тын қарым-қатынасты білдіретін жалпы ұғым ретінде пайдаланы-
лады.
Мемлекет қарым-қатынастар субъектілері арасында қалып-
тасатын жүмысты да, байланыстарды да реттейді. Олардың арасын-
дағы айырмашылық мемлекеттің қандай да бір шараларының
субъектілер қызметін тоқтатуы немесе өз қызметін қайта бастауы,
ал қарым-қатынастар жалғаса беруі немесе элі қайта жаңғыртыл-
мауы мүмкін. Мынадай сұрақ туындайды: мұндай тәптіштеу неге
керек? Бұл жағдайдадағы проблема биліктің қандай органдары
жэне олар немен айналысады деген сұраққа тіреліп тұр емес пе? Өз
сұрақтарына жауапты кімдер және биліктің қандай органдарынан
алуы тиіс?
Қарастырылып отырған жағдайда сыртқы
экономикалык
қызметпен экономикалық, қаржылық, ғылыми, ғылыми-техно-
логиялық, әлеуметтік, мәдени қызмет түрлерімен айналысатын
министрліктер мен ведомстволар айналысуы тиіс. Олар осы сала-
ларда жұмыс атқаратын жэне басқа елдер субъектілерімен өзара
байланыста болатын субъектілер қызметін реттеуі тиіс. Мемлекет
аралық келісімдермен сол байланыстарды орнатқан азаматтар мен
мекемелердің байланысы мен байланыстарының бағыттары үшін
жауап беретін билік органдары (СІМ, Үкімет жэне т.б.) айналысуы
тиіс.
Осылайша, жеке түлгалар, фирмалар, мемлекет СЭҚ субъекті-
лері болып табылады. Сондай-ақ сауда-өнеркәсіп палаталары.
басқа мемлекеттердегі сауда өкілдіктері, сыртқы экономикалык
делдалдарды, Бүкіләлемдік сауда ұйымы, Халықаралық валюталық
қор, Халықаралық даму және қайта қүру банкі жэне т.б. сиякты
халықаралық ұйымдар да СЭҚ субъектілеріне жатады.
Тауарлар, қызмет көрсетулер, ақпарат, еңбек ресурстары, капи
тал, патенттер СЭҚ объектілері болып табылады. СЭҚ тауарлар мен
қызмет көрсетулерді экспорттау жэне импорттау арқылы жүзге аса-
ды. Әлемдік шаруашылық байланыстардың формалары да адамның
қызметі сияқты әркелкі болады. Бір авторлар оларды ірілендірсе,
басқалары оны детальдарға салалайды. Ірілендірілген түрдегі
сыртқы экономикалық қызмет формаларына:
1) халықаралық сауданы;
2) капиталдың халықаралық миграциясын;
3) жүмыс күшінің халықаралық миграциясын;
198
4) ғылыми, техникалық-технологиялық, әлеуметтік-мәдени қыз-
мет көрсетулерді;
5) өндірістік-техникалық ынтымақтастықты;
6) валюталық-қаржылық жэне несие қатынастарын;
7) көлік-коммуникациялық ынтымақтастығын жатқызады.
Жүк тасымалының ыңғайлы трансконтиненталдық бағытта-
рының болуы елдерді тауар мен қызмет көрсетулердің рыногымен
маңызды тұрғыда жақындастырады. Сондықтан барлық елдер,
соның ішінде Қазақстанға да өз аумағының жоғары транзиттігін
жасау маңызды болмақ, темір жолдарды, автокөлік магистральда-
рын салу, эуе айлақтарын кеңейту жэне мүмкіндіктерін жақсарту
арқылы осы істер жасалып та жатыр.
Институционалды құрамдас екіжақты қарым-қатынастың ны-
ғаюына жэне экономикалық ынтымақтастың өсуіне ықпал ететін
маңызды фактор болып табылады. Қазақстанда осы бағыттағы
тиісті билік органдары құрылған жэне қызмет етіп жатыр. Олардың
ішіндегі уәкілетті орган - аймақтарда жэне Алматы мен Астана
қалаларында тиісті департаменттері бар Экономикалық даму жэне
сауда министрлігі, ҚР ¥лтты қ банкі, Мемлекеттік кеден комитеті,
басқа министрліктер мен ведомстволар, сондай-ақ сауда-өнеркэсіп
пал атасы жэне т.б. бар.
Экономикалық мүдделер мен ел тэуелсіздігін, елдің экономи-
калық қауіпсіздігін қорғау мен осы қызметке қатысушылар-
дың белсенді сыртқы экономикалық байланысын қолдау СЭҚ-ті
мемлекеттік реттеудің мақсаты болып табылады. Осы мақсаттарға
қарай келесі міндеттер анықталады:
1) СЭҚ-ті дамыту стратегиясын құру жэне жүргізу;
2) алып келетін және шығарылатын тауарлар мен қызмет көр-
сетулерге қауіпсіздік критерийлерін белгілеу жэне тиісті бақылау
орнату;
3) әлемдік жэне тауарлық рынокта өз тұтынушыларын көтер-
мелеу арқылы СЭҚ қатысушыларын қолдау тэртібін белгілеу;
4) ҚР-да тауарларды өндіру мен тұтыну қүрылымында про-
грессивті өзгерістер болуы үшін жағдай жасау;
5) ҚР-ның әлемдік экономикаға тиімді интеграциялануы үшін
қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету.
СЭҚ қызметін мемлекеттік реттеу экімшілік, ұйымдық-
басқару жэне экономикалық тэсілдермен жүзеге асырылады.
199
Әкімшілік-ұйымдық тәсілдер негізінен шектеуші сипаттағы тікелей
ықпал ету сипатында болады. Реттеудің экономикалық тэсілдері
сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың экономикалық
мүдделеріне эсер етеді.
Реттеудің әкімшілік тэсілдерінде келесі тетіктер:
- СЭҚ қатысушыларын тіркеу;
- кедендік шекара арқылы өткізілетін тауарлар мен мүлікті де-
кларациялау;
- тауарлар импорты мен экспортының тэртібі;
- санкциялар мен басқа шаралар арқылы СЭҚ-ті оперативті рет-
теу шаралары;
- тарифтік емес реттеу пайдаланылады.
Реттеудің экономикалық тэсілдерінде келесі тетіктер:
- валюталық бақылау;
- кедендік тарифтер;
- кедендік салықтар;
- фискальдық саясат;
- амортизациялық саясат;
- ақша және несие саясаты пайдаланылады.
Ұйымдастырушылық-басқару тәсілінде келесі тетіктер:
- тауарлардың экспорты мен импортын лицензиялау мен квота-
лау;
- монополияға қарсы заңнама;
- тауарлық сертификаттау мен санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау;
- Қазақстан Республикасы азаматтарының, кәсіпорындарының
және мекемелерінің интеллектуалдық, мүліктік меншігін қорғау
пайдаланылады.
Сыртқы экономикалық қызметтің экономикалық жэне экім-
шілік-ұйымдастырушылық тәсілдері арақатынасының үлттық эко-
номикаға ықпалы ұлттық экономиканың сипатын айқындайды. Таза
күйінде мемлекеттердің сыртқы экономикалық қызметінде протек
ционизм мен ашық экономика бүгінгі күні кездеспейді. Сыртқы эко-
номикалық қызметтің қатысушыларына әкімшілік-экономикалық
ықпал ету формалары өз экономикасын қорғайтын дамушы елдерде
200
Достарыңызбен бөлісу: |