарады:
1)  жай кездері қосалқы жүйелер немесе жүйе элементтерінің 
арасындағы  өзара  байланыстар  қандай  да  бір  аспектіде,  көбінесе 
экономикалық аспектіде зерттеледі;
2)  әлдеқайда  күрделі  жағдайда  көп  аспектілі  тәсілдеме 
қолданылады.  Бұл  арада  өзара  байланыстар  басқарудың  саяси, 
экономикалық, технологиялық, құқықтық, әлеуметтік-экологиялық 
және психологиялық аспектілері қоса ескеріліп, зерттеледі.

жүктеу 4,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   189




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау