Денсаулық сақтау
140 667,0
Әлеуметтік жэрдем мен әлеуметтік қамтамасыз ету
358 511,3
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
45 558,1
Мәдениет, спорт, туризм жэне ақпараттық кеңістік
18 322,2
Жылу-энергетикалық кешен мен жер қойнауын пайдалану
28 298,9
Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, айрықша
күзетілетін табиғи аумақтар, қоршаған ортаны жэне
жануарлар әлемін қорғау
55 000,0
Өнеркәсіп, архитектуралық, қала құрылысы мен құрылыс
қызметі
3 906,6
Көлік жэне коммуникациялар
66 390,4
Басқалары
18 820,3
Қарыздарға қызмет көрсету
40 089,7
Трансферттер
275 729,4
Ә
д
е
б
и
е
т
:
1. Қазақстан Респубикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2011
жылғы 28 қаңтардағы «Болашақты бірге қалаймыз» атты
Қазақстан халқына жолдауы.
2. Гайсина С. Н. Социальные параметры качества жизни насе
ления // Известия НАН РК. Серия общественных наук. Алма
ты. 2010 г. №3.
3. Бибатырова И. А., Сагындыкова Г. К. Государственное регу
лирование национальной экономики. Алматы. 2008 г. Гл. 7.
174
13. МЕМЛЕКЕТТІҢ ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТІ МЕН
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САЯСАТЫ
13.1. Қоғамның табиғи ортаға ықпалы
XX ғасырда ғылыми инженерлік ойдың белсенді дамуы халық
санының жедел өсуімен қосылып, қоршаған ортаның ғаламдық
өзгерістерін туындатты. Адамның қажеттіліктерін ғанағаттандыру
үшін табиғи ресурстарды пайдаланумен қатар индустриялық нарық
жануарлар мен өсімдіктер әлеміне елеулі антропогенді ықпал етіп,
осының салдарынан нэзік экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуын ту
ындатты. Адамның табиғатқа тек белгілі бір байлық пен игілікті алу
нысаны ретіндегі тұтынушылық көзқарасы бұрын болған табиғи
тепе-теңдіктің түбегейлі өзгертіп жіберді.
Фенол, күкіртті көміртегі, бензопеленнің, аммиактың жол
берілетін шекті концентрацияларының (ЖШК) жоғарылауын көр-
сеткен, 5,5 млн адам тұратын, Ресей қалаларын зерттеу нэтижелерін
мысал ретінде келтіруге болады, бұларда ауаның ластануы ЖШК
50 еседен асатыны байқалған.
Қазақстанда, әсіресе жекелеген қалаларда ауа бассеинінің жай-
күйі жақсы емес. Атап айтқанда Алматы қаласының ауа бассеині
шаңның жыл сайын РМ10 фракциямен арта түсетін қарқынмен
ластануда. Алматы қаласы ауасының РМ10 фракциямен ластануы
қала ауданына қарай 4 есеге дейін артып кеткен. Осы фракциямен
Еуропа елдеріндегі ластану нормасы ауа кеңістігінің бір текше
метріне 0,04 мг, Ресейде - 0,05 құрайды, Қазақстанда өз нормасы
әлі де қабылданбаған.
Алматыда еліміздің басқа да бір қатар қалаларындағыдай тозаң
бөлшектерімен қатар қорғасында экологиялық қауіп төндіреді.
Кейбір есептеулерге қарағанда, күн сайын қала көшелерімен 800
мыңдай автокөлік жүріп өтеді жэне эртүрлі маркадағы 40 тонна
бензин жағады екен, сөйтіп атмосфераға 60 тоннадай қорғасын
шығарылады. Осының барлығы жолға, ағаштарға қонады жэне
қорғасын қонған жерлердегі оның бөлшектері желмен көтеріліп
адамдар тыныс алатын ауаны ластайды.
Жүріп жатқан табиғи-климаттық трансформациялар, атмос-
фераның ластануы мен стратосфералық озонның бұзылуы, биоло-
175
гиялық әртүрліліктщ жедел қысқаруы, жердщ деградациялануы,
тұщы су қорларының сарқылуы, экожүйенің гидрологиялық си-
паттарының өзгеруі мемлекеттік билік органдарының, халық-
аралық ұйымдардың тұрақты араласуынсыз шешу мүмкін болмай-
тын мэселелердің бір бөлігі ғана.
Адамдар қоғамы мен табиғи ортаның өзара байланысы туралы
мәселелер Т. Р. Мальтустың еңбектерінде кездеседі, ол аумақтың
шектеулі болуы, тіпті жердің шексіз өнімділігіне қарамастан халық
өсімін шектейді деп жазған. Қоғамдық өндірістегі экономикалық
өсім жэне табиғат жүйесінің орнықтылығы проблемаларын Рим
клубы мүшелері қарастырады. Олар экономикалық өсімнің соңынан
қуу адамзатты апатқа алып келетінін жэне өндірісті шектеу мен рет-
теу жэне прогресс критериилерін өзгерту жолымен ғана оның бетін
қайтаруға болатынын көрсетті.
Б. Скипер өз зерттеулерінде «егер қолжетімді қор көлемі жа-
ғынан шектеулі болса, сұраныс, түптеп келгенде қолда бар қордың
көлеміне қарамастан, оны ғанағаттандыру мүмкіндігінен асып
кетеді. Сондықтан мемлекет өндіріс пен түтынудың өміршең емес
модельдерін шектеуі жэне жоюы, тиісті демографиялық саясат-
ты көтермелеуі тиіс» деп көрсеткен. Мұндай көзқарас, жердегі
қалпына келтірілмейтін ресурстардың қоры өндірісті арттыру жэне
халықтың оны тұтынуы, сондай-ақ жер шары ауқымында өндірістік
мақсатта тұтыну үшін жеткіліксіз болуынан туындаған. Табиғи ре-
сурстарды сарқу жеделдігі халық санының өсуінен жылдам болып
отыр. Өндірістің өсуімен жэне табиғи ресурстардың сарқылуымен
қатар Жердегі экологиялық жүйенің ластануы арта түсуде.
Киото келісімінен, 2000 жылы Стокгольм жэне Ортус конвен-
циясынан басқа планеталық деңгейде жердің галамдық экожүйесін
реттейтін жэне бақылауға мүмкіндік беретін пәрменді механизм
жоқ.
Жекелеген елдер таурлар мен қызмет көрсетулердің элемдік
нарығында бәсекелестікті арттыру жолындағы күрес жағдайында
ластану шектеу мен табиғат ресурстарына жэне жердің өзіне қайта
түзелместей нұқсан келуін қысқартудың тек шектеулі мақсаттары
мен міндеттерін ғана алға қоя алады. Мүндай жағдайларда мемле
кет өнеркәсіп тауарлары өндірісі мен қызмет көрсетулердің жэне
табиғи орта жай-күйінің рационалды сәйкестігіне ұмтылуы тиіс.
Осыған орай, қогамның табиғатпен өзара әрекеттестігін қалдықсыз
жэне рационалды өндіріспен құру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |