Оқулық Алматы, 2014 Әож 330(075. 8) Кбж 65 я73 ж 39



жүктеу 6,32 Mb.
Pdf просмотр
бет34/68
Дата31.01.2020
өлшемі6,32 Mb.
#27882
түріОқулық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   68

ауытқу  барысына  қарсы  жэне  циклдық  ауытқуларды  жұмсар- 
туға  бағытталған.  Осы  күнге  дейінгі  экономиканың  даму  тарихы 
мемлекеттік  реттеу  белгілі  бір  дэрежеде  жекелеген  жағымсыз- 
дықты  элсіретуі,  жұмсартуы,  бейтараптандыруы  мүмкін  екенін, 
бірақ  циклды  тоқта  алмайтынын  көрсетіп  отыр.  Экономикалық 
дағдарыстарда  бір  жағымды  қасиет  бар  -   экономика  күні  өткен 
ескіліктің  барлығын  лақтырып  тастайды  жэне  солардың  негізінде 
жаңарады.
8.3. 
Қазақстандағы 2007-2009 жылдары қаржылық- 
экономикалық дағдарыстан шығу жөніндегі мемлекеттік
шаралар
2007-2009  жылдары  мемлекеттік  органдар  қабылдаған  дағ- 
дарысқа  қарсы  шаралар  мен  олардың  практикалық  іске  асуы  ҚР 
Президенті  Н.  Ә.  Назарбаевтың:  «...біз  рецессияға  жол  бермедік, 
өйткені  -  не  істеу  керек  екенін  білдік  жэне  оны  жылдам  істедік...» 
деп  мэлімдеуіне  мүмкіндік  берді.  2009  жыл  ішінде  экономиканың 
өсуі  1,1%,  өнеркәсіпте  -   1,7%  құрады.  Дағдарыстан  Қазакстан  өсе 
түскен халықаралық жиынтық резервімен жэне  50  млрд АҚШ дол- 
ларынанн астам Ұлттық қор активтерімен шықты. Жұмыспен қамту 
стратегиясын тиімді  іске  асыру үшін  елде  400  мыңан  астам  жұмыс 
орны қүрылды, 200 мыңнан астам адам қайта дайындықтан өтті жэне 
қоғамдық  жүмысқа  қатысушылар  болды.  Аталған  оң  нәтижелерге 
келесі мемлекеттік шаралардың нәтижесінде қол жеткізілді:
1.  Қазақстанның  қаржы  жүйесін  жалпы  тұрақтандыру  жэне 
банк  жүйесін  қолдау  үшін  476  млрд  теңге  бөлінді  жэне  мемле- 
кет  елдегі  ірі  жетекші  банктердің  акционері  болды.  Олардың 
қызметкерлері  үшін  мыңдаған  жүмыс  орындары  сақталып  қалды. 
Банк  секторының  сыртқы  қарызы  46  млрд  доллардан  28  млрд 
долларға дейін  қысқарды.
2.  Мемлекет  алданған  40  мың  үлескерлер  үшін  пәтерлер 
құрылысын  жүргізуді  жалғастыруына  ақшалай  қаражат  бөлді.  6,4 
млн шаршы  метр баспана пайдалануға берілді.
3.  Агроөнеркәсіп  кешенін  қолдау  үшін  1  млрд  доллар  бөлінді 
жэне  жиын-теріннің  табысты  аяқталуы  қамтамасыз  етілді.  Ауыл 
шаруашылығындағы  өсім  13,8%,  ал  өсімдік  өсіру  саласында  -  
23,1%  қүрады.  Мал  шаруашылығы  саласындағы  өсім 2,3%  қүрады.
106


4. 
Тұрғын  үй-коммуналдық  шаруашылығы  объктілерін  жэне 
инфрақұрылымын  модернизациялау  жөнінде  келелі  жұмыстар 
жүргізілді.  Денсаулық  сақтау,  білім  беру  саласының  1500  нысаны 
және әлеуметтік инфрақұрылымның басқа да нысандары жөндеуден 
өткізілді.
Дағдарысқа  қарсы  қазақстандық  тәжірибенің  бірінші  ерек- 
шелігі  ұлттық  экономиканың  түрлі  нақты  салаларын  демеу  үшін 
2008  жылы  «Самрұқ-Қазына»  ¥лтты қ  игілік  қорының  қүрылуы 
болып  табылады.  Бұл  шешім  дер  кезінде  қабылданды  жэне  тиімді 
болды.  Басқа  елдерде  дағдарысқа  қарсы  бағдарламаны  үкімет  не- 
месе  орталық  банктер  іске  асырды,  оларда  «Самрұқ-Қазына» 
қорындағыдай  «маневр  үшін  кеңістік»  пен  тетіктер  жиыны  болма- 
ды.  Қор  қүрамына көлік-коммуникация,  энергетика,  мұнай газ,  ме­
таллургия салаларының,  сондай қаржы институттарының тұтас бір 
қатарының  ірі  ұлттық  активтер  тартылды.  Яғни  «Самрұқ-Қазына» 
қоры  өз  айналасына  барлық  негізгі  салаларда  жұмыс  істейтін  500- 
ден  астам  компанияны  біріктірді,  сөйтіп  сенімді  «қаржылық тірек» 
болып, үкімет үшін дағдарысқа қарсы басқарма болды.  Дағдарысқа 
қарсы  бағдарламаға  -   10  млрд  АҚШ  доллары  сомасындағы 
қаражат  ¥лтты қ  қордан  қайтарымды  негізде  бөлінді.  Бұл  орайда 
«Самрұқ-Қазына» 9 млрд АҚШ долларына қаражат операцияларын 
жүргізді.
Қазақстандық  тәжірибенің  екінші  ерекшелігі  қабылданған 
шешімдер  қазіргі  ғана  жағдайды  демеу  үшін  емес,  ағымдағы  жэне 
стартегиялық  мәселелерді  шешуді  көздеді.  Мұндай  шешімдердің 
мысалы  «Батыс  Қытай  -   Батыс  Еуропа»  көлік  дэлізінің  қүрлысы 
болып  табылады,  мұнда  мыңдаган  адамдар  жұмыспен  қамтылған, 
ал болашақта жол бойында адамдарға көлік ағынында табыс табуға 
мүмкіндік  беретін  жүздеген  ТЖО,  кафе,  ресторандар  мен  басқа  да 
қызмет түрлері пайда болмақ. Басқа бір мысалы -  электр жеткізетін 
жоғарғы  вольтты  желілердің  тартылуы,  бұл  кейбір  аудандардағы 
энергия тапшылығын қысқартып, жаңа өндіріс қүрылысын бастауға 
мүмкіндік береді.
Қор  ҚР  Үкіметінің  атынан  экономиканы  жэне  қаржы  жүйесін 
2009-2010  жылдары  тұрақтандыру  жөніндегі  бірлескен  іс-қимыл 
жоспарын  іске  асыру  жөніндегі  негізгі  оператор  ретінде  сөз  алды. 
Осы  мақсаттарда  ҚР  Үкіметі  Қорға  жалпы  сомасы  1087,5  млрд. 
теңге қосымша қаржы берді.  Алынған қаражат мыналарға:
107


-  қаржы секторын тұрақтандыруға - 486 млрд. теңге;
- тұрғын секторын дамытуға -  360 млрд. теңге;
-  шағын жэне орта бизнесті дамытуға -  120 млрд.  теңге;
-  иновациялық,  индустриалдық  және  инфрақұрылымдык  жоба- 
ларды іске асыруға -  121,5  млрд.  теңге бағытталды.
Дағдарысқа қарсы шаралар келесідегідей қалыптасты:
1. Қазақстанның қаржы жүйесін жалпылама тұрақтандыру үшін 
банк  қарыздарын  реструктуризациялау  жөніндегі  шаралар  қолға 
алынды жэне банк жүйесін қолдау үшін Ұлттық қордан ақша бөлінді. 
Осыған  байланысты  реструктуризациялау  механизміне  қалпына 
келтіруге  облигация  сияқты  тетік  енгізілді,  яғни  кредиторлар  ре- 
структуризацияланатын  банктарға  қойылатын  өз  талаптарын  есеп- 
тен алып тастайды,  ал соңғылары қайтарлатын қарыздардан түскен 
түсіммен  бөлісетін  болады.  Жаңа тетіктер техникалық тұрғыда өте 
күрделі,  бірақ түрлі  банктерге  қатысты  өз  спецификасы  болды.  Ре­
структуризациялау  нәтижесінде  қаржылай  қарыздану  мөлшері  тек 
БТА банктің өзінде  16,65 млрд-тан 4,2 млрд. АҚШ долларына дейін 
төмендеді.  Екінші  нәтиже  мемлекеттің  жетекші  банктер  акционері 
ретінде  қатысуы  болды.  Белгілі  болғандай  «Самрұқ-Қазына»  БТА 
банк  қарапайым  акциясының  75,1%,  Казкоммерцбанк  қарапайым 
акциясының  21,2%,  Халық  банкі  қарапайым  акциясының  20,9%, 
Альянс-банктің  100% дерлік қарапайым акциясын сатып алды.
Банктерді  реструктуризациялаудың  ерекшелігі  Қазақстан  аума- 
ғында бұрын-соңды мұндай іс-шараның жүргізілмеуінде болып тұр. 
Әдетте реттеуші  банкті  жабады  немесе  банктерді  жақсылары  жэне 
жамандары  деп  бөле  салады.  Қазақстанның  банктер  толыққанды 
қаржы  институттары  секілді  жұмыстарын  жалғастыра  берді. 
Қазақстандық  тәжірибе  дамыған  батыс  елдерінде  тиімділікке  ие 
болды.  Атап  айтқанда,  Германияда  қазақстандық  іс-әрекетке  үқсас 
реструктруризация туралы заң қабылдануда.
2.  Мемлекет  алданған  40  мың  үлескерлер  үшін  құрылыстарын 
жалғастыруға  ақша  бөлді.  2007-2010  жылдары  тек  қүрылысы 
тоқтап  қалған  нысандарды  салып  бітіру  үшін  екінші  деңгейдегі 
банктер  мен  арнайы  қүрылған  «Самрүқ-Қазына»  жылжымай- 
тын  мүлік  қоры  арқылы  2  млрд  АҚШ  доллары  шамасында  қа- 
ражат  бағытталды.  Оның  үстіне  бір  миллиард  доллар  шынын- 
да  да  ипотекалық  заемдарды  қайта  қаржыландырудың  бірегей
108


жүктеу 6,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау