Оқулық Алматы, 2014 Әож 330(075. 8) Кбж 65 я73 ж 39



жүктеу 6,32 Mb.
Pdf просмотр
бет35/68
Дата31.01.2020
өлшемі6,32 Mb.
#27882
түріОқулық
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   68

бағдарламасына бағытталды. Азаматтардың ипотекалық баспанасы 
жалғыз  ғана  үй  болса  жэне  120  шаршы  метрден  аспаса,  мемлекет 
өз  бастамасы  бойынша  коммерциялық  банктердегі  ипотекалық  не- 
сиелер  бойынша  пайыздық  ставканы  18-24%-дан  9-11%-ға  дейін 
қысқартты.  2011  жылы  31200  отбасы  бұрынғыға қарағанда  30%-ға 
аз  төлейтін  болды.  Бағдарлама  жүмыс  істеуді  жалғастыруда,  бірақ 
босап  шығатын  қаражат  есебінен  істейді.  Мұндай  шара  нарық- 
тық  экономиканың  ешбір  аясына  сыймайды  жэне  шын  мэнінде 
экономикалық  заңдылықтарға  қайшы  келеді.  Бірақ  Қазақстан  аза- 
маттары  зардап  шегіп  қалғандықтан,  мемлекет  көзсіз  қадамға  бар­
ды  жэне  2011  жылдың  соңына  қарай  үлескерлер  өз  пәтерлерін  ала 
алды.
3. Аграрлық секторды қолдау үшін 1 млрд АҚШ доллары бөлінді. 
Қазіргі  кезде  ондаған  тауарлы-сүт  фермалары  қазіргі  заманғы 
түр-сипатқа  ие  болды,  олар  замануи  техникамен  жарақтанды. 
Мал  тұқымын  жақсарту  жөніндегі  жүмыстар  жүргізілуде,  бүл  да 
мыңдаған азаматтарға тұрақты жұмыс беріп отыр. ҚР Президентінің 
жолдауында  еңбек  өнімділігін  арттыру  есебінен  2014  жылға  қарай 
ішкі  нарықты  тағам  өнімдерімен  қамтамасыз  етуді  екі  есеге,  2020 
жылы торт есеге арттыру туралы атап өтілген.
4.  Мемлекеттің  ықпал  етуімен  тұрғын-үй  коммуналдық  нысан- 
дарын  жэне  инфрақүрлымын  модернизациялау жөніндегі  ауқымды 
жүмыс  жүргізілуде.  Білім  беру,  денсаулық  сақтау,  әлеуметтік 
инфрақүрылым  нысандарын  жөндеуден  өткізу  жэне  салу  жөнінде 
зор көлемдегі жұмыстар жүргізілді, Президенттің «100 мектеп,  100 
аурухана» бағдарламасы іске асырылуда.
5.  Шағын  жэне  орта  бизнесті  қолдау  бағдарламасы  аясында 
кәсіпкерлер  бизнесін  дамытуға  бағытталған  өздерінің  жеке  за- 
ймдарын  қайта  қаржыландыруға  мүмкіндік  алды.  Шағын  жэне 
орта  бизнесті  қолдаудың  барлық  бағдарламасы  аясында  жалпы 
сомасы  шамамен  4  млрд  АҚШ  долларын  күрайтын  9405  жоба 
қаржыландырылды.  Бұл орайда  17000 астам жұмыс орны қүрылып 
қолдау  тауып  отыр.  Кәсіпкерлікт  дамытудың  «Даму»  еншілес 
қорының  бағдарламалары  бойынша  да  ШОБ-ті  несиелеуге  2  млн 
астам  АҚШ  доллары  бағытталды,  бұл  орайда  оны  займдарды 
қайта қаржыландыруға ғана емес,  start-up бизнесті қаржыдландыру 
үшін  де  бағытталды.  «Даму»  қорының  бағдарламалары  бүгін  де 
жалғасып отыр.
109


6. 
Қазақстандық  билік  органдары  экономикалық  өсімнің,  тұ- 
рақты  дамудың  жэне  қоғамның  әлеуметтік-экономикалық  игілі- 
гінің  міндеттерін  қайта  түзетті.  Индустриалдық-инновациялық 
бағдарламаны  жетілдіру  жалғасып  отыр.  Елде  тұрақты  жұмыс 
істейтін  152  кэсіпорын  бар  он да  24  мың  қазақстандық  жұмыс 
істейді.  Химия  және жеңіл  өнеркәсіп  қалпына келтірілуде  жэне да- 
муда. Келесі үш жылда 8,1 трлн теңге сомасында 294 инвестициялық 
жобаны  іске  асыру жоспарлануда.  Экономиканың  шикізаттық  емес 
секторына  инвестиция  салу  30  пайызға  артады.  Экономиканың 
бұл  секторын  дамыту  үшін  Үкімет  энерготиімділіктің  Кешенді 
жоспарын  жасауда.  Елді  одан  эрі  қарай  индустриализациялау 
аймақтық  саясаттың  жаңа  парадигмасы  қалыптасуын  талап  етеді 
жэне  осы  уақытта  Аймақтарды  дамыту  жөніндегі  жаңа  жоспарлар 
әзірленуде.
Дағдарысқа  қарсы  шаралар  механизміне  «Самрұқ-Қазына» 
¥ И Қ  әзірлеген Ережелер енді, бұлар ұзақ мерзімдік келісімшарттар 
түзуге  көмектесті.  Қазіргі  кезде  ¥ И Қ   қүрамына  кіретін  компания- 
лар  басшылыққа  алатын  ережелер  отандық  тауар  өндірушілердің 
тендерлік  өтініштеріне  бағаны  шартты  төмендетуді,  жасалған 
шарттар  бойынша  міндетті  30%-дық  алдын  ала  төлемді,  отандық 
тауар  өндірушілерді  тендерлік  өтініштерді  қамтамасыз  ету  төлем- 
дерінен  босатуды,  келісім  шарттың  орындалуын,  ұзақ  мерзімдік 
келісімшарттар  жасау  мүмкіндіктерін  қарастырады.  Сатып  алулар- 
дың  жаңа  ережелеріне  сэйкес,  сатып  алуларды  қор  тобына  кіретін 
260-тан астам  отандық ұйымдар  іске  асыруда.  Қордың 2010 жылғы 
сатып  алуларының  жалпы  көлемі  3,5  трлн  теңгеден  асып  түсті. 
Жыл  сайын үлттық компаниялар  ел  экономикасы  үшін  ең маңызды 
секторларда:  химия  өнеркісібінде  жэне  металлургияда,  сондай- 
ақ  мұнай  өнімдерінің  өндірісі  мен  энергетикада  жетпіс  мыңның 
үстіндегі атаулар сатып алады.  Машина құрылысы кешенінің өнімі- 
мүнай газ,  энергетика,  теміржол,  коммуникация  жабдығы  жыл сай­
ын  170  млрд  теңге  сомасында  сатып  алынады.  Металлопрокат  пен 
металл бұйымдар (құбыр прокаты өнімдері, рельстер,  ірі  қүймалар) 
жыл сайын -  49 млрд теңгеге сатып алынады.  Сэл аздау, жылына 40 
млрд тецгеге химия өнеркәсібінің өнімдері  сатып  алынады.
Дағдарыстан  кейінгі  шараларға  ҚР  Дамуыныц  2,  3,  5  жэне  10 
жылға  бөлінген  2020  жылға  дейінгі  стратегиялық  даму  жоспары, 
қарқынды  индустриалдық-инновациялық дамудың мемлекеттік жо-
110


спары  жэне  елді  индустриялизациялаудың  егжей-тегжейлі  картасы 
жатады.
Елдің  2020  жылға  дейін  ғылыми-техникалық  дамуының 
салааралық жоспары,  қарқынды  инустриализациялауды  қолдаудың 
бюджеттік бағдарламасы - «Бизнестің жол картасы - 2020», «Экспор­
тер - 2020», «Өндіруші - 2020»,  «Инвестициялар  2020» әзірленді.
Қазақстан  мемлекеттік  органдары  жүргізген  дағдарысқа  қарсы 
шаралар  2007-2009  жылдарғы  ғаламдық  қаржылық-экономикалық 
дағдарысты жұмсартуға жэне одан шығуды жеңілдетіп ғана қоймай, 
түрлі  тетіктер  мен  механизмдерді  пайдаланудың  пәрменділігін  де 
көрсетті.  Бір  тетіктер  нарықтық  экономиканың  заңдылықтарына 
сэйкес  келіп  жатты,  басқалары  нарықтық  емес  қатынастар  си- 
патында  болды,  бірақ  тұтастай  алғанда  аралас  экономикаға  тэн 
заңдылықтарға сәйкес келді.
Қысқаша қорытындылар:
1.  Іскерлік  белсенділіктің  үдайы  ауытқуы  -   ұлттық  ғана  емес, 
ұлттықтан жоғары тұратын құбылыс, сондықтан елдер дамыған ел- 
дер  экономикасының  түрақсыздығын  ескере  отырып,  дағдарыстан 
шығу жолдарын іздестіруге мэжбүр.
2.  Дағдарыстан  шығуды  мемлекеттік реттеу  фазалар  циклының 
жай-күйінен, дағдарыс тереңдігінен, дағдарыс пайда болуының ішкі 
жэне сыртқы себептерінен бастау алуы тиіс, сондықтан мемлекеттік 
реттеудің маңызды міндеттерінің бірі -  дағдарыстан шығу мақсатын 
дер  кезінде  анықтау  жэне  оны  жеңу  үшін  экономикалық  өсудің 
лайықты моделін пайдалану болып табылады.
3.  2007-2009  жылдарғы  қаржылық-экономикалық  дағдарыстан 
шығудағы Қазақстанның тәжірибесі дамушы елдердегі мемлекеттің 
рөлі  экономикалық  ғана  емес,  әлеуметтік  жэне  саяси  үдерістерді 
түрақтандыруда да арта түсетінін көрсетті. Осы мәселелерді кешенді 
шешу  Қазақстан  Республикасына  экономиканың  дағдарысты 
күйінен жеделдете шығуға мүмкіндік берді.
4. Дамыған елдер тәжірибесін қолдану ғана емес, алдымен өзінің 
спецификасын  есепке  ала  отырып,  дағдарысқа  қарсы  жеке  шара- 
ларын  жасауы  да  Қазақстан  Республикасы  Үкіметіне  дағдарысты 
жеңуге мүмкіндік берді.
Ш


жүктеу 6,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау