13.2. Мемлекеттің табиғатты қорғау қызметінің мақсаты,
принциптері мен міндеттері.
Қалыптасқан экологиялық жағдайға байланысты мемлекеттік
билік органдары жалпы жэне нақты мақсаттарды және табиғатты
қорғау қызметін мемлекеттік реттеу міндеттерін белгілейді.
Мемлекеттік реттеудің жалпы мақсаты табиғи ортаны сақтау,
адамдардың қазіргі жэне келешектегі буынына олардың денсаулығы
мен игілігіне қолайлы қоршаған ортада өмір сүруге мүмкіндік
жасауға атсалысу болып табылады. Нақты мақсаттар мен міндеттер
қалыптасқан ситуацияға байланысты айқындалады. Мысалы, Арал
теңізінің немесе Семей полигонының мәселелері сияқты.
Табиғатты пайдалануды мемлекеттік реттеудің негізгі міндеті
табиғат ресурстарын қоғамның өмір сүруі жэне дамуы үшін арты-
нан қалпына келтіре отырып жэне қоршаған ортаны қорғай отырып
пайдалану болып табылады.
Табиғатты пайдалануды мемлекеттік реттеу проблемасы са-
лыстырмалы түрде мұнда ғана пайда болып, әлемнің әртүрлі
елдеріндегі экологиялық жағдай шұғыл шиеленісе бастаған 20
ғасырдың 60-шы жылдарында ғана басталды.
1972 ж. Стокгольмде Декларация қабылданып, оған қатысушылар
қоршаған орта проблемаларын түйсінудің ортақ көзқарасы мен
оны қорғау мен сақтаудың жалпы принциптерін жасау қажеттілігін
мойындаған. Бұл халықаралық құжаттың екінші бөлімінде 26 прин
цип қамтылған, олардың негізгілері мыналар:
1) қоршаған ортаның сақталуы мен қорғалуы үшін адамның
жауапкершілігі принципі;
2) жердің табиғи ресурстарын пайдалануды жоспарлау мен
басқару принципі;
3) елеулі қауіп төніп тұрған табиғи объектілер үшін адамның
айрықша жауапкершілік принципі;
4) жердің қайта жаңғыртылмайтын ресурстарын сарқылудан
қорғау принциптері;
5) теңіз айдындарын адамның денсаулығына жэне тірі ресурста-
ры мен теңіздегі өсімдік түрлеріне зиян келтіруі мүмкін заттармен
ластануын болғызбаудың барлық шараларын қолға алу принципі;
6) елді мекендер мен урбанизацияны жоспарлау пинципі.
177
Аталған принциптерді нақты іске асыру үшін Қазақстанда
тиісті институционалды құрылымдар құрылған. Атап айтқанда,
ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, Экологиялық реттеу
мен бақылау комитетінің аумақтық органдары, қоршаған ортаның
ақпараттық-талдау орталығы, Қазақ экология мен климат ғылыми-
зерттеу институты, Геология мен жер қойнауын қоргау комитеті, ҚР
ҚОҚМ Экологиялық реттеу және бақылау комитеті уәкілетті орган
болып табылады. Қажеттілігіне қарай басқа да институционалды
органдар құрылу үстінде. Атап айтқанда, мұнай-газ операцияла-
рын жүргізгенде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін
мұнайдың төгілуіне көңіл аударатын Солтүстік Каспий экологиялык
базасын салу жобасы жүзеге асуда.
Қазақстан 2000 жылы Ортус конепциясын ратификациялады,
қоғамға дайын экологиялық ақпарат беруге ғана емес, экология са-
ласында пәрменді мемлекеттік саясат жүргізуге де дайын.
Экономикалық тұрғыда мемлекеттік билік органдары радио-
активті сэулеленуден көп адам әртүрлі онкологиялық аурулардан,
қан мен тамырларының патологиясынан, тері жабындарының
зақымдануынан зардап шегіп жатқан Семей аймағының әлеуметтік
және экономикалық қалпына келтіру жөніндегі бағдарламаны
жүзеге асыруда. Арал маңының тұрғындары да елеулі санитарлык
дағдарысты бастан кешіруде, мүнда теңіз түбінің көп бөлігі ашы-
лып, тұз бен химиялық тыңайтқыштармен жэне пестицидтер-
мен уланған құм жер бетін жауып қалған. Бұл жерде өзендер
қосылыстарын қоршау жөніндегі шаралар қолға алынган, бүл оған
құйылатын өзен суларын жинауға мүмкіндік берді. Бұл жерде мем-
лекет бүрынгы балықшыларды жаңа мамандықтарға оқытуға күш
жүмсады, бүйрек, ас қорыту және респираторлық аурулардың саны
тым арта түсуіне байланысты медициналық қадағалау қажеттілігі
арта түсті.
Түщы судың ғаламдық тапшылығы, су объектілерінің ласта-
нуы, өндіру кәсіпорнының қарқынды дамуы, энергетика, көмір,
мұнай, қара және түсті металлургия өнеркәсібі кэсіпорындарының
қоршаған ортаны ластай түсуін туындатып, автокөлікті пайдалану
нәтижесінде атмосфераға зиянды зат шығарылады. Мүның бэрі ар-
найы мемлекеттік бағдарламаны жасауды талап етеді. Қазақстанның
халқын ауыз сумен қамтамасыз етуге ғана 2020 жылға дейін Үкімет
жыл сайын 90 млрд. теңге бөлуді көздеп отыр. Оның ішінде 60 млрд
178
теңге республикалық бюджеттен және 30 млрд теңге жергілікті
бюджеттен бөлінбек. Бұл орайда жобаларды сараптауға және
геологиялық барлауға айрықша көңіл бөлінеді.
Табиғатты пайдалануды мемлекеттік реттеу қоғамдық өндірістің
басқа да салаларындағыдай келесілерге:
1) кұқықтық нормалар мен технологиялық стандарттарға негіз-
делген әкімшілік-құқықтық тэсілдерге;
2) табиғатты пайдаланушылардың табиғи ортаның эртүрлі эле-
менттерін қорғау талаптарын орындауға қызушылығын оятатын
эконмикалық тэсілдерге бөлінеді.
Әкімшілік тэсілдерге: тиісті мемлекеттік билік органдарының
ауаға
шығарылатын
газдардың
жол
берілетін
нормаларын
белгілеуі, шикізаттың немесе өнеркэсіп бұйымдарының жекеле-
ген түрлерін пайдалануға тыйым салуы, өндірістің, тауарлар мен
қызмет көрсетулердің эрқилы түрлеріне экологиялық стандарт-
тарды белгілеу жатады. Мысалы, автокөліктерге арналған бензин
шығаруға арналған стандарттар: Евро-2, Евро-5 жэне басқа да
санаттарға бөлінеді.
Құқықтықтәсілдерд і мемл екеттің заңдар, Мемл екет басшысының
жарлықтары, үкіметтің қаулылары түрінде мемлекеттік билік ор
ган дары белгілейді.
Қазақстанда бұлар: «ҚР Экологиялық кодексі», «Айрықша қор-
ғалатын табиғи аумақтар жөніндегі», «Жануарлар элемін қорғау,
қайта жаңғырту, жэне пайдалану жөніндегі», «Өсімдіктерді қорғау
туралы», «Атом қуатын пайдалану жөніндегі» Заңдар мен т.б.,
сондай-ақ үкіметтің бірқатар қаулылары, ережелері мен ҚР ҚОҚМ
бұйрықтары жатады.
Заңдарда, жарлықтарда, ережелерде, нұсқаулықтарда мемлекет
қоршаған ортаны қорғау мен экологиялық қауіпсіздіктің жалпы
нормаларын, стандарттары мен ережелерін белгілейді.
Табиғатты қорғау нормалары табиғат ресурстары элеуетінің
немесе оның жеке қүрамдастарының сапалық жэне сандық күйі
арақатынасының сандық мәндері болып табылады. Мысалы, суды
тұтыну нормалары, атмосфералық ауаның сапасын сақтау үшін
зиянды заттарды ұстап қалу мен зарарсыздандыру нормалары.
Жергілікті деңгейде, мысалы, ірі қалаларда зиянды заттардың ауаға
шығарылу көздерінің техникалық-ақпараттық параметрлеріне бай-
179
Достарыңызбен бөлісу: |