Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 2


Жапонияның бюджеттік жəне қаржылық жүйесі



жүктеу 1,13 Mb.
Pdf просмотр
бет57/115
Дата09.01.2022
өлшемі1,13 Mb.
#31868
түріОқулық
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   115
CAnsabaeva-shetel-memleket

3. Жапонияның бюджеттік жəне қаржылық жүйесі
Жапония − унитарлы мемлекет, екі деңгейдегі бюджет жүйесін 
иеленеді, ол  мемлекеттік бюджет жəне жергілікті басқару орган-
дар бюджетінен құралады. Бұл бөлімнен басқа қаржы жүйесіне 
арнайы қорлар жəне мемлекеттік кəсіпорын қаржылары кіреді.
Бюджеттің кірістері мен шығыстары бөлім, статья жəне 
параграфтарға бөлінеді. Кірістер 7 бөлімнен, 11 статьядан жəне 
43 параграфтан, шығыстар-13 бөлімнен, 41 статьядан жəне 242 
параграфтан тұрады. Жапонияда Бюджеттік жыл 1 сəуірден  31 
наурызға дейін жалғасады.
Жапонияда бюджет кірістері салық жəне салықтық емес 
түсімдерден түседі. Басқа мемлекеттермен салыстырғанда 
Жапонияда салықтық емес түсімдер жоғары деңгейде бола-
ды. Салықтық емес түсімдерге: жалға төленетін төлем, жер 
учаскелерін сату жəне басқа да қозғалмайтын мүліктер, пеньялар, 
айыппұл, лотереялардан кірістер жəне тағы басқа салықтық емес 
түсімдерге алдыңғы жылдың қалдығы да жатады.
Бюджет шығысының 36%  əлеуметтік сақтандыруға, жергі-
лік ті өзін басқару органдарына − 20%, қоғамдық жұмысты қар-
жы ландыруға − 11%, білім жəне ғылымға − 8%, қорғанысқа −
6% ,мемлекеттік қаржыға қызмет көрсетуге − 2%, басқа да 
шығыстарға − 17% кіреді.


158
Жапонияда бюджеттік тапшылық мəселесі өте өзекті. Бюджет 
тапшылығы мемлекеттік займдар арқылы қаржыландырылады.
2011 жылдың 1-ші жартыжылдық қорытындысы бойынша 
жапония бюджеті 92,41 трлн. иен (1,11 трлн. долл.) құрап отыр 
деп хабарлайды мемлекеттегі демократиялық партия. Бұл өткен 
жылғы кезең көрсеткіштерімен салыстырғанда 0,1% өскенін 
айтады. Жапонияның Орталық банкі иен бағамын бірқалыпты 
ұстап қалу мақсатында оның нарықтағы көлемін арттырып жа-
тыр. Бұл Ұлттық экспортты қолдау мақсатында жасалып отырған 
шара. Ақпаратты Bloomberg таратты. Қазір Жапония 10 трлн. иен 
сатуды жоспарлап отыр. 
Жапония ұлттық валюта нарығында интервенция жасады. 
Аталған шара иена бағамын ұстап қалуға көмектесетін бола-
ды. Себебі, иена қымбаттаған кезде жергілікті экспорттаушылар 
шығынға бататыны белгілі. Reuters елдің қаржы министрі Йоши-
хико Нодаға сілтеме жасай отырып, Үкіметтің валюта саясатына 
араласуының арқасында америка мен жапония валюталарының 
арақатынасы 77-ден 79-ға төмендеп кетті деп хабарлап отыр. 
Сондай-ақ, Жапонияның орталық банкі активтер үлесін 10-нан 
15 трлн. иенаға жеткізетін болады. Қазір 10 трлн. иен сату жо-
спарлап отыр. Бұл − $126 млрд-ға жуық. Биылғы жылдың нау-
рыз айынан Үкімет валютаны бірқалыпты ұстап тұру мақсатында 
бірқатар шараларды қолға алған еді. Осыған қарамастан нау-
рыз айының ортасында болған жер сілкінісі мен цунами елдің 
іскерлік белсенділігін айғақтайтын Nikkei-ге жағымсыз əсер етті. 
Ол  бірнеше сатыға төмендеп, қазір 9300-ші пунктте тұрақтады. 
Жапонияда қаржы жылы 31 наурызда аяқталады. Жылдың 
аяғында балансты қорытындылау мақсатында көп мөлшерде 
шетел валютасы йенге ауыстырылады, бұл оның қымбаттауына 
əкеледі. Жапонияның көптеген сақтандыру компаниялары USD/
JPI, USD/DEM, DEM/JPI, CHF/JPI, GBP/JPI нарығында ірі 
қатысушылар болып есептелінеді. Жапонияда негізгі мəселе − 
халықтың қартайған бөлігінің үлес салмағы жоғары болып отыр. 
Көптеген жылдар бойы төменгі пайыздық ставканы ұстап тұру 
− банк жүйесі енді қарама-қайшылық туғызды, соған қарамастан 
Жапония банктері əлемдегі ең ірі банктер болып есептелінеді. 
Болашақта оңтүстік-шығыс экономикасын нығайту йеннің 
азиялық аймақтың негізгі валютасы болуға мүмкіндік береді



жүктеу 1,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   115




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау