Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 2



жүктеу 1,13 Mb.
Pdf просмотр
бет96/115
Дата09.01.2022
өлшемі1,13 Mb.
#31868
түріОқулық
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   115
CAnsabaeva-shetel-memleket

239
ОН ҮШІНШІ ТАҚЫРЫП
БЕЛОРУССИЯНЫҢ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ
Дəрістің мəн-мəтіні
Мақсаты: 
жалпы Белоруссия елінің экономикалық жағдайына 
шолу, əлемде алатын орны мен ерекшелігін анықтау.
Дəріс жоспары:
1. Белоруссия мемлекетінің экономикасына шолу.
2. Белоруссияның қаржы жүйесі.
3. Белоруссияның салық жүйесі.
Негізгі түсініктер:
 ЖІӨ, экспорт, транспорт, бюджет жүйесі, 
біріккен бюджет, бюджеттік процесс, банк жүйесі, іскерлік банк, 
депозиттік банк, салық жүйесі, корпоративті салық, қосылған құн 
салығы, жеке табыс салығы, салық базасы, салық ставкасы.
Тақырыптың мазмұны:
 Белоруссияның экономикасы 19 ға-
сырдан бастап Беларусьтің экономикалық дамуы тездетілді. Темір 
жолдар салынып, зауыт, фабрикалар көбейді. 1-дүниежүзілік 
соғыс (1914-18) кезінде Беларусь жерінде соғыс қимылдары бо-
лып, бүліншілікке ұшырады. 1919 ж. бірінші қаңтарда Бело-
руссия Кеңестік Социалистік Республикасы (БКСР) құрылып, 
1922 ж. отызыншы желтоқсанда КСРО құрамына енді. 2-дүние-
жүзілік соғыс кезінде Беларусь жері тағы да неміс əскер лерінің 
қол астында қалып, зор ауыртпалықтарға ұшырады. Соғыстан 
кейін қираған шаруашылықты қалпына келтіру жұмыстары 
жүргізілді, өнеркəсіптің жаңа салалары (автомобиль, кеме, трак-
тор жасау, т.б.) құрылды.
Ауыл шаруашылығы өнімдері де артты. Ағаш өңдейтін, 
қағаз жасайтын кəсіпорындар ашылды. 1990 ж. Беларусь 
Жоғарғы Кеңесі елдің тəуелсіздігін жариялады. 1991 ж. сегізінші 
желтоқсандағы Беловеж келісімінен кейін Кеңес Одағы тара-
тылып, Беларусь толық тəуелсіздік алды. Беларусь Қазақстан 
тəуелсіздігін 1991 ж. таныды. Екі ел арасында экономикалық, 
кедендік жəне мəдени келісімдер жасалынып, достық қарым-
қатынас орнаған. 


240
Энергетика жəне пайдалы қазбаларды өндіру: Беларусь-
та химия өнеркəсібі, автомобиль жəне трактор жасау, қорғаныс 
өнеркəсіп кешендері, электр бұйымдарын шығару, ет-сүт, ауыл 
шаруашылығы, т.б. өндіріс салалары дамыған. Республикада ка-
лий, тұз, көмір, мұнай, темір, фосфорит кен орындары бар. Жүк 
тасушы автомобильдер, тракторлар, тоңазытқыштар, кір жуатын 
машиналар, т.б. электр бұйымдары, химия жəне ет-сүт өнімдерін 
экспортқа шығарады. Елде жылу-электр ресурстары (мұнай, 
табиғи газ, тас көмір) мүлдем жеткіліксіз болғандықтан, отындық 
шикізатты шеттен, соның ішінде 60%-дан астамын Ресейден 
əкелуге мəжбүр. Бұған қоса қара жəне түсті металлургия, халық 
тұ ты натын тауарлар, ағаш өнімдері, цемент шеттен əкелінеді. Негізгі 
сауда серіктестері: Ресей, Украина, Польша, Германия елдері. 
Тұрақты қаржы жүйесі жалпы экономиканың тұрақтылығы 
мен дамуының негізі болып табылады. Қоғамның жинақтарын 
жұмылдыру жəне дұрыс бөлу күнделікті өмірдегі операциа лар-
ды жеңілдетудің негізгі жүйесі болып табылады. Орталықтанды-
рылған жоспарланғанан бақыланатын экономикаға құрылым-
дық ауысуы өзіне функционалдық нарықтық қағидаларды жəне 
өзге де көптеген маңызды элементтерді қоса отырып, ең басты-
сы – тұрақты қаржылық жүйе құру. Бұл тұрақты қаржылық 
жүйені қалыптастырғаннан кейін ақша жəне капитал нарықтары 
дамуы мүмкін, əсіресе алғашқы жəне қайталама мемлекеттік 
бағалы қағаздар нарығы. 
Қаржыны бақылау қызметі  ішкі жалпы өнімді жəне ұлттық 
табысты сəйкес қорлар мен мақсатты пайдалануларға бөлуді 
бақылауда көрініс табады.
Қаржыны бақылау қызметі объективті, ол адамның ойына 
жəне еркіне тəуелді емес жəне ол өзінен өзі пайда болмайды, ар-
найы қаржылық аппараттар арқылы қалыптасады. Қаржы жүйесі 
мен басқа да экономикалық қызметтер жұмыскерлері бюджеттің 
крістері мен шығыстарын орындауда қаржылық жоспарлау 
процесінде қаржылық реттеу жүргізеді. Қаржылық бақылауды 
кімнің жүргізетініне байланысты ол жалпы мемлекеттік, ведомст-
валық, ішкі шаруашылық қоғамдық жəне тəуелсіз (ауди торлық) 
болуы мүмкін. 
Қаржылық бақылауды жүргізуде Беларусия қаржы министрлігі 
жəне оның органдары маңызды рөл атқарады. Беларусияның 


241
алымдар мен салықтар министрлігінің жұмыскерлерінің жүр-
гі 
зетін бақылауының əсері жоғары болады. Салық туралы
заңнаманың сақталуын жəне олардың дұрыс есептелуін, сəйке-
сінше бюджеттерге толық жəне уақыты түсуін бақылау салық 
аппараттарының негізгі қызметі. 
Қаржылық бақылауды жүргізудегі басты қызметтерді Бела-
русияның арнайы қаржылық органдар мен ведомстволар, банктер 
мен мемлекеттік бақылау комитеттері, Президент, парламент, 
мемлекеттің министрлер жиналысы жəне т. б.
Нарықтық қатынастардың өзгеруі мен дамуына байланы-
сты жоғары аталған органдар жүргізетін қаржылық бақылаудың 
құрылымы мен қызметтеріне үнемі толықтырулар мен өзгертулер 
енгізіліп отырады.
Қаржылық реттеу қызметі мемлекеттің экономикалық 
дамуыға қаржылық тетік арқылы əсер етуінде көрініс табады. 
Қолданылатын негізгі құралдары болып келесілер табылдады: 
1) кəсіпкерлікті жəне жеке тұтыудың белсенділігін арттырып 
немесе керісінше төмендете алатын салықтар;
2)  кəсіпорындар мен олардың жұмыскерлерін білгілі бір тауар-
ды өндіру  мен қызмет көрсетулерді жəне де халықтың белгілі бір 
топтардың табыстарын бір деңгейде ұстап тұру үшін əлеуметтік 
төлемдерді төлеуге ынталандыратын мемлекеттік шығындар;
3) сəйкесінше заңдарды қабылдай отырып экономикалық 
іс-əрекетті реттеу жəне бақылау.
4) Кейбір тауарлар мен қызмет көрсетулерге шекті бағаларды 
белгілеу.
Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығындарына қарап 
мемлекеттің экономикалық дамуы мен халықтың негізгі бөлі гінің 
материалдық жағдай туралы айтуға болады. Бюджетті қалып-
тастыру кезінде оның баланстылығына көп көңіл бөлінеді, яғни 
шығындардың табыстардан жоғары болмауы.
Жиынтық консолидирленген мемлекеттік бюджетті құрайтын 
Беларусия Республикасының мемлекеттік бюджет құрамына жеке 
облыстар мен Минск қаласының бюджеті кіреді.
Сəйкесінше лауазымға ие заңнамалық жəне орындаушылы ор-
гандары арқылы мемлекет қаржыларды реттейді жəне басқарады, 
қаржылық іс-əрекетті бағыттайды. 
Қаржыны басқаратын жəне қаржы саясатын жүргізетін 
орталықтандырылған орган болып Беларусия Республикасының 


242
Қаржы Министрлігі табылады. Ол өз қызметін Беларусия 
Республикасының Үкіметі бекіткен жарғысы арқылы жүргізеді.
Мемлекеттің қаржы жүйесінің құрамы  мемлекеттің феде-
ралды немесе унитарлы болуына тəуелді. Беларусия Респу-
бликасы унитарлы мемлекет болып табылғандықтан, федерал-
ды болып табылатын Ресейге қарағанда қаржы жүйесі белгілі 
бір ерекшеліктерге ие. Соның бірі Беларусия Республикасының 
қаржы жүйесінде қаржыны басқарудың федералдық органдары-
на ие емес. Мемлекеттің қаржы жүйесінің құрамы мен құрылымы 
өзгермелі екендігін ескеріп кету қажет. Ресей мен басқа да мемле-
кеттермен интеграциялау процесінің тереңдеуіне экономикалық 
қатынастардың дамуынан Беларусия Республикасының қаржы 
жүйесі белгілі өзгерістерге ұшырайды.
Қаржы жүйесінің маңызда бөлігі мемлекеттік бюджет болып 
табылады. 
Мемлекеттік бюджет – мемлекеттік реттеудің ажырамас бөлігі, 
мұнда қоғамның экномикалық өмірінің маңызды элементтері 
салынған. Беларусия Республикасының бюджетін жоғарғы жəне 
төменгі бюджеттерге бөлуге болады.
 Жоғарғы бюджет – Республикалық бюджет немесе əкімшілік 
– территориялық бюджетпен төменгі əкімшілік – территориялық 
бюджеттер арасындағы қатынас. 
Төменгі бюджет – төменгі əкімшілік – территорлық бюджеттен 
жоғары əкімшілік – территориялық бюджетпен қатынасы, неме-
се төменгі əкімшілік – территориялық бюджетпен республикалық 
бюджет арасындағы қатынас.
Бюджет жүйесі – мемлекеттің территориясында қызмет ететін 
бюджеттердің жиынтығы. 
Қазіргі уақытта Беларусия Республикасының Конституция-
сына сəйкес бюджет жүйесі екі деңгейден тұрады: республикалық 
жəне жергілікті бюджеттер.
Беларусия Республикасының қаржы Министрлігі жəне 
жергілікті қаржы органдары Беларусия Республикасына жəне 
əкімшілік – территориялық бірлігіне сəйкес консолидирленген 
бюджет құрады. 
Мемлекеттік бюджет қаржы жүйесінің негізгі бөлігі бол-
ғандықтан қаржы жүйесінің басқа бөлімдерімен тығыз байла-
ныста болады. 


243
Бюджет экономикалық категория ретінде келесі қызметтерді 
орындайды: 
– Бөлу;
– Ынталандырушы;
– Реттеу;
– Бақылау. 
Беларусия Республикасының бюджет кодексіне сəйкес бюд-
жет кірістерінің сыныптамасы:
– Салықтық түсімдер,
–  Мемлекеттік-əлеуметтік сақтандыру төлемдері;
–  Салықтық емес түсімдер,
– Қайтарымсыз төлемдер.
Бюджеттік реттеу – мемлекеттің шаруашылығының маңызды 
қызметінің бірі. Оның мақсаты – тұрақты экономикалық қаты-
настарды қамтамасыз ету, қоғамның дамуы мен қызмет етуінің 
глобалды мəселелерін шешу. 
Беларусия Республикасының бюджеті 1991 жылға дейін 
КСРО бюджетінің бір бөлігі болды. Республика тəуелсіздігін 
алғанға дейін 1991 жылға  бірінші жеке бюджет құрылғандықтан 
ол одақтық бюджеттермен қарым-қатынастарды қарастырған 
(табысқа салық 22%, сатуға салық 30%). 
Бірінші бюджеттің ерекшелігі болып Беларусь Республика-
сының қызмет етуін қамтамасыз ету басты бағытталуы болып та-
былады. 
1992 жылдан бастап Беларусь Республикасының бюджет 
жүйсінің негізгі өзгерістерге ұшыра бастады. 
 Жалпы, Беларусь Республикасының мемлекеттік бюджет 
кірістеріне келесілер жатады:
– Қосылған құн салығы
– Акциз
– Табыс салығы
– Кеден баж жəне алымдары
– ТЖМК қаржыландыруға бағытталған төтенше салықтар
Бұдан басқа өзге мемлекттермен жасалған келісімдер жəне 
салықтық емес төлемдер жəне басқалар.
Сонымен қорытындылай келе, бюджет жүйесі мемлекет 
тарапындағы өзекті мəселенің бірі болып қала бермек. 



жүктеу 1,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   115




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау