Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 2



жүктеу 1,13 Mb.
Pdf просмотр
бет19/115
Дата09.01.2022
өлшемі1,13 Mb.
#31868
түріОқулық
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   115
CAnsabaeva-shetel-memleket

5. АҚШ-тың қаржы-бюджеттік жүйесі
АҚШ-тың бюджеттік құрылымы конституциясымен ретте-
лі неді. 1787 жылы қабылданған бұл құжатта, бас штат-
тар федералдық бірлестікке басқа  қызметтер құрамындағы 


59
мемлекеттік шығындарды шығару құқығын берді. Басқа да 
дамыған елдер секілді, АҚШ үш негізгі функцияларды атқарады. 
1. мемлекеттік машинаның қамтамасыздандыру (басқару ап-
параты, əскер, сот  жəне т.б.)
2. елдің əлеуметтік саласына табыстарды қайта бөлу жəне 
əлеуметтік климатын жақсарту мақсатындағы қалпына келтіру. 
3. бюджеттік құрал қолдану арқылы  экономикалық өсудің ын-
таландыру, кəсіпкерлікті дамуына қолдау көрсету. 
АҚШ-тың федеральды құрылымы бюджет – салықтық про-
цессінің  ерекшелігі – негізгі үш жүйенің нақты өзара қатынасын 
көрсетеді:  мемлекеттік кірістер, мемлекеттік  шығыстар жəне 
бюджетаралық қатынастар (бюджеттік федерализмі).  Бюджеттік 
федерализм жүйесін құру жəне ұстап тұру – манызды жəне басты 
міндеті болып саналады, өйткені бюджетаралық қатынастарда 
аясына көптеген жəне əртүрлі экономикалық, саяси, этникалық 
көзқарастарымен факторлар ықпал етеді. 
АҚШ-тың бюджеттік құрылымы – федеративті жəне үш 
деңгейден тұрады: 
1. федеральды бюджет. 
2. федерация мүшесінің 50 штат бюджеттері. 
3. əкімшілік, кəсіпкерлік-шаруашылық, мəдени   жəне жергі-
лікті бөлімшелердің (графтық, муниципалитеті, арнай округтер 
жəне басқалары)  12,7 мың бюджеті.
АҚШ бюджеттiк тетiгiнiң маңызды басты ерекшелiгi болып 
федералды бюджеттi жобалау жəне оның орындалуы аппараты 
жəне бюджет орындалуы  барысында бақылаудан процессінен 
бөлiнген. Бюджеттi дайындау сол елдiң атқарушы аппаратының 
бөлiгiмен iске асады, мемлекеттік басшы ретiнде Президентке 
қызмет көрсетедi.
1921 жылда есептілік жəне бюджет туралы заң қабылданумен 
Бюджеттiк бюроны құрылды. Ол Қаржы министрлiгiнiң құрамына 
қосылды. Ол құрылған  кезінен бастап АҚШ президентiне тiкелей 
бағынды. Бюджеттiк басқару 1970 жылда (ƏББ) əкiмшілік – 
бюджеттiк басқарма деп атын өзгерткен. Оның мiндеттерiне жаңа 
функциялар қосылды: үкiметтiң федералды органдарындағы 
мемлекеттiк əкiмшiлiк басқару деңгейінде бюджеттi жобалау 
арқылы бақылау жəне жүйенiң жетiлдiру əдiстерiн iздестiру. 
ƏББ бюджеттiк жобаның дайындау арқылы  негізгі идеясы 


60
бюджеттiк – салық саясатын жетiлдiредi, оларға АҚШ президентi 
өз басқарушы кеңесшiлерiмен – қаржы министрлiгiмен жəне 
Экономикалық кеңесінiң төрағасы арқылы президентке ұсынады.
Экономикалық кеңес – федералды əкiмшiлiктiң жалпы 
экономикалық саясатының дайындау мақсаттарында 1946 жыл-
дың еңбекпен қамту туралы заң бойынша жасалған. Жеке сы-
зықтар жəне экономикалық саясаты «үштік» деп аталатын 
мəжiлiстерде күнделікті нақтыланады, оған Экономикалық 
кеңесінiң (ЭК)  төрағасы, ƏББ директоры жəне қаржы министрлiгі 
кiредi. Кейде экономикалық жəне ақша-несие саясаты үйлестiру 
мақсатында АҚШ Орталық банкінің басқарушысы ФРЖ – 
басшыларының кеңесiнiң төрағасы «үштік» қосылады. АҚШ 
қаржы министрлігі бюджеттiк жəне қаржы саясатты дайындауға 
қатысады, федералды бюджеттiң орындалуымен шұғылданады. 
Қаржы министрлiгiнiң ең үлкен бөлiмшелері болып - Ішкi табы-
стар қызметі, (министрлiктiң шенеуiктерiнiң жартысынан көп) 
70-80 мың жететiн қызметкерлер федералды салықтардың жи-
налуын жүргізеді. Бұдан басқа,  қаржы министрлiгi (басқа оның 
атауы – Қазынашылық) АҚШ мемлекеттiк қарызына  қызмет 
көрсетеді. Бюджеттің орындалуын бақылауды Бас бақылау-
қаржы басқаруды (ББҚБ)  жүзеге асырады жəне ол формальды 
тəуелдi ведомствосы жəне «конгресстiң бақыланатын қолы» бо-
лып табылады. Ресми бюджеттiк құжаттар:
1) ведомстволық;
2) функционалдық (мемлекеттiң бюджеттiк функцияларын 
қамтамасыз ету бойынша шығындар); 
3) бағдарламалық.
АҚШ бюджеттiк секторы реформаларға бай тəжiрибелер 
жинаған.  Бюджетті  дайындаудың бағдарламалық-мақсаттықпен 
жаңа даму кезеңдер «мемлекеттiк мекемелердiң қызмет нəтиже-
лерiн бағалау туралы» (Government Performance and Results Act - 
GPRA)  Федералды АҚШ заңымен байланысты.
GPRA сəйкес əрбiр федералды министрлiк жəне ведомство 
(минимум 5 жылға) стратегиялық жоспар жасауы керек, жұмыс 
жоспарының орындауы туралы жылға жəне орындалуы туралы 
есеп беру жылға жасалынады. Бұл құжаттар бiрге жоспарлау-
ды, қабылданған шешiмдердiң орындалуын жəне нəтижелердi 
бағалаудың тұйықталған циклдерін құрайды. Əкiмшілік - 


61
бюджеттiк басқару (ƏББ) жылдық жоспары министрлiктер база-
сында бюджеттiк жобамен бiрге конгреске берiлетін бір жылға 
агрегатталған федералды жұмыс жоспары құрайды. Бюджеттi 
əзiрлеудегi маңызды рөлді қазынашылық емес, бұл мақсатты 
жасау үшiн министрлік статус мəртебесiн бар жəне министрлер 
кабинетiнiң мүшесi  болып табылатын əкiмшілік - бюджеттiк 
басқару (ƏББ) жүргізеді. Бюджеттi құрастыру жəне оны пайдала-
ну процесiнде АҚШ конгресiнiң рөлi басқа елге қарағанда едəуiр 
көп. 1978 жылы конгресс тексеру қызметі, яғни  министрлiктердің 
iшкi бақылаудың қызметi ретінде құрылған. Олар тəуелсiз 
министрлiктердiң бiр бөлiгі болып табылады жəне конгресстер-
ден ақша алады, 57 тексерушiлер (негiзгi министрлiктер жəне 
мекемелердiң саны бойынша) президенттермен белгiленедi 
жəне парламенттермен бекітедi. Тексерушiлер министрлiктiң 
басшысына тiкелей бағынады жəне министрлiктiң қызметi ту-
ралы есептілікті конгресске жылына екi рет ұсынады. Конгресс 
үш негiзгi тəуелсiз агенттiктерден тұрады: конгрестi Бюджеттiк 
басқаруы, Басқару есебі жəне конгрестiң Зерттеушi қызметi. 
Бюджеттiк қаражаттардың ұйғарымы конгресi рөлi өте жоғары. 
Заң бойынша қазынашылық сомасын алулар тек Парламент 
шешiмімен ғана  мүмкiн.
АҚШ-тың федеральды бюджеті мемлекеттің шығысымен 
 
кірістері жəне де олардың түсім көздерін шоғырлану күнделікті 
жинақ сметасымен бекітеді, олардың негізгі бағыттары шығыс-
тар туралы бағдарламаларымен айқындалады.  Бюджеттік кіріс -
терінің – жоғары үлесін  салықтар жəне  салықтық емес 
түсімдерден тұрады. 
Федералды бюджеттің шығыстармен кірістер құрамы жыл-
да өзгереді. АҚШ-тың федералды бюджетінің құрамына мем-
лекеттегі саяси  оқиғалары қатты ықпал етеді, сондықтан да 
мемлекеттің қаржылық стратегиясымен президент əкімшілігі 
анықтайды.
Федералды үкіметтің бюджеттік жылы 1 қазаннан  басталып 
келесі жылдың 30 қыркүйегіне дейін аяқталады.  Көптеген штат-
тарда 1 шілдеден  келесі жылдың 30 маусымына  дейін аяқталады.  
Көптеген штаттарда бюджеттік жоспарын  екі жылға құрады.
АҚШ-тың жергілікті органдарындағы жəне штаттарда бюд-
жеттен ерікті əкімшілік бірлік органдарын құрып, бекітеді жəне 


62
де іске асырады. Федералды басшылық штаттар бюджетіне 
тікелей бақылауға міндетті емес. Штаттар басшылығы федера-
ция алдында қаржы жəне бюджет туралы мəлімдеме бермейді. 
Көптеген штаттарда бюджетті құру басшылық ететін орындар-
да оларға тікелей байланысты қаржылық органдарда іске асы-
рылады. Шығын сметасын бюджеттік жəне қаржылық бюро, та-
быс сметасын – салықтық жəне де басқа да органдар жоспарлай-
ды. Штаттардың ең көп шығындалуы білімге  (35%), əлеуметтік 
салаға (13%), денсаулыққа (91%) жолдарды жөндеу, қоршаған 
ортаны қорғау, тұрғын үй құрылысы жəне басқалары. 
Штаттардың заңдары халық саны жəне əкiмшiлiк-аумақтық 
бiрлiктер аумағының өлшемдерiн реттейдi – графтықтар жəне 
округтарды. Графтықтар жəне округтар үкiмет органдары 
олардың құрамына кiретiн аумақтар үшiн аймақтық үкiметтерi 
ретiнде – муниципалитеттер, поселкелер, мектеп жəне арнайы 
округтар болады. Графтықтар жəне олардың басқару органдары, 
штаттарға қарағанда, толық тəуелсiз емес жəне өткiзiлетiн мем-
лекетпен жəне штат үкiметтерінің экономикалық саясатты ұстап 
тұрады.
Мемлекеттiк қаржы  жүйесінде маңызды орынды ар-
найы қорлар алады, оның дербес қаржы мекемесінің қызметін 
атқарады. Олар мақсатты бағытталған жиынтық ақша ресурстар 
қоры болып табылады. Қорлардың табыстары көзі – салық жəне 
салық емес түсімдерден қалыптасады жəне федералды бюджеттiң 
қаражаттарынан құралады. Арнайы қорларға:
– əлеуметтiк сақтандыру қорлары – қарттық бойынша, асырау-
шы, денсаулық жоғалтуға байланысты жəне тағы басқалар;
–  шаруашылық өмiрді  реттеу үшiн бағытталған экономикалық 
қорлар: инвестициялық, конъюнктураларды, қайта құру жəне 
дамытуды қоры жəне тағы басқалар. Бұл қордың қаражаттары 
жеке компания жəне мемлекеттік кəсіпорындарға; ғылыми – 
зерттеулер қорларына;  кəсіпорындарда ғылыми – зерттеулерін 
қаржылық қолдау;  құрылыс; сонымен бiрге мемлекеттің ғылыми 
орталықтарын қамтамасыз ету жəне iргелi зерттеулер жүргізу. 
– əскери-саяси қорлар – бұл Президентің қарамағындағы 
ерекше маңызды резервтер, ол қосымша мақсатты шараларды 
қаржыландырады.
АҚШ үкiметiнiң бюджетi – үкiметтiң атқарушы жəне заң 


63
шығару бiрiккен күштерiнiң нəтижесi. Атқарушы үкiмет бюджеттi 
əзiрлейдi. Заң шығарушы билiк – салықтар жəне шығыстар тура-
лы заң шығарады жəне  бюджет атқарылады. 
Қазiргi  АҚШ-тың бюджеттiк процесi төрт негiзгi заңдармен 
реттеледi:
– Президенттiк бюджет туралы 1921 жылда қабылданған 
 
жəне 1950 жылдағы түбегейлi өзгерістерге ұшыраған заңы;
– Бюджеттiк бақылау жəне қорларды уақытша тоқтату туралы 
1974 жылғы заңы; 
– бюджеттiк тапшылықты бақылау (1987 жылдың редакция-
сында) балансталған бюджет жəне төтенше шаралар туралы 1985 
жылғы заңы жəне бюджеттік бақылау туралы 1990  жылғы заңы. 
– Бюджеттік процесс шеңберiнде заңнаманың үш параллельді 
жəне өзара байланысты процестер болады. Бiрiншi - кезектi 
қаржы жылына федералды бюджетiнiң жобасының бес негiзгi 
параметрлерi анықталған:
– жаңа бюджеттiк уəкiлеттiктердiң жалпы деңгейi;
– келешек қаржы жылына федералды бюджет бойынша жиын-
тық шығыстардың шамасы;
– келешек қаржы жылына федералды бюджет бойынша жиын-
тық кірістер  соммасы;
 – бюджеттiң оң сальдосы  (немесе дефицит);
 – федералды үкiметінің борыш көлемi.
Бұл көрсеткiштер федералды бюджеттік жобаны бойынша 
конгресстiң екi палаталарын бiрлескен қарарда бекiтедi, кон-
гресс құрайтын процессуалды құжатымен бiрге қосатын негiзгi 
құрылымдық федералды бюджет құрайды. Екi палаталардың жо-
балары бiрлескен қарарда құрылған комитеттер бойынша  бюд-
жет жасалады. Бiрлескен қарарда конгресс тəртібімен бекітедi, 
заңдармен ескерiлген екi палаталардың көпшiлiк  жай дауысы, 
бiрақ заңның күшiне енбейді жəне президенттің қол қоюы та-
лап етпейді, сондықтан президенттiк вето таралмайды. Бiрлескен 
қарарда функционалдық категориялар бойынша федералды 
бюджеттiң құралдарын федералды үкiметтiң негiзгi приоритетті 
қызметтерi бойынша үлестiрiлуі болып саналады. 
Екiншi кезең – бағдарлама немесе қызметтiң түрлерін 
мақұлдау, онда шығындалатын құралдардың шектi көлемiнiң 
анықтауы жəне бағдарламаның мақсаттарының құрастыруы бо-


64
лып табылады. Бiрақ қаржы бөлулер  функционалдық категория 
бойынша емес, министрлiктер жəне мекемелер бойынша бөлінеді.
Үшiншi кезең – конгресстегi бюджеттiк процесстiң - қаржыны 
бөлуге арналған комитеттердiң қызметi. Мұндай комитеттердiң 
сенат құрамдарында жəне өкiлдер палатасы қазіргі уақытта 13. 
Олардың құзыры тек қана (конгресстiң қарастыруы бойынша 
шығындар) дискрециялық шығындарға шоғырландырады жəне 
конгресспен тiкелей бақыланады. Дискрециялық шығындар үш 
категорияға бөлшектенедi: қорғаныс, халықаралық қызмет, iшкi 
бағдарламалар.

жүктеу 1,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   115




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау