Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011 2



жүктеу 4,22 Mb.
Pdf просмотр
бет138/189
Дата11.01.2022
өлшемі4,22 Mb.
#32450
түріОқулық
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   189
стратегиялық менеджмент

Функцияларды жіктеу
Функцияларды жіктеуге қызмет тұрғысынан келуге болады:


230
–  кәсіпорын  өзінің  радиаторларын  сатумен  шұғылданады:  бұл 
оның баға белгілейтінін (немесе сол үшін күреседі), тұтынушылар 
табатынын,  тапсырыстар  қабылдайтынын  және  т.б.  білдіреді.  Бұл 
коммерциялық функциялардың рөлі;
–  тапсырыстар  қабылдаған  соң  өнімді  дайындаумен  (зерттеу 
және өңдеу) және оның өндірісін ұйымдастырумен айналысу керек. 
Бұл техникалық функция;
–  алайда,  өндіріс  капиталды  шашыратуға  байланысты  талап 
етілетін  қаражаттың  жинақталуына  мұқтаж.  Дайындалған 
бұйым  сатылғанша  және  төленгенше  мұндай  қаражатқа  ие  болу 
мүмкіндігіне деген берік сенім болуы керек. Бұл қаржылық функция;
–  осы  құралдар  арасында  оның  қажеттіліктеріне  (жабдықтау) 
сәйкес  келетін  өндіріс  үрдісінде  тұтынылатын  шикізат  пен 
материалдар  көрінеді.  Бұл  сатып  алу  қызметі  және  логистика 
функциясы;
– алайда қойылған мақсатқа жету үшін осы барлық құралдарды 
дұрыс  қолдану  мақсатымен  олардың  үйлесімін,  нәтижелерін 
бақылауды қамтамасыз ету керек. Бұл әкімшілік функция.
А.  Файоль  кәсіпорында  жүзеге  асатын  алты  функцияларды 
немесе операциялар сериясының арасын ажыратады:
- техникалық (өндіріс);
- коммерциялық (сатып алу мен сату);
- есептің міндетті қызметі (есеп);
- қаржылық (қаржыландыру);
- қауіпсіздікті қамтамасыз ету функциясы (материалдық игілік 
пен қызметкер құрамын сақтау);
- әкімшілік.
Дәл сол әкімшілік функцияны А. Файоль басқаларынан басым 
ерекше бөліп көрсетті, оның рөлін былайша анықтады:
- алдын ала болжай білу;
- ұйымдастыру;
- басқару;
- үйлестіру;
- бақылау.
Кәсіпорынның  өз  рөлін  атқара  алуы  немесе  жай  әншейін  бар 
болуы үшін кез келген жағдайда жүзеге асуы тиіс функциялардың 
белгілі  бір  мөлшері  болатынын  мойындаған  жөн.  Басқа  функция 
оның табысты әрекеті үшін жай әншейін пайдалы болып табылады.


231
Функцияларды  екінші  жіктеу.  Жалпыдан  басқа  функцияларды 
классикалық жіктеу деп аталатын іскерлік басқарудың функциялары 
бар.  Іскерлік  басқару  кәсіпкерлік  циклдің  барлық  фазаларын 
бейнелейтін төрт негізгі функцияларын орындауға жұмылдырылған. 
Бұларға мыналар жатады:
- даму;
- маркетинг;
- өндіріс;
- басқару.
Бұл негізгі функциялар кез келген кәсіпорынға және кез келген 
шаруашылық бөлімшесіне тән.
Даму  өнімнің  жаңа  түрлерін  жасап,  жаңа  нарықтарды  игеруді 
көздейді. Ол қажеттіліктерге бейімделу үрдісін білдіреді және кез 
келген іскерлік қызметтің шешуші сәті болып табылады.
Маркетинг – сұраныс жасауды көздеген қызмет. Қажеттіліктер 
негізінде  қалыптасатын  сұраныссыз  бизнестің  болуы  мүмкін 
емес.  Маркетинг  ұғымына  сатуды  қамтамасыз  ету,  яғни  кепілді 
тапсырыстар кіреді.
Өндіріс тұтыну сұранысына сәйкес барлық тауарлар дайындау 
мен қызмет көрсету үрдісі, сонымен қатар тұтынушыларға жеткізу 
болып табылады.
Басқару объектілері тұрғысынан мыналар атап көрсетіледі:
- халық шаруашылығының құрылымын бейнелейтін функциялар 
(өнеркәсіп пен оның салалары, ауыл шаруашылығы, құрылыс және 
т.с.с),  және  соған  сәйкес  өнеркәсіп  пен  оның  салаларын,  ауыл 
шаруашылығын,  құрылысты,  транспортты  және  т.б.  басқарудың 
функцияларын;
-  өндірісті  (тұтастай  халық  шаруашылығын,  облысты  және 
т.с.с.) басқару деңгейін және соған сәйкес халық шаруашылығының 
әр түрлі деңгейіндегі басқару міндеттерін бейнелейтін функциялар;
-  ұдайы  өндіріс  (өндіріс,  жабдықтау,  өткізу,  қаржы)  үрдісі 
сатыларын бейнелейтін функциялар;
-  өндіріс  үрдісінің  құрамдас  элементтері  мен  параметрлерін 
көрсететін  функциялар  –  адамдар,  өндіріс  құралдары  (шикізат, 
техника  және  т.с.с.).  Өндіріс  элементтері  өз  кезегінде  бірқатар 
параметрмен сипатталады: өнім – сапамен, технологиялық үрдістер 
– бір ізге салынуымен және т.с.с.
Басқару субъектісі жағынан басқару қызметінің мынадай түрлері 


232
атап көрсетіледі:
-  алдын  ала  басқару  –  басқару  мақсаттарын  айқындау,  болжау 
(іс  жүзіндегі  факторлар  негізінде  басқару  үрдістері  дамуының 
келешегін  талдау)  және  жоспарлау  (мақсаттар  мен  болжанатын 
нәтижелер бірлігін қамтамасыз етуге қажетті шаралар жүйесі);
-  жедел  басқару  –  ұйымдастыру,  басқарушылық  (дәлелдеу, 
жандандыру);
- бақылау – есеп, талдау, өзіндік бақылау, яғни іс жүзінде жеткен 
нәтижелерді белгіленген мақсатпен салыстыру.
Басқару  субъектісі  тұрғысынан,  сонымен  қатар 
мемлекеттік
 
және 
қоғамдық басқару
 ажыратылып бөлінеді.
Басқарудың 
аталған 
қызметтері 
мағынасы 
жағынан 
мамандандырылған.  Мамандандырылған  міндеттермен  қатар 
басқарудың  мамандандырылған  функцияларын  біртұтас  етіп 
жинақтайтын  (синтездейтін),  біріктіріп  кіріктіретін  басшылық 
қызметі де бөлек көрсетіледі.
Басқарудың  қызмет  ету  аясы  басқару  функцияларымен 
нақтыланады.  Міндеттер  –  объективті  функцияларды  субъективті 
өзінше  ұйғару,  яғни  міндеттің  әрбір  сәті  білімімізді  басқару 
функцияларының  мазмұны,  оларды  әрбір  деңгейде  іске  асыру 
мүмкіндіктері жайлы ұғымды білдіреді.
Осылайша,  менеджменттің  функцияларын  басқару  объектісі 
тұрғысынан да, басқару субъектісі тұрғысынан да жіктеу бар.
А. Файольдың пікірі бойынша функцияларды жіктеу:
1.  Техникалық операциялар (өндіріс).
2.  Коммерциялық операциялар (сатып алу, айырбастау, сату).
3.  Қаржылық операциялар (қаржы тарту және мүлікке ие болу).
4.  Сақтандыру операциялары (мүлік пен адамдарды күзету).
5.  Есеп операциялары (калькуляция, бухгалтерия, статистика).
6.  Әкімшілік  операциялар  (алдын  ала  болжау,  ұйымдастыру, 
басқарушылық, үйлестіру және бақылау).
Ф. У. Тейлордың пікірі бойынша басқару функцияларының төрт 
тобы бар:
-  мақсат  таңдау;  кұрал  таңдау;  қаржы-құрал  дайындау; 
нәтижелерді бақылау;
- іскерлік басқарудың функциялары – даму (өнім мен на¬рықтың 
жаңа түрлерін жасау);
- өндіріс маркетингі (тауарды дайындау, қызмет көрсету, жеткізіп 


233
беру);
-  басқару  –  ресурстар  қозғалысын  бақылаумен  байланысты 
барлық қызмет.

жүктеу 4,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   189




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау