Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 2


Тəжікстан Республикасының нарықтық экономика



жүктеу 1,13 Mb.
Pdf просмотр
бет103/115
Дата09.01.2022
өлшемі1,13 Mb.
#31868
түріОқулық
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   115
CAnsabaeva-shetel-memleket

3. Тəжікстан Республикасының нарықтық экономика 
жағдайындағы қаржы жүйесі
Тəжікстан – тəуелсіз, нарық экономикасын қалыптастыруға 
қажетті құқықтық базасы бар мемлекет. Республиканың эко-
но 
микалық саясаты – тауар өндірушілердің шаруашылық дер-
бестігін дамыту, нарықтық  жəне мемлекеттік реттеуді  үйлестіру 
болып табылады. 1994 жылы «Нарықтық қатынастар жəне
экономикалық қайта қалыптасуды тереңдету бойынша алғаш-


254
қы кезекті шаралар туралы» заң қабылданып, қаржылық-эко-
номикалық қайта қалыптасу бағдарламалары жасалды.
90-шы жылдардың алғашқы жартысы қаржылық жағдайдың 
ойсырауымен, мемлекеттік бюджет тапшылығымен жəне сыртқы 
қарыздың ұлғаюымен сипатталады. 1995 жылы тығырықтан шығу 
мақсатында ұлттық валюта – сомони енгізілді. Ұлттық валютаны 
енгізу, жақын жəне алыс шетелдермен экономикалық бірлесуге 
келісімдер жасау сияқты шаралар экономика, қаржы, бюджет 
салаларының, жалпы қоғамдық-саяси жағдайдың тұрақтануына 
мүмкіндік берді. 1995 жылғы мемлекеттік бюджеттің орындалуы 
республика үкіметі жүргізген экономиканы тоқыраудан шығару, 
қаржылық сауықтыру шараларының нəтижесі болды. 
1996 жылдан бастап республика экономикасын нарықтық 
қатынастарға ауыстыру үшін шаруашылықты жүргізудің жаңа 
тəсілдері енгізіліп, салық-бюджет саясатында «Тəжікстан Респуб-
ликасының бюджет құрылымы мен бюджет процесі туралы» заң 
қабылданды. 1997 жылы алғаш рет ЖІӨ көлемі алдыңғы жыл-
мен салыстырғанда 4 есе өсті. 1998 жылы қаржы министрлігі мен 
Салық комитеті бірлесе даярлаған Тəжікстан Республикасының 
Салық кодексі қабылданды. 
2001-2002 жылдарда қабылданған «Қазынашылық туралы» 
жəне «Тəжікстан Республикасының мемлекеттік қаржылары 
туралы» заңдар мен орта мерзімді жоспарлау бағдарламасы 
негізінде мемлекеттік бюджет бекітілді. Республикада нарықтық 
инфрақұрылым элементтері – тауар жəне қор биржалары, сауда 
үйлері, көтерме жəне бөлшек сауда кəсіпорындары, аукциондар, 
делдалдық фирмалар, сауда-өнеркəсіптік палаталар, кедендік ме-
кемелер, сақтандыру компаниялары, еңбек биржалары, жарна-
малық агенттіктер пайда болып, түрлі қызметтер атқарды.
Республикада ДСҰ-на ену үшін жан-жақты қадамдар жаса-
луына қарамастан, қол жеткізген нəтижелер халықтың өмір сүру 
деңгейін жақсарту үшін əлі де жеткіліксіз. Үкіметтің əлеуметтік 
саясаттағы негізгі бағыты – кедейшілік мəселесін шешу. Сондай-
ақ, күрделі мəселенің бірі – инвестициялық капитал тапшылығы, 
жеңілдіктер жасау арқылы сырттан қаражат тарту қажеттілігін ту-
ындатып отыр. Ауылшаруашылық, көлік, энергетика, денсаулық 
сақтау, білім беру, əлеуметтік саласын дамыту жобаларын іске 


255
асыру Тəжікстан Республикасының үкіметі мен Əлемдік Банк,  
АДБ, Ислам даму банкі, ОПЕК (МЭМҰ мұнай экспорттаушы 
мемлекеттер ұйымы) қорымен бірлесе жүргізілуде.
2006 жылы Тəжікстан Республикасының бюджет жүйесінің 
негізгі көрсеткіштері: табыстар – 824,4 млн.; шығыстар – 772,3 млн.
сомониды құрады. Табыстар ішінде республикалық бюджет – 
555,9 млн., жергілікті бюджет – 263,4 млн сомонидан тұрды. 
Шығыстар бөлігінде республикалық бюджет – 505,9 млн., жер-
гілікті бюджет 242,5 млн. сомонидан тұрады. Бюджет тап 
шы-
 
 
лығы жойылған. 2006-2008 жылдарға жоспарланған бағдарла-
малардың көздеген стратегиялық мақсаттары:
– ЖІӨ көлемін жыл сайын 5 шартты шамаға көтеру;
– əлеуметтік сектордағы бюджет шығындарын көбейту;
– кедейшілікпен күрес бағдарламасын іске асыруға арнайы ас-
сигнованиялар бөлу болып табылады.

жүктеу 1,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   115




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау