Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011 2


Басқарудың ұйымдастыру-басқарушылық әдістері



жүктеу 4,22 Mb.
Pdf просмотр
бет134/189
Дата11.01.2022
өлшемі4,22 Mb.
#32450
түріОқулық
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   189
стратегиялық менеджмент

30. Басқарудың ұйымдастыру-басқарушылық әдістері
 
Басқарудың ұйымдастыру-басқарушылық 
әдістерінің объективті негіздері мен мазмұны
Еңбек  кооперациясы  мен  бөлу  жағдайында  оларды  басқару 
міндеті  мен  бөлу  бойынша  байланыстарды  бейнелейтін  адамдар 
(органдар)  арасында  объективті  ұйымдастырушылық  қатынастар 
болады.  Шынайы  өмірде  бұл  қатынастар  тиімділігі  жоғары, 
бірлескен  еңбектің  ұйымдастыру  алғышарттары  бар  кездегі 
адамдардың  ұйымдастырылған  еңбекке  деген  қызығушылығынан 
байқалады. Бұл жерде адамның ұжым алдында қоғамдық еңбектің 
бөлігі болып табылатын жұмыстың белгілі бір түрін орындайтын 
міндеті  пайда  болады.  Ұйымдастыру  қатынастарына  адамдар 
(органдар)  қызметінің  парыз,  өкілеттілік,  жауапкершілік,  тәртіп 
талаптары және т.б. аспектілері жатады.
Ұйымдастыру қатынастары жүйесін қалыптастыру басқарудың 
екі міндетті қызмет аясын – ұйымдастыру мен үйлестіруді жүзеге 
асыру үрдісінде қамтамасыз етіледі.
Ұйымдастыру қатынастары, олардың іс-әрекетінің әдістері мен 
тетіктері екі жақты талдауды талап етеді: біріншіден, олар тұрақты 
қалып, яғни заттық аспектіде; екіншіден, қозғалыста (динамикада), 
яғни жұмыс істеу үрдісінде қарастырылуы тиіс.
Ұйымдастыру-басқарушылық 
әдістерін 
қолдану 
тетігі 


224
ұйымдастыру қатынастарының мәні болып табылады. Нақ осында 
басқару  объектісіне  (ұжымдарға,  жеке  қызметкерлерге)  мақсатты 
түрде  әсер  ету  үрдісінде  адамдар  (органдар)  арасындағы  нақты 
ұйымдастыру  қатынастарымен,  ұйым  заңдарымен  айқындалатын 
басқарудың ұйымдастыру тетігі ашық көрсетіледі.
Осылайша  ұйымдастыру  немесе  ұйымдастыру-басқарушылық, 
басқару  әдістерін  адамдар  арасындағы  объективті  (ұйымдастыру) 
қатынастарына  негізделген  әсер  ету  амалдары  ретінде  белгілеу 
қажет.
Бұл  әдістердің  ерекшеліктері  мынада:  біріншіден,  олар 
жүйеге  тұтастай  немесе  оның  элементтеріне  жеке-жеке  тікелей 
нұсқаушылық  (директивті)  әсер  етуді  бейнелейді;  екіншіден, 
олар басшыға бір мағыналы шешім қабылдауға мүмкіндік береді; 
үшіншіден,  олар  ережелердің,  нұсқаулықтардың,  бұйрықтардың, 
өкімдердің және т.б. міндеттілігіне негізделеді.
Ұйымның әр түрлі типтері бар:
а)  басқарудың  функциясын  ісін  бұлжымайтындай  етіп  бөлуге, 
қызметті реттеуге, мұқият бақылауға негізделген ұйым. Мұндай тип 
басқаруда  туындаған  барлық  мәселелерді  алдынала  көруді,  қатаң 
есепті талап етеді;
ә)  ұйымның  икемді  типі.  Оның  артықшылықтары  мен 
кемшіліктері бар.    
Артықшылықтары:
- икемділігі;
-  болжанбаған  жаңа  мәселелердің  пайда  болуына  орай  шұғыл 
жауап беруі;
- оларды шешуде бейресми әдістердің мол мүмкіндіктері.
Теріс жақтары:
- комиссия жұмысын бақылаудың қиындықтары;
- оларды қалыптастыру мен реформалау жөнінде қосымша күш-
жігер жұмсау;
- басқаруды ұйымдастырудың кейбір күрделілігі.
б)  көбінесе  әлеуметтік  факторлардың  болуына  негізделген 
ұйым.  Мұнда  басты  назар  кадрларды  іріктеу  мен  даярлауға, 
олардың жұмысына мақсатттар мен міндеттер қоюға, құрылымдық 
ресімделуге аударылады. Міндетті істі бөлу бейресми емес белгілер 
бойынша жүзеге асады.
Өндірісті  басқару  тәжірибесінде  ұйымдастырудың  аталған 


225
типтері  нақ  сол  күйінде  қолданылмайды.  Әрбір  нақты  ұйымда 
басшы  мен  басқару  аппаратына  байланысты  аталған  үш  типтің 
біреуі басымырақ болады.
Басқарудың  ұйымдастыру-басқарушылық  әдістері  (БҰБӘ) 
жоғары  тұрған  биліктің  еркін  орындау  үшін  басқару  аппараты 
қызметкерлерінің әрбірінің жеке жауапкершілігін қамтамасыз етуге 
тиісті.

жүктеу 4,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   189




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау